Отбасылық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқытық көмек

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 22:46, реферат

Краткое описание

Қазакстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке катынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың баска да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы катынастарын зертгейтін құкық саласы болып табалады.

Файлы: 1 файл

6 Отбасылық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқытық көмек.doc

— 124.50 Кб (Скачать)

    Бұндай  жағдайда түсіндірудің рәсімі үлкен  маңызға ие болып есептеледі, ейткені біздің азамат шетелдікпен некеге отырған кезівде бұл некенің басқа мемлекетге, оның ішінде некелескен адамының мемлекетінде танылмай, оның белгілі бір шекте мүліктік құқықтары шектелетіндігін білуі шартболып табылады.

    80-жылдары  Болгариямен, Вьетнаммен, Венгриямен, Финляндиямен бекітілген құқықтық көмек керсету туралы шарттарда некені бекіту нысаны неке бекітілген мемлекеттің заңымен анықталатындығы айтылады.

    Материалдық шарттар жағдайын да құкықтық көмек керсету шарттары камтып кеткен. Мысалы, Вьетнаммен КСРО-ның арасында жасалған құкықтық көмек көрсету шарттарында ерлі-зайыптылардың мүліктік жағдайы сол азаматы болып табылатын мемлекеттің заңнамасымен шешіледі деп керсетілген./3/

    Қазақстан Республикасының Азаматтықтуралы Заңында Казақстан Республикасы азаматынын шетел азаматымен некеге тұруы немесе онымен некені токтатуы азаматтықтың өзгеруіне алып келмейді деп көрсеткен.

    Бір некелесушінің өз азаматтығын өзгертуі екінші азаматтың азаматтығының  өзгеруіне алып келмейді.

    Консулдық некелер. Біздің заңнама Казақстан Республикасынын аумағында консулдық некелерді, яғни шетелдік дипломатиялық екідціктер мен елшіліктерде жасалатын некені таниды.

    Шетел азаматтарының арасында Казакстан  Республикасының аумағында елшіліктер мен екілдіктерде жасалатын некелер екі жакты танудың негізінде ғана жарамды болып танылады. Ол үшін елшілік жіберіп жатқан елдің Кдзақстан Республикасымен тиісті келісімі болуы кажет. Бұған коса мұндай некелердін жарамдылығына тағы біркатар талаптар койылады: а) екі жақты келісімнің болуы, яғни шетел мемлекетінде осындай консулдықтардағы некенің танылуы; ә) некеге тұрушы екі тұлға да сол елшілік пен консулдықты жіберген мемлекеттердің азаматы болуы.

    Басқа мемлекеттермен жасалған консулдық  ковенциялар өз мемлекетінің азаматының некесін консулға тіркеуге рұксат етеді. Мұндай консулдық конвенциялардың көпшілігінде консул сол келуші мемлекеттін заңына сәйкес некені тіркеуі тиіс деп корсетілген. Тек кейбір консулдық конвенцияларда ғана консул некені өзінін келген мемлекетінің заңнамасына карсы болмаса, өз мемлекетінің заңы бойынша тіркеуіне болады деп керсетілген. Куба мен Финляндия арасындағы консулдық конвенцияларға сәйкес, консул некені тек өзі келген мемлекеттің заңнамасына кайшы болмаған жағдайда ғана оз мемлекетінін заны бойынша тіркеуі тиіс болып табылады.

    Консулдық конвенцияларда осындай некенін тіркелгендігі туралы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына хабарлау кажеттігі туралы жазба жасалуы мүмкін.

    Қазақстан Республикасы азаматтарынын. шетелдіктермен басқа мемлекетте некеге отыруы. Қазакстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен біздің аумақта да, сонымен катар, басқа мемлекет аумағында да некелесуі мүмкін. Мұндай некелер сол некеге отырушы мемлекеттің зандарынын талаптарымен койылған неке нысанына сәйкес болуы шарт. Тиісті мемлекеттің муниципалитетінде, мэриясында немесе баска да органдарында және діни ғұрыптарды сактай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, кейіннен, біздін мемлекетте танылуы мүмкін бе дегенсұрақтуады. Біздің заңнама бұлорайда накты жауапты беріп отыр.

    Казақстан Республикасынын «Неке және отбасы туралы» Заңынын ережесіне сәйкес, егер неке Казакстан Республикасынын аумағынан тыс, сол тиісті мемлекеттің заннамасы бекіткен нысанда тіркелетін болса және ол Казақстан Республикасынын некені тіркеуге байланысты заң талаптарына қайшы болмайтын болса, ол неке занды деп танылуы ықтимал болып табылады.

    Баскаша айтканда, мұндай неке занды болып танылуы үшін біздің мемлекеттің некелесу бойынша заңынын материалдық нормалары бұзылмауы тиіс болып табылады. Бұл айтылғаннын мазмұнын ашатын болсак, біздің мемлекеттің азаматтығында тұрған азаматтың некесі жарамды болуы үшін ол біздің заннаманың коятын материалдық шарттарын сактауы керек. Шетелдікке катысты айтар болсак, казақстандық азаматпен некеге тұру үшін оған біздің заңнаманың талаптарын сақта деп айта алмаймыз, ойткені, ол неке біздін мемлекеттің аумағында емес, баска мемлекеттің аумағында жасалуы тиіс. Осыған сәйкес некенін жасалған орнының заны колданылуға жатады. Некенің нысанына байланысты айтар болсак, оның жарамды деп танылуының негіздері басқа да болып калуы мүмкін. Өткеннен мысал келтірер болсақ, 1937 жылы Л. деген азамат Тегеранда ирандық калындық Амалиямен некелеседі. Неке Тегерандағы орыстың Православиелік шіркеуінде жасалады, өйткені ирандық заңнама бойынша діни нысанға жол берілген. 1958 жылы Тбилисиде тұрып жаткан Л. Раиса дегенмен некелеседі. 1960 жылы Л., қайтыс болып кеткеннен кейін Амалия мұраға бірден мұрагер бола отырып, Л-дің екінші некесін заңсыз деп тануды сұрап Грузиялық сотка талап арызын береді. Сот талап қоюшының пайдасына істі шешеді.

    Егер  Қазақстан Республикасының азаматы  мен шетел азаматының некесін  тиісті мемлекеттің жергілікті органдарында тіркеу кезінде біздің азаматтың  шетел азаматымен некелесуге құкығын танитын кағазды талап етсе, онда мұндай анықтама қағазын Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттердегі елшілігі бере алады.

    Сонымен катар, жоғарыда атап кеткеніміздей, консудцық  конвенцияларда консулдың мемлекетінің азаматы некеге тұрғандығын тіркеп тұру міндеті көрсетіледі. Мысалы, кейбір мемлекеттердің консулдық жарғылары мұндай міндетті тікелей көрсетуі мүмкін. Мысалы, бұрынғы Кенес мемлекетінің заңнамасында бұл тікелей көзделген болатын.

    Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында шет мемлекетте некені бекіту. Қазақстан Республикасының шегінентыс тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының арасындағы некетиісті мемлекеттегі Казакстан Республикасыныңелшіліктерінде жүзеге асырылады. Некені тіркеу азаматтық хал жағдайының бірден-бір актісі болып есептеледі. Кдзақстан Республикасының консулдықтарында шет ел аумағында некені бекіту кезінде толығымен біздің мемлекеттің зандары басшылықка алынуы тиіс, өйткені екі азамат та біздің республика азаматы болып табылады.

    Консулдық мұндай некелерді бекіту құқығы біздің заңнама бойынша анықталады. Ол дегеніміз: а) біздің елшілікте немесе өкілдіктерде тіркелген неке азаматтық хал актілерін жазу органдарында некені тіркеумен бірдей күште танылады; ә) некені консул тіркеген кезде ол біздің заңнаманың бекітетін материалдық талаптарын сактауға міндетті./4/

    Мұндай  некені келуші мемлекетте (страна пребывания) тану ол мемлекеттің материалдық нормаларының сакталуына тікелей байланысты.

    Шетелде жасалган шетелдіктердің некесін Қазақстан  Республикасында тану. Осы уакытка дейін біздің азаматтардың шетелде жасаған некелері туралы, яғни аралас некелер туралы сөз қозғаған болатынбыз. Біздің мемлекеттің аумағынан тыс, шетелдіктердің жасалған некелері туралы айтар болсак, олар біздің мемлекетте танылады. Сонымен, шетедцерде жасалған неке, егер ол сол мемлекеттің талаптарын сактайтын болса, олар занды болып табылады. Сәйкесінше, егер шетелдіктердін арасындагы неке солардың жеке зандарының талаптарын жэне некеге отыру жерінің талаптарын сактай отырып жасайтын болса, ол біздің республикада да сезсіз танылады. Бұл аталғанымыз біздің мемлекетіміздің жария тәртіп туралы ескертпесімен каншалықты дәрежеде шектелуі мүмкін?

    Бұл сұраққа да біздін «Неке және отбасы туралы» Заң жауап береді. Оған сәйкес, егер жасалған неке біздің Қазакстан Республикасының негізгі кұрылысына кайшы болатын болса, онда шетелде шетелдіктердің арасында неке танылмауы мүмкін. Осы ережеге сәйкес, жекелеген жағдайларда сауал туып отырады: шет елдердің заң талаптарын сактай отырып жасалған полигамдық неке біздің мемлекетте танылуы мүмкін бе? Біздіңше, мұндай неке біздің мемлекетте танылмайды деп айтуға болмайды, бірақ мұндай некенін болуы, кез келген басқа некенің болуы сияқты Қазақстан Республикасында некені жасауға кедергі болып табылады.

    Некені  жарамсыз деп тану. Қазақстан Республикасында шетелдік пен біздің азамат арасында жасалған неке біздің заңнама ережелеріне сәйкес жарамсыз болып табылуы мүмкін, өйткені бұл тұста некенің жасалу орны үлкен манызға ие болып табылады. Кейбір жағдайларда фиктивті некелер де кездесіп қалады. Ол біздің заңнаманың талаптарын айналып өту максатында жасалады. Мысалы, Қазақстан Республикасы на кірушығу ережелерін айналып өту мақсатында.

    Ерлі  зайыптылар арасындағы құқықтық қатынас жайын бойынша талқылау. ҚР-ның «Неке және отбасы туралы» Заңының 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін тандау құқығы, кызметтүрін, мамандығын, тұрғылықты жерді тандау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірігіп шешу құқығы.

    Халықаралық жеке құкықтағы отбасы және неке катынастарын реттейтін заннамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардыңешкайсысыда жеке құкықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылық пайдалануға тиіс емес.

    Қазакстан Республикасынын аумағында тұратын  ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік және жеке катынастарына біздің мемлекетіміздің  заңнамасы қолданылуға жатады. Конституцияда  бекітілген ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы тендік ерлі-зайыптылардың арасындағы көптеген катынастарды реттейді: әйел адам некеге отырғаннан кейін өзінің некеге дейінгі фамилиясын сақтап калуға құқылы, ол өз азаматтығын сақтап қалады, кәсіп пен кызмет аясын тандауда еркін болып табылады, өзінің мүліктік катынастарын толықтай сақтап қалады және некеге тұрғаннан кейін табылған мүлікке ортақ меншікте үлесін сактайды және т. б. Біздін заңның талабы бойынша ортак шаруашылықты жүргізу ерлі-зайыптылардын өзара келісімі негізінде жүзеге асырылады. Кдзакстан Республикасындағы шетелдік күйеу отбасылық шаруашылықты жүргізуге байланысты басшы орынды иелене алмайды. Біздің кұқықка сәйкес, ерлі-зайыптылар тұрғылықты жерді тандауда да ерікті болып табылады. Сонымен катар, ерлі-зайыптылар бірге де, бөлек те тұруға құқылы. Бір тұлғаның өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру екінші тұлғаға соның артынан ілесуді талап етпейді. Ерлі-зайыптылар бір-біріне материалдық көмек көрсетіп тұруға міндетті. Егер ерлі-зайыптылардың бірі еңбекке жарамсыз болып калатын болса, онда біздің заңнама бойынша оның екіншісі оған материалдық көмек көрсетуге міндетті болып табылады. Колданып жүрген занда және халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке катынастарын реттейтін заннамалар бойынша текті тандаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайыптылардын кайқайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін калдыра алады. Сонымен бірге, ерлі-зайыптылар ез қалаулары бойынша ортак бір тек тандауға құкылы. Ондай тек ерінікі болмаса әйелінікі де болуы мүмкін.

    Тәжірибеде  ерлі-зайыптылар ортакбір текті (әдетте ерініңтегін) тандайды.

    Кейбір  елдердін, оның ішінде ТМД кұрамына кіретін елдердін заңы ерлі-зайыптылардын екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни езінің тегіне жұбайының тегін косуына жағдай жасайды. Қазак КСР-ның Неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жок еді. Ал, енді «Неке және отбасы туралы» Заңнын 30-бабы жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі косарлас болған болмаса, баска жағдайда екі текті де алып жүруге рұксат етеді.

    Қызмет пен мамандықты еркін тандау құқығы ерлі-зайыптылардың оку орындарына түсу, мамандық тандау, сол тандап алған мамандық бойынша жұмыс орнын табу жөніндегі мәселелерді жеке өздерінін шешулеріне болатындығын көрсетеді. Әдетте, кызмет пен мамандық тандау ерлі-зайыптылардың екі жакты келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып, жүзеге асыратын іс.

    Тұрғылықты жерді тандау еркі дегеніміз мынаны білдіреді: ерлі-зайыптылардың жеке тұруларына болады немесе әр түрлі тұрғын үйлерді иемденуге құқылы. Бірақ, еркек пен әйел басын біріктіру үшін некеге тұрғандықтан, отбасын кұруға және оны нығайтуға мұндай құқықтардың пайдасы болмайды. Занда көрсетілген тұрғылықты жерді тандау еркіне ие болу құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешкайсысы да бір-бірін белгілі бір жерде тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал тандау екі жақтын өзара келісімімен жүзеге асырылуы керек.

    Зан ерлі-зайыптылардың бірге тұруына  жағдайлар жасайды және бірінің  баска бір тұракты мекенге көшуі жағдайында екіншісінің де сонда баруына мүмкіндік туғызады (коныс аударушынын жұбайына және отбасының баска мүшелеріне көтерме акы жәрдемін төлеу, жас мамандарды бөлу кезінде отбасынын мүддесі ескеріледі т.б.).

    Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу құқығы отбасынын бюджетін бөлісуі, балалар тәрбиесі, үй шаруашылығын жүргізуі, туған-туыскандарымен бірге немесе бөлек тұру шешілетінін білдіреді. Ерлі-зайыптылардын ешкайсысы да өзінін еркін екіншісіне таңуға құқылы емес. Егер ерлі-зайыптылар кейбір меселеде келісімге келе алмаса, онда олар өз дауларын шешу үшін занда көрсетілген органдарға шағымдануға құкылы. Мәселен, ерлі-зайыптылар арасында балалар тәрбиесі мен тек тандауда келісім болмаса, бұл мәселені корғаншы және камқоршы органдары шеше алады./5/

    Ерлі-зайыптылардың  мүліктік катынастары оларға тиесілі  болған мүлікті меншіктеу және бір-бірлеріне өзара материалдық колдау көрсету міндеттерінен туындайды. Кұқықтық катынастардың бірінші түрі Заңнын, «Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтықтары мен міндеттері» деп аталатын 7-тарауындағы нормалармен, ал екіншісі - Заңның «Ерлі-зайыптылардын және бұрынғы ерлі-зайыптылардын алименттік міндеттемелері» деп аталатын 18-тарауындағы нормаларымен реттеледі.

Информация о работе Отбасылық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқытық көмек