Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 11:03, лекция
XVII ғасырдан бастап жаратылыстану ғылымдары қауырт дамыды, сондықтан философияның ғылыми жаратылыстық алғышарттары қалыптасып, философия схоластикалық ойлаудан діннен толығымен арылды, ақылыдың құдіретілігі мен ғылыми зертеулердің шексіз мүмкіндіктері туралы айтқан ілімдер қалыптасты.
Жаңа заман философиясына жаратыластанудың тәжірбесінен туындаған материалистік тенданция тән.
XVII ғасыр Еуропаның философиясының ірі өкілдері Ф. Бэкон, Т. Гоббс и Дж. Локк (Англия); Р. Декарт (Франция), Б. Спиноза (Голландия), Г. Лейбниц (Германия).
1. Жаңа заманның рационалистік и эмпирикалық дәстүрлері(Ф. Бэкон, Р. Декарт).
2. Д. Локктың сенсуалистік гносеологиясы және Т. Гоббстың философиялық концепциясы.
3. Б. Спинозаның субстанция мәселесі және Лейбництің монадологиясы.
4. XVIII ғ. Француз материализмі.
1. Жаңа заманның рационалистік
и эмпирикалық дәстүрлері(Ф.
2. Д. Локктың сенсуалистік
гносеологиясы және Т.
3. Б. Спинозаның субстанция
мәселесі және Лейбництің
4. XVIII ғ. Француз материализмі.
1. XVII ғасырдан бастап жаратылыстану
ғылымдары қауырт дамыды, сондықтан
философияның ғылыми
Жаңа заман философиясына
жаратыластанудың тәжірбесінен туындаған
материалистік тенданция тән.
XVII ғасыр Еуропаның
Оларға тән ортақ сипат ортағасырлық рухани мұраларға сыни көзқарас, философияның рөлі мен маңызын қайта қарау, схоластикалық ойлаудағы суеверияға қарсы шығу болды.
Философия практикалық сипатқа ие болып, адамзат тағдырына нақты ықпал етуіне байланысты өмірлік қолданыс тапты.
Жаңа заман философтарының қарастырған мәселелері мына төмендегілер:
Фрэнсис Бэкон (1561-1626) – Англиядағы эмпиризмнің егізін қалаушы. «Жаңа Органон» трактатының авторы, онда ғылымның міндетіне жаңа түсінідірмені жасап, ғылыми индукцияның негіздеді. «Жаңа Атлантида» шығармасында саяси көзқарастары тұжырымдалып, утопиялық көзқарастары берілді, гүлденген идалды мемлекет бейнеленді, онда өмір ғылымның рационалды негіздері арқылы ұйымдастырылып, техниканың дамуы қарастырылған, бірақ онда басқарушы мен бағынушы класстар сақталған.
Бэкон бойынша ғылыми білімнің міндеті, адамзат ұрпағына пайда алып келу. Барлық ғылымдардың ортақ мақсаты – адамның табиғатқа билігін одан әрі нығайта түсу. Бэкон өзінің «Білім - күш» атты афоризммен танымал, онда жаңа ғылымның практикалық мәні мен бағытылығы айқындалған. Ғылым – бұл құрал, өзіне өзі мақсат емес, оның мақсаты табиғи құбылыстардың себептілік байланысын ашу, өйткені бұл құбылыстарды адамзат игілігі үшін пайдалану мақсатында қажет.
Табиғатқа үстемдік жүргізу
үшін, адамға қызмет етуін қарастыру
керек, сол үшін ғылыми танымның әдістерін
өзгерту қажет. Барлық таным, барлық
жаңалық тәжірбиеге сүйенуі қажет.
Ол тәжірбиенің екі түрін
Ғылыми дәстүрді қалпына
келтірудің логикалық негіз ретінде
индукция теориясын алды. Индукцияның
алғышартын тәжірбиені аналитикалық тұрғыдан
ұғыну құрайды. Бэкон бұрынғы түсіндіруді
теріске шығарудың мәнін аша отырып, оған
қарсы болды, оны негативті (теріс) интенция
деп атады. Оның ойынша, онымен шұғылдану
қателіктерге ұрынудың, суеверия мен ақылға
сиымсыз көзқарастардың пайда болуының
басты себебі. Ғылыми дәстүрді қалпына
келтіру арқылы бос елестерден, қателіктерден
тазарту керек деп тұжырымдады. Осыған
байланысты ол төрт түрлі қателікті, таным
жолына кедергі келтіретін – төрт түрлі «елестер»
(қате бейнелер) немесе себептерді көрсетті. Олар«
Сонымен, Бэконның философияны дамытудағы маңызды жақтары:
жаңа ғылыми дәстүрді қалпына келтіріп, өткен кезеңнің философиялық ілімдеріне баға берді;
табиғатқа материалистік түсініктерін қалыптастырды, материяға – бөлшектердің жиынтығы, табиғат – денелердің жиынтығы ретінде қарауды ұсынды;
қозғалыстың материяның ажырамас бөлігі ретінде қарап, механикалық қозғалыспен шектеліп қалмай, 19 түрін тапқан;
жаңа қажетіліктерді, Англиядағы алғашқы капиталистік қор жинау дәуірінде ғылымға қойылған талаптарды көрсетті.
Рене Декарт (1596 -1650) – француз философы, математик, физик және физиологы. Ла Флеш діни коллегиясында оқыды. Математикада аналитикалық геметрияның негізін салған. Механикада қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалығын атап көрсетті, әсерлесу мен жалпы әсердің заңын тұжырымдады, сондай-ақ серпілмейтін екі заттың өзара соқтығысында қозғалыстың толық санының сақталу заңын анықтады. Ол космологияда ғылым үшін жаңа идея – Күн системасының табиғи дамуын жетілдірді, әлем құрылымына және аспан денелерінің пайда болуына жағдай тудыратын космологиялық катигория қозғалысының негізгі формасын оның ұсақ бөлшектерінің құйынды қозғалысы деп білді. Декарт дамуды тек механикалық заңдылық деп түсінді, бұл болжам табиғатты диалектикалық тұрғыдан түсінуге ықпал етті. Декарт материаны кеңістікпен теңестірді. Бұл қандайда болмасын кеңістікте зат бар, бос кеңістік болмайды, ал тығыздық пен геометриялық қасиеттер дененің бір мәнін құрайды. декарт материалистік физика іліміне дуалистік идея тән: қозғалысқа жалпы себепші – құдай, ол материяны қозғалыс және тыныштықпен қоса жасады, және материя қозғалыс пен тыныштықтың бірдей жалпылама санын сақтайды. Физиологияда рефлекстік актының алғашқы ғылыми сипаттамасы – қимылдар тетіктерінің нобайын жасады. Декарт бойынша мәні кеңістік болып табылатын денеден жанның айырмашылығы оның ойлау қабілетінде.
Декарт та Бэкон сияқты білімнің міндеті адамның табиғат күштеріне үстемдік етуінде, техникалық құралдарды ойлап табу және жасауында, себеп пен салдарды танып білу, адам табиғатын жетілдіру деп білді. осы міндетті орындау үшін бәріне күдіктене қарау керек деп білді. Бұл күмән барлық нәрсені танып білуге болмайды деген сенімсіздіктен туған жоқ, керісінше, ол білімнің дұрыс бастамасын тудыру үшін қажет. «Күмәнданамын, яғни ойланамын, ойланамын яғни өмір сүремін» (Cogito, ergo sum) деген қағиданы осындай бастама деп есептеді. Сөйтіп, ақиқат білімнің тамыры ақылда деп есептеді де, теоретикалық ойлаудағы тәжірибенің мәніне мүлдем көңіл бөлмеді.
Декарт таным ілімінде математикалық білімнің логикалық сипатын біржақты түсіндіру нәтижесінде қалыптасқан рационализмнің негізін қалады. Декарт үшін математикалық білімнің жалпыға бірдей, қажетті сипаты ақылдың өз табиғатынан туындайтын болғандықтан, ол таным процесінде мүмкіндігінше толық ұғыммен тануға болатын қағидаларға сүйенген дедукция роліне баса мән берді.
Декарттың ақылдың дұрыстығы және туа біткен идеялар туралы ілімі (мұндай идеяларға құдай, жандық және тәндік субъстанция туралы ойлары жатады) идеализмге ықпал етті. Танымдағы сананың алғашқылығы, ақылдың сезімдік қабылаулардан тәуелсіз екендігін мойындады. Егер ақыл ақиқат әдісті пайдаланатын болса, барлығынан ақиқат білімді ала алады. Мұндай әдіс ретінде Р. Декарт дедукция деп көрсетті. Оның әдіс туралы ілімі «Әдіст туралы пікір» (1637) шығармасында жазылды.
2. Материалистік философияның,
танымның дамуына жол ашқан,
әлеуметтік-философиялық
Оның негізгі шығармалары
– «Азамат туралы ілімнің
философиялық элементтері» (1642) және «
Гоббс Бэкон бастаған ілімді ілгері қарай дамыты. өз заманында пайда болған әдістерді пайдалана отырып, оларды қоғам өмірімен, адам туралы іліммен байланыстыруға тырысты. Оның ойынша әлем – механикалық қозғалыс заңдарына бағындырылған денелердің жиынтығы. Денесіз ешбір нәрсе өмір сүрмейді. Ойды материядан ажыратуға болмайды, материя – барлық өзгерістердің субъектісі. Адамдардың рухани өмірін де қозғалыс пен күш-жігерге саяды. Олар сыртан жасалған әсерлермен тұтас айқындалатын күрделі механизм.
Таным теориясында табиғаттың
сапалық алуан түрлігінің объективтік
сипатын теріске шығарды, оны
заттардың механикалық
Т.Гоббстың саяси-әлеуметтік, қоғамдық көзқарастарын айқындайтын шығарма – «Левиафан». Бұл шығармада қоғамның пайда болуы мен даму ын жан-жақт ықарастырды. Қоғамды екі дәуірге бөлді:
1) алғашқы дәуірі табиғи деп аталды. Мұнда адамдар тең құқылы, барлығы заттарға тең иелік етеді. Бұл тең құқылық адамдар арасындағы қақтығысқа, соғысқа әкелді, ол адамның жер бетінен құрып кетуін әкелетін болды.
2) екіншісі азаматтық
деп аталды. Онда адамдар өзара
келісе отырып, «мынау менікі, мынау
сенікі» деген құқықтық
Англиядағы Ф. Бэконның және Т. Гоббстың ізін қуушы Джон Локк (1632 – 1704) болды. Ол материалистік сенсуализм принципін негіздеді, яғни барлық білімнің сыртқы дүниені сезімдік қабылдаудан пайда болады деп тұжырымдады. Оның негізгі шығармасы – «Адамның ақыл-парасаты туралы» (1690), бұл еңбегінде Декарттың туа біткен идеялар туралы ілімін теріске шығарып, тәжірбиені барлық идеялардың бірден-бір көзі деп жариялады (Tabula rasa – таза тақта). Локк тәжірбиені екіге бөлді: сыртқы және ішкі тәжірбие. Алғашқысы – сезнуге негізделген, екіншісі – рефлекске негізделеді. Идеялар сыртқы әсердің сезім органдарына әсері нәтижесінде, (сезіну идеялары), немесе жанның жай-күйіне және қызметіне бағыталған назарының нәтижесінде пайда болады (рефлекс идеялар). Локк сезімдік қабылдау идеясында сапаны екіге бөлді: «бірінші ретегі» яғни объективті; «екінші ретегі» яғни субъективті. Объективті сапалар – заттар мен процестерге тән, ал субъективті сапа – заттардың өзіне тән сияқты, ал шындығында оларда болмайтын біздің сезім мүшелеріміз арқылы берілетін сапалар.
3.Бенедикт Спиноза (1632
– 1677) – нидерлант философы-
Спиноза бойынша адам – табиғаттың бір бөлшегі. Жан модусы туралы ілімінде Спиноза адамның күрделі психологиялық өмірін зердеген және ынтықтыққа яғни аффектілерге – қуанышқа, қайғыға, құмарлыққа әкеп шектеді. Ол бостандықты ақылмен теңестірді. Бостандық белгілі бір себептерге тәуелді екендігін мойындады. Спеноза ілімі бойынша бастандықта халық бұхарасы емес, тек ақыл иесі болуы мүмкін.
Спиноза таным теориясында
рационализм бағытын
Спинозаның атеизм мен еркін ойшылдықты дамытудағы ролі зор. Діннің негізгі мақсаты – табиғаттың тану емес, адамдарды өнегілі өмір сүруге шақыру деді. Сондықтан дінде, мемлекет те ой бостандығына қиянат жасамауы тиіс.
Қоғам туралы ілімінде Гоббсті жалғастырушы. Одан айырмашылығы биліктің жоғарғы түрі монархия емес, демократиялық билік деп көрсетті және мем. шексіз билігін бостандық талаптарымен шектеді.
Если Т. Гоббс, Б. Спиноза, Д. Локк материализмді негіздеп оны дамытса, XVІІ ғ. Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646 – 1716) идеализмнің өкілі болды .
Г. Лейбництің ғылыми әрекетіне тән сипат – теорияны практикамен байланыстыруға тырысты. Оны әлеуметтік мәселелер де қызықтырды. Ол монадалар туралы ілімін жасады. Материя субъстанция бола алмайды, ол ұзаққа созылып жатыр, әрі ол қарапайым. Монадалар бөлінбейтін рухани субъстанциялар, бүкіл әлем монадалардан қалыптасады. Монадалардың саны шексіз, олардың әрқайсвсы қабылдау мен ұмтылу қасиеті бар. монадалар бір-бірімен физ. Жағынан әрекетеспейді, жоғары монадаға тәуелді.
Лейбениц таным теориясы – идеалистік рационализм. Локктың сенсуализмі мен эмперизміне қарсы. Локк ақыл дегеніміз таза тақтай көзқарасын қолдамай, ақыл ғана білім қажетілігінің көзі бола алады деп тұжырымдады.
4. XVIII ғ. философиясы сан
қилы көзқарастарға толы кезең,
XVIII ғ. француз материализмі
– материалистік философияның
жаңа тарихи баспалдағы. Аталмы
XVIII ғ. француз материализмінің негіздеушісі Жюльен Офре де Ламетри (1709 – 1751) философ, дәрігер. Декарт философиясы мен Локктің сенсуализміне сүйене атырып, дүниені созылып жатқан, іштей белсенді, материалдық субъстанцияның көрінісі ретінде қарады. Негізгі еңбектері: «Жан туралы трактат», «Адам – машина», «Адам – өсімдік».
Информация о работе Жаңа заманның рационалистік и эмпирикалық дәстүрлері(Ф. Бэкон, Р. Декарт)