Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 00:17, реферат
Жасанды интеллекттің мәселесі қазіргі кезеңде ең маңызды проблемаға айналған тақырып. Онымен айналысушылар мүлде көп-ақ. Ол жөнінде ізденушілердің қатарына кибернетиктер, лингвисттер, психологтар, философтар, математиктер, инженерлер жатады. Осы жасанды интеллект мәселелерін шешу арқылы ғылыми дамудың көптеген проблемалары шешімін табады. Бұл проблемаларға есептеу техникалары мен робототехника саласындағы күрделі есептер шешіліп жатады. Дәл осы тұста пәнаралық зерттеулер туындап, олардың жаңа бағыттары айқындалып жатады.
Қажетті есептеу жұмыстарын тез әрі мінсіз орындап отыру үшін күнделікті түсіп жататын ұланғайыр информациялардың біраз бөлігін пайдалану керек. Ал жоспарлау кезінде бір ғана есептің толып жатқан түрлерін, варианттарын қарастырып, солардың ішінен ең тиімдісін таңдап алуға тура келеді, бұл оңай жұмыс емес.
Мұндай есептерді шешу үшін миллиардтаған арифметикалық амал орындауға тура келеді. Сондықтан да барлық есептеу, информацияларды өңдеу т. б. тәрізді күрделі есеп жұмыстарын машиналарға жүктеу қажеттігі айтпаса да белгілі.
Осыларды ескеріп, жастардың компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз ету және оқу процесіне электронды-есептеу техникасын кеңінен енгізу мақсатында еліміздің барлық орта оқу орындарында «Информатика мен есептеу техникасының негіздері» курсын енгізілді. Бұл — электронды-есептеу техникасы маңызының күн санап артып отырғандығының белгісі.
Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар – абак, есепшот, арифмометр, арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында, ядролық физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады. Мысалы, "Манхеттен жобасын" (АҚШ-тағы атом бомбасын жасау) іске асыру кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын тексеріп отырды.
XX ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.
Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.
1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жұмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан, көлемді электрондық жабдықтар болатын.
Бірақ 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен – транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жұмыс өнімділігі сақталынғанмен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді.
70 жылдар соңында
интегралдық схемалардан
Алғашқы есептеу жұмыстарын автоматтандыруға арналған ЭЕМ-дер күннен күнге артып келе жатқан информация ағынымен жұмыс істеуде өте ыңғайлы құрал болып шықты.
Бастапқы кезеңдерде ЭЕМ-дерде тек арнайы үйретілген адамдар ғана жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың компьютерді пайдалану мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау қажеттілігін тудырды.
70 жылдар басында "тұрмыстық" (үйдегі) компьютерлер деп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды. 70 жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай, оларды сусын шығаратын фирмалар да (Coca Cola) жасай бастады.
Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы ІBM фирмасы жасаған, кейіннен "дербес компьютер" деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.
1. «Электронные
вычислительные машины и
2. «Адам және компьютер» Б.Накесбеков, Алматы, «Қазақстан», 1985 ж.
3. «Основы информатики
и вычислительной техники» А.Г.
4. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователя. Краткий курс. М. 1997г.
5. Немов Ю.В. Когнитивная психология. М. 2003 г.