Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 08:16, реферат
. Рим құқығының рөлі және мағынасы.
Рим құқығы дүниеге келген кезінде Рим Италиядағы көбімен бірдей кіші қауым болған еді. Рим қауымы (civitas Roma) ұлғайған сайын өз ықпалын Италиядағы барлық аумаққа, содан кейін Жерортатеңізіне таратып, билік астына сол уақыттағы барлық мәдени орталықты жинап алды.
Сонымен қоса Рим іштей өзгерді. Көне патриархалдық құрылыс жойылып, ескі табиғи өнімге негізделген шаруашылық күрделі экономикалық қарым - қатынаспен алмасады. Жаңа өмір, күшті жұмылдыруды, әр бір жеке тұлғаның қабілетін күшеитуін талап етті. Осының барлығына сай рим құқығы өз сипатын жеке тұлғаның бастамасына қарай ауыстырды: тұлғаның бостандығына, шарт және өсиет бостандығы рим құқығы жүиесінің бір қалауы болып табылды.
Осыған байланысты, пайда болатын дауларды шешу үшін құқық субъектілерінің аумақтық немесе ұлттық белгісінен тәуелді болмай қолданып реттейтін құқықтық норма жасау қажеттілігі туындады. Рим құқығы объективті қажетіліктің ықпалынан, өзіне дейін мың жылдар бойы қалыптасқан халықаралық қатынастың және халықаралық айналымдағы әдет - ғұрыптардың қасиеттерін бойына сіңдіріп оған қол жетімділік және тұрақтылық сипатын береді.
Құқықтық жүиенің қағидаларын әзірлеген кезде рим юриспруденциясы азаматтық айналымдағы субъектілерді өзара құрметтеу қағидасына, тұлғаның өз мүлкіне тікелей бақылау жасауын болдырмау, тауар және қызмет көрсетудің алмасуы тең болу, қоғамда орнатылған тәртіптке сай еркінбілдіру бостандығы қағидаларынан бағыт алып отырды.
Ғасырлар бойы заң ойы қалыптасып тұғыр болған рим құқығы бүгінгі күні де құқықтық жүйе және азаматтық құқықтың теориясы ретінде оқылып зерттеліп жатыр ондағы ұғым мен құқықтық институттар еш бір ұлттық көріністен тәуелсіз еркін көріністе орын тапты.
Рим құқығын оқып зерттеу құқық саласында кең теоретикалық дайындық бергеннен басқа ұғымдық аппаратты еркін қолдануға көмек. Рим құқығының көп түсініктері қазіргі заманғы юриспруденцияда белсенді қолданылуда.
Тақырып 2. Рим құқығының жеке және жария түріне бөлінуі. Цивилдік, преторлық және халықтық құқық. Рим жеке құқығының түсінігі.
Жария және жеке құқықты классикалық түрде шекаралау рим заңгері Ульпианның еңбегі, ол: «Жария құқық рим мемелекетінің жағдайына жататын; ал жеке құқық жеке тұлғалардың пайдасына қатысты» деген еді, бұл кейінгі ғасырларға дейін сақталып келді.
Осы ұғым тұрғысынан қарағанда жария құқық деп тікелей мемлекеттің мүддесін қорғайтын және мемелекеттің оның органдарының құқықтық жағдайын анықтайтын нормаларды айтамыз.
Жеке құқық – жеке тұлғаның басқа тұлғалармен қарым – қатынастағы мүддесін қорғайтын құқықтың нормасы. Бұл саладағы құқықта мүдделі адамдардың өздеріне қалыптасқан жағдайды белгілеуге мүмкіндік беретін нормалар басымдыққа ие. Бұл нормаларды уәкілетберуші деп таныған.
Азаматтық (цивильді) құқық. Латын тілінде “азаматтық” деген сөзге «civilis» түсінігі сай келеді. Бірақ ius civilе рим құқығының термині өзінің мазмұны бойынша бүгінгі күнгі азаматтық құқыққа сай келмейді. ius civile терминімен тек рим азаматтарына - квириттерге қолданылған ежелгі ұлттық рим құқығын айтады, сондықтанда оны квириттік құқық дейді. ius civile
сөзінің басқа мағынасы халық жиналысынан кейінрек сенаттан шығатын норма деп танылды.
Рим жеке құқығының түсінігі. Ежелгі Рим мемлекетінде қалыптасқан және жеке тұлғалардың арасындағы қатынасты реттейтін құқықтық жүйе, жеке құқық деп танылады. Рим жеке құқығының негізгі институты жеке меншік құқығы және басқа шектеулі құқықпен заттар сондай ақ шарт міндеттеме, отбасылық пен мұрагерлік құқықтыққатынас болып табылады.
1 Рим құқығының рөлі және мағынасы.
2 Рим құқығының жеке және жария түріне бөлінуі. Цивилдік, преторлық және халықтық құқық. Рим жеке құқығының түсінігі.
3 Рим құқығының қайнар көзі. Рим құқығы қайнар көзінің түсінігі. Әдет-ғұрып құқығы және заң. Магистрлар эдиктісі. Эдиктілер кодификациясы. Көрнекті рим заңгерлері.
4 Заңгерлердің сабиниандық және прокулиандықмектебі. Рим юриспруденциясының құлдырауы Юстиниан Кодификациясы. Юстиниан кодексі. Дигестілер жүйесі және мазмұны. Институциялар. Новеллалар.
5 Субъективтік құқыққа ие болу тәртібі. Құқықсубъектілері. Құқыққабілеттілік ұғымы. Құқыққабілеттілікті жоғалту және шектеу.
6 Рим мемелекетіндегі бостандық, азаматтық және отбасылық жағдайы. Рим құқығындағы әрекетқабілеттілік ұғымы. Заңды тұлғалар.
7 Отбасы құқығы. Римдік жанұя. Агнаттық және когнаттық туыстық. Неке нысандары.
8 Жеке құқықтарды қорғау әдістер. Талаптар: ұғымы және түрлері. Талап мерзімдер.