Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 13:57, реферат
Құс шаруашылығы халыққа аса керекті де,құнарлы да азықтармен(ет,жұмыртқа)қамтамасыз етуімен ерекшеленеді. Екінші жағынан құстар күтіп-ұстау жағдайына сезімталдығымен сипатталады. Сондықтан олардан мол өнім алу, жақсы деңгейде күтіп-бағуды, азықтандыруды, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүргізуді талап етеді. Бұл тарауда құстарды бағып-күту жүйелері, жасына және пайдалану бағытына байланысты азықтандыру, қора-жайларда микроклиматты сақтау және т.б. ветеринариялық-санитарлық шараларды іске асыру жолдары көрсетілген.
Ауадағы жоғары ылғалдылық организмнің зат алмасу құбылысын нашарлатып,тотығу тотықсыздану процесін тежейді.Мұның өзі құстың тәбетін төмендетіп,азықтың сіңімділігін нашарлатып,түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін,әрі ауа қозғалысының жылдамдығы жылу бөлу қабілетіне әсерін тигізеді,сондықтан да оның мөлшері гигиеналық жағдайға сай болуы керек.
Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретінде құс организміне жарықтың маңызы зор. Құс қораларына табиғи жарықпен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет, ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгідей жарық беретін люминесцентті немесе қызу беретін қолданылады. Құс қораларының ауа тазалығының көрсеткішін көмірқышқыл газының көлемімен бағалайды. Құс қорада бұл газдың көп болу басқа малдардай құстар да тыныс алу жиілігі артпай, керісінше құстарда тыныс алу жиілігі кеміп, кейбір жағдайда тоқтауға әкеліп соғадыҚұс организміне аммиак пен күкірттісутек әсерінен,құс денесіндегі оттегінің құлдырауына әкеліп соғады.Сондықтан да олардың мөлшері белгіленген қалыптан аспауы керек.
Ірі құс шаруашылықтарында құс санының көп болу себебінен және құрғақ азықпен азықтандырылуы салдарынан ауада механикалық,бактериялық қоспалар болуы мумкін .Мысалы:720-1000мың басқа арналған құс фермаларында желдеткіш жүйесі арқылы 1 сағат ішінде сыртқы ортаға 13кг аммиак,1490м3 СО2 ,40кг шаң-тозаң ,174,8млрд микроорганизмдер шығарылады.Мұның өзі құс арасында түрлі өкпе ,көз ауруларының себепкері болады.
Микроклиматты жетілдіру мақсатында ауаның физико-химиялық көрсеткіштерін реттеумен қатар оның биологиялық белсенділігін жоғарылату керек.Ал құстың төзімділігін арттыру үшін жүйелі түрде ауаны тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жургізу орынды.
Қазіргі кезде ауадағы шаңды азайту мақсатында және зарарсыздандыру үшін әрі оның биологиялық белсенділігін арттыратын тиімді тәсілдер бар. Олар,атап айтсақ:ауа сүзгіштерін қолдану,ионизациялау,қысқа толқынды УК-радиацияны қолдану,химиялық зарарсыздандыру (құстың барында).
3.2 Тауықтар гигиенасы.
Тауықтардың денсаулығы және олардан алынатын жұмыртқаның сапасы көп жағдайда қора-жайдың микроклиматына,азықтандырылу жағдайына, орналастыру тығыздығына және басқа да факторларға байланысты болады.
Тауықтарды ұстаудың негізгі екі әдісі қолданылады:еденде және торда. Климаттық және экономикалық жағдайға, шаруашылықтың жүйесіне және өндірістің мамандандырылуына байланысты жоғарыда айтылған екі әдістің бірі таңдалады.
Қазіргі кезде жұмыртқаның негізгі массасын тауықтарды торда ұстау арқылы алады.Дегенмен тауықтарда торда ұстағанда жұмыртқаның жарылуы және шытынауы(10%)жоғарылайды,ал еденде ұстау барысында жұмыртқа қабығының ластануы 40-50%-ға дейін жетеді.
Тауық қораларында қолайлы микроклимат жасау керек.Жылдың суық мезгілінде құс қорасының ауа температурасы 16-180С,салыстырмалы ылғалдылығы 60-70% болуы керек.Бұл кезеңде құс қорасының ауа температурасы 40С-тан төмен болмауы керек,ал жазда ысып кетпеуі керек.
Тауық қораларының жарықтандырылуы да тауықтардың өнімділігіне айтарлықтай әсер етеді.Тауық өнімділігі үшін қызыл сәулелі жарықты қолдану тиімді,сонымен қатар ол тауықтардың бірін-бірі шұқып тастауын болдырмайды.Ал көк жарық қойғанда тауықтар қараңғыда жургендей болады,сондықтан да оны тауықтарды ұстау үшін қолданады.
Тауық қораларындағы төсеніштің жағдайын үнемі қадағалап отыруы тиіс. Ол үшін құрғақ ағаш үгінділері қолданылады. Зеңденген, мұздаған, ылғал, шіріген төсенішті қолдануға болмайды.
Тауықтарды торда ұстаудың артықшылықтары:
- қалың төсеніште ұстауменсалыстырғанда(5-6 бас/м2),орналастыру тығыздығы жоғары болады-30 бас/м2 ;
- тауықтарды аздан орналастыру және саңғырығының бөлек түсуі санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсартады;
- еденде ұстаумен салыстырғанда азық 10%-ға үнемделеді;
- еңбек өнімділігінің жоғарылауы.
Бұл әдістің кемшіліктері:
- санитариялық-техникалық және технологиялық қондырғылардың қымбатшылығы және мамандандырылған техникалық қызметтің қажеттігі;
- тығыз орналасудың салдарынан созылмалы стрестің дамуы және қозғалыстың шектелуінен әртүрлі технологиялық аурулардыңпайда болуы.
Тауықтарды торда ұстау тиімділігі көп жағдайда торлы батариялардың түріне байланысты болады,олар көптеген функцияларды орындайды(азықтандыру суару,жұмыртқа жинау,саңғырықты тазалау).
Зоогигиеналық тұрғыдан барлық торлы батареялар үш топқа бөлінеді:
- вертикальды түрі, ярустары бірінің үстіне бірі,тігінен орналастырады;
- сатылы немесе жартылай сатылы түрі, ярустары баспалдақ тәрізді орналасады;
- көлденең түрі ,бір және екі ярусты болады.
Асыл тұқымды және өнеркәсіптік тауықтардың толық құнды азықтануы, белгілі кезеңдерде жас мөлшерінің зоотехникалық көрсеткіштерге сәйкес келумен бақыланады.
Тауық рационында жұмыртқа жасауға керекті белоктың жетіспеушілігінен олар өз денесіндегібелоктан толықтырады,мұндай кезде тауықтардың салмағы азаяды және арықтайды.Сонымен қатар белокты шамадан тыс беруге де болмайды. Тауықтар жұқпалы,паразитті және жұқпалы емес аурулардан таза болуы керек. Инфекциялық ауру қоздырушылары жұмырқаны қалыптастыру кезінде,сондай-ақ жатырдан,қынаптан және клоакадан өткенде сырттай зақымдайды. Мұндай жұмыртқалар адам үшін қауіпті және олар инкубацияға жарамайды. Тауықтарды құнарлы азықпен азықтандыру – олардың жақсы өсіп жетілуінің ,өнімділігінің арта беруінің басты шарты.
Құс азығының сапасына малдәрігерлік-санитарлық бақылауды азық қорын сырттай қарап көру немесе кез келген малдәрігерлік лабораторияда санитариялық-гигиеналық және химико-токсикологиялық зерттеу жолымен жүзеге асырады. Тауықтарды азықтандыру оның жасына, өнімділігіне, тұқымына және ерекшеліктеріне байланысты.
Оларға берілетін азықтың 60-70%астық тұқымдастар,дәнді дақылдар болуы тиіс.Тауықтар белгілі бір уақытпен азықтандырылып,оларға берілген азық сапасы гигиеналық талапқа сай болуы керек.Бұл ережені сақтамау салдарынан,құс арасында түрлі аурулар болуы мүмкін.Мысалы:мақта шротының құрамындағы госсипол улы затымен немесе құрама жемдегі шамадан тыс тұз мөлшері құстарды уландыруы мүмкін.
Қоректі азықпен тиімді азықтандырумен қатар дер кезінде және қандыра суару құстың өнімділігін арттыра берудің қажетті шарты.Құстарға арналған су жарамды,мөлдір,иіссіз болуы және оның құрамында турлі механикалық және бактериялық қоспалар болмауы тиіс.
3.3 Инкубациялау гигиенасы.
Жұмырқаларды инкубациялау үшін инкубаторлар мен инкубаторийлерде санитариялық-гигиеналық режимде сақтаудың маңызы зор.Инкубатор құрамында инкубация залы,жұмыртқа салынатын орын,жуып тазартатын және қызмет істейтін бөлмелер кіреді.Бұл нысандарда әртүрлі микроорганизмдердің өсіп-өнуіне жол бермеу үшін бұларға құс жұмыртқалайтын маусымның қарсаңында және одан кейін айына 1 рет дезинфекция жасап отырады. Инкубаторға жұмырқаны аурудан (пуллороз, қылау, нейролимфоматоз, оба, витаминоздар) таза фермалардан ғана әкеліп салады. Инкубаторға салынған жұмырқаның сақталу мерзімі 4-6 куннен аспауы керек, оның тұрған жерінің температурасы +5+80С, ал ылғалдылығы 75-80% болуы шарт. Инкубациялау үшін ірі жұмыртқаларды іріктеп алған жөн.
Инкубациялау режимі – температура, ылғалдылық, жұмыртқаны мезгіл-мезгіл ауыстырып отыру, таза ауаның келіп тұруы сияқты тәртіп қатаң сақталуы керек. Инкубатордағы температура тұрақты +37,4 +39,50С болады. Инкубациялаудың жартысында температура біршама жоғары болуы тиіс. Инкубатордағы ауаның ылғалдығы 54-57% мөлшерінде болады.
Ылғалдылық ортадан тепкіш насоспен немесе қаңылтыр табаға су құйып қою жолымен бірқалыпты ұсталады.Инкубациялаудың алғашқы күндерінде және жұмыртқаның қабығы тесіле бастаған кезден балапанның шығуына дейінгі кезеңде ылғалдылық жоғары болуы тиіс .
Инкубациялау кезінде жұмыртқаны қысқа мерзімге әлсін-әлсін салқындатып тұру ұсынылады,оны желдеткіш арқылы сырттағы салқын ауаны жіберу жолымен іске асырылады.Сыртқы ауаның температурасы қандай екеніне байланысты желдеткішті 3-4 мин(сыртқы температура +250С болса) немесе 25-30 мин (сыртқы температура +24 +280С болса) іске қосады.Инкубатор ішіндегі ауаның температурасы 32-330С-қа дейін төмендегенше осылай істеле береді.Салқын ауа енгізу тоқтатылғаннан кейін электр жылытқышы іске қосылып температура қалпына келтіріледі.
Гигиеналық норма бойынша инкубаторлар мен инкубаторийлердің ауасындағы көмірқышқылының мөлшері 0,4-0,7%-дан аспауы тиіс.Ауадағы шаң-тозаң және микроорганизмдер жұмыртқадан жаңа шыққан балапандардың тыныс жолын ауруға шалдықтыруы мүмкін,сондықтан ауаның таза болуын бақылап отыру керек.бұл үшін қолайлы желдеткіш,шаңсорғыштар және арнаулы жабдықтар қолданылады.Жұмыртқаға мезгіл-мезгіл 1-1,5мин бойына сынаптық кварц шамымен 40см биіктіктен сәуле түсіріледі,мұның өзі де ауаны тазартуға жағдай жасайды.Жұмыртқаның қабығына эмбрионды аударыстырып отыру керек,бұдан кейін мезгіл аралығын бірдей етіп тәулігіне 12 рет аударыстырып отырған жөн.Жұмыртқаны инкубациялаудың басында және аяқталған кезде(кейде орта шенінде) ұрықтың даму барысын бақылау үшін овоскоппен жарық түсіреді,сондай-ақ жұмыртқа салмағының азаюын да еске алады,жұмыртқадан балапанның шыға бастауын және оның қанша уақытқа созылғанын бақылап отырады.
Балапандардың бір мезгілде жұмыртқа қабығын тесіп шығуы инкубациялау жұмысының ойдағыдай екенін көрсетеді.Инкубациялауға салынған жұмыртқаның 87-99%-ы балапан болып шығуы тиіс.
Инкубатордан шыққан балапандар үсті кепкеннен кейін 6-8 сағаттан соң өсірілетін қораға жіберіледі,балапандарды картоннан немесе фанерден жасалған, ішкі қоршаумен бөлінген жәшікке салынады да,машинаны ақырын жүргізіп,тасып жеткізеді.Әр жәшікке 25тауық балапаны,15үйрек немесе күркетауықтың балапаны,10 қаз балапандары орналастырылады.Жәшіктердің ауданы-65см2 ,биіктігі-16-18см болады. Ыстық күндері балапандарды 20%-ға кем орналастырылады. Балапандарды әрдайым тасымалдаудан кейін,жәшіктердің ішін жақсылап тазартып, дезинфекциялап отырады.
3.4 Балапандарды өсіру гигиенасы.
Жас балапандарды дұрыс күтіп-бағудың өзі келешекте ересек құстардың өнімділігін арттыруда маңызы зор,сондықтан да құс балапандарын жасынан жақсы азықтандырып,күтіп-бағу қажет.
Балапандарды күтіп-бағудың ең жауапты кезеңі алғашқы 3 апта уақыты.Жоғарыда көрсетілгендей балапандарды күтіп-бағу жүйелері әртүрлі болады.Соңғы уақытта ірі құс шаруашылықтарында балапандарды торда ұстау әдісі қолданылады.Бұл жағдайда тор батареясының жоғарғы қабаттарында әлсіз балапандарды,ал төменгі қабаттарында тіршілікке бейімдеу балапандар орналастырылады.Балапандар үшін микроклиматтың ерекшелігі оның негізгі көрсеткіштерінің жоғарғы деңгейде болуында.Атап айтқанда,ылғалдылық 60-70%,ал жарықтылықтың ұзақтығы 17-24 сағ. аралығында ауытқу керек.Балапандарды өсіруге арналған қораларда арнайы жабдықтар(брудер) арқылы олар орналасқан шектеулі жерді жылытып,алғашқы күндері температура 33+370С аралығында ұсталып,микроклиматтың басқа көрсеткіштерін реттеп отыруы үшін қора ауасы жиі желдетіліп отыруы қажет.Мысалы:тәуліктік балапандарға қажетті ең төменгі температура 29+300С, ал 6 күннен кейін температура көрсеткіші 180С ьолуы тиіс.
Технологиялық жобалауға байланысты балапандарды торда ұстағанда олрдың жастарына байланысты орналасу тығыздығы, азықтандыру және суару фронттары нормативке сәйкес болуы маңызды.
3.5 Күркетауықтар гигиенасы.
Күркетауық шаруашылығының негізгі өнімі – күркетауық еті. Күркетауықтардың аналық тобын солярийі бар қораларда ауыстырылмайтын қалың төсеніште ұстайды. Еденде ұстағанда қораны секцияларға бөледі және әр секцияға 250-500 бастан аналықтарды орналастырады. Қораларға 4-5 аналыққа 1 ұя сәйкес келетіндей есеппен ұялар орналастырады.
Балапан басатын күркетауықтарды төсеніште немесе торлы батареяда ұстайды. Торлы еденде оларды 14 аптадан артық ұстамайды. Күркетауық балапандарын бағуды ересектеріне арналған қораға ауыстырғанға дейін төсеніште жалғастырады.
Балапан басатын күркетауықтарды орналастыру тығыздығы: төсеніште – 1-17аптада 3-4 бас/м2; 18-30аптада 2-3 бас/м2; торда- 1-8аптада 20 бас/м2; 9-14аптада 8-9 бас/м2. Етке арналған балапандарын жабық қораларда реттелетін микроклиматпен еденде өсіреді.Балапандарды тәуліктік жасынан сойғанға дейін терең төсеніште ұстайдыБалапандарды торлы батареяларда ұстағанда қора-жай сыйымдылығы 2-3 есеге,балапандардың тірі салмағы 7-11%-ға артады,ал азық шығыны 11,2-15,2 %-ға және өнімнің өзіндік құны 12,6-16,1%-ға төмендейді.Бірақ торда ұзақ ұстаудың нәтежесінде көп жағдайда балапандардың бұғанасы сынады және гематома пайда болады.
Күркетауық балапандары тауық балапандарына қарағанда төменгі температураға өте сезімтал келеді.Сондықтан да күркетауық балапандарын алдын ала жылытылған қора-жайға орналастырады.Алғашқы 5 аптада ауа температурасын брудерде 37-210С ,ал қорада 30-190С шамасында ұстайды және оны біртіндеп 160С –қа дейін төмендетеді. Қораны алғашқы күндері тәулік бойы жарықтандырады,бұл балапандардың азық пен суды тез табуы үшін қажет.Жарықтандыру ұзақтығы алғашқы күндері 24 сағатты құрайды,кейіннен оны 17 сағатқа дейін қысқартады,ал келесі кезеңде бұл шама 7 сағатқа сәйкес келеді.30 апталық жасынан бастап жұмыртқалау соңына дейінжарықтандыру ұзақтығын 7-8 сағаттан 14 сағатқа дейін созады.Жарықтандырылу интенсивтілігі алғашқы күндері 50лк,4 тәуліктен 20 тәулікке дейін 30лк,ал одан ары қарай 15лк болады.
Алғашқы күндері күркетауық балапандарынжалпақ астаушада азықтандырады.Балапандарды алғашқы ретжұмыртқаны жарып шығысымен 12-16 сағаттан кешіктірмей,яғни брудерге немесе торға ауыстырғаннан кейін бірден азықтандырады.
Күркетауық балапандарын азықтандыруды ұйымдастыру барысында олардың биологиялық ерекшеліктеріне көңіл аудару керек.Басқа құс балапандарыменсалыстырғанда күркетауық балапандары азықты бірден жемейдіжәне олардың азықтың ауысуынасезімтал келеді,сонымен қатар азық сапасын талап етеді.