Криминалистикалық идентификация және диагностика

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 23:19, курсовая работа

Краткое описание

Бұл туралы еліміздің елбасы Президентіміз Н.Ә Назарбаев өзіміздің халыққа деген “Қазақстан – 2030 Жолдауында” халқымыздың негізгі заңы Конституцияда, басқа да құқық қорғау заңдарында көрсетілген, яғни қылмыстылықпен күресуде барлық республикалық заңдарды қолданып, құқық бұзушылықтың жіберілмеуін және де әрбір қылмыскер өзіне тиесілі жазасын алатынын айтқан болатын.

Оглавление

Кіріспе 3- 4 беттер.
I . Бөлім. Криминалистикалық идентификация. 5 бет.
1.1. Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы. 5-7 беттер.
1.2. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі. 8-11 беттер.
1.3. Криминалистикалық сәйкестендірудің объектілерінің ұғымы және теңдестіру белгілері. 12-17 беттер.
II. Бөлім. Криминалистік диагностика. 18 бет.
Топқа қатыстылықты анықтау және диагностиканың ұғымы мен мәні. 18-21 беттер.
Диагностика криминалистика ғылымының ілімі ретінде.
22-25 беттер.
Қорытынды. 26- бет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 27 бет.

Файлы: 1 файл

КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКА.doc

— 219.50 Кб (Скачать)

Палеонтология бойынша табылған объектілер бұрын  тіршілікте өмір сүрген жануарлардың өлігі, казіргі кезде жойылып кеткен жануарлардың түрлерімен идентификацияланады. Табылған жануарлар, өсімдіктер ботаникада, зоологияда, олардың белгілі бір класы, түрі, тобы бойынша идентификацияланады.

Аналитикалық, органикалық және басқа да химияның салалары арқылы алынатын барлық заттар міндетті түрде бұрын анықталған заттар класы бойынша идентификацияландырылады (сәйкестендіріледі).

Геология, минералогияға  байланысты табылған заттар белгілі бір минералдар және т. б, түрлері бойынша идентификацияланады.

Барлық идентификациялық жағдай мәселелеріне байланыс ты әр түрлі ойлар (пікірлер, көзқарастар, тұжырымдар) кейбір ғылым - археолоия, тарих, өнертану салаларында жекелеген идентификациялық мәселелердің сәйкестігін шешу үшін криминалистика ғылымын, яғни криминалистика тәсілдерін пайдалануға тура келеді.

Л. Н. Мороз идентификация ұғымына келесідей түсінік берген: Идентификация дегеніміз— бір объектіні басқа бір объекті ден ажырату немесе тануға мүмкіндік беретін объектінің өзіндік қасиетіндегі материалдық белгілерін салыстырмалы түрде зерттеу мен бағалау болып табылады[4].

Жалпылама қорытындылай келгенде идентификация ұғымын біз  бірнеше авторлардың көзқарастарын  талдап өттік. Соның нәтижесінде  идентификация криминалистика ғылымының  бірден бір бөлігі екендігін осыдан дәлелдеуге мүмкіндіктер өте мол.

 

10

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

    1. Криминалистикалық сәйкестендірудің  объектілерінің ұғымы және теңдестіру белгілері.

Криминалистік сәйкестендіру  туралы теориясының пайда болған уақытынан бастап жазықтықта шекаралары нақты көрінетін объектілер тендестіруін зерттеудің калыптасқан объектілері болып саналды. Ал, практикалық сәйкестендірудің пайда болуымен және теориясының жетілдірілуімен олардың қатарына кеңістікте шартты шекарасы бар объектілер қосылды. Мысалы, сұйықтар мен жылжымалы көлемді ұнтақ заттар, біртектес және әртектес объектілердің жиынтығы. Криминалистік сәйкестендіру зерттеу үрдісі болғандықтан оның бірінші мақсаты оған қажетті объектіні анықтау. Криминалистік сәйкестендіру субъектілеріне қылмысты ашу процесіне қатынасатын тергеуші, анықтаушы, сот, сарапшы, жәбірленуші, күдікті және т. б. жатады. Олардың әрқайсысы өздерінің іс-жүргізу жағдайына сәйкес, заңға қайшы келмейтін жолдармен тендестіру немесе сәйкестендіру өткізуге қатысты міндеттерін орындайды.

Әрбір объектінің көптеген қасиеттері мен белгілері (көлемі, формасы, түсі, құрамы,т.б.) болады. Ал, криминалистік теңдестіруде объектінің барлық қасисттері мен белгілері емес— ең бастысы олардың сыртқы белгілері, сыртқы кұрылысының ерекшеліктері зерттеледі. Сонымен, объектілер төмендегідей бейнеленді:

Ойдағы бейне  түрінде, яғни адам ойында көру немесе есту нәтижесінде есте қалған бейне арқылы суреттеу (жәбірленушінің ойында қалған қылмыскердің белгілері; атылған оқ дыбысының ерекшеліктері).

Куәгерлер көрген объектіні өзінің немесе басқа маманның салған суреті арқылы бейнелеу (бағыттауға арналған субъективті портреттер, фотороботтар).

Қылмыскердің  қалыптасқан тәсілдерін көрсету  арқылы. Мәселен, жазу мәнері, қолжазбасы, қолтаңбасы, қоршаған ортадағы қылмыстық әрекет тәсілдері, т. с.

Суреттегі бейнелер мен  фонограмма түріндегі сөздің, дауыстың механикалық жазбалары.

12

Заттардың бөлшектері мен ұсақ талшықтары арқылы бейнеленуі (бұзатын қару бөлшегі, көліктің оқиға болған жерде қалған жарық ыдыратқышының, сынықтары).Әр түрлі іздер түрінде бейнелеу (қол, аяқ іздері, қолданылған қару іздері, көліктің ізі т. с. с. )[5].

Міне, осы  бейнелену формаларының, қайсысының қолданылғанына байланысты криминалистік сәйкестендіру түрлері қалыптасады.

Сонымен, объектілердің  бейнелену бағытына байланысты криминалисті сәйкестендіру 4 түрі болуы мүмкін:

1) Адам ойында сақталған бейне арқылы объектілерді теңестіру. Бұл жұмыс қылмысты тергеу барысында іске асырылады. Мысалы: қылмыскерді, сезіктіні басқа ұқсас адамдардың арасынан тануын көрсеткенде қолданылады.

2) Жазбаша сипаттау арқылы объектілерді теңестіру негізінен қылмыскерді, жоғалған затты іздегенде, белгісіз мәйіттерді анықтағанда және криминалистік тіркеу, есептеу жұмыстарында қолданылады.

3) Материалды бекітілген бейнелерге байланысты   объектілерді теңестіру (іздерге, суреттерге, қолжазбаға т. б. ), криминалистік сараптау ісін жүргізу барысында орындалатын криминалистік сәйкестендіру көп кездесетін жағдай.

4) Объектінің бөлшектері арқылы теңестіру — осы бөлшектердің бұрын бүтін бір бөлікті құрағанын анықтау қажет болған жағдайда қолданылады.

Криминалистік сәйкестендіру тиімді негізін қоршаған дүниедегі кез келген материалды қалыптасқан құрылысы бар объектілер, негізінен қатты денелер құрайды.

Кримииалистік сәйкестендіру процесіне қатысушы объектілер мынадай түрлерге бөлінеді:

-тендестірілмекші (идентификацияланушы);

-тендестіруші (идентификациялаушы) деп екіге бөледі.Теңдестірілмекші объектілер — бұлар ұқсастығы әлі анықталатын объектілер. Теңестірілмекші объектілердің өзін екіге бөледі. Олар: ізделінуші, тексерілуші объектілер. Олардың басқа объектілерге бейне қалдыратын қасиеттері бар. Объектілер

13

төмендегідей  түрлерге бөлінеді:

  1. заттай айғақтар — қылмыс жасауға байланысты пайда болған іздер, жеке заттар, кұжаттар, олардын үлгілері, осы айғақ заттардың белгілері, қасиеттері;
  2. жеке адамдар (күдікті, айыпкер, куәгер, жәбірленуші), олардың түр сипатының белгілері, мінез-кұлқы, темпераменті;
  3. адамдардың іс-әрекеті, оның ішінде қылмыскердің қылмыс жасау тәсілдері, қылмыстың ізін жасыруға байланысты жасаған әрекеті;
  4. жеке оқиғалар, құбылыстар және солардың салдарынан із пайда болу процестерінің ерекшеліктері;
  5. тануды немесе анықтауды қажет ететін адам мәйіттері;
  6. айғақты дәлел ретіндегі заттар (кұрал сайман, аяқ киім, ұрланған заттар, көлік, т с. с. );
  7. жануарлар, малдар; оқиға болған жер немесе үйдің, бөлменің іші, т. б. Тендестіруші объектілерді тендестірілмекші объектілермен салыстыру нәтижесінде олардың ұқсастығы айқындалады. Олар, өздерінде (өзі) тендестірілмек объектілердің белгілері қалған түрі болуы мүмкін, (Мөселен, адам үшін теңестірушілер — оның саусағының, аяғының, тісінің іздері, қаны, т. б. ).

Тендестірілуші  заттай айғақтардың қатарына көбінесе тегі белгісіз із калған заттар, беймәлім хаттар, машинка жазулары, т. б. жатады.

Үлгілер дегеніміз заттай айғақтармен салыстыруға алдын ала белгіленген объектілер, адамнан алынған заттар. Мәселен, еркін жазу үлгілері салыстыруға алынған саусақ бедерлері (белгілі күдікті адамның) сезікті біреудің, қолжазбасы. Олар екі топқа бөлінеді:

а) қылмыс болғанға дейінгі уақытта жазылған еркін жазу үлгілері.

ә) эксперименталді  үлгілер - іздестіру, тергеу кезіңде  алынған нұсқалар.

Криминалистік сәйкестендіру теориясында бірдей белгілер басты мәселелердің бірі болып табылады. Сәйкестендіру белгі — тенестіру мақсатында қолданылатын, салыстырылмақшы объектілерге тән жеке белгі. Әрбір

14

материалдық объектіде белгілі бір қасиеттер жиынтығы болады. Белгіні объектіден бөліп қарауға болмайды, себебі оның кейбір қасиеттері оның сыртқы құрылымын, нысанын, көлемін, неден тұратынын, т. б. көрсетеді.

Объектіні криминалистік  сәйкестендіру үшін оның барлық қасиеттерін зерттеудің қажеті жоқ, тек белгілерінің қажет жақтарын ғана қараған жеткілікті. Теңестіру белгілердің қатарына оның сыртқы және ішкі қасиеттері: химиялық кұрамы, сыртқы бетінің құрылымы мен оның, қаттылығы, электр тоғын өткізгіштігі т. с. с. жатады.«Белгіні» сәйкес белгі ретінде пайдалану үшін ол бірнеше шартқа сәйкес болу қажет, Басты шарттың бірі — оның өзгешелігі немесе ерекшелігі, яғни сәйкестендіру белгісінің басқа өзіне өте ұқсас объектілердін өзге көрсеткіштерінен және нормаларынан айырмашылығы.

Теңестіру белгілердің  екінші шартына объекті белгісінің айқындығы жатады. Объектілер бір-біріне жанасқан сәтте белгі міндетті түрде қалады, ал пайда болған жаңа із-бейне із қалдырушы объектінің, сыртқы беті, суреті және кейбір қасиеттері туралы хабар беретін дәрежеде болғаны жөн.

Үшінші шарт — объектінің салыстырмалы тұрақтылығы. Материалдық өмірде барлық объектілер өзгеріп отырады, бірақ салыстыра келгенде, олардың кейбіреулері өте тез арада өзгеріп, кейбіреуі ұзақ уақыт өздеріне тән белгілерін сақтайтынын байқаймыз.

Теңестіру белгілер бірнеше негіздер бойынша жіктеледі. Алдымен, теңестірілмекші белгілер жалпы және жеке болып екіге бөлінеді. Жалпы немесе топтық) белгілер біртекті объектілерге тән қасиет, яғни бір топ басқа топтардан бейнелері бойынша ерекшеленеді. Мәселен, баспа машинкасының басқан мәтінінің белгілеріне қарап, осы машинканың моделін анықтайды. Жеке бірдей белгілердің жалпы белгілерден айырмашылығы — олар объектіні біртекті объектілердің ішінен бөліп шығаруында. Жеке белгілердің табиғаты әр алуан. Мәселен, атыс қаруының бөлшектерінде жеке белгілер оны жасап, өндеу кезінде

пайда болады да, атыс кезінде қауызда, окта өздерінің іздерін қалдырады.

Сәйкестендіру белгілер сапалы және санды болып бөлінеді. Сапалық

15

белгілер  объектінің сапалық сипаттамасын береді. Мәселен, папилляр өрнектеріні түрлері (доғал, ілмек, шиыршық), қарудың нысандары, әріптің жазу тәсілдері, т. б. жатады.

Сандық белгілер өлшем бірліктерімен (мм, см) көрсетіледі: іздің көлемі (ені, ұзындығы), ұңғыдағы ойықтың саны, олардың, айналым саны, жазу машимкасындағы әріп, белгілердің саны, шрифтің ауқымдық көрсеткіштері, т. с. с. Кейбір жағдайларда сапалық және сандық көрсеткіштер қатар көрсетіледі. Мәселен, заттың түсінін сипаттамасы — көк, жасыл, сары немесе сол бояудың арнайы бояу түрін анықтайтын спектрофотометрдің көмегімен оның сандық көрсеткіші өте жоғары коэффициентті дәлдікпен көрсету[6].

Сәйкестендіру белгілердің кажетті немесе заңды түрде және кездейсоқ пайда болған түрлері де бар. Қажетті белгілер — олар теңестірілетін объектінің нағыз мәнін біддіретін белгілер (мәселен, тапаншаның, атыс қаруы екенін білдіретін белгілер: оның ұңғысының болуы, соғу-жіберу тетігі, ұңғының калибрі, қоса табылған оқ-дәрісінің, үйлесуі, т. с. с. ). Ал, кездейсоқ белгілер — заттың шын мәніне тікелей қатысы жоқ, бірақ болған оқиғаны ашу үшін маңызы бар белгілі бір себептермен кездейсок пайда болған белгілер (мәселен, тапаншадан атылған оқтың бетінде қалған ағың сызық түріндегі іздер тобы).

Белгілі бір  объектіні зерттегенде бірнеше  белгілердің қорытындысы «сәйкестендіру алаңы» деп белгіленеді. Бұл термин әзірге белгісіз объектіден қалған іздегі қаралатын белгілердің тобын анықтайды

Криминалистік сәйкестендіру ілімінде «сәйкестендіру кезең» деген ұғым бар. Бұл іздің (бейненің) пайда болған уақытынан бастап, объектіні бірдейлестіру сәтіне дейінгі өткен уақыт аралығы.

«Сәйкестендіргіш  кезеңін» алдын ала белгіленуі мүмкін емес, өйткені оның ұзақтығы тек уақытпен ғана емес, сонымен қатар ол объекті белгілерінің өзгеріске бейімділігіне, сақталу жағдайы мен пайдалануына байланысты. Мәселен, мылтық

адам өлтіруге пайдаланылғаннан кейін оның ұңғысы сүртіліп, тазаланып, майланып, алып қойылғанымен, мылтық табылған жағдайда одан атылған оқ пен

16

қауызды бес  жылдан кейін де теңестіруге болады. Есікті бұзуға қолданылған балтаны  одан кейін бірнеше рет жұмыста пайдаланса оның жүзінің сәйкестік мәні жоғалады.  Қорытындылай келе айтарымыз, материалдық әлемдегі барлық объектілер және олардың белгілері криминалистік сәйкестендіру үрдісіне байланысты теңдестірілмекші және теңдестірілуші болып екі топқа бөлінеді.

Сәйкестендіру жүргізудің алдында объектінің бірнеше белгілерінің ішінен криминалистік маңызы бар теңестіргіш белгілерді анықтап бөліп алу негізгі міндет.

 

 

 

 

1- МЫСАЛ.

КРИМИНАЛИСТІК СӘЙКЕСТЕНДІРУДЕГІ  ОБЪЕКТІ. (СУЫҚ ҚАРУ “ПЫШАҚ”)

Бұл көрсетілген  мысал Криминалистік индентификацияның  объектісі болып табылады[7].

 

 

 

 

17

II. Бөлім. Криминалистік диагностика.

2.1. Топқа қатыстылықты анықтау  және диагностиканың ұғымы мен  мәні.

Криминалистикада  топқа қатыстылықты анықтау дегеніміз — белгілі объектіні, осыған өте ұқсас, шығу тегі бір деген үлкен бір объектілер тобына жатқызу немесе солармен теңестіру. Объектінің белгілі бір топқа қатыстылығын анықтауға мүмкіндік беретін теоретикалық жағдайлар сәйкестендіру теориясының бір бөлігі деуге болады, бірақ онымен толықтай бірікпейді. Бұл диалектикалық байланыс мынандай жағдайларда көрінеді:

  1. топка қатыстылықты анықтау теңдестіру жүргізген кезде 
    іске асырылады да, оның бірінші сатысы болып табылады;
  2. топқа қатыстылықты анықтау негізінен жалпы белгілер арқылы жүргізіледі. Белгілердің саны неғұрлым өзгерген сайын, теңестірілмекші объектілердің   саны азаяды. Мысалы, қылмыскердің киіміндегі дақ немесе қанның дағы, ол адамның қаны, қан 3-топқа жатады, қан белгілі бір органнан бөлініп шыққан, т. с. с.;
  3. ізделінген заттық айғақта сәйкестендіру қасиеттер жиынтығы жеткіліксіз, сондықтан қоршаған материалдық ортада жеке-дара объект ретінде есептелмеген жағдайда топқа қатынастылық анықталады.

Информация о работе Криминалистикалық идентификация және диагностика