Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2012 в 19:46, реферат
Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента төлеушіге) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл рента төлеп отыруға міндетті.
Рента шарты бойынша рента алушыға рентаны мерзімсіз немесе өмір бойы төлеу міндетін бекітуге жол беріледі. Рента шарты мүлікті иеліктен шығаруға арналған шарттардың бірі.