Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:26, курсовая работа
Қорыта келгенде, Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуінің, негізінен алғанда, ұзаққа созылған келеңсіз салдарлары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге айналдырып алды.
. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Шыққан тегі
2.2 Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері
2.3 А. Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуы
2.4 Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы
2.5 Әбілқайыр ханның және оның төңірегіндегілердің Ресейдің қол астына өтуді қабылдауы
2.6 Патша үкіметінің Қазақстандағы жағдайының одан әрі нығаюы
2.7 Орынбор (« Қырғыз-қайсақ») экспедициясының қызметі
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдалынған әдебиеттер
Ресейдің қол астына өткен Кіші жүз қазақтарына патша үкіметі тарапынан ешқандай нақты әскери көмек көрсетілмеді. Әскери гарнизондарының аздығы және қару-жарақтарының нашар болуы салдарынан Ертіс бойындағы бекіністер де қазақтарды жоңғар қалмақтарынан қорғай алмады. Сондықтан да жоңғарлардың билеушісі Галдан-Церен 1741 жылы Қазақстан аумағына жаңадан жойқын жорық жасады.
Патша үкіметінің Қазақстандағы жағдайының одан әрі нығаюы
Әбілқайыр Ресейдің қол астына өткеннен кейін тап сондай әрекетке қазақтардың басқа да бірқатар билеушілері бара бастады. Бейне бір тізбекті реакция сияқты құбылыс пайда болды. Оның үстіне, Ресейдің қол астына өту бәлендей міндеттер жүктей қоймайтын еді.
Патша үкіметі қазақтардың
билеушілеріне ірі-ірі
Ол ара ағайындық қызмет
атқарды, ал патша үкіметі түрлі
сыйлықтар жасауға, ақшалай және
азық-түлік жағынан көмек
Сондықтан да 1731 жылдың соңына қарай Орта жүздің ханы Сәмеке Ресейдің қол астына өтті және оған адал болуға ант қабылдады. 1733 жылы Ұлы жүз тарапынан да Ресейдің құрамына кіруді сұраған алғашқы әрекет жасалды. Алайда Ұлы жүздің Ресей аумағынан алыс жатуы себепті 30-жылдары ол Ресейдің құрамына ене алған жоқ.
1740 жылы Орынборда Әбілқайырдың ара ағайындық етуімен Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейдің қол астына өтті. Атап айтатын бір нәрсе - Ресейдің қол астына негізінен шекара шебіне таяу тұратын қазақтар өтті.
1731 жылы патша үкіметі
Әбілқайырдың көмегімен Хиуа
хандығын Ресейдің қол астына
өткізуге әрекет жасап бақты.
Бірақ Хиуа хандығы ол
Орынбор («Қырғыз-қайсақ») экспедициясының қызметі
Кіші жүз қазақтарының шекара аймағындағы жерінде патша үкіметінің жағдайын нығайтып, бекіте түсу үшін 1734 жылы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Оны I Петрдің сыбайлас жақын серіктерінің бірі И.К. Кириллов басқарды. Ал оның көмекшісі қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптары мен заңдарын жақсы білетін тілмаш А. Тевкелев болды. Кейінірек қырғыз-қайсақ экспедициясы Орынбор экспедициясы деп аталды. Оның құрамындағы 2700 адамның 2500-і әскери қызметшілер еді. Экспедицияға үкіметтің берген тапсырмасы Кіші жүздің жағдайын жан-жақты зерттеу болды. Атап айтқанда, олар табиғи ресурстарды зерттеумен, жер бетінің картасын түсірумен айналысты.
1735 жылы Әбілқайыр ханның өтініші бойынша Орынбор қаласының негізі қаланды. Қазақ ханы дала төсінде әлдебір бүліншілік окқғалары бола қалса, сол бекініс-қамалда бой тасалауды көздеген болатын. Қамал Ор өзенінің Жайыққа қүяр жерінде салынды.
Кейін ол Ор бекінісі деп аталды. Орынбор бекінісі Ресей аумағының ішкі жағына ауыстырылды. Орынбор Батыс Қазақстан аумағын отарлаудың стратегиялық орталықтарының біріне айналды. Ол Ресейдің еуропалық бөлігі мен қазақ даласынын, Орта Азияның аралығындағы ірі сауда орталығы қызметін де атқарды.
Патша үкіметінің Орал шекаралық шебін нығайтуы және жер дауының шиеленісуі
Қазақтарды өзінің қол астына алғаннан кейін патша үкіметі бекіністер салуға қызу кірісті. Оның бұл әрекеті шекара аймағындағы жер дауын бірден өршітіп жіберді.
Мұндай қатаң шектеулер
мен тыйым салулар содан
Қорытынды
Қорыта келгенде, Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуінің, негізінен алғанда, ұзаққа созылған келеңсіз салдарлары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге айналдырып алды.
Патша үкіметі жалпықазақтық
хандықтың болуын танудан саналы
түрде қасақана бас тарту арқылы
Қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығын
бұзып, бірлігін ыдырата бастады. Іс
жүзінде қазақтардың
Жайылымдық жерлердің тарыла түсуі мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі қазақтардың шаруашылық негізін елеулі түрде шайқалтты. Жұт болған жылдары қазақтардың мал басын аман сақтап қалуы үшін шекара шебіндегі аймақтарға көшіп баруына рұқсат етілмеді.
Қазақстанның Ресейдің ықпалына
енуі кейінгі жылдары қазақтардың Ор
Пайдаланған әдебиеттер.
1. Қазақтың көне тарихи-Алматы, 1993.
2.Қазақстан тарихи (Қазақстан тарихи көне
заманнан бүгінге дейін) Очерк-Алматы:
КРҮҒА,1994.
3. Төлебаев 2 т.б.Қазақстан тарихи-Алматы,2006.
4. Қазақстан тарихи ІІІ том Т. 3-Алматы
, 2002.
5.Ә.Әбдакімұлы.Қазақстан тарихи-Алматы,1997.
6. Бекманова Д.М. Қазақстан тарихи,-1999.
7.Омарбеков Т. ,Ш.омарбеков Қазақстан тарихына
және тарихнамасына ұлттық көз-қарас,-Алматы,
2004.
8. Қазақ совет энциклопедиясы.-Алматы,1970.Т.
Информация о работе Кіші жүз ханы Әбілқайыр: ұстанымы, еңбегі, қайшылығы 8- нұсқа