Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2015 в 21:54, реферат
Мемлекеттік Фармакопея – бұл фармацевтикалық анализді реттейтін негізгі құжат.
Фармакопея (pharmakopiea) – екі түбірден құралған грек сөзі: Pharmakon - дәрі және poieo - дайындаймын (дәрі дайындау өнері).
Фармакопея – бұл фармацевттерге (провизорларға) арналған ресми ережелер жинағы, ол қасиеттердің сипаттамасын, дәлдік және сапасының тексерісін, сақтау шарттарын құрайды.
Аналитикалық стандартты үлгілер туралы мәселе өзектілігін жоғалтпайды (СҮ).
СҮ негізгі түрлері:
Ресми СҮ - фармакопеялық стандарт (мемлекеттік стандарттық үлгі – МСҮ). Бұл белгілі тәсілмен дайындалған дәрілік заттың ерекше сериясы (партия). МСҮ тәуелсіз синтезбен немесе алынатын заттың қосымша тазалауын қолданумен дайындалуы мүмкін. Жоғары тазалық деңгейінің нақтылығы аналитикалық тесттермен белгіленеді. Мұндай зат стандартты жұмысшы үлгінің жасалуына негіз болады;
Стандартты жұмысшы үлгі (ЖҮ) –белгіленген тазалықты және сапалы дәрілік зат, ол негізгі стандарт көмегімен алынған және жаңа дәрілік заттар мен жаңа дәрілік препараттардың нақты серияларының анализінде стандартты зат ретінде қолданылады.
Дәрілік заттарды әлемдік деңгейде стандарттауды (номенклатурада, зерттеу әдістерінде, дәрілер сапасын бағалауда, заттарды мөлшерлеуде біркелкілікті орнату үшін) Біріккен Ұлттар Ұйымының Әлемдік денсаулықсақтау ұйымы (БҰҰ ӘДҰ) жүргізеді, оның қатысуымен Халықаралық Фармакопея басылымы жүзеге асырылған.
2 Бөлім. КСРО фармакопеясы
2.1. КСРО фармакопея тарихы
Бірінші Ресейлік фармакопея тарихы XVIII ғасырдың екінші жартысынан басталады.
1765 жылы Ресейде ең алғаш рет әскери фармакопея құрылды, ал 1778 жылы бірінші ресми ресей Мемлекеттік фармакопея құрылды.
Соңғысы 770 минералды СБ,өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегін және көп компонентті ДФ сипаттаудан тұрады.
1798 жылы екінші ресей
мемелекеттік фармакопеясы шығарылды.Бірінші
шығарылымдағыдай латын
1798 жылдан кейін Ресейде Әскери Фармакопея (1808,1812,1818,1840жж) шығарылды,Теңіздік фармакопея (1807,1829,1845,1860жж) және көше фармакопеясы шығарылды.
Фармакопеялардың әрқайсысы фармацевтикалық зерттеудің дамуына негіз болды.Бірінші және екінші ресейлік фармакопеялар зерттеудің органолептикалық әдісімен ұсынылды(түсін,иісін,дәмін анықтау) және ЕД маңызды қасиеттері келтірілді.
1866 жылы жаңадан Ресейлік
фармакопеяның жарыққа шығуы
отандық фармацияның тарихи
дамуына әсерін тигізді.Бұл
Дәрілерді химиялық органолептика әдісімен қадағалау жаңа фармакопеяның негізгі ерекшелігі болып табылады.1866 жылы Фармакопеяда күшті әсерлі заттардың тізімі және оллардың сақталу ережесі келтірілген.
1866 жылғы фармакопея Ресейдің І басылымы болып табылады.Одан кейін II,III,IV,V,VI басылымдары сәйкесінше 1871,1880,1891,1902 және 1910 жылдары жарыққа шықты.
VII басылым КСРО Мемлекеттік
фармакопеясы (МФ VII) атауымен шыққан
фармакопея 1826 жылы шілдеде қолдануға
берілді.Бұл фармакопеяның
МФ VII 116 жаңа бап енгізілді және 112 бап алынып тасталды.Болған өзгертулер ЕД сапасын қадағалау барысында жүзеге асырылды.ЕД жаңа химиялық және биологиялық стандарттау органолептикалық әдістерін алмастыру қарастырылды.30 ортақ бап енгізілді және кейбір ЕД сапсын анықтаудағы реакциялардың сипаттамалары ұсынылды.Осы сияқты МФ VII бірінші кезекте ЕД сапасын қадағалауды жетілдіру негізге алынды.Бұл қағида келесі фармакопеяларда да қарастырылды.
1949 жылдың 1 шілдесінен бастап МФ Х басылымы жарыққа шыға бастады.Ол отандық фармацевтиканың және медицина ғылымының сонымен қатар өндірістің жаңа жетістіктерін сипаттады.
МФ ІХ бен МФ Х мақсатты айырмашылығы халықаралық жаңа ДЗ терминологиясына ауысу болып табылады,сонымен қатар атауының (30%) өзгеруіне байланысты.МФ Х-да ЕД сапасына талап күшейтіліп,физика-химиялық әдістер кеңінен қолданылады.
2.2. Мемлекеттік Фармакопея Х
Мемлекеттік Фармакопеяның онынышы басылымы екі кіріспе бөлімнен,екі негізгі бөлімнен және «қосымшадан» тұрады.
Бірінші бөлімге – «Препараттар»
- жеке дәрілердің сапасын анықтайтын
негізгі баптар және топтық баптар (таблеткалар,дәрі
жіберуге арналған ерітінділер,экстрактілер,
Фармакопеяның екінші бөлімі
– физика-химиялық,химиялық,
«Қосымша» бөлімі атомдық масса кестесінен,алкоголеметриялық кестеден,тамшылар кестесінен және үлкендер мен балаларға арналған жоғары біреулік және тәуліктік мөлшердегі улы және күшті әсер беруші дәрілік заттардан,сонымен қатар жануарларға жиі қолданылатын дәрілік заттардан тұрады.
МФ Х ІХ басылымынан айырмашылықтары бар.
МФ онынышы басылымы әр түрлі дәрілік заттарға арналған 707 жеке бапдан (МФ ІХ-754) және 31 топтық бапдан (МФ ІХ -27) тұрады.
219 жеке бап және 4 топтық бап қайтадан МФ Х-ға енгізіліп,МФ ІХ –дағы 235 бап енгізілмеді. Ветеринарияда қолданылатын вакцина және сарысуға қатысты 28 бап алынып тасталды.
МФ ІХ спирттерге (90°,70° және 40°) қатысты талаптары бір бапқа біріктірілді,сонымен қатар тазартылған және қоршалған күкіртке қатысты талаптар да бар.
МФ Х баптары келтірілген дәрілік препараттардың медициналық практикада жетістіктерін қамтиды.
МФ Х-да жаңа терпевтикалық топтардың
әр түрлі синтетикалық препараттары: антибиотиктер,витаминдер,
МФ Х-ға кірмеген дәрілік препараттар сапасы МФ ІХ бойынша немесе Республикааралық техникалық талаптар бойынша тексерілуге тиіс болды.
МФ Х-ға күрделі құрамды (көп әсер беруші зат) заттар кірмеді.
«Препараттар» бөліміне дәрілік заттар (екпеге арналған ерітінділер,таблеткалар,жақпа майлар)латын тілінде алфавит бойынша енгізілді.
Бапның тақырыбына келесі атау қабылданды:
Латын атауы;
Латын тілінен аударғандағы орысша атау;кей жағдайларда КСРО ортақ қолданбалы атаулар;
Синонимдер;алдымен-КСРО –да қолданылатын латынша және орысша синонимдер,кейін халықаралық патенттелмеген латынша атау,МФ Х латынша атауына сәйкес келетін болса әлемдік денсаулық сақтау бірлестігі ұсынған атаулар қолданылды.
Халықаралық * белгісі орысшада аудармасыз қабылданды.
МФ ІХ және МФ Х баптарында әлемдік денсаулық сақтау бірлестігі ұсынған латын тіліндегі атау қолданылады.Латын атауы МФ Х басылым мен МФ ІХ фармакопеясында синоним ретінде қолданылады.МФ Х синонимдері дәрігерлердің дәрілерді латын тілімен атауда қолданылады.
Фармакопеяда алфавит бойынша атауда латынша атау мен орысша атауда ең бірінші бапның тақырыпшасында катионның орысша атауы жазылады (мысалы,калий бромиді, натрий сульфаты).Алфавит бойынша атауда орысша атау катионды да анионды да атауда бірінші қолданылады.
Ботаниканың негізгі атаулары (түрлері,шығу тегі және т.б) МФ Х фармакопеяда сирек кездеседі.
Латынша және орысша атаулар өсімдік шикізаттарында тек бір атаумен «гүлдер»- Flores берілген,дегенмен бұл термин мағынасына жалғыз гүлдер және гүлдену сөздері қарама қайшы келеді.
Реактивтерге орысша атаулар берілген.
Препараттардың біртектілігіне және бір топқа жататындықтарына қарап МФ Х олардың рационалды атауы мен құрылыстыө формулаларына өзгерістер енгізді.
Органикалық негіздегі тұздар үшін бірінші орында негіз ілік септігінде жазылса,екінші орында қышқыл немесе қышқылды радикал атау септігінде жазылған.
Отандық химия әдебиетіне байланысты сульфаниламид препараттары МФ ІХ үлгісіндегідей қалды.
Ал брутто формулалар үшін: бірінші көміртек,екінші сутек келесіде алфавит бойынша элементтер жазылады.
Түзілген радикалдар аударылып бейнеленеді.
Алколоидтар,антибиотиктер,
Фармакопеяның жаңа шығарылымдарында көптеген баптардың құрылымдары өзгертілген(өсімдік шикізаттарынан басқа).
"Құра»" бөлімі «сипаттау» және «ерігіштік» бөлімдерімен алмастырылды.
Жалпы бапда кездесетін ұзақ реакцияға,көптеген функционалдық топтарға және препараттарға сілтемелер беріледі.
«Тазалыққа тексеру» екі жеке бөлікке бөлінген(хлоридтер,сульфаттар және т.б)
МФ ІХ баптарында кездесетін екі әдістің бірі сандық анықтауда қолданылады.Ал жеке жағдайда МФ Х екі әдіс те маңызды болып табылады.
Дәрілік препараттардың сандық құрамын зерттеуге және тазалыққа тексеруге МФ Х фармакопеясында талап күшейтілген.
МФ ІХ құрамындағы көптеген анализдер нақтыланған және жақсартылған сонымен қатар жаңа әдістермен толықтырылды.
Бірінші рет Фармакопеяда зерттеу әдістеріне келесі баптар келтірілді:
«Ұзақтыққа байланысты жалпы реакциялар»
«Оттекте жағу әдісі»
«Инфрақызыл аймақтағы спектрофотометрия»»Жарықтың жұтылуын анықтауға негізделген әдіс» бабының бөлімі ретінде,
«Флюорометрия»,
«Полярография»,
«Нитритометрия»,
«Хроматография сорбенттің жұқа қабаты ретінде» «Хроматография» бабының бөлімі ретінде.
Қайта өңделген және өзгерістер енгізілген баптар:«Мышьякты анықтау», «Сұйықтардың түссіздігін және бұлыңғырлығын анықтау», «сұйықтардың түстерінің өзгеруін анықтау», «тығыздықты анықтау», «Балқу температурасын анықтау», «Жарықтың жұтылуын өлшеу негізіндегі анықтау».
Айқындалған баптар: «Сұйықтықтардың тұтқырлығын анықтау», «Сыну көрсеткіштерін анықтау (рефрактометрия)», «Оптикалық айналуын анықтау (поляриметрия)», «рН анықтау», «Потенциометриялық титрлеу», «Сусыз еріткіштерде титрлеу», «Комплексометриялық титрлеу», «Хроматография», «Йодты сан». «Реактивтер» және «Индикаторлар» бөлімдері кеңейтілген.
Әртүрлі препараттардың сапалық және сандық зерттеу інің бұрынғы әдістерімен қатар жаңа әдістерді де пайдалану қарастырылған.
Анализдің физика-химиялық әдістерін кең қолдану салыстыруға стандартты үлгілерді дайындау қажеттілігіне сабеп болды. Сондықтан Фармакопеяның Х басылымына «Стандартты үлгілер» жалпы бабы кірістірілген, бапта стандартты үлгілердің сапасының негізгі талаптары келтіріледі, ол МРТУ 42 түрінде КСРО денсаулық сақтау Министрлігінің Фармокопейлік комитетімен бекітілген және Фармакопеяға кірістірілмеген. Бұл талаптар Әлемдік Денсаулық сақтау Ұйымымен дайындалған әлемдік стандартты үлгілер сапасын есепке алып құрылған.
Фармакопеяның жаңа басылымында дайын дәрілік формалардың сапасына талптар айқындалған және арттырылған.
Жаңа жалпы баптар кірістірілген: «Көздік тамшылар» және «Гранулалар».
Таблеткалардың ыдырау нормасы 10 минуттан 15 минутқа өзгертілген. «Таблеткалар» жалпы бабы ішекте еритін таблеткаларға талаптармен толтырылған. Бөлек баптарда қабықшамен қапталған таблеткалардың қабықшамен қапталғанға дейінгі салмағы көрсетілген.
Тадлеткалар, драже, капсулалар және тамшылардың ыдырау уақытын анықтаудың жалпы бірыңғай әдістемесі көрсетілген.
МФ ІХ бабының «Бүркитін дәрілік формалар» атауы «Инъекциялық дәрілік формаларғв» өзгертілген және сәйкес жекелеген баптардың атауы өзгертілген.
«Инъекциялық дәрілік формалар» және «Көз тамшылары» баптарында натрий хлориді бойынша дәрілік заттардың изотондық эквиваленттер кестесі құрылған, ол «Қосымшалар» бөліміне кірістірілген.
«Тұндалар мен қайнатпалар» бабы әртүрлі өсімдік шикізаттарының су жұту коэффициенттерінің кестесімен толықтырылған.
«Суппозиториялар» бабына шамдардың толық деформациясын анықтау әдістемесі кірістірілген.
«Үгіту және елеу» бабында мемлекеттік стандарттарға сәйкес елеуіш номерленуі құрылған.
МФ Х «Микроскопты зерттеулер техникасы» және «Өсімдік шикізатының орташа сынамасын алу» баптары қайта өңделген.
Антибиотиктердің белсенділігін анықтау бойынша жалпы бабы толықтырылған және нақтыланған.
Мемлкеттік фармакопеяның жаңа Х басылымына кейбір жаңа эндокринді препараттарға баптар кірістірілген. Эндокриндік препараттардың сапасын арттыру үшін жекеленген баптарға қосымша физика-химиялық көрсеткіштері кірістірілген.
Инсулиннің биологиялық белсенділігін анықтау және ұзақ уақыт әсерлі инсулин препараттар әсерінің ұзақтығын бағалау қайта өңделген. Барлық әдістерде зерттелетін және стандартты препараттардың белсенділігін салыстыру және алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу қарастырылған.
Эндокриндік препараттардың биологиялық белсенділігін анықтау әдістері жазылған жалпы баптарға өзгертулер енгізілген.
МФ Х алғашқы рет «Бактерийлік препараттардың аналтз әдістері» бабы енгізілген.
Қосымша «Бактерийлік және вирустық аллергендер» мен «Анатоксиндер» жалпытоптық баптары енгізілген, сұйықтықты-вакииндік препараттарға жаңа баптар енгізілген. Фармокопейлік баптарды құрғанда КСРО денсаулықсақтау Министрлігі 1960-1967 жж. бекітен осы препараттардың республикааралық техникалық шарттарындағы талаптар ескерілген.
МФ Х алғашқы рет вакциналарды, сарсуларды, анатоксиндерді бақылауға қолданатын әдістерді сипаттайтын бөлім енгізілген.
«Жүрек гликозидтері бар емдік шөптер мен препараттардың белсенділігін бағалаудың биологиялық әдістері» бабына «Жүрек сергіткіш дәрілерді кептерлерде биологиялық бағалау» қосымша бөлімі енгізілген. МФ Х алғаш рет енгізілген препараттарды (дигитоксин, дигитоксин таблеткалары, целанид және т.б.) анықтау әдістемелері келтірілген. Зерттеу нәтижелерін бағалау үшін статистикалық анализ қолданылады.
МФ Х «Биологиялық зерттеулердің статистикалық анализ нәтижелері» жалпы бабы енгізілген.
Қазіргі басылымында заттардың А (улы) және В (қатты әсерлі) топтары қарастырылған.