Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:26, курсовая работа
Қорыта келгенде, Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуінің, негізінен алғанда, ұзаққа созылған келеңсіз салдарлары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге айналдырып алды.
. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Шыққан тегі
2.2 Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері
2.3 А. Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуы
2.4 Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы
2.5 Әбілқайыр ханның және оның төңірегіндегілердің Ресейдің қол астына өтуді қабылдауы
2.6 Патша үкіметінің Қазақстандағы жағдайының одан әрі нығаюы
2.7 Орынбор (« Қырғыз-қайсақ») экспедициясының қызметі
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдалынған әдебиеттер
Алматы энергетика және байланыс университеті
Жылу энергетика факультеті
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
Қазақстан тарих
№ 2 семестрлік жұмыс
Тақырып: Кіші жүз ханы Әбілқайыр: ұстанымы, еңбегі, қайшылығы
8- нұсқа
Алматы 2012
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Шыққан тегі
2.2 Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері
2.3 А. Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуы
2.4 Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы
2.5 Әбілқайыр ханның және
оның төңірегіндегілердің
2.6 Патша үкіметінің
2.7 Орынбор (« Қырғыз-қайсақ») экспедициясының қызметі
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдалынған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақ хандығында 1718 жыл Әз Тәуке хан қайтыс болған соң, оның орнына баласы Болат хан болды. 1730 жылы Болат хан қайтыс болып, орнына баласы Әбілмәмбет отырды. Сөйтіп, 1730 жылы Болат қайтыс болған соң қазақтың үш жүздің хан – сұлтандары Әулиеата жаққа жиналып, құрылтай сипатта жиналыс болды. Бұл құрылтайға үш жүздің ұлы ханы Болаттың баласы Әбілмәмбет және өз заманының қарарманы Барақ сұлтан билеген орта жұздің сұлтандары, Әбілқайыр басқарған кіші жүздің сұлтандары қатысады. Осы құрылтайда Әбілқайыр Әбілмәмбеттен үш жүздің ұлы хандығын алмақ болып жалсыз талап қойды.
Әбілхайыр әулетінің шыққан сұлтандардың бірі яғни ол қазақ хандығы алғаш құрған Әз Жәнібек ханның жетінші ұрпағы болып табылады. Ол XVII ғасырдың 20-ші жалдырында кіші жүзге хан болған « Ақтабан шұбырынды» жылдарында қазақ қауыммен бастап, жоңғар феодалдарының шапқыншылығына қарсы күрескен әйгілі қолбасшылардың бірі еді. Тарихшы З.У. Тоғанның айтуына қарағанда ол кезде Әбілқайыр қазақтың үш жүзінің ұды ханы оған қоса қарақалпақтардың ханы еді. Сонымен қатар Хорезмімде билеуші болуды арман еткен екен.
Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына көшірілді. Бұл кезде кіші жүздің өзі ішінен үш бөлікке бөлінген: оның бір бөлігін Қайып ханның баласы Батыр сұлтан биледі, енді бір бөлігін Әбілқайырдың баласы Нұралы сұлтан биледі, Әбілқайырдың билегі кіші жүздің бірі бөлігіне ғана жүретін еді.
ӘБІЛҚАЙЫР ХАН
Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693
— 12.08.1748) — хан, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің
кіші буыны — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның
баласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен,
шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты
шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен
Кіші жүздің ханы болды (1710— 12.08.1748). 1715ж.
Тәукен хан өлгеннен кейін үш жүздің бас
хандығы тағына үміткерлердің бірі болды.
Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы
Болат бас хан сайланды. Әбілқайыр қазақ
қалмақ қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп
тұрған 1716 — 18 ж. Ресей империясынан көмек
алу мақсатымен Сібір губернаторы князь
М.П. Гагаринге, Уфа воеводасына хат жазып,
қазақтардың ахуалын біршама реттеуге
ат салысты. 1723 жылға дейін Түркістанда
тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып
шыққаннан кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының
шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі
тайпаларға қоныс аударды. Әбілқайыр 1726
ж. Ордабасыдағы халық жиналысында казақ
жасақтарының қолбасшысы болып сайлаңды.
Бүланты өзенінің жағасындағы (1728), Аңырақайдағы
(1729 -30) жоңғарларды талқандаған соғыстарда
қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді.
Аңырақай шайқасында бас қолбасшышылықты
өз еркімен Болат ханға бергенімен үш
жүздің қолын үйлестіруде көп жұмыс атқарды.
Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының
алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген
шақта, Ресей империясына арқа сүйеуді
ойлады. Әбілқайырдың Құндағүлов Сейітқұл
мен Көштаев Құтлымбет бастаған елшілігі
Петербургке барып (1730), Ресей Сыртқы істер
министрлігі коллегиясының М. Тевкелев
бастаған елшілігі оған келді (1731). (қ.Құндағұлұлы
елшілігі, Құтлымбет елшілігі) Елшілік
қазақ ұлысын Ресейдің қарамағына алу
туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731
ж. қазанда Ресей империясының қарамағына
кіргендігі жөнінде ант берді (Бұл антгы
1738,1740,1742 ж. қайталады). Ант беру арқылы
ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына
өткен башқүрт пен Еділ қалмақтарының
қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды,
Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының
қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын
қайтарып алуды, империя әкімшілігіне
сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып,
үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді,
хандықты балаларына сайлау тәртібімен
емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді.
Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты
апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей
саясаты да теренде жатты. Империя қазақ
жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр
Петербург сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің
саясатын дер кезінде түсіңді. Ханның
өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып
алудағы Ресей өкімдерімен тартысы, императрицалар
Анна Иоанавнаның, кейіннен Елизавета
Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы,
Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы,
ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы
шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне
карсылығын байқатады. Орыс үкіметімен
әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр
сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан
Серенмен (Цэренмен) астартын байланыста
болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген
сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты.
1740 ж. Хиуаны басып алып, аз уакыт осында
хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан
ығысып, тастап шығуға мөжбүр болды. Әбілқайыр
үш жүздің билеуші, қадірлі билерімен,
белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен
тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен жас,
беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр
кезде түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі
Қарашаш — Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз
ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар
да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі
болған Ор бекінісін салуды өзі ұсынды
(1735). 1737 - 38 жылғы башқұрт халқының отаршылдық
езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы
туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді.
Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына
жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға
ұнамады. Солардың бірі — Орта жүздің
сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе
жатқан Әбілқайыр мен ен далада кездесіп
қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері
де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ
Әбілқайырды "орысшылдығы" үшін емес,
өзінің жеке басының мүдделерін көздеп
"қарақшылық" іске барған еді. Әбілқайырдың
моласы Қабырға өзенінің Ұлқүяққа құятын
тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде.
Кейін бұл ара Хан моласы аталды. Әбілқайырдан
көптеген ұрпақ қалған.
Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері
Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.
Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.
Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.
1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербург/Петербургке келді.
Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.
1731 жылы императрица Анна
Иоанновна Кіші жүздің
қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.
Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды.
А. Тевкелев бастаған елшіліктің Кіші жүзде болуы
Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылғы 30 сәуірде Петербургтен А.И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Оған Кіші жүздің билеушілерін Ресейдің кол астына қалай өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты нұсқау берілді. Кіші жүздің ат төбеліндей билеуші тобын қалағанынша дүние-мүлік беріп, тікелей сатып алу жағын да қарастырып көруді тапсырды.
Ол үшін 1 миллион орыс рубліне дейін жұмсауға рұқсат етілді. Әбілқайырға императрица Анна Иоанновнамың атынан қымбат бағалы сыйлықтар — болат қылыш, бұлғын ішік, екі түлкі тымақ, шұға маталар мен басқа да сыйлықтар беру көзделді.
Бірақ оларды Құран ұстап ант берілгеннен және құжатқа кол қойылғаннан кейін ғана тапсыру қарастырылды. Дипломатиялық тапсырмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшины әрі батыры Таймас Шайымов тa болды.
Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшілік, сонымен қатар барлау мәліметтерін де жинауға — жер бедерін суреттеуге, қазақтардың тілі, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрлері туралы мәліметтер жинақтауға тиіс болды. Елшілік сондай-ақ қазақтардың империя кол астына өтуі қабыл алынған кездегі көңіл күйінің қандай болғанын да білуі тиіс еді. Тевклевке казақтардың ең жақын көрші халықтары туралы да деректер жинау тапсырылды.
Қазақ хандығын Ресейге қосып алуға деген ерекше мүдделіліктің болғаны Ресей императоры I Петрдің мына бір сөздерінен айқын аңғарылады. Ол былай деп жазған еді:
“ |
Бір миллион сомга дейін қыруар көп шығын жұмсайтын болсақ та, оны тек бір жапырақ қағаз арқылы Ресей империясының құрамында ұстау керек, өйткені ол, қырғыз-қайсақ ордасы... бүкіл Азия елдерінің қақпасын ашатын кілт. |
” |
Әбілқайыр ханға қарсы оппозицияның қалыптасуы
Кіші жүздегі қазақ ақсүйектерінің едәуір бөлігі Ресейдің кол астына өтуге үзілді-кесілді қарсы болды. Олардың Ресейдің қол астына өту туралы сөзді естігілері де келген жоқ. Жергілікті жерде айқындалғанындай, Ресейдің қол астына өту туралы шешім Әбілқайыр ханның жеке өзінің бастамасы бойынша қабылданған болып шықты.
Оппозициялық көңіл күйдегі көптеген қазақ билеушілері Ресеймен екі арадағы келіссөздерді болдырмай, ашықтан-ашық үзіп тастауға тырысып бақты. Ресей елшілерін өлтіріп жіберуге әрекет жасағандар да болды. Сондықтан да дипломатиялық тапсырмамен келген елшілерді қорғау ісі Әбілкайырдың өз ұлы Нұралы сұлтанға сеніп тапсырылды.
Қазақ билеушілері негізінен алғанда сенімді де тиімді одақтас іздеп табу мүддесін басшылыққа алды, ол одақтастар олардың бостандығына озбырлық жасап, қол сұқпайтын болуы керек деп үміттенді.
Әбілқайыр ханның және оның теңірегіндегілердің Ресейдің қол астына өтуді кабылдауы
Өзін Ресей империясының сенімді өкілі екендігін алға тартып, дүние-мүлікке қызықтыру аркылы пара беру, уәделі келісімге көндіру, кей-кейде ашықтан-ашық қоқан-лоқы жасап қорқыту арқылы А. Тевкелев келіссөздерді ақыры өз пайдасына шешті. Ресей елшісі Әбілқайырдың төңірегіндегілерді Ресейдін қол астына өтуге көндірді.
1731 жылдың 10 қазан күні Әбілқайыр хан, сұлтандар және 13 рудан тұратын ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті.
Ант қабылдауға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты. Ол ең алды- мен «хан партиясы» деп аталатын топтың мүшелері болатын. Бірінші болып Әбілқайыр хан, одан соң старшина Бөкенбай, Есет батыр, Құдаймендімырза ант қабылдады. Қазақ ақсүйектерінің едәуір тобы келіссөздер жүріп жатқан кезде дипломатиялық тапсырмамен келгендерге дүниеге қызығып, ашықтан-ашық сатылып кетті.
Қазақтардың Ресейдің кол астына өтуі, міне, осылай басталды. Әбілқайыр Ресей патшасының тағына адал болудың кепілі ретінде өзінің ұлдарының қатарынан Ресейге аманат жіберуге уәде етті.
Ресейдің дипломатиялық тапсырмамен келген елшілері Қазақстан аумағында бір жылдан астам уақыт бойы болды. Ол қазақ қоғамын егжей-тегжейлі жан-жақты зерттеді, қаншалықты мол мүмкіндіктер бар екенін байқап қарады. Тевкелев Кіші жүзде атқарған сәтті дипломатиялық қызметі үшін әуелі полковник, одан сәл кейінірек орыс армиясының генералы әскери шенін алды.
Ақырында оның ұрпақтары Орынбор өлкесіндегі ірі-ірі мұсылман помещиктеріне айналды, олардың мың-мыңдаған басыбайлы шаруалары болды. Ал башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берілді.
Кіші жүздің билеушісі Әбілқайыр хан Ресейдің қол астына өтуді қабылдағаннан кейін Кіші жүз қазақтарының арасындағы беделі мен ықпалынан айырыла бастады. Бұл ретте Орта Азия хандықтарының билеушілері келеңсіз рөл атқарды. Өйткені олар бұл аймақта ислам дінінің ықпалы елеулі түрде әлсірейтін болды деп түсінді.
Ал Әбілқайыр Ресей мемлекетінің қол астына өтуден алған мәртебесіне көңілі толмай, Ресей аумағына шабуыл жасай бастады. Сондықтан да патша үкіметі кейінірек оны тағы да екі рет ант қабылдауға мәжбүр етті.
Бірақ хан Ресей аумағына шабуыл жасауын тоқтатқан жоқ. Оның Ресей қол астына өтуден күткен үміті ақталмады. Сондықтан да ол өз ғұмырының соңғы күніне дейін патша әкімшілігіне бағынбауға тырысты. Оның үстіне, қазақтардың қалмақтармен, башқұрттармен және Орал казактарымен шекара аймағындағы шиеленісті қақтығыстары тоқтатылмады. Әбілқайырдың патша үкіметіне қарсы белсенді іс-әрекеттері ол 1748 жылы өзінің саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқаннан кейін ғана тоқтады.
Информация о работе Кіші жүз ханы Әбілқайыр: ұстанымы, еңбегі, қайшылығы 8- нұсқа