Жалақылардан ұстап
қалулар мен төлемдер
Жалақыдан ұстап
қалу тек заңда көзделген жағдайларда
жүргізіледі. Әрбір жалақы төлемі
кезінде барлық ұстап қалулардың
жалпы мөлшері жалақының 50% - нен
аса алмайды.
Қызметкердің
жалақысынан бухгалтерия ұсталымдарының
мынадай түрлерін ұстап қалады:
• Табыс салығын;
• Орындаушы қағаздар
бойынша;
• Несие сатып
алынған тауарлар үшін тапсырмалар
мен міндеттемелер бойынша;
• Жазбаша тапсырмалар,
жеке сақтандыру шарттары бойынша;
• Егер шаруашылық субъектісі
кәсіподақтардың немес тәуелсіз
кәсіподақтардың федерация кеңесінде
тіркелегн болса, 1% - тік кәсіподақ
жарнасы;
• Жалақы есебінен берілген
авансты өтеу;
• Жеке тұрын –
үй құрылысына берілген несиені өтеу
есебінен;
• Жұмысшының жазбаша
келісімі бойынша шауашылық субъектісіне
тиесілі тұрғын үй үшін пәрет ақы
төлеу;
• Демалыстың өтелмеген
күндері үшін;
• Кәсіпорынға келтірілген
зияндыөтеу;
• Айыппұлдар мен
мойнындағы ақша;
• Ведомстволық мектепке
дейінгі мекемелерде балаларды
ұстау үшін.
Табыс салығын
ұстау. «Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті
төлемдер туаралы» ҚР Президентінің
Жарлығына сәйкес (01.01.98 ж. өзгерістерін
ескергенде) жылдық оратша кіріс
пен шегерімдер арсындағы айырма
ретінде есептелген кіріс салық
салу объектісі болып табылады.29-
бапқа сәйкес табыс салығын
есптеу салық жыл ішінде біркелкі
(ай сайын) жүргізіледі. Соған
байланысты 1.01.97 ж.бастапқы қайта
есептеу коэффициенті өндіріледі.
Мұның өзі 12 саныны салық салынатын
кірістің сомасы анықталатын
айлар санына қатынасы юолып
табылады. Қаңтар = 12 (12/1), ақпан = 6 (12/2),
наурыз = 4 (12/3), желтоқсан = 1 (12/12). Салық
жылы аяқталғанға дейін қызметкер
жұмыстан кететін болса, о лалған
нақты табысқа орай табыс салығын
қайта есептеу керек. Қажет
болған жағдайда кірістің есептік
сомасынан аванспен ұсталған
табыс салығының сомасын қайтару
қажет.
Халықтың соттың
шешіміне, нотариалыд органдардың
атқарушы жазуларына, өтем алу
туарлы әкімшілік органдардың
қаулысына сәйкес берілетін атқауршы
қағаздар бойынша ұстап қалу
негізгі жалақыдан, тұрақты сипаттағы
барлық қалған төлемдерден, соның
ішінде сыйақылар мен еңбекке
уақытша жарамсыздық жөніндегі
жәрдемақыдан жүргізіледі. Келіп
тұскен атқарушы қағаздар арнайы
тізілімде тіркелуге тиіс. Алименттер
есепті айдағы негізгі және
қосымшаден табыс салығы ұсталғаннан
кейін қалған сомадан ұсталады.
Кәмілетке толмаған балаларды
күтуге арналған алимент бір
бала үшін жалақының 25% мөлшерінде,
екі бала үшін – жалақының
33% - ті, үш және одан да көп
балар үшін - 50% - тін құрайды. Белгіленген
төлем күнінен кейінгі үш күн
ішінде ұсталған алиметтер сомасы алушыға
төленуге немесе өтем алушының шотына
аударылуы керек. Боышкер кәсіпорыннан
кететін болса, шаруашылық субъектісінің
бухгалтериясы атқарушы қағазға барлық
ұсталған алиметтер туралы белгі қйып,
оны мөрмен растайды, егер белгілі болса,
оның жаңа жұмыс орыны немесе тұратын
жерін көрсетеді.
Несиеге сатылған
тауарлар үшін ұстап қалу саудаласушы
ұйымның жазбаша тапсырмасы, міндеттемесі
негізінде жұргізіледі. Есептеудің
екі әдісі бар:
1 - әдіс. Субъект
банктен (немес өз құжаттары
есебінен) қаыз алады және саудаласушы
кәсіпорынмен талықтай есеп айырысады
да, тауарды өз қзыметкеріне сатып
әпереді. Осы тауарларды алған
қызметкерлердің жалақысынан ай
сайын белгілі бір сома ұстап
отырады. Мұның өзі қызметкердің
шаруашылық субъектісі алдындағы
берешегін кемітуге жатады.
2 - әдіс. Сауда
жасаушы ұйымның жазбаша тапсырма
– міндеттемесінің негізінде
(таураларды қызметкерлер сатып
алғанда) қызметкердің жалақысынан
ай сайын беліглі бір сома
ұсталады және сауда жасаушы
ұйымның шотына аударылады.
Материалдық
залалды (кемшілік, ұрлық – қарлық)
өтеу бойынша ұстап қалу көшірмелердің,
жалпы жиналыстың хаттамасының
сот органдары шешімінің негізінде
жүргізіледі. Мұнда ұстап қалудың
мөлшері мен мерзімі көрсетіледі.
Ақаудан және бүлінуден болған
ысыраптар ақау туралы актінің
негізінде өтеледі.
Кәсіподық жарналарын
ұстап қалу айға есептелген
жалақының барлық сомасын 1% мөлшерінде
жүргізіледі.
Берілген жоспарлы
және жоспардан тыс аванстар
сақтандыру қағаздарының немес
сақтандыру агенттерінің куәлігі
(ұйғарымы) негізінде ұсталады.
Қызметкерлермен
есеп айырысуды рәсімдеудің тәртібі.
Депоненттелген жалақының есебі:
Есеп айырысу
және есеп айырысу - төлем ведомостері
еңбекақы бойынша есеп айырысудың
негізгі тіркелімі болып табылады.
Бұл жалақы бойынша әрбір қызметкерден
ұсталатын барлық ұсталымдардың
түрлері бойынша деректер көрсетілетін
жиынтық деркетер.
Қызметкерлермен
есеп айырысудың 4 түрі бар:
1. Т – 49 нысынындағы
есеп айырысу – төлем ведомосі
бойынша, мұнда жалақыдан ұсталатындардың
барлығы көрсетіледі және жалақыны
төлеу жүргізіледі.
2. Т – 50 нысаындағы
есеп айырысу ведомосі бойынша,
мұнда жалақы мен барлық ұсталымдардың
есебі жүргізіледі. Жалақыны беру
тікелей жазылған төлем ведомосі
бойынша дара жүргізіеледі.
3. Т – 2 нысанындағы
«Жалақымен есеп айырысу» қағаздары
бойынша, мұнда бір қызметкерге
есептеу мен ұстап қалулар
жүргізіледі. Жалақыны төлеу төлем
ведомосі бойынша жүргізіеді.
4. Жылдың есеп
айырысу ведомостері, кітап болып
түптелген салым қағаздары бойынша.
төлем жалақы төлеу ведомосі
бойынша жүргізіледі.
Төлем ведомостері
бойынша жалақы төлеу есеп
айырысу шотына кассаға ақша
алу күнін қоса алғанда, белгіленген
үш күн ішінде жүргізіледі.
Төлем ведомосіне басшы мен
бас бухгалтер қол қояды. 3 күн
өткеннен кейін төлем ведомосі
жабылады. Бұл орайда берілген
жалақының сомасы жолдар бойынша
тексеріледі және жалпы сомаы есептеледі.
Жалақысын алмаған адамдардың аты – жөнінің
тұсына «депоненттелді« деген жазу жазыады
және берілмеген жалақының жалпы сомасы
банкке өткізіледі. Бұл орайда кассир
берілмеген жалақылардың ведомосін жасайды.