Криминалистикалық идентификация және диагностика

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 23:19, курсовая работа

Краткое описание

Бұл туралы еліміздің елбасы Президентіміз Н.Ә Назарбаев өзіміздің халыққа деген “Қазақстан – 2030 Жолдауында” халқымыздың негізгі заңы Конституцияда, басқа да құқық қорғау заңдарында көрсетілген, яғни қылмыстылықпен күресуде барлық республикалық заңдарды қолданып, құқық бұзушылықтың жіберілмеуін және де әрбір қылмыскер өзіне тиесілі жазасын алатынын айтқан болатын.

Оглавление

Кіріспе 3- 4 беттер.
I . Бөлім. Криминалистикалық идентификация. 5 бет.
1.1. Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы. 5-7 беттер.
1.2. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі. 8-11 беттер.
1.3. Криминалистикалық сәйкестендірудің объектілерінің ұғымы және теңдестіру белгілері. 12-17 беттер.
II. Бөлім. Криминалистік диагностика. 18 бет.
Топқа қатыстылықты анықтау және диагностиканың ұғымы мен мәні. 18-21 беттер.
Диагностика криминалистика ғылымының ілімі ретінде.
22-25 беттер.
Қорытынды. 26- бет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 27 бет.

Файлы: 1 файл

КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКА.doc

— 219.50 Кб (Скачать)

Криминалистік сәйкестендіру толық жүргізу  мүмкіндігі немесе қажетгілігі жоқ жағдайларда, криминалистік сәйкестендіру бірінші бөлігі болып саналатын топқа қатыстылықты анықтаумен шектеледі, немесе осы жеткілікті деп шешіледі.

Топқа қатыстылықты анықтау төмендегі  жагдайларда іске асырылады:

а) тендестірілмекші объектінің белгілер жиынтығы тендес-тіруге қажет сұрақтарды шешуге жеткілікті болғандықтан, мысалы, саусақ бедерінің 2-3 жеке белгісі ғана түскен, ал толық тендестіру үшін олардың саны 8-10-нан кем болмауы керек;

ә) қалдырылған  ізде тендестірілмеші объектінің белгілері толық түспей, оны

 

18

айыру мүмкін болмағанда (мысалы, темірдің, қолараның, егеудің ізі, т. с. с. );

б) іздеуші органында тендестірілуші объект бар болып, бірақ тендестіруге қажет объектінің табылу-табылмауы әлі белгісіз болғанда;

в) тендестірілмекшіобъект, тендестіруге мүмкіндік бермейтіндей өзгеріске ұшырағанда (мысалы, оқиға болған жерде қалдырылған аяқкиім табанының, автокөлік дөңгелегінің ізі ұзақ  уакыт пайдаланғандықтан кейін сұртіліп, бұрынғы белгілері едәуір өзгерсе);

г) тендестірілмекші объектінің, тұрақты сырт пішіні болмағандықтан (мысалы, сұйық, себілетін, төгілетін заттардын із қалдыру қабілеті болмағанда);

ғ) топқа қатыстылықты тағайындау жедел-іздестіру және тергеу мақсаттарын толығымен орындауға жеткілікті болғанда.

Топқа қатыстылықты анықтау барысыңда криминалистік сәйкестендіру бірнеше бағытта жүргізіледі. Олар:

  Белгісіз заттың табиғи түрін, шығу тегін анықтау. Бұл бағыт химия, биология және басқа да ғылымдардың әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. (мысалы, күдікті адамның киіміндегі дақ-белгі қандай заттың әсерінен қалған? Оқиға болған жерде қалған шыныдағы қалдық қандай сұйық?

  • Белгілі бір обьектінің мазмұны мен мәнін анықтау. Бұл жағдайда техникалық, криминалистік   және басқа зерттеулер 
    жүргізіледі (мысалы, аталған затты суық қару тобына жатқызуға болама?).
  • Объектінің топтық мәпін анықтау, яғни оны белгілі бір топқа, белгілі зат түрі қатарына қосу. Мысалы, оқиға болған жерден табылған қорғасыннан жасалған түйірлер бытыра ма, әлде жоқ па?
  •  Объектінің  шыққан  тегін анықтау (мысалы, зерттеуге  ұсынылған ақша неден және қалай жасалған?).

Топқа қатыстылықты анықтаған кезде объектілер: анықталушы, анықтаушы және үлгілер болып 3 түрге бөлінеді. Сонымен қоса, осы объектілердің зерттелуіне байланысты:

19

а) анықталушы объектілерді зерттеу;

ә) анықтаушы  объектілерді зерттеу болып екіге  бөлінеді.

Топқа қатыстылықты тергеуші, анықтаушы, жедел өкілетті өкіл, танытуға қатысушы адам, сарапшы маман тергеу іс-әрекеті мен жедел іздестіру жұмыстары барысында анықтайды.

  Криминалистік диагностика — объектінің қасиеттері мен жағдайын анықтау, оқиғаны, құбылысты немесе процесті танып білу.

Осыған дейін  қолданылған «идентификациялық  емес» зерттеулер деген ұғымның орынына пайда болған «диагностика» термині грек сөзінен аударғанда анықтау, ақ-қарасына жету деген мағына береді. «Диагностика» ұғымы медицинада, ветеринарияда, автомобиль ісінде, ғылым мен техниканың көптеген басқа да салаларында кең тараған. «Криминалистік диагностика» ұғымы криминалист-ғалымдар В. А. Снетков, Г. Л. Грановскийлердің ұсынуларымен 1970—73 жылдары ерекшеленіп шықты.

Криминалистік диагностиканың ғылыми негіздеріне:

  1. оқиғаны оның бейнелері арқылы танып білу мүмкіндігі;
  2. криминалистік маңызы бар мәліметтің пайда болу заңдылығы;
  3. криминалнстика ғылымында кездесетін қылмыс тетігінің біртектес модельдері туралы мәліметтер;

Кең философиялық және логикалық мағынада «диагностика» белгілі бір заттың, объектінің, материалдың, құбылыстың:

  • табиғатын түсіну, жағдайын, анықтау;
  • жағдайы мен қасиетін анықтау;
    • болган әрекет, іс-қимылдың мәнін зерттеу;
    • фактілер арасында байланысты анықтау болып табылады.

 Диагностика тану процесінің табиғи жаңа қалыптасқан арнайы бір түрі болғандыктан, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Егер сәйкестендіру барысында шешілуге тиісті сұрақ екі объектіні салыстырған кезде айқындалса, диагностика

 

20

барысында бір объектінің негізінде тұжырым жасалады, ол үшін адамның білімі, іскерлігі және басқа да хабарлама көздері пайдаланылады. Мәселен, адамның жазуына қарап, оның жынысын, жас шамасын айыру; атыс қаруының оғына қарап, оқ атылған уақытты пайымдау; оққа, қауызға карап, атыс қаруының түрін, моделін аныктау; аяқкиімнің ізіне қарап, иесінің бойын биіктігін анықтау; жердегі, жардағы тамшысының түріне қарап, қандай биіктіктен тамғанын, шашырағанын анықтау, т. с. с.[8].

Диагностикалық  жұмыстар қылмысты іздестірудің бастапқы кезінде көп қолданылып, іс жүргізу және жедел іздестіру барысында қылмысты тез арада ашуға көп көмегін тигізеді деп қорытындылауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

21

 

2.2. Диагностика  криминалистика ғылымының ілімі  ретінде

Криминалистикалық диагностика жеке ілім ретінде кейінірек  пайда болды. Ілім ретінде диагностиканың пайда болу тарихы криминалистикалық дентификация теориясының тарихына ұқсас болып келеді. Бұл бағыттың криминалистика ғылымында қалыптасуы идентификация теориясындай тәжірибелік материалдардың ұзақ жылдар бойы жиналуынан тұрады.

Бүгінгі таңда диагностикаға қатысты  криминалистикалық техника , тактика, әдістеме, сот сараптамасы, сот-мидицинасы және т.б. әр түрлі салаларға байланысты өте көптеген материялдар жиналған.

Диагностика қарастыратын жалпы мәселелерді: дәлелдемелік, іздестірушілік және жедел-іздестірушілік деп үш бағытта қарастыруға болады. Бұл мәселелер өзара тығыз байланысады, содықтан да дәлелдемелік диагностиканы кей уақытта жедел-іздестіру диагностикасыз қарастыру мүмкін емес.

Диагностиканың жеке мәселелері өте көп. Оларды жіктеу негізі ретінде қылмыс оқиғасын құрайтын материалдық дүние объектілерін, қылмыстың өзін және өзге де қылмысты құрайтын материалдық объектілерді қарастырған жөн.

Идентификация объектісі ретінде тек қана материалдық  заттар қарастырылса, диагностикада объект ұғымына материалдық заттармен қатар, объектілердің жеке қасиеттері, объектілердің, құбылыстардын күй-жағдайлары, объектідегі процестер, оқиғалар, ситуациялар, оқиға механизмдері де кіреді[9].

Яғни, объектілердің  кең ауқымды шеңбері зерттелінеді. Егер объект ретінде материалдық заттар қарастырылса, оларды күй-жағдайына байланысты (қатты, сұйық, сусымалы, газ тәріздес), табиғатына (шығу тегіне) байланысты (тірі, өлі, органикалық, органикалық емес, табиғи, жасанды), сапасы жағынан, қолдану мақсатына байланысты (аспаптар, құрал-жабдықтар, заттар, әшекейлер, ақша және т. б. ), кұрылымы жағынан (жеке, жиынтық ретінде) жіктелінеді. Егер объект ретінде кұбылыстар, процестер зерттеу пәніне жатса, олар техникалык,

 

22

физиологиялық, психологиялық, биологиялык, биохимиялық, физикалық, сонымен қатар, механикалық, химиялык, радиациялық және т. б. негіздер бойынша жіктеуге жатады.

Диагностика объектісі ретінде - оқиғалар, ситуациялар  қарастырылса, оларды жол-көлік оқиғасына (соқтығыс, жолаушыны басып кету, аударылып қалу және т, б. ), адам өлтіруге (пышақпен, атыс қаруымен), ұрлыққа (бұзып кіру), тонауға, қарақшылыққа, контрабанда, жарылыс оқиғаларына және т. б. жіктейміз.

Құбылыстар, процестер, оқиғалар, ситуациялар қарапайым және күрделі болуы мүмкін. Күрделіде - құбылыстардың, процестердің, оқиғалардың, ситуациялардың механизмдері объект болып табылады.

Объектілердің, қасиеттердін, құбылыстардың, ситуациялардың әр түрлілігі оларды теориялық жағынан талдау мен жүйелеуді киындатады.

Диагностикалық  мәселелер шешетін субъектілерге қатысты жедел қызметкермен, тергеушімен және сарапшымен шешілетін диагностикалық мәселелер болып жіктелінеді. Қазіргі кезде диагностикалық мәселелерді жуйелеу өз көрінісін сараптамалық зерттеу шеңберінен тауып отыр. Сот сараптамасының көптеген түрлері негізінен диагностикалық мәселелерді шешеді. Бұл сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-бухгалтерлік, сот-қаржылық, экономикалық, тауартанымдық, технологиялық, автотехникалық, өрт-техникалық, инженерлік, әлеуметтік иедецина және өзге де сараптамалар.

Яғни келесі кезекте сараптамада кездесетін, нақтырақ айтқанда сараптама кезінде  кең қолданылатын әдіс-тәсілдер. Сарапшы идентификациялық зерттеулеріндегідей белгілерді анықтай отырып, оларды бағалайды. Яғни қорытындыларды қалыптастыру негізінде баға береді, онын дәлдігі жөніндегі қорытындылар категориялық және ықтималды болып келуі мүмкін. Әдістеме болмаған жағдайларда: сараптамаға жіберілген зерттеу объектілерінің саны жеткіліксіз болған, сондай-ақ объектілерді дұрыс емес бекіткен, алған жағдайларда және басқада себептерге байланысты сарапшы тергеушінің қойған

23

барлық сұрақтарына  жауап бермеуіне құқығы бар.

Сараптамалық  диагностика кезінде тек категориялық (дұрыс немесе теріс) қорытындылар ғана дәлелдемелік маңызға ие бола алады. Диагностика қорытындыларын бағалаудың ерекшелігі, категориялық қорытындылар барлық уақытта жеке фактілік маңызға ие бола бермейтіндігінде және де диагностикалық ситуациялар мен идентификацияны шешетіндігінде. Мысалы, сарапшы оқиға болған жерден алынған оқ, гильза Макаров тапанша жүйесімен атылған деп қорытынды береді. Бұл қорытынды сезіктінің тұрғын-жайына тінту жүргізу мақсатында қолданылады. Дұрыс нәтижелер алынған жағдайларда, табылған тапанша оқ, гильзаларымен бірге сараптамаға идентификациялауға жіберіледі.

Диагностика тергеуші мен мамандардың қызметінде өзіндік ерекшеліктерге ие. Нақты айтқанда дигностика тергеушінің болжау құру мен оны тексеру кезінде пайда болады. Ал, мамандар тергеушімен жүргізілген тергеу әрекеті шеңберінде диагностика жүргізу арқылы тергеушіге болжаулар құруға көмегін тигізеді.

Тергеуші мен маман  диагностикасы көптеген жеке сұрақтарды шешеді және жеке болжауларды кұруға мүмкіндіктер береді. Мысалы, оқиға болған жерді қарау кезінде диагностикалау келесідей: не жағдай болды; қылмыс қалай жасалды; қылмыскер кім; ол не істеді; іздер қайда болуы мүмкін деген сұрақтарды шешуден басталады. Егер іздер табылған жағдайларда, мысалы: аяқкиімнің ізі бойынша қылмыскердің жынысын, жасын, жағдайын, бойы мен басқа да іздердің сыртқы белгілерін диагностикалауға (ажыратуға) болады.

Тергеуші  жауап алу барысында жауап  алынушы тұлғаның жағдайын диагностикалауға тырысуы қажет. Тергеуші дұрыс диагностика жасау арқылы іс бойынша алынған мәліметтердің, ақпараттардың дұрыстығына, дәлдігіне, анықтылығына немесе оның жалғандығына, болмаса оның жартылай, ішінара жалғандығына көз жеткізеді.

Тергеушінің диагностикасы өзіндік мәні бойынша  сараптамалық диагностикадан ерекшеленеді. Тергеушінің диагностикасы — бақылау, модельдеу, эксперимент, салыстыру, өлшеу, сипаттау дегендей жалпы ғылыми әдістемелерге

24

негізделеді, сонымен қатар криминалистика, психология әдістерін пайдаланады. Ал

сараптамалық  диагностикада диагностикалық зерттеу әдістемелері негізінде өнделіп жетілдірілген құрал-жабдықтық (инструменталдық) әдістер қолданылады. Мысалы, жәбірленушінің киіміндегі қатпарлану фактісі мен оның табиғатын анықтау ушін сарапшы жарықтандыруды әр түрлі жағдайларда жіберу, сондай-ақ химиялық, спектрлік және т. б. талдаулар жасау арқылы визуалды-микроскоптық әдісті (МБС-2) қолданады. Әдістерді қолдану негізінде сарапшы қорытындыны классификациялық сипатта береді. Тергеушінің қызметіндегі субъективтік диагностика барынша кең тараған әдіс болып табылады деуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

25

Қорытынды.

Нақты бұл курстық  жұмысымды қорытындылай келгенде Криминалистік идентификация мен диагностиканың мазмұны мен мағынасына терең көңіл бөліп қарастырдық. Соның нәтижесінде мына бір жәйітті негізге алып, анықтап көрсетіп өтсек деген ойдамын. Жалпы Криминалистік идентификация және диагностика теориясының негіздерін материалды әлемнің объектілерімен құбылыстары, олардың өзара байланыстары мен тәуелдігінің теңдестігі барабарлығы туралы диалектикалық материализмнің жағдайлары құрайды.

Барабарлық  – бұл әр түрлі білінуіндегі және жағдайындағы объектілердің өз-өзіне теңдігі, оның қайталанбайтындығы және кез келген басқа субъектілерден айырмашылығы-оның ішінде өзіне ұқсастардан да айырмашылығы[10].

Сонымен бірге тағы бір  айта кететін жәй, қорытында негізінде  криминалистік идентификация мен  диагностиканың айырмашылығы мен ерекшелігі жайлы болмақ. Жалпы ғылылым негізінде практикалық және теориялық тұрғы жиі қолданылады. Ал, бұл жұмыста мен идентификацияны бірінші кезекке қоятын болсам, диагностика ешінші кезекте болады. Яғни идентификация белгілі бір объектілерді бір бірімен сәйкестендіретін болса, диагностика сол теңестірілген объектіге сәйкестендіру нәтижесі бойынша диагностика қойады. Нақтырақ айтқанта нақ сол немесе болжамды түрде қорытынды береді. Сонда осыдан қарауға болады идентификация біріншікезекте, ал диагностика екінші кезекте орындалады деген сөз.

Информация о работе Криминалистикалық идентификация және диагностика