Информатика ұғымы және оны қолданудың негізгі бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2012 в 21:24, курс лекций

Краткое описание

Информатиканың негізгі қолданылу бағыттары :
есептеу жүйелері мен программалық жабдықтама-ларды жасау, даярлау;
мәліметтерді тасымалдау, қабылдау, түрлендіру және сақтау процестерін зерттейтін информация теориясы;
• адамның интеллектуалдық еңбегін керек ететін ес-ептердің программаларын дайындауға арналған жасанды интеллект тәсілдері (логикалық қорытын-ды, оқыту, сөзді түсіну, бейнені қабылдау, ойындар);
• адамның интеллектуалдық еңбегін керек ететін есептердің прог¬рам¬ма¬ларын дайындауға арналған жасанды интеллект тәсілдері (логика¬лық қорытынды, оқыту, сөзді түсіну, бейнені қабылдау, ойындар, т.б.);
• жобаланатын жүйелер қызметін талдауға бағытталған және оған қойылатын талаптарды қарастыратын жүйелік анализ;
• машиналық графика тәсілдері, анимация, муль-тимедиа құралдары;

Файлы: 1 файл

1 bloook.docx

— 103.51 Кб (Скачать)

Сөйлем  ...................  –CTRL пернесін басулы күйде ұстап тышқан курсорын сөйлем ішінде шерту

Абзац  ......................  –Тышқан курсорын сол жақ шеттегі бос аймақта екі рет шерту немесе абзац ішінде тышқанды үш рет шерту

Бірнеше абзац..........  – Сол жақ батырманы басулы күйде ұстап тышқан курсорын сол жақ шеттегі бос орында белгіленетін жолдардың бір шетінен екінші шетіне қарай тарту

Барлық құжат..........  –  Сол жақ шеттегі бос орында тышқанды үш рет шерту

Мәтіннің төртбұрышты  блогы (кесте іші  емес) – АLТ  пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ батырмасы басулы күйінде курсорды керек орынға дейін жылжыту

 

46.Word ортасында Сервис – Параметрлер сұхбат терезелері – Жалпы ішкі беті Сервис – Параметрлер – Түр ішкі беті Сервис – Параметрлер – Сақтау ішкі беті Сервис – Параметрлер – Орналасу ішкі беті Сервис – Параметрлер – Түзету ішкі беті

   Word редакторының  терезесі.  Іске қосу барысында,word толтырылған бос құжат жасайды. Редактор терезесі нақты пайдаланушының баптауына тәуелді. Баптауды Көрініс(Вид) менюі ж\е Құралдар-----Параметрлер (сервиз-----параметры) менюі командасының көмегімен өзгертуге болады. Көпшілік жадайларда программаның терезесі төмендегі бөлімдерден құралады: 1.Тақырыптар жолы; 2.меню жолы; 3.құрал-саймандар панелі; 4. Құжаттың терезесі; 5.тапсырма аймағы; 6.қалып-күй жолы. 

47.Word  Кесте (Таблица) менюінің жұмысы.

Мәтіндік редакторлармен жұмыс  істеу барысында реттелген мәліметтерді жиі пайдаланамыз. Оларды сақтаудың  ең бір қолайлы тәсілі кестелер болып  табылады. Сондай-ақ кестелер әр түрлі тізімдер мен тізбелерді қаржы ақпараттарын көрсетуде және басқа да осындай мәселелердің көптеген түрлерін шешуге жиі пайдаланылады.    Кесте тұрғызудың 3 тәсілі бар. 1)-курсор кесте кірістірілетін жерге орнатылады;-негізгі менюден Кесте – Кестені кірістіру (Таблица-Добавить таблицу) командасы таңдалады;-пайда болған сұхбат терезеде құрастырылатын кестенің бағандары мен жолдар саны енгізіледі;2)Кесте салу батырмасын шерту арқылы керекті бағана-лар мен жолдарды тышқан арқылы нақты көрсету жолы-мен орындалады;3) Вид – Панель инструментов – Таблицы и границы командасы немесе батырмасын шерту арқылы Кестелер мен шекаралар аспаптар тақтасын шығарып, Қарындаш пен Өшіргішті пайдалану жолымен орындалады.   Енгізу барысында бір ұяшықтан екіншісіне <Tab> пернесі арқылы өтуге болады. Кестеге жол немесе бағаналарды қосымша енгізу үшін, алдына жол немесе баған кірістірілуге тиісті жолдың немесе бағанның кез келген жеріне курсорды орнатамыз. Кесте менюінен Қатарларды енгізу (Вставить строки) немесе Бағаналар енгізу (Вставить столбцы) командасын таңдаймыз. Кесте сызығының қалыңдығын немесе стилін өзгерту үшін және де кесте ішін бояу үшін кестені ерекшелеп алып, Формат – Границы и заливка командасын орындаймыз. Кесте ұяшықтарын тез тазалау үшін, олар ерекшеленіп, <Delete> пернесі басылады. Кесте(Таблица) менюінің Бағанды/жолды жою (Удалить строки/столбцы) командасы арқылы ерекшеленген жолды не бағанды жоюға болады.  Кестедегі бағананың биіктігі мен енін өзгерту үшін Кесте – Ұяшықтар биіктігі мен ені (Таблица–Высота и ширина ячеек и столбцов) командасы орындалып,экран бетіне сұхбаттасу терезесі шығып, оған қажетті параметрлер енгізіледі. Бір қатарда бір-біріне жақын орналасқан бірнеше торларды біріктіру үшін біріктіретін ұяларды белгілеп, Кесте–Ұяшықтарды біріктіру (Таблица–Объединить ячейки) командасын орындаймыз.     Кесте элементтерін белгілеу  Символдарды белгілеу үшін курсорды бірінші символдың алдына орналастырып, оның сол жақ батырмасын басып,сол басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, курсорды соңғы символға ауыстырып,курсор тілсызыққа айналғанда тышқан батырмасын басу керек.   Ұяшықтарды белгілеу үшін бірінші ұяшықты немесе ұяшықтың ішіндегісін белгілеп алып, тышқанды жібермей ұстап тұрып, курсорды соңғы ұяшыққа ауыстыру керек.   Жолды белгілеу үшін курсорды жолдың сол жағындағы бос кеңістікке жеткізіп, курсор қиғаш тілсызыққа айналғанда батырманы басу керек; бірнеше жолды бірге ерекшелеу үшін тышқан бастырмасын жібермей, курсорлы қажетті жолдар санына төмен немесе жоғары орын ауыстыру керек.   Бағананы белгілеу үшін таңдап алынғалы тұрған бағананың жоғарғы бос кеңістігіне курсорды апарып, курсор төмен қараған тіл сызыққа айналғанда оның батырмасын басу керек; бірнеше бағаналарды бірден ерекшелеу үшін тышқан батырмасын басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, курсорды қажетті бағаналар санына оңға немесе солға орын ауыстыру керек. Кесте менюінің жұмысыНарисовать таблицу – қарындашпен кесте салу;Добавить – қосу командасы арқылы кесте тұрғызу;Удалить – кесте элементтерін жою;Выделить – кесте элементтерін белгілеу;Объединить ячейки – кесте элементтерін біріктіру;Разбить ячейки – кесте элементтерін бөліктерге бөлу;Разбить таблицу – кестені бір жолдан кейін екіге бөлу;Автоформат – кесте элементтеріне автоформат қолдану;Автоподбор – кесте элементтерін автоматты түрде таңдау;Заголовки – кестеге тақырып жасау;Преобразовать – мәтінді кестеге не керісінше түрлендіру;Сортировка – кесте элементтерін сұрыптау;Формула – кестеге формула енгізу;Скрыть сетку – кесте торлары сызықтарын көрсетпеу;Свойства таблицы – кесте қасиеттері терезесін шығару.

 

 

48.Электрондық  және виртуалдық кітапханалар    

 Қазіргі заманғы  Қазақстан әдебиетінің электрондық кітапханасы он-лайн режимінде заманауи Қазақстан әдебиеті қорына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Кітапхананың ең басты міндеттерінің бірі –  тұрғындардың оқуға құштарлығын арттыру арқылы мемлекетімізде кітап оқудың беделін көтеру, жас ұрпақты оқуға тарту және төлтума мәдениетімізді сақтап қалу. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы кітап пен оқуды кеңінен насихаттау үшін әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізеді. Олардың қатарында жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімдері де бар. Осы тұсаукесер рәсімдерінде ҚР Ұлттық кітапханасы жаңа кітаптардың авторларымен Авторлық келісімшарт жасайды.   

 Әдеби шығармалардың  электрондық кітапханасын жасау жобасы 2007 жылдан бері іске асырылып келеді. Дүйсенбек Нақыпов, Эрнест Төреханов, Аслан Жақсылықовтар Ұлтық кітапханамен келісімшартқа қол қойған алғашқы авторлар болып табылады.   

 Қазіргі заманғы  Қазақстан әдебиетінің электрондық  кітапханасы Авторлық келісімшарт негізінде авторларға Ғаламтор желісінде өздерінің әдеби шығармаларын еркін жариялауға мүмкіншілік туғызады. Барлық шығармалардың Авторлық құқығы авторларға тиесілі болып табылады және заң жүзінде қорғалады.   

 

Сирек  кездесетін  кітаптардың  виртуалдық  кітапханасы – Шығыс Қазақстан  облысы  әкімінің  сайтында  орналасқан  электронды  ресурс . Бұл  жерде  әрбір  тілек  білдіруші  өзін  қызықтырған  сирек  кездесетін  ескі кі-таптар  мен  журналдар  басылымдарымен  таныса  алады .  Кітапханада  кө-птеген  бірегей   басылымдар  жинқталған, этнографиялық  кітапхана  қоры-нда  534  кітап ,  экологиялық  кітапхана  қорында  200- ге тарта  басылым-дар  бар. Ішінде барлығы 5-ақ  нұсқада  басылғандары  да  кездеседі.

Виртуалдық  кітапхана  ресурстары  осы  салада  жұмыс  істейтін   мамандар  үшін  ғана  емес, тиісті  мамандықтардың  студенттеріне  де  өте   жақсы  таптырмайтын   ақпарат  көзі  және  таптырмас  көмекші  болуы  мүмкін. Қазіргі  ғылыми  кітаптардың  көбі   айтарлықтай  қиын  ғылыми    тілмен  жазылған . Ескі  кітаптардың   артықшылығы – ондағы  ақпарат  маман  емес  оқырманға да   түсінікті. Қарапайым  сөздермен  баяндалған .

Виртуалдық  кітапхана құру  барысында мұражай  қызметкерлеріне Рейтинг ІТ – компаниясының  мамандары , Шығыс  Қазақстан  облысы әкімінің  аппараты  айтарлықтай  қолдау  көрсетті .Жобамен  жұмыс  про-цесінде  көптеген  қызықты  идеялар  туып ,  дамытылды  және  өңделді .

Кітапхана  үшін  кітапті  сканерлеу  мәтінді  автоматты  түрде  редакция-лауға  мүмкіндік  беретін  заманауи  жабдықта  жүргізілді. Алайда , кітаптар-ды  олар басылған  форматта , соның  ішінде  кітап  түпнұсқасының  шриф-тын  сақтаумен орналастыру шешілді . Осындай  кітапті  оқығанда , бұл  нақ  ескіден  сақталған  сирек  кітап  екенін  түсінесің!

Жалпы  алғанда , әлемде  және  Қазақстанда  электрондық  кітаптар  және  электрондық  деректер  қорын  құру  тәжірибесі  бүгінде  жаңалық  емес. Бірақта  біз  сөз  еткен  жобалардың  бір қатар  артықшылықтары  мен   ерек-шеліктері  бар. Көбінесе  кітаптардің  электронды  нұсқасы  қолдануға  өте  қиын . Вертуалдық  кітапхананың  кітаптарын  оқу  бағдарламасы  өте  қо-лайлы  навигацияға  ие . Кітаптарді  қарау  режимі  де  өте  қолайлы . Сонымен  қатар  кітаптарді аты  бойынша , автордың  фамилиясы  бойынша-да  іздеуге  болады . Виртуалдық  кітапхананың  ресурстарын Шығыс Қазақстан  облысы  әкімінің  сайтында  еркін  табуға  болады:  экологиялық  кітапхананың  қоры- мәдениет  бөлімінде – кітапханалар - сирек  кездесетін  кітаптардың   виртуалдық  кітапханасы , этнографиялық  виртуалдық  кітап-хананың  қоры - Мәдениет- Мұражай –Виртуалдық  мұражай – сирек  кез-десетін  кітаптар  қоры 

 

49.Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты мен міндеті.Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.  Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері: _ бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі; _ құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;  Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім жəне жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті жəне аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде əдістеме бойынша тəжірибе алмасуы қажет.  Оқытудың ауқымды жəне жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нəтижесінде білімнің базалық жəне деректердің банкілік мəліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-əдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тəсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап əрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.   Осындай сан қырлы, əрі күрделі мəселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған əрі ауыр, əрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің əдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тəсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі жəне тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.

 

 

 

 

 

50.Электрондық  цифрлық қолтаңба ұғымы

Бүгіндері электрондық  үкімет дегеніміз –  бұл ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен мемлекеттік органдар, халық және бизнестің өзара іс-қимыл жүйесі.

Электрондық үкіметтің  ішінде негізгі моделдері 3 байланыс болып табылады: халыққа, бизнеске, мемлекеттік органдарға G2C мемлекеттік қызметін көрсету.

Электрондық үкіметтің  идеологиясы 2 затқа негізделген. Бұл сервистерді көрсетуге арналған инфрақұрылымды құру және сервистердің өздері. Электрондық үкіметтің құрылымы инфрақұрылымдық компоненттерді құру болып табылады. Олар бірыңғай мемлекеттік деректер қоры,  электрондық цифрлық қолтаңба берілетін куәландыру орталығы, азамат қызметті алатын және төлейтін шлюз

Электрондық үкіметті негіздеу

2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен "электрондық үкiметті" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесі:

«Электрондық үкімет» инфрақұрылымының базалық компоненттерін қалыптастыру;

Нормативтік құқықтық базаны құру;  

Мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін дамыту және қалыптастыру;

Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру.

2007 жылы Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға бағдарламасы қабылданды, оның міндетіне мыналар кіреді:  

«электрондық үкімет» базалық инфрақұрылымы мен қол жеткізу тетіктерін кеңейту және дамыту;

бизнес үшін талап етілетін және азаматтар үшін әлеуметтік маңызды

мемлекеттік қызметтерді ұсынудың үдерістерін автоматтандыру және ықпалдастыру;

ақпараттандыру үдерістерінің нормативтік құқықтық базаларын қамтамасыз ету және электрондық мемлекеттік қызметтерді беру;

мемлекеттік органдардың қызметін бақылау мен мөлдірлігін арттыру

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Информатика ұғымы және оны қолданудың негізгі бағыттары