Қазақстан Республикасының инвестициялық потенциалы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 15:52, реферат

Краткое описание

Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек және қандай пайда келтіреді? Ірі инвестициядан алғашқы табысты ең кем дегенде үш-бес жылда ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз нарығын кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек.

Файлы: 1 файл

инв саясат.doc

— 55.00 Кб (Скачать)

    Қортынды 

    Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет инновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы инвестициялық саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.

    Қазақстанның  интеллектуалдық және рухани потенциалдығын негізі болып саналатын білім жүйесі туралы қазіргі заманның талабына сай жалпы ұлттық жоспар қабылдап, әртүрлі тәжірибелерді тоқтатып, оларды реттейтін уақыт жеткен сияқты. Толыққанды білім жүйесіне мүмкіншілік беретін экономикалық - ұйымдастыру тетіктерін жетіліру – мемлекет алдында тұрған үлкен міндет. Бұл мәселеде бюджеттің әлеуметтік салаға үлесін көтеріп қана қоймай, бюджеттен тыс қаржыландыру мүмкіншіліктерін жетілдіру қажет. Осы орайда инвестицияның орны ерекше. Еліміздегі үлкен-үлкен коммерциялық компанияларды бұл  мәссле  бойынша   жоспарлары  болып олардың жүзеге асырылуы мемлекет тарапынан бақыланып отырылуы керек. Мұндай оңтайлы процесті одан әрі дамыту үшін Қазақстан экономикасындағы шынайы жағдайды сараптап, инвестициялық  процестін даму стратегиясын жасау қажет. Ең бастысы, бұл стратегия алдымен салаға инвестиция жұмсаумен және шаруашылық инвестициясынан түсетін қайтарым мен ерекшеленуі керек. Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отырып реттелінбесе онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негізігі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде инвестицияны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде әлеуметтік және экономикалық кұрылымдарды  қатар  қалыптастырып,   ескеріп   отырғанда   ғана дағдарыстан ептеп құтылуға болады.

    Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез-келген ұлттық экономиканың маңызды да, қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру, онымен қоса, жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізетін, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор.

    Қорыта  айтқанда, Республикамыздың жыл сайынғы тартылатын тікелей шетел инвестициялар көлемі бойынша ТМД елдері ішінде бірінші орында болуы еліміздің инвестициялық потенциалының жоғарылығының дәлелі.

Информация о работе Қазақстан Республикасының инвестициялық потенциалы