Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 07:24, реферат
Әр адам өзін нақты бір ұлттың өкілімін деп санайды. Ұлттық идентификациялану азаматтың жеке басының ісі, ол негізінен шыққан тегіне байланысты айқындалады. Аралас некеден туған адам заң бойынша әкесінің, не анасының ұлтын таңдаймын десе өз еркі. Барлық халықта дерлік, әсіресе, қазақта ұлтын әкесі бойынша анықтайды, тек кейбір халықта, мысалы, еврейлерде ұлттық болмысы шешесінен танылады. Бірақ ғылыми деректер бойынша адамның негізгі тектік қасиеттері еркекте ғана болатын Ү-хромосомы арқылы беріледі.
Сонымен,
қазақ қазақ болғалы еш уақытта
да оның ұлттық санасы өшкен жоқ. Тек әрбір
тарихи кезеңде ұлттық сананың деңгейі,
оның қоғамға ықпалы әртүрлі болды. Ұлттық
сананы қалыптастыруда әуел баста билер
институты шешуші рөл атқарды. Қазақ хандығы
кезінде билер қазіргі замандағы парламентпен
тақылеттес еді. Хандық биліктің жойылуына
байланысты бұл институт та жойылып, халықтың
басына қара түнек орнаған заманда Абай
сияқты бірлі-жарым ойшыл данышпандарымыз
жанған шырақтай болса да ұлт санасына
сәулесін түсірді. XIX ғасырдың соңы мен
XX ғасырдың басындағы ағартушылықтың
нәтижесінде аз санды қазақ интеллигенциясы
қалыптасып, олардың арасынан ұлт мүддесіне
жан-тәнімен берілген, осы жолда өмірлерін
құрбан еткен білімді де саяси сауатты
азаматтар шықты. Қазақ халқының сақталып
қалуындағы, оның шын мәнінде ұлт болып
ұйысуындағы бұлардың атқарған істерінің
орнын анықтап, нақты бағасын беру – қазіргі
және болашақ ұрпақтың борышы. Бұл зиялы
буын біздің ұлттық рухымызды орнықтырды.
Қазіргі
қазақ интеллигенциясы – қатары
мол, көп санды қауым. Олар – әртүрлі
мамандық пен ғылым салаларының өкілдері.
Дегенмен, қоғамдық-гуманитарлық салада
іргелі білімі, жоғары ғылыми атағы бар
зиялылар ұлттың мүддесі үшін қандай еңбек
етіп жүр деген орынды сұрақ туады.
Бүгінгі
күні халқымыздың алдында тұрған
үлкен тарихи жауапкершілік – мемлекетіміздің,
оның билік жүйесінің ұлттық мүдденің
берік қорғаны болуын қамтамасыз ету.
Басқа ұлт өкілдерін маңымызға топтастыруға
ұйытқы болу үшін өзінің ұлттық санасын,
саяси әлеуетін, экономикалық белсенділігін
арттырып, тілі мен мәдениетін қоғамдық
өмірдің негізгі факторы дәрежесіне көтеруі
керек. Өткен уақыттағы жағдайларға байланысты
әртүрлі салада өзінен озып кеткен ұлттар
өкілдерімен арақатынасындағы бәсекелестікті
күншілдікке айналдырмай, зайырлы жолмен
реттеп, тіпті олардың жетістіктерін ортақ
игілікке бағыттап, солардың қатарына
жетіп, одан әрі дамытушы күшке айналуымыз
қажет. Ұлтаралық қатынастардың негізі
болып табылатын бұл үдерістер эмоцияға
жол бермей, тиісті ұйымдар арқылы ымырашылдықпен
белгіленген заңдық актілер негізінде
ұлттық мемлекетіміздің ресми органдары
арқылы реттеліп, басқарылуы керек. Кемелденген
тәуелсіз елдерде ұлт мүддесіне қатысты
факторлар арнайы ғылыми орталықтарда
жан-жақты зерттеліп, мемлекет саясатын
бағдарлауға қызмет етеді.
Қазақтың
ұлттық мүддесін қамтамасыз етудің маңызды
материалдық негізі – ұлан-байтақ жеріміз
бен оның қойнауындағы ұшан-теңіз кен
байлықтарын өз игілігімізге жарату болса,
рухани тұрғыдан тарих сахнасында сақталуымыздың
кепілі – ана тіліміздің мемлекеттік
мәртебесін іс жүзінде орнықтыру. Қазіргі
үш тұғырлы тіл саясатының іргетасын қазақ
тілі қалауы керек. Баланың тілі өз тілімізде
шығып, нәтижесінде ойлау қабілеті осы
тілге негізделуі шарт. Сана-сезім ойлау
жүйесімен тікелей байланысты, ал тіл
ойды жеткізу құралы екені белгілі. Адамдардың
көпшілігі бір тілді ғана еркін меңгере
алады, ал екінші тілде ондай дәрежеде
сөйлеуге ой-өрісінің мүмкіндігі шектеулі.
Интеллектісі кемелденбеген жанның қанша
тырысса да алғашқы игерген тілінің тұсауынан
босана алмайтынын қазіргі шалақазақ
атанған қандастарымыздың тіршілігінен
көріп жүрміз. Бұрынғы шалақазақтар басқа
ұлттың қаны араласса да қазақтың тілі
мен салт-санасын толық игерген шынтуайтында
нағыз қазақтар еді.
Үш
тұғырлы тілдің екінші тармағы орыс
тілі болса, оны меңгеруге үгіт-насихаттың,
саяси декларацияның, арнайы іс-шараның
ешбір қажеті жоқ. Орыс империясының, Кеңес
Одағының, қазіргі Ресейдің идеологиялық
аппарат, білім беру, ақпарат тарату жүйелері
арқылы біздің тілдік кеңістігіміз толықтай
онымен отарланған. Бұл кеңістіктен өз
орнын алмайынша, қазақ тілінің көсегесі
көгермейді.
Үшінші
тіл – ағылшын тілінің жаһадану
дәуіріндегі рөлін түсіндірудің
қажеті жоқ. Жастардың болашағына кең
жол ашу үшін бұл тілді меңгеруге
көпшіліктің қолжетімділігін
Сонымен, ұлтшылдық – әрбір саналы адамға тән патриоттық қасиет. Ұлт ұлтшылдық арқылы қалыптасады, сақталады және ұлттық мемлекетінің саясаты нәтижесінде дамиды.