Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2012 в 13:57, реферат
Құс шаруашылығы халыққа аса керекті де,құнарлы да азықтармен(ет,жұмыртқа)қамтамасыз етуімен ерекшеленеді. Екінші жағынан құстар күтіп-ұстау жағдайына сезімталдығымен сипатталады. Сондықтан олардан мол өнім алу, жақсы деңгейде күтіп-бағуды, азықтандыруды, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүргізуді талап етеді. Бұл тарауда құстарды бағып-күту жүйелері, жасына және пайдалану бағытына байланысты азықтандыру, қора-жайларда микроклиматты сақтау және т.б. ветеринариялық-санитарлық шараларды іске асыру жолдары көрсетілген.
I. КІРІСПЕ
Құс шаруашылығы халыққа аса керекті де,құнарлы да азықтармен(ет,жұмыртқа)
Құстарды бағып-күту әдістері
Қазіргі уақытта құс өнімдерін алуда, ірі мамандандырылған құс шаруашылығының, құс фабрикасының және де жеке құс шаруашылықтарының маңызы өте зор. Құстарды күтіп – бағумен, азықтандырудың әдістерін және жаңа техника дамыған жетістіктерін пайдалану жағдайында бір шаруашылықта құс саны көп мөлшерде ұстауға(бірнеше мың), әрбір мекиен тауықтан жылына 280-290 дана жұмыртқа, 50-60 күндік еттік балапандардың салмағы 1800-2000г мөлшерде алуға мүмкіндік туады.Немесе жақсы күтіп-бағу нәтежесінде қаз балапандарының 60-70 күндегі салмағы 3,5-4,5кг дейін болуына толық жағдай бар.
2003-2005жылдарға арналған республикалық Агроазық-түлік бағдарламада 2004жылдың басында жұмыртқа өндіру көлемін 2140 млн. данаға жеткізу көзделіп отыр. Ал, тек”Алматы құс” компаниясы құс фабрикаларын тубегейлі түрде өндірісті өзгертудің арқасында 2005 жылғы жұмыртқа өндіруді 500 млн. данаға жеткізбекші. Аталған межелерге жету ушін құстарды кутіп-бағудың озық тәсілдерін енгізу,құс шаруашылық өндірістерінің құрылыс жағдайын, өндіріс жабдықтарын түбегейлі өзгерту және т.б. жұмыстар жүргізу қажет.
Жоғарыдағы келтірілген мәселелерді дұрыс шешу ушін құс шаруашылығында түрлі малдәрігерлік-санитарлық жұмыстарды жақсарту,аталынған жалпы шараларды дер кезінде өткізу,құс фермаларында тұрақты микроклимат жағдайын туғызу,дұрыс азықтандыру,нысандарды дұрыс жобалау,құрылыс және қайта құру кезіндегі зоогигиеналық талаптарды орындау және құстардың биологиялық ерекшеліктерін ескеру керек.
1. Күтіп-бағу мен азықтандыру жағдайына өте сезімталдығы;
2. Зат алмасу қабілетінің жоғарылығы;
3. Өсімталдығының жоғарылығы(құстардың негізгі өнімдік қасиеті-олардың жұм ыртқалағыштығы);
4. Тез жетілуі(7-8апталық балапандардың салмағы 1,6 - 1,7кг жетеді);
5. Ішкі анатомиялық құрылыстарыныңерекшеліктері,
6. Ең маңызды ерекшелігі-аналық организмнен тыс дамуы,яғни жұмыртқаданпайда болуы;
7. Көру қабілеті нашар,ал керісінше есту қабілеті жақсы жетілген;
8. Үйрек етінің калориясы жоғары және сіңімді.
II. Әдебиетке шолу
Ж.Мырзабековтың (2004ж) айтуынша, соңғы жылдармен салыстырғанда үйрек шаруашылығы құс шаруашылығының бір саласы болып табылады. Үйректер негізінен сусыз жағдайда да ет өнімімен жыл бойына ұамтамасыз етіп отырады. Үйректерді өсіру барысында өсірудің мынадай әдістері қолданылады: терең төсеніште, торлы еденде және торлы батареяда, сондай – ақ жазғы лагерьде бастырма астында бағу жүйелері қолданылады.
Етке арналған үйректерді, әдетте 49 – 56 тәулік аралығында өсіреді және алғашқы алғашқы 3 аптада олардың орналасу тығыздығы 18 бас/м2 болады. Бұл кезеңде олардың тірі салмағы 2,5 есе артады. Үйрек қораларын 4 – 5 үйрекке 1 ұя сәйкес келетіндей есеппен ұялармен жабдықтайды.
Өнеркәсіпті үйрек шаруашылықтарында азықтандырудың құрғақ түрін қолданады, яғни толыққанды құрама жемнің түйіршікті және үгінді түрімен азықтандырады.
Жаздың күндері үйректерді жаздық лагерьлерде өсіреді. Жас үйректерді арнайы бетондалған, көлемі 18х200 м болатын бордақылау алаңқайларында ұстаған тиімді болып келетіндігі жайлы баяндалған.
А.Б.Таңатаровтың айтуынша үйрек етін өндіру біздің елімізде де, шет елдерде де ұзақ жылдар бойына құс өсірудің экстенсивті әдістеріне негізделіп келеді. Үйректер табиғи шөптерді тиімді пайдалану мақсаты ескерілген, үлкен көлдері бар шаруашылықтарда өсіріледі. Үйрек етін өндірудің экстенсивті әдісі маусымдық сипатта және климат жағдайларына тәуелді болады. Сондықтан да барлық биологиялық ерекшеліктерін: тез жетілгіштігін, тез өсу қарқынын толығынан пайдалануға мүмкіндік бермейді.
Қазіргі таңда үйректерді өсірудің интенсивті әдістері өндіріске енгізілген және негізгі технологиялық процестер механикаландырылған, азықтандыруда құрама жем қолданылып жүр. Сонымен қатар құс фабрикаларында және мамандандырылған шаруашылықтарда үйректерді мынадай қора жайларда өсіріп және азықтандырылуына көңіл бөлуіміз керек. Етке арналған үйрек балапандарын (қалың төсеніш үстінде) орын ауыстырмастан 45 – 50 күнге дейін еденде өсіру; ВСУ типті азықтандырғыштар мен шығыр тізбекті азық таратқыштан, науа тәрізді суарғыштан, 1 – 10 күндік балапандарға арналған қосымша құрал – саймандардан тұратын жабық комплектілері пайдаланылады.
В.И.Гершунның (2005ж) мағлұматы бойынша үйректерді күтіп – бағу кезінде келесідей әдістер қолданылады: еденде бағып – күту, торлы еденде, клеткалы батареяларда және жаздық лагерьлерде бағып күтетін әдістер. Үйректер дүниеге келгеннен кейін ақ құрама жеммен азықтандырады. Мамандандырылған шаруашылықтарда әдетте үйректер құрғақ жеммен азықтандырылады. Ұсақ фермаларда жемнің ылғалдандырылған түрі қолданылып, жергілікті азықтар жем және су өсімдіктері пайдаланылады. Үйректерді тек құрама жеммен ғана азықтандырған кезде бункерлі типтегі азықтандырғыштар, араластырылған ылғалды жемді пайдаланған кезде астау тәрізді азықтандырғыштар қолданылады. Үйректердің тез әрі жылдам өсіп – өнуі үшін оларға деген жемнің сапасын қадағалап отыруымыз қажетті болып саналады. Және де оларды торлы едендерде күтіп – бағу жүйелерінің втеринарлық санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуы керек.
Р.К.Туякованың (2004ж) айтуынша құстарды бағып – күту кезінде келесідей жүйелер қолданылады: экстенсивті, интенсивті және комбинирленген немесе жартылай интенсивті әдістері қолданылады. Бұл жүйелер бойынша құстарды өсіретін келесідей әдістер қолданылады. Олар: торлы қорада және еденде бағып – күту әдістері болып табылады.
Құстарды торлы еденде бағып – күту гигиенасына келер болсақ интенсивтендірілген құс шаруашылығында негізінен ересек құстарды және балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағып күтеді. Еден жағдайында бағып – күтудің екі тәсілі қолданылады:
1. Қалың ауыстырылмайтын төсеніште.
2. Жұқа тақтайшадан жасалған еденде немесе торлы еденде. Еден жағдайында бағып – күткенде құстардың санына қарай арнаулы типті құс қоралары салынады. Құс қораларының едені тақтайдан салынады /түгелдей тақтайдан немесе тақтайшадан/ немесе асфальтталады, болмағаның өзінде торлы көзді болады. Ересек құстарды торлы немесе жұқа тақтайшалы еденде ұстаған кезде олар негізігі еденнен 40 – 80 см биіктікте орналасады. Құс қоралары жылжымалы тұрақты жем берілетін астаумен су құйылатын науа болады. Бұлардың саны балапандардың азықтану кезінде алатын орын мөлшеріне қарай белгіленеді.
Қ.Н.Бегімбековтың мағлұматына сүйенсек қолға үйретілген құстың қай түрі болсын, әдетте, оларды ет және жұмыртқа өндіру үшін өсіреді. Құстың ет де жұмырқасы да қоректік қасиеті жоғары, сіңімді, адамға қажетті диеталық тағам. Құстарлдан мол өнім алу үшін олардың рационыныдағы қоретік, биологиялық белсенді және минералдық заттар кешенін қамтамасыз ететін ғылыми негізделеген азықтандыру жүйесі жасалуы тиіс. Құсқа берілетін барлық азықтар құрама жем түрінде даярланып беріледі. Сондықтан да құстың қоректену элементтеріне деген барлық мұқтаждығы ескерілетін түрліше жас топтарына арналған толық құнды құрама жем даярлау аса маңызды да міндетті болып табылады.
Шаруашылықаралық кооперация және аграрлық өнеркәсіптік интеграция негізінде, бұл саланы осы заманғы индустириялық негізге көшіру арқылы мамандандыру және шоғырландыру – құс шаруашылығын дамыиудың басты жолы. Ірі құс фабрикалары мен өндірістік бірлестіктерде құстарды азықтандыру мен күтіп – бағудың технологиялық процестерін механикаландыру мен автоматтандыруды енгізуге, құстардың генетикалық өнімділік қабілеттерін толықырақ пайдалану үшін прогресшіл әдістерді қолдануға зор мүмкіндіктер туады.
В.Ф.Костюнинаның (2006ж) айтуынша ауыл шаруашылығы құстарын өсіру жүйесінде ең басты қолданылатын жүйелер: балапандар мен үйректерге арналған - еденде өсіру; торлы еденде өсіру жүйесі; жаздық лагерьлерде өсіру.
Құстарды торда бағып – күту кезінде балапандар мен ересек құстарды торда ұстайтын қораларда өсіру жер алаңын неғұрлым тиімді пайдалануғ, өндірістік қоралардың қажеттілігін 3 – 3,5 кемітуге, ауыр жұмыстарды механикаландыруға, оларды ауруға ұшыратпауға, су құбырының канализацияның, электр жүйесінің ұзындығын едәуір кемітуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі құрылысқа жұмсалатын қаржыны кемітеді және құс шаруашылық тауарлылығын арттырады.
Құстарды торда бағып – күтуге арналған қораның жеке залдары және қосалқы қора бөліктері болады. Топтасқан және жеке – жеке торларға бөлінген залдар арнаулы стандартты батареялармен жабдықталады.
Құс қораларында таза ауаны механикалық жолмен беріп тұратын табиғи және жасанды желдеткіш болу алдын ала көзделеді. Сонымен қатар құс қоралары табиғи терезелер арқылы да желдетіледі.
Ветеринариялық гигиена оқулығында (2004) Жануарлар гигиенасы, ветеринариялық гигиена немесе зоогигиена {грек, zoon — мал, hygieinos — дені cay) — малды дұрыс бағу, азықтандыру және өсіріп-күтудің тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, олардың тұқымына байланысты өнімділігін қамтамасыз ететіндей деңгейде денсаулығын сақтау және күшейту жөніндегі ғылым екені айтылады.
Ветеринариялық гигиенаны санитариялық гигиенадан ажырата білу керек екені туралы баяндап студент жастарға баяндайды.
Жеке мал гигиенасы, осы мәселелерді әр түлікке қатысты оның жасына және өнімділік топтарына (төл, асыл тұқымды, сауын малы, бордақыдағы мал, жұмыс малы), биологиялық ерекшеліктеріне сай қолданады жиынтық әсерін айтып береді.
ІІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
3.1 Құс қораларына қойылатын гигиеналық талаптар. Құс шаруашылығында қора – жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық - гигиеналық жағынан үлкен маңызы бар. Құсты өсіру және бағып-күту үшін инкубаторларды,құс қораларды,клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі.
Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мумкін: балапандардың есеюіне қарай еденде еркін жүріп тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды клеткаларда бағып-күтетін цех, жаз айларында бағып-күту үшін жылжымалы немнесе тұрақты үйшіктер және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа-райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.
Құс қораларының жобаларында құсқа қажетті микроклимат жасау,еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді.Жұмыс көлемінің жобалануы,оларды жүзеге асыру прогресті әрі тиімді жүргізілуі керек.Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек.
Балапан өсірілетін құс қораларының типі климат жағдайына,жергілікті құрылыс материалдардың түрлеріне,құстарды орналастыру мөлшеріне қарай және құрылыстың тиісті алаңдарының мөлшеріне қарай белгіленеді.Қораларды секцияларға бөледі,бұларға қанша құс орналасуы өсірілетін құстардың түрі мен жасына байланысты болады.
Құс фермалары салынатын жерлерді дұрыс таңдап алудың зор маңызы бар.Учаскенің мал жайылатын жерге,елді мекенге,жол бойына,тазалық жағынан қолайсыз жерлерге алысырақ орналасуына-құстың тазалығы,күтімі құс шаруашылығының кейбір салаларының өркендеуі тікелей байланысты болады.
Қаз өсіретін ферманы табиғи немесе жайылымға жақын орналастыру керек. Құс өсіретін қора жайлардың лайықты түрінқұсты бағып-күтуге қабылданған жерге байланысты,шаруашылықтың көлемімен бағытына,сондай-ақ климат және жергілікті жердің жағдайларына қарай таңдап алынады.
Құс қораларындағы микроклимат және оны жетілдіру. Қорадағы микроклиматтың құс организміне әсері температураның,ауа ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығының,сондай-ақ ондағы техникалық қоспалардың ықпалы арқылы байқалады.Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін,бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді,еңбек шығыны көбейіп,мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап сапасы кемиді.Құс қораларында қолайлы климат болу үшін,олрда ауа температурасының,оның ылғалдылығының,қозғалу шапшаңдығының,ауа құрамының зоогигиеналық нормативке сай келуінің сондай-ақ қораларды құстың түріне,жасына,бағу технологиясына сәйкес жобалаудың,техникалық нормаларда көзделген басқада жағдайлардың болуын қамтамасыз ету керек. Құс қораларындағы микроклимат жағдайы сыртқы ауа райына,азықтандыру тәсілдеріне,қорғаушылардың түрлеріне,желдеткіш және канализация жүйелерінің жұмысына құс саңғырығының дер кезінде тазаланып тұруына байланысты.Құстардың жылу алмасу процесінің нашар дамуы себебінен ол сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделе алмайды. Мысалы:төмен температура жағдайында құстар азықты шамадан тыс мөлшерде қабылдап организмде өтетін жылу алмасу процесін нашарлатып организмнің салқындауына себепші болып түрлі ауруларға шалдықтырады.