Отбасылық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқытық көмек

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 22:46, реферат

Краткое описание

Қазакстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке катынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың баска да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы катынастарын зертгейтін құкық саласы болып табалады.

Файлы: 1 файл

6 Отбасылық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқытық көмек.doc

— 124.50 Кб (Скачать)

    Ерлі-зайыптылардын  меншік құқығынын регламентациясы немесе басқаша айтканда олардың мүліктік режимі жана занда елеулі кездейсоқтықка ұшырады. Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим карастырылған еді. Жаңа занда ерлі-зайыптылардың заңды мүліктік режимі де, ерлі-зайыптылар мүлкінің неке шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.

    Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты  жиі колданып жүрсе де, көп жағдайда ерлі-зайыптылар мүлкінің занды режимі олардың бірлескен меншік режимі колданылады.

    Бұған дейін де аталғандай, «Неке және отбасы туралы» Заңнын 2-бабы, халықаралық жеке кұқықтағы отбасы және неке катынастарын реттейтін заңнамалар ерлі-зайыптылар отбасындағы құқығының тен болу қағидалары айкындайды. Осы ортақ кағиданың пайда болуына ерлі-зайыптылардың некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында жинаған мүлікке тең құқығы ықпал етеді. «Неке және отбасы туралы» Заңның 32-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылар мұндай меншікке тең құқықпен билік етеді және пайдаланады, екінші бір затты - тұтынады, үшінші бір затты олардың екеуі де пайдаланады. Бірак сырт көзге олардың ортақ мүлкіне жататын заттардың барлығы да ерлі-зайыптылардың екеуіне де бірдей болып саналады.

    Занда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінін жалпы тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардын табыстары (жалакысы, зейнетақысы, материалдық көмек, кәсіпкерлік кызметтен тапкан табыстары, т.б.), осы табыстардын негізінде жиналған мүліктер (ортак мүлік, сондай-ак ерлі-зайыптылардын әрқайсысының мүлкі) т.б. жатады.

    Жалпы тәртіп бойынша және халықаралық жеке құкықтағы отбасы және неке катынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылардын құқықтық жағынан тен болуы олардың кайсысы қандай затты иемденуіне, ол заттың кандай максатка арналғанына және кімнің атына жазылғанына байланысты емес. Ерлі-зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың отбасы табысының жалпы сомасына каншалықты үлес косканы да эсер ете алмайды. Заң (32-бап, 3-тармак) ерлі-зайыптылардын ортак мүлікке құқығы некеде тұрған кезенде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған немесе басқа да тиесілі дәлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі екендігін арнайы ескертеді.

    Бірге тұрған кезде жинаған ортақ мүліктен баска, ерлі-зайыптылардың әркайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған өздері дара билік етеді. Мұндай неке дара мүліктерге ері мен әйелдің некеге тұрғанға дейінгі немесе ерлі-зайыптылардың некеге отырғаннан соңғы жеке міндеттемелері бойынша алған заттары, ері мен әйелінін сый ретінде алған немесе мұрагерлік жолымен иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары (сырт киім, аяк киім т.б.) ерлі-зайыптылардың некеге түру кезінде ортак каржысына сатып алынған болса да кымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын коспағанда, басқасының бәрі жатады. Мысалы, әйелінің кұндыз пальтосы, ерінің алтын сағаты т.б. ерлі-зайыптылардың ортак мүлкі болып саналады.

    Некенің іс жүзінде токтатылуына байланысты белек тұрған кезде ерлі-зайыптылар езара келісім бойынша мүлікті иелік ете алады. Ерлі-зайыптылардың әркайсысы жалпы мүлікке байланысты өз бетінше келісім жасай алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуі бойынша баска жұбайдын келісімін алуы кажет. Ортақ мүлікке байланысты нотариалды рәсімдеуді талап ететін мәміле жасау үшін (мәселен, тұрғын үйді сату кезінде) екінші жұбайдың жазбаша келісімі кажет.

    Ерлі-зайыптылардын әркайсысы некені токтаткан сәтте де, сондай-ак некеде тұрған кезінде де жалпы ортак мүлікті бөлісуді талап етуге құкылы. Ерлі-зайыптылардың ортак мүлкін боліске 

    салғанда, олардын үлестері тең болуы тиіс. Жоғарыда көрсетілгендей, отбасынын  жалпы табысына ерлі-зайыптылардын әркайсысының қосқан үлесінің көлемі жалпы ереже бойынша ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген жағдайларда сотка кәмелеттік жасқа толмаған балалардың мүдделерін немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың үлестерінің тендігі негізін ескермеу құқығы берілген («Неке және отбасы туралы» Заңның 37-бабы).

    Ерлі-зайыптылардың  талап етуінен басқа ортак  мүлікті бөлу несие беруші ерлі-зайыптылардың  біреуінің үлесінен өндіріп алу  үшін ерлі-зайыптылардың ортак мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін.

    Ортак мүлікті болген кезде ерлі-зайыптылардың  әрқайсысына қандай заттың берілетінін  сот айкындауы керек. Егер ерлі-зайыптылардын  біріне беретін зат құны жағынан оның үлесінен артып кетіп жатса, онда екіншісіне бұл үшін тиісті өтемақы төлейді.

    Ерлі-зайыптылардың  заң бойынша жеке құқықтары мен мүліктік құқықтары болады. Осы жерде осы құқықтарының туындау негізі болып, олардың үйі болып некеге тіркелген күні саналады. Ол неке міндетті түрде жергілікті Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында жүргізіледі.

    Ерлі-зайыптыларды тіркеу күнінен соң отбасындағы  теңдігіне негізделген неке катынастары  басталады. Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке катынастарын реттейтін заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттер аткарады. Ал казақтың әдет-ғұрып, салт дәстүрінде де, мұсылмандық шариғат заңында да ер адамдарға басымдылық берген. Адамдар кауымдасып жасайтын қоғамдар күшті әрі берік болуы үшін әйел мен еркектін өзара қарым-қатынасын неке аркылы шариғи тәртіпке келтірді, кажеттіліктерінің камтамасыз етілуіне осы үлгіде рұксат береді.

    Қазақстаннын  заңнамасы бойынша да және халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке катынастарын реттейтін заңнамалар бойынша да бірлескен өмір кезінде жиналған мүлік ортак меншік болып табылады. Әдетте, отбасындағы мүлік ерлі-зайыптылардың екеуінің еңбегінің нәтижесінде жиналады. Кейде зайыбы жұмыс істемеуі, үй шаруасында және бала тәрбиесімен айналысуы мүмкін. Әрине, егер отбасывда мүліктің кімдікі екендігі туралы дау туған жағдайда, олар мүліктің тағдырын шешу жоніндегі өтінішпен сотка жүгіне алады. Сот мүліктің пайда болуына катысты барлық мән-жайды ескере отырып, мәселені әділетті шешуі тиіс. Сот ерлі-зайыптылардын тәртіп жағдайын (екеуі де омір салтын ұстана ма немесе бір жағымсыз кылықтарға бой ұрған ба, ішімдікке салынған емес пе т.б.), бір-біріне деген, балаларына деген қатынасын ескереді. Ортақ мүліктегі кейбір заттар (пәтер, машина т.б.) ерлі-зайыптылардың бірінің атына жазылады. Тіпті осындай жағдайдың өзінде ол ортақ мүлік болып табылады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінің келісімінсіз ол заттарды сатуға, алмастыруға, сыйлауға және мүраға қалдыруға құқығы жок. Ерлі-зайыптылар ортак мүлік тағдырын озара келісіп шешуі тиіс.

    Өз  мүлкіне келтірілген зиян үшін ерлі-зайыптылардың  әркайсысы озі жеке жауап береді. Егер ерлі-зайыптылардың біреуі қылмыс жасаудың нәтижесінде басқаның мүлкін бүлдірсе, ол озінің жеке мүлкімен жауап  береді, ал егер ол жетпесе, онда ортак мүліктегі аз үлесінен толейді. Егер жалпы ортак мүлік жасалған кылмыстың нәтижесінде пайда болса немесе көбейсе, онда екіншісіне келтірілген зиянның орны жалпы мүлік есебінен толтырылады. Әрине бұл мәселелердің бәрі осы іске катысты барлық деректер жан-жақты тексерілуі негізінде сот аркылы шешіледі.

    Айтылғандардан  коргендей, ерлі-зайыптылар арасындағы катынас жалпыға мәлім моральдық  нормаларға ғана емес, заң нормаларына  да орай құрылады. Дау туған жағдайда, мүліктің тағдырын сот шешеді, сот алдында олардың құкықтары мен міндеттері, сондай-ақ жауаптылығы да бірдей болады.

    Жалпы, бұл мәселе бойынша арнайы ережелер құкықтық комек туралы арнайы келісімдерде болуы мүмкін. Мысалы, Венгрия, Болгария және Польшамен жасалған келісімдерге сәйкес егер ерлі-зайыптылар бір мемлекетазаматы бола тұрып, баска мемлекеттің аумағында тұрып жататын болса, онда ол катынастарда олардың тұрып жаткан мемлекетінің заңы колданылады. Мұндай шарттар, сонымен катар, мұндай азаматтардың бөлек мемлекеттерде тұратын кездегі қатынастарын да реттейді. Егер, Казакстан Республикасы азаматы - Ресейде тұрып, ал оның зайыбы - Польшада тұратын болса, онда олардын арасындағы некелік катынастар олардың азаматтығына сәйкес шешіледі.

    Бірак, сонымен катар некедегілер бірдей азаматтықта да болмауы мүмкін. Мысалы, Казакстан Республикасындағы тұрып жаткан азамат Казакстан Республикасы азаматы болып, оның зайыбы Ресейдің азаматы бола отырып, Ресей Федерациясында тұрып жататын болса, онда бұл жағдайды өзара келісім реттеп отыр. Оған сәйкес, олардың катынастары олар сонғы тұрған жердің заңымен анықталуға жатады./6/

    Қортындылай келе, барлық мемлекеттер заңнамалары  неке, отбасы қатынасрын реттеу бағытталған  нормалармен қамтылған және олар прогресивті түрде, яғни ынталандыру  мақсатында да орын алады. Сонымен қатар халықаралық құқық жағынан қарастырсақ бұндай қатынастарға тыйым салынбаған. Көп мемлекеттердің ішкі заңнамалары бойынша бұл қатынастар реттеледі, және бөлек жағдайларды бір мемлекет азаматы мен екінші мемелекет азаматтарына неке қиюға, отбасын құруға арналған нормалар мен келісім шарттар жасалады. Олар халықаралық құқық маңызың арттырады. 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер тізімі:

    1. http://www.familylaws.ru/legislation/ Становление и развитие брачно—семейного законодательства

    2.Международное семейное право /Академия юриспруденции - Высшая школа права 
"Эдiлет" Научно-исследовательский институт частного права  
Казахского гуманитарно-юридического университета ; Сост. М. 
К. Сулейменов. -2004. -314 с.

    3. Международное частное право.  Гетьман-Павлова И.В.М.: Эксмо, 2005. - 752 с.

    4. http://mchpravo.ru/predmet-mezhdunarodnogo-chastnogo-prava.html

    5. http://www.justalmaty.kz/page.php?page_id=54&lang=2&news_id=273 «Ерлі-зайыптылар арасындағы отбасы қатынастары» Алматы қаласы Әділет департаментінің Баспасөз-Қызметі

    6. http://justicemaker.ru/view-article.php?id=18&art=617 Проблемы ответственности в современном российском семейном праве. Т.В. Шершень

Информация о работе Отбасылық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқытық көмек