Рим құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 08:16, реферат

Краткое описание

. Рим құқығының рөлі және мағынасы.

Рим құқығы дүниеге келген кезінде Рим Италиядағы көбімен бірдей кіші қауым болған еді. Рим қауымы (civitas Roma) ұлғайған сайын өз ықпалын Италиядағы барлық аумаққа, содан кейін Жерортатеңізіне таратып, билік астына сол уақыттағы барлық мәдени орталықты жинап алды.
Сонымен қоса Рим іштей өзгерді. Көне патриархалдық құрылыс жойылып, ескі табиғи өнімге негізделген шаруашылық күрделі экономикалық қарым - қатынаспен алмасады. Жаңа өмір, күшті жұмылдыруды, әр бір жеке тұлғаның қабілетін күшеитуін талап етті. Осының барлығына сай рим құқығы өз сипатын жеке тұлғаның бастамасына қарай ауыстырды: тұлғаның бостандығына, шарт және өсиет бостандығы рим құқығы жүиесінің бір қалауы болып табылды.
Осыған байланысты, пайда болатын дауларды шешу үшін құқық субъектілерінің аумақтық немесе ұлттық белгісінен тәуелді болмай қолданып реттейтін құқықтық норма жасау қажеттілігі туындады. Рим құқығы объективті қажетіліктің ықпалынан, өзіне дейін мың жылдар бойы қалыптасқан халықаралық қатынастың және халықаралық айналымдағы әдет - ғұрыптардың қасиеттерін бойына сіңдіріп оған қол жетімділік және тұрақтылық сипатын береді.
Құқықтық жүиенің қағидаларын әзірлеген кезде рим юриспруденциясы азаматтық айналымдағы субъектілерді өзара құрметтеу қағидасына, тұлғаның өз мүлкіне тікелей бақылау жасауын болдырмау, тауар және қызмет көрсетудің алмасуы тең болу, қоғамда орнатылған тәртіптке сай еркінбілдіру бостандығы қағидаларынан бағыт алып отырды.
Ғасырлар бойы заң ойы қалыптасып тұғыр болған рим құқығы бүгінгі күні де құқықтық жүйе және азаматтық құқықтың теориясы ретінде оқылып зерттеліп жатыр ондағы ұғым мен құқықтық институттар еш бір ұлттық көріністен тәуелсіз еркін көріністе орын тапты.
Рим құқығын оқып зерттеу құқық саласында кең теоретикалық дайындық бергеннен басқа ұғымдық аппаратты еркін қолдануға көмек. Рим құқығының көп түсініктері қазіргі заманғы юриспруденцияда белсенді қолданылуда.



Тақырып 2. Рим құқығының жеке және жария түріне бөлінуі. Цивилдік, преторлық және халықтық құқық. Рим жеке құқығының түсінігі.

Жария және жеке құқықты классикалық түрде шекаралау рим заңгері Ульпианның еңбегі, ол: «Жария құқық рим мемелекетінің жағдайына жататын; ал жеке құқық жеке тұлғалардың пайдасына қатысты» деген еді, бұл кейінгі ғасырларға дейін сақталып келді.
Осы ұғым тұрғысынан қарағанда жария құқық деп тікелей мемлекеттің мүддесін қорғайтын және мемелекеттің оның органдарының құқықтық жағдайын анықтайтын нормаларды айтамыз.
Жеке құқық – жеке тұлғаның басқа тұлғалармен қарым – қатынастағы мүддесін қорғайтын құқықтың нормасы. Бұл саладағы құқықта мүдделі адамдардың өздеріне қалыптасқан жағдайды белгілеуге мүмкіндік беретін нормалар басымдыққа ие. Бұл нормаларды уәкілетберуші деп таныған.
Азаматтық (цивильді) құқық. Латын тілінде “азаматтық” деген сөзге «civilis» түсінігі сай келеді. Бірақ ius civilе рим құқығының термині өзінің мазмұны бойынша бүгінгі күнгі азаматтық құқыққа сай келмейді. ius civile терминімен тек рим азаматтарына - квириттерге қолданылған ежелгі ұлттық рим құқығын айтады, сондықтанда оны квириттік құқық дейді. ius civile
сөзінің басқа мағынасы халық жиналысынан кейінрек сенаттан шығатын норма деп танылды.
Рим жеке құқығының түсінігі. Ежелгі Рим мемлекетінде қалыптасқан және жеке тұлғалардың арасындағы қатынасты реттейтін құқықтық жүйе, жеке құқық деп танылады. Рим жеке құқығының негізгі институты жеке меншік құқығы және басқа шектеулі құқықпен заттар сондай ақ шарт міндеттеме, отбасылық пен мұрагерлік құқықтыққатынас болып табылады.

Оглавление

1 Рим құқығының рөлі және мағынасы.
2 Рим құқығының жеке және жария түріне бөлінуі. Цивилдік, преторлық және халықтық құқық. Рим жеке құқығының түсінігі.
3 Рим құқығының қайнар көзі. Рим құқығы қайнар көзінің түсінігі. Әдет-ғұрып құқығы және заң. Магистрлар эдиктісі. Эдиктілер кодификациясы. Көрнекті рим заңгерлері.
4 Заңгерлердің сабиниандық және прокулиандықмектебі. Рим юриспруденциясының құлдырауы Юстиниан Кодификациясы. Юстиниан кодексі. Дигестілер жүйесі және мазмұны. Институциялар. Новеллалар.
5 Субъективтік құқыққа ие болу тәртібі. Құқықсубъектілері. Құқыққабілеттілік ұғымы. Құқыққабілеттілікті жоғалту және шектеу.
6 Рим мемелекетіндегі бостандық, азаматтық және отбасылық жағдайы. Рим құқығындағы әрекетқабілеттілік ұғымы. Заңды тұлғалар.
7 Отбасы құқығы. Римдік жанұя. Агнаттық және когнаттық туыстық. Неке нысандары.
8 Жеке құқықтарды қорғау әдістер. Талаптар: ұғымы және түрлері. Талап мерзімдер.

Файлы: 1 файл

рим кукгы.docx

— 31.49 Кб (Скачать)
 

 «Рим құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары

Контакты  дәріс кестесі   
 

Тақырыптың  атауы    
Сағат саны  
1 Рим құқығының  рөлі және мағынасы. 1  
2 Рим құқығының  жеке және жария түріне бөлінуі. Цивилдік, преторлық және халықтық құқық.  Рим жеке құқығының түсінігі. 1  
3 Рим құқығының  қайнар көзі. Рим құқығы қайнар көзінің  түсінігі. Әдет-ғұрып құқығы және заң. Магистрлар эдиктісі. Эдиктілер кодификациясы. Көрнекті рим  заңгерлері. 2  
4 Заңгерлердің  сабиниандық және прокулиандықмектебі. Рим юриспруденциясының құлдырауы  Юстиниан  Кодификациясы. Юстиниан кодексі. Дигестілер жүйесі және мазмұны. Институциялар. Новеллалар. 2  
5 Субъективтік  құқыққа ие болу тәртібі. Құқықсубъектілері. Құқыққабілеттілік ұғымы. Құқыққабілеттілікті  жоғалту және шектеу. 1  
6 Рим мемелекетіндегі  бостандық, азаматтық және  отбасылық жағдайы. Рим құқығындағы әрекетқабілеттілік ұғымы.  Заңды тұлғалар. 1  
7 Отбасы құқығы. Римдік жанұя. Агнаттық және когнаттық  туыстық. Неке нысандары. 1  
8 Жеке  құқықтарды  қорғау  әдістер. Талаптар: ұғымы  және түрлері. Талап  мерзімдер. 1  
  Барлығы 10  
 

    

Тақырып 1. Рим құқығының  рөлі және мағынасы.  

      Рим құқығы дүниеге келген кезінде Рим  Италиядағы көбімен бірдей кіші қауым  болған еді. Рим қауымы (civitas Roma) ұлғайған сайын  өз ықпалын Италиядағы барлық аумаққа, содан кейін Жерортатеңізіне таратып, билік астына сол  уақыттағы  барлық мәдени  орталықты  жинап алды.            

Сонымен қоса Рим іштей өзгерді. Көне патриархалдық  құрылыс жойылып, ескі табиғи өнімге негізделген  шаруашылық  күрделі экономикалық  қарым - қатынаспен алмасады. Жаңа  өмір, күшті жұмылдыруды, әр бір жеке тұлғаның қабілетін  күшеитуін талап етті. Осының барлығына сай  рим құқығы  өз сипатын жеке тұлғаның бастамасына  қарай ауыстырды: тұлғаның бостандығына, шарт және өсиет  бостандығы  рим  құқығы жүиесінің  бір қалауы болып табылды.            

Осыған  байланысты, пайда  болатын дауларды  шешу үшін  құқық  субъектілерінің  аумақтық  немесе  ұлттық  белгісінен тәуелді болмай  қолданып  реттейтін  құқықтық норма жасау қажеттілігі туындады. Рим құқығы  объективті  қажетіліктің ықпалынан, өзіне дейін мың  жылдар бойы  қалыптасқан  халықаралық  қатынастың  және  халықаралық  айналымдағы әдет - ғұрыптардың  қасиеттерін бойына сіңдіріп  оған қол жетімділік  және  тұрақтылық  сипатын  береді.                          

Құқықтық  жүиенің қағидаларын әзірлеген  кезде рим юриспруденциясы  азаматтық  айналымдағы  субъектілерді өзара құрметтеу қағидасына,  тұлғаның өз мүлкіне тікелей бақылау  жасауын болдырмау, тауар және қызмет көрсетудің   алмасуы  тең болу, қоғамда орнатылған тәртіптке  сай  еркінбілдіру  бостандығы қағидаларынан  бағыт алып отырды.

Ғасырлар  бойы заң ойы қалыптасып тұғыр  болған рим құқығы  бүгінгі күні де құқықтық жүйе және азаматтық құқықтың теориясы  ретінде оқылып зерттеліп жатыр ондағы ұғым мен құқықтық институттар  еш бір ұлттық көріністен тәуелсіз еркін көріністе орын тапты.

Рим құқығын  оқып зерттеу құқық саласында  кең теоретикалық дайындық бергеннен басқа ұғымдық аппаратты еркін қолдануға көмек. Рим құқығының көп түсініктері  қазіргі заманғы юриспруденцияда белсенді қолданылуда.       
 
 

Тақырып 2. Рим құқығының  жеке және жария түріне бөлінуі. Цивилдік, преторлық  және халықтық құқық.  Рим жеке құқығының түсінігі.              

Жария және жеке құқықты классикалық түрде  шекаралау рим заңгері Ульпианның  еңбегі, ол: «Жария құқық рим мемелекетінің жағдайына жататын; ал жеке құқық жеке тұлғалардың пайдасына қатысты» деген еді, бұл кейінгі ғасырларға дейін  сақталып келді.             

Осы ұғым тұрғысынан  қарағанда жария құқық деп тікелей мемлекеттің мүддесін қорғайтын және мемелекеттің  оның органдарының  құқықтық жағдайын анықтайтын нормаларды айтамыз.             

Жеке  құқық – жеке тұлғаның басқа тұлғалармен қарым – қатынастағы  мүддесін  қорғайтын  құқықтың нормасы. Бұл саладағы құқықта мүдделі адамдардың  өздеріне қалыптасқан жағдайды белгілеуге мүмкіндік беретін нормалар басымдыққа ие. Бұл нормаларды уәкілетберуші деп таныған.            

Азаматтық (цивильді) құқық. Латын тілінде  азаматтық” деген  сөзге «civilis» түсінігі  сай келеді. Бірақ ius civilе  рим құқығының  термині  өзінің мазмұны бойынша бүгінгі күнгі азаматтық құқыққа сай келмейді. ius civile  терминімен тек рим азаматтарына - квириттерге қолданылған ежелгі ұлттық рим құқығын айтады, сондықтанда оны квириттік құқық дейді. ius civile

сөзінің  басқа мағынасы халық жиналысынан кейінрек сенаттан шығатын норма деп танылды.

      Рим жеке құқығының түсінігі. Ежелгі Рим мемлекетінде қалыптасқан және жеке тұлғалардың арасындағы қатынасты реттейтін  құқықтық жүйе, жеке құқық деп танылады. Рим жеке құқығының негізгі институты жеке меншік құқығы және басқа шектеулі құқықпен  заттар сондай ақ шарт міндеттеме, отбасылық пен мұрагерлік құқықтыққатынас болып табылады.   

Тақырып 3. Рим құқығының  қайнар көзі. Рим  құқығы қайнар көзінің  түсінігі. Әдет-ғұрып  құқығы және заң. Магистрлар эдиктісі. Эдиктілер  кодификациясы. Көрнекті рим заңгерлері.  

      Рим құқығының қайнар көзін құқық  нормасының  көрсету нысаны ретінде  әдет-ғұрып құқығын, заңдарды, магистрлар эдиктілерін және заңгер қызметтерін қосамыз.            

Әдет-ғұрып  құқығы  рим құқығын танудың ең ежелгі нысаны болып табылады. Әдет-ғұрып құқығының нормасы әр-түрлі нысанда болды.  Ол ата-бабалардың  ғұрпы (mores maiorum), әдеттегі іс-тәжірибе (usus). Мемлекет кеңіген және бекіген сайын әдет-ғұрып құқығы қанағаттандырмайтын нысан бола бастады дегенімен оның қалыптасуы бәсең болғандықтан өсіп келе жатқан сауда айналымын реттеуге қабілетсіз болса керек. Әдет-ғұрып құқығы заңдарға және басқа құқыққұрылым нысанына жол берді.

     Республикалық кезеңде заңдар халық жиналысынан  туындады және ол leges  аталды. Заңдар азаматтар арасындағы өзара ымыраластықтың  нәтижесі бола тұра құқықтың  өзіндігін қамтамасыз етіп басшылардың және жеке азаматтардың тарапынан озбырлыққа жол бергізбеді. Сондықтан XII  (таблица) кесте  заңын қабылдау қоғам үшін маңызды деген ережелерді бір жүйеге келтіріп заң дәрежесіне жеткізу болып табылды.  

Магистрат эдиктілері. «Эдикт» термині «dico» сөйлеймін деген сөзден шыққан. Сондықтан бастапқыда бұл сөз, магистраттың белгілі бір мәселелерге  ауызша жарияламасын білдірді. Кейін  эдикт республикалық магистраттар лауазымға тағайындалған кезде, дәстүрге сай бағдарламалық жолдау жасауының мағынасына ие болды, тек  жазбаша нысанда көрінді.            

Заңгерлердің  қызметі. Рим жеке құқығының нормасына терең ықпалын тигізген басқа нысанның бірі ол заңгерлердің қызметі. Цицеронның еңбегінде заңгерлердің қызметі оның сипатына қарайrespondere, agere, cavere, сондай-ақ scribere деген терминмен белгіленді. Respondere термині, күдік тудырған мәселелер бойынша азаматтардың сауалдарына түсініктеме және жауап беру кеңестік қызметі. Agere – дегеніміз талап беру және сот істерін жүргізу тәртібі бойынша кеңес. Cavere – дегеніміз мәміле жасасқан кезде заңдық кеңес беру, формула және түрлі жеке-құқықтық актілер (өсиет, беру актісі және т.б.) жасап беру тұлғаның мүддесін қорғау үшін жасалатын қызмет.   

     Әйгілі  рим заңгерлері. Римде република кезеңіндегілердің арасынан Секста Элия Пэта Катаны айтсақ  II ғ. б,э.д., уақытта өмір сүрген; Марка Порция Катонаны, айтсақ «de iure civile» түсініктемесін жазған, онда тек кеңестегі жауаптар ғана емес (responsa), жалпы сипаттағы ой пікірлер жазылды. Рим құқығының тарихшысы Пампонияның айтуынша  Манилий, Юний Брут және Публий Муций, сияқты заңгерлер  цивильді құқықты жасаған. Өте кең танымалы болғандарды айтсақ олар:  Квинт Муций  Сцевола,  Аквилий Галл  және  Цицерон.  

Тақырып 4.  Заңгерлердің сабиниандық және прокулиандықмектебі. Рим юриспруденциясының құлдырауы Юстиниан  Кодификациясы.  Юстиниан кодексі. Дигестілер жүйесі және мазмұны. Институциялар. Новеллалар.            

   Республиканың соңғы кезеңіне Лабеон және Капитон  сияқты  екі әйгілі заңгерлердің қызметі жатады, олар еңбектерімен республикалық  юриспруденцияны  классикалық кезеңмен байланыстырды. Капитон дәстүрлі көз қарасқа ұстанды және де понтификалдықпен  жария  құқық  шығармасын  жазды. Лабеон жеке құқық  проблемасын зерттеуге  өзінің шығармашылық жолымен келді, артынан жеке  сұрақтар  бойынша көптеген әдебиет қалдырды. Олардан рим юриспруденциясының екі мектебі немесе бағыты басталады: прокулиандық  Прокулдың атымен байланысты, Лабеонның шәкірті және сабиниандықтар Сабанның атымен байланысты Капитонның шәкірті.

Рим юриспруденциясының құлдырауы. IV ғ. б.э. уақытта рим заңгерлерінің қызметтері төмендеп, шығарамашылық белсенділігі түсіп құлдырай бастады. Пікірлері заңды күшке ие болғанзаңгерлердің саны шектеулі бес адаммен аяқталды олар: Гай, Папиниан, Павел, Ульпиан және Модестин еді.

      Рим құқығының кодификациясы. Нормативті материалдың көптілігі және әр-алуан сипатта болуы объективті жүзінде оның біріктіруін және жүйелендіруін талап етті. Алғашқы кодификациялау императорлар конституцияларын жинаған, жеке тұлғалардың әрекеттерімен  жасалды.

      Юстиниан  кодификациясы. Юстиниан императоры жасаған кодификациялық жұмыс маңызды болды. Дәл осы уақытта варварлардың қолында болған, шығыс және батысты біріктіру жоспары туады. Сонымен қоса мемелекеттің мүддесі құқықтың бірлігін, оның мазмұнын айқын болуын талап етті.

Юстиниан  кодексі.

      Осыған  сәйкес Юстиниан, құқықтық жүйені уақыттың талабына сай келтіруге, ескірген материалдан  тазартуға міндет қойып 13 ақпан 528 жылы 10 адамнан тұратын ерекше комиссияға жүктеді. Комиссияға, жаңа жинақ шығару міндеті тапсырылды. Бір жылдан соң, яғни 529 жылы сәуір айында кодекс дайын  болды, осы сәттен, бұрынғы конституциялар күші жойылды деп есептелді. Бұл  жинақ императордың есімімен – Codex Iustinianus деген атау алды.

      Дигестілер, олардың жүйесі және мазмұны. Заңгерлердің шығармасын жүйелендіру, Трибониан басқарған комиссияға тапсырылды. Комиссия 3 миллион мәтіннен тұратын, 39 - автордың 2 мың кітабын өндеп 150 мың мәтінін қалдырды. Барлық жұмыс тез атқарылып – 3 жылдың ішінде аяқталды. Жинақ «Digesta sen Pandectae» 16 желтоқсан 533 жылы жарық көрді. Сол жылы, желтоқсанның 30 күні Дигестілер  заңды күшіне енді.

      Институциілер. Дигестіні құрау жұмысы аяқталғаннан соң Юстиниан жаңа комиссия тағайындайды. Комиссияның алдына, алдынғы  Институций тәріздес құқық оқулығын жасау міндеті қойылды. 533 жылы 21 қараша айында Юстиниан  Институциясы жарияланды. Олар заң күшіне ие болды.

      Новеллалар. Осы жолмен Юстиниан, барлық рим құқығын кодификациялау ойын жүзеге асырды. Құқықтың саласын қамтыған және оң өзгеріс берген,  көптеген конституциялар кодификацияланды. Бұл конституциялар  Новелла (Novellae constitutiones) деген атаумен танымалы.  

Тақырып 5. Субъективтік құқыққа  ие болу тәртібі. Құқық  субъектілері.  Құқыққабілеттілік ұғымы. Құқыққабілеттілікті  жоғалту және шектеу.              

Информация о работе Рим құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары