Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 15:01, реферат
Тәуелсіздік мерекесіне арналып жазылған, жұртшылыққа түсінікті болуы үшін толықтай тарихы жазылғанын дұрыс деп есептеп, нақты дәлелдермен жазылды деп білерсіңдер.
Сіздерді кел
Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі « Алла » деп, содан кейін « Абылай », « Ақжолтай » деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп, ұранға айналдырғаны мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда ол есімге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап, сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері белгілі. Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгүштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр. Ел басында күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығын да, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай қазақ халқының күшн тасытты, мәртебесін көтерді, қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін ақын – жырау өнерпаздарын достық – бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады. Жауын торғадай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқыңдап қоңқылдаған Қоқанмен де ,қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан – Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екені сөзсіз.
Халық басына осындай қиын – қыстау заман зары тұған шақта, қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды. Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірін қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдейді. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басын ла бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең орнаған еді. ХХ ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысында күщейген Сталиндік әміршіл – әкімшіл жүйе қоғамның тарихи заңдылықтарына қайша келетін эксперименттер жасағанын бірінші кезекте айтар
Мәдени-рухани салада, демографиялық саясатта, ұлт мәчелесінде жергілікті (ұлт аймақтарындағы) халықтарды орыстандыру; қоғамдық саяси өмірдің негізгі салаларында тек қана комунисттік идеологиялық үстемдігін орнату. Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды. Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді: жаппай отаршылдықтың салдарынан қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады; қазақ халқы өз жерінде, ұлттық азшылыққа айналды... ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз? – деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арман-ды. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «міне, ел болдық, еркіндік өз колымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа болмайды. Қазақтың еркіндігінен қорыққан қызыл империя көсемдері алаш туы астында біріккендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты. Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы қазақ оқығандарын түгел қырды. Мұстафа Шоқай шетел асты... Алашорда партиясына мүше болғандардан жалғыз Мұхтар Әуезов қана аман қалды... Алаш деген сөзді тарихи санадан өшіру әрекеті басталды. Дүниедегі ең жек көрінішті сөзге айналдыруға тырысушылардың «еңбегі» зая кеткен жоқ. Әлі күнге дейін кейбіреулер алаш дегенде селк ете қалады... Қазақтың өз билігі өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя аса қиналған жоқ.
1937-1938
жылдары яғни, бір жылдың ішінде
125 мың қазақ зиялысы қырылған.
Жоғары білімді қазақтың бетке
ұстайтын азаматтарының бар
«Мен үшін Отаныма адал солдат болудан артық бақыт жоқ»,- деп Ислам Жеменей айтқандай, Отан қорғау жолында 1941-45-ші жылдары ең көп қырылған қазақ солдаттары еді. Ұлы Отан Соғысында Қазақстаннан 1 миллион 196 мығ адам қару асынып, майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының сапында болды. Соғыстан тек 410мың Қазақстандық жауынгер ғана оралды.
Осыншама нәубеттің ішіндегі ең сұмдығы – 1949 жылдан қазақ халқы атом полигондарының сынағына тасталды. Қазақ қоян құрлы болған жоқ. ХХ ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көрген азапты көрген жоқ. Аяулы Отаным – Қазақстан – ядролық қарудың қасіретін әлем бойынша ең көп тартқан ел. Оның талай ғасырға жететін тарихын қозғасақ, бабалардың басынан кешкенін көзге елестетсек, көдің жасын тия алмаспыз. Қазақстан ядролық инфрақұрылымнан құтылуды әлемге айғақ еткен, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, еліме тәуелсіздіктің туын желбіреткен елбасы Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз ұшаң-теңіз. Атом сынағынан аман өттік, бұл заманға да жеттік. Аяулы Отаным – Қазақстан жерін бабаларымыз ерлікпен қорғап бізге қалдырған, кейінгі ұрпағыма «Асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін, бізге тұтас ұланбай, жоғалмай, өртенбей, сынбай-жанбай, айыр азап, қиын-қыстау кезеңдерді бастарынан өткізген екен. Халқымыз сол заманнан бері-ақ, елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, шешен де білгір азаматтарының бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғанын көріп отырмыз. Әрбір адам баласын тіршілік етіп, өзін-өзі асырап отырғаны, ұрпағын қалдырып, дамып жатқаны осы Отанның арқасында. Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен өсір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне, кір жуып кіндік кескен жеріне ыстық махаббаты оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.мәселен, М.Әуезов «Отан – анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім жоқ», дейді. Ал, В.А. Сухомлинский: «Адам жүрексіз өмір сұре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды»,- деді. И.С. Тургенев: «Отансыз бақыт жоқ, кім –кімнің де тамыр жаяр топырағы – туған жер»,- дейді. Ал, Ж.Ж. Руссо: «Ең зор ізгі ерліктері Отанға деген сүйіспеншілік туғызған»,- дейді. Ф.М. Достоевский: «Өз Отаныңның мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ»,- дейді. Л.Н. Толстой: «Отан - халықтың өткені мен бүгіні және келешегі»,- дейді. Осындай небір ұлағатты, қасиетті сөздер көзі ашық, көкірегі ояу азматқа рух берері сөзсіз. Қаны қандас, тілі тілдес, дініміз де тіліміз де бірдей бауырлас ағамыз Расул Ғамзатов өзінің әкесінде Шамильдей ерлерінің бір хатының сақталғанын айтады. Онда былай деген екен: «Менің таулықтарым! Өздеріңнің жалаң жабайы жартастарыңды сүйіңдер, оны сақтаңдар, ол үшін күресіңдер. Сендердің қылыштарыңның шыңылы менің бейіттегі ұйқымды тәтті қылар». Ал, Отансүйгіштіки туралы айтылған ақын тебіреністері де бірінен-бірі асып түседі.
Қайсар ар-намысты аға ұрпақ кеңес үкіметі жылдарында, атап айтқанды, 1929-1931 жылдары, Қазақстанды күштеп ұжымдастыруға қарсы 370-тен астам көтерілістер мен әр түрлі деңгей мен көлемдегі қарулы қарсылықтар ұйымдастырды, ал, 1917 жылғы Қазан революциясына дейін халқымыз отарлық езгіге қарсы 400-ден астам көтерілістерге шығып, наразылық көрсетті. Осындай азаттық күрестің барысында халқымыздың ортасынан қайнап шыққан ірі – ірі тұлғалар болды. Солар көрсеткен үлгі, сепкен ұрық бір ұрпақтан екінші ұрпаққа табиғи түрде ауыса келіп, 1986 жылғы желтоқсанда жаңғыруына әкелді. Желтоқсан көтерелісі ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді. 1986 жылғы желтоқсанда елде жария етілген қайта құрудың 20- шы айы өтіп жатқан – ды. Құқықтық мемлекет құрамыз дегенге сеніп, Горбачевтік « сәуір тезистерінің » тың идеялармен жігерленген қазақ жастары орталықтың бұрыңғыша өктемдігіне келіспеушілігін білдіруге митингілер, шерулер өткізіп алаңға шықты. Қылышынан қан тамып, жарты әлемді билеп тұрған қызыл империя кеңестік коммунистік партия кезеңінде қазақ жастарының ұлттық намысын ту етіп, отаршылдыққа қарсы алғаш жойқын бұлқыныс танытуы Мәскеудегі өктемшіл шовинистердің төбесіне жай түсіргендей әсер етті. Өйткені, уысындағы қол бала іспеттес көптеген ел бұдан « үлгі – өнеге » алып, ол өрт қалау түссе, халдерінің мүшкілденетінінен қауіптенеді. Оны олар алдын – ала сезді де, басқыншылық әрекеттерге, фашистік қатыгездік қадамдарға да көз жұма барды. Әділдіктің салтанат құруын сұраған жалаң қолды бейбіт жандардың тілектеріне құлақ асқысы келмеген озбыр орталық жүйесі жүректері тітіркенбестен мұздай қаруланған әскермен шеруге шыққандарды аяусыз жаншыды, итке талатты, бас – көз жоқ ұрып соқты. Кремльден кесепатты бұйрықтың пәрмені солай аласапыран құрылды. Қазақ жастары Алматыда, Талдықорғанда, Ақмолада, Орталық Қазақстанның бірнеше елді мекендерінде тоталитарлық билік жүйесіне қарсы көтеріліп, өкіметке саяси талаптар қойды. Желтоқсан көтерілісі сол кездегі кеңес одағының керегесін шайқалып, КСРО – дағы демократиялық үрдісінің негізін қалаушы оқиғалардың бірі болды. Белгілі ән – өлеңінде айтылғандай, « желтоқсан гүлді солдырып, нұрды ондырып, көңілде мұңды із қалдырып » қана қойған жоқ, сонымен бірге және ең маңыздысы – халқымыздың ең алдымен жас буынның ұлттық санасын оятумен, ұлттық намысын көтеруде болды. Ол еліміздің тәуелсіздік алуының алғышарттарын дайындауға қызмет етті. Қатыгездігі мың баптан солақай саясат орын алған соң, жүздеген еркіндік аңсаған ақ ниетті жас азаматтар алаштың арманын асқақтатып, кеудемсоқтықты көксегендерге ойсырыта соққы жасады. Мұндай тегеуріңді қарсылықтың болуы тиіс емес деп есептейтін кеудесіне нан піскен КОКП төбе шашы тік тұрып, « бұл нағыз қазақ ұлтшылдығы » деп апыл- ғұпыл баға беріп тастады. Олар үшін, әрине, бұл оп- оңай шаруа. Ал, сонда халық намысын қайда қоймақпыз? Орталық партия комитетіндегілер қазақ жастарын Республика алаңына шығуын нашақорлардың, маскүнемдердің әрекеті деп жалпақ жұртқа жария етті. Уақыт өте өздері ушықтырып, күш қолданғандықтарын бүркемелегісі келді. Бұл үлкен оқиғаны тентектік әрекетке балауы көосоқырлық еді. Көп ұзамай шындықтың бет пердесі ашылды. Оған көз жеткен кеңес одағының тізгінін ұстаған серкелер « қазақ ұлтшылдығы » деген КОКП шығарған қаулының, яғни, қазақ халқына жабылған жаланың күшін жоюға мәжбір болғаны белгілі. Жазықсыз, қиянатпен жоғары оқу орындарынан шығарылған, сотталған сан мыңдаған қыз – жігіттер кейін ресми ақталды. Бірақ олардың жүректерінде қалған қаяу, сызат – дақ кете қойды ма екен?! Талайы зардабын шегіп, қасіретін тартты. Қаншама өрімдей жасөспірімдер қанаты қайырылса да намысын жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ сырын сыртқа шығармай, шерін тарқата алмай іштен тынды. Заман райы солай болды. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Шын бағасын иеленбеген желтоқсан көтерілісін жай оқиға деу қиянат екенін дауыстап айтуға мұршамыз келеді. Мұстафа Ататүрік айтқандай, « шынжырларды балқытып, тәжбен тақты күйрететін күшті нұр – ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті. »
Өсер елдің сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
- деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Әрине, қарапайым ұғымда. Ал, мұны дүниені жаратылысымен тарих дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты бағасымен халқымыздың есінде мәңгілік сақтап қалары анық. Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелміздік - халқының тойы, елдің тойы. Қалың қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой. « Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалының мығым ұстап, тізгінін бекем қаға берді » - деп, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өрениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата – бабамыздың арманының жүзеге асқаны, оған өзімнің куәгер болғаным – мен үшін шексіз қуаныш. Мен өз халқымның ешкімге нақақ қиянат жасамағанын мақтан етемін, ал, қиянат жасамғанға Алланың көзі түзу. Біздің қолымызда қанның емес, тердің иісі бар. Демек, біз – жасампаз халықпыз.
Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен!
- деп өткен ғасырда жүрегінен сыздай жырлаған ақын сөздері бүгінгі ұрпақтың санасында өшпестей жаңғырып тұрады : қасиетті Отан ұғымы – қандай кезде де, қандай қиындық пен қуанышта да, тіпті отаршылдықтың тар қапасында тұншығып жатқанда да, ел басына күн туған аласапыран шақтарда да, және бүгінгідей тәуелсіздіктің бейбіт те шуақты күндерінде де – әрқашан да бәрінен де биік тұрады. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын – қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп – ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройы асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. ХХІ ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мыңжылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдегі мен еңбегін хақ тағала баянды еткей!