Отбасылық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқытық көмек

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 22:46, реферат

Краткое описание

Қазакстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке катынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың баска да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы катынастарын зертгейтін құкық саласы болып табалады.

Файлы: 1 файл

6 Отбасылық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқытық көмек.doc

— 124.50 Кб (Скачать)

    Отбасылық істер бойынша  құқықтық қатынастар мен құқытық көмек.

    Қазакстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке катынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың баска да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы катынастарын зертгейтін құкық саласы болып табалады.

    Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке катынастарын реттейтін нормалар қатарына Балалар құкықтарын қорғау және халықаралық бала(қыз) асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, Адам құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құкықтарды қорғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және кылмыстық істер бойынша кұқық-тықкатынастар және кұқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 кантардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоксанда ратификацияланған Шет елден алимент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркұйектегі Конвенция, Балаларды қорғау және жет елдегі бала (қыз) асырап алу қатынастары жөніндегі кызметтестік туралы 1993 жылғы Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы пактінің факультативті протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылш балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халықаралық ұрлау және азаматтық туралы Конвенциялар жатады. Казакстан осыңдай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.

    Отбасы  — қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және корғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар кояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін занда көзделген шарттарды сақтау кажет. Отбасы құқығы бойынша неке - бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке катынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен, занда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одак./1/

    Отбасы  кұқығының материалдық-құкықтық нормалары түрлі мемлекеттерде үлкен алуандылықпен козге түседі, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы шетел қатысуымен болған кұқықтық қатынастарда коллизиялардын пайда болуына алып келеді. Экономикалық кұрылымның ерекшеліктерімен қатар отбасы катынастарын реттеуге, сонымен қатар, ұлттық, тұрмыстық, діни ерекшеліктер мен салт-дәстүр эсер етеді.

    Отбасы  және неке мәселесі коллизиялық сауалдардың ішіңдегі ең күрделісі десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте болуы, олардың некелеріндегі жастарының айырмашылығы, яғни әрекет кабілеттігі, сонымен катар, некенің қай уақытта тоқтатылатындығы туралы мәселелер де шешілуі қиын мәселелердің бірі болып табылады.

    Халықаралық жеке құқықта неке және отбасы катынастарына тоқталып, неке және отбасы қатынастарындағы коллизиялық сұрақтарға жауап беріп, некеге отыру, некені токтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз.

    Неке  — бұл ерлі-зайыптылар арасында жасалатын шарт, осы ерлі зайыптылардың  арасындағы катынас, олардың бір жағы шетелдің қатысуымен болады, осы ерекшеліктері зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.

    Сонымен қатар, отбасындағы бала кұқықтары, оларды асырап алу мен корғаншылық, камқоршылық институттарының халықаралық жеке құқықтың деңгейінде ерекшеліктері бар.

    Коллизиялық сұрактарды шешуден бұрын біздің заңнаманың осы неке және отбасы қатынастарына байланысты кандай ережелерді колданатыңдығына назар аудару қажет. Біріншіден, Казакстан Республикасының Конституциясына сәйкес ер адамдар мен әйелдердің тең құкықтарға ие екендігін алға тартқан жон. Отбасылық катынастар үшін ерлі-зайыптылардың отбасындағы сұрақтарды шешудегі тең құкықтық жағдайда болуы үлкен маңызға ие болып табылады және бұл отбасындағы бала тәрбиесіне де қатысты болып келеді. Біздің отбасы және неке құқығы саласындағы заңнама бала мен ананы жан-жакты қорғауға бағытталғандығын айту керек. Отбасылық қатынастарда тегіне, әлеуметтік, мұліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге козқарасына байланысты кез келген озге жағдаяттар бойынша кемсітушілікке жол берілмейді.

    Бірқатар  мемлекеттердің отбасы құқығына ер адамның  басшылыгы тән болып табылады; көптеген мемлекеттерде осы кұнге дейін отбасындағы әйел мен ер адамның теңсіз құқықтық жағдайлары орын алып келе жатыр. Бұл мемлекеттердің отбасылық зандарында неке шарты деген түсінік бар, бұл жерде некеге тұрғанша неке шарты бекітіліп, ер адамның әйел адамның мүлкіне деген құқықтарын анықтайды./2/

    Көптеген  мемлекеттердің заңнамасы бір ғана некенің (моногамия) болуын бекітеді. Бірақ, қазіргі күнге дейін Азия мен Африканың көптеген мемлекеттерінде көп әйел алушылық (полигамия) танылады, некеге тұру кезінде қалындықка ақы төлеу және басқа да архаикалық әдет-ғұрыптар күні бүгінге дейін сақталуда. Бұнын барлығы отбасы құқығындағы әйелге катысты дискриминацияның болуын білдіреді. Бірқатар елдердің заңнамасы мен тәжірибесі нәсілдік кемсітушілікке жол береді; түрлі нәсіл мен дінге кезқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады.

    Осы жекелеген отбасы заннамасындағы әр түрлі жагдайда екі мемлекеттін азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сұрақтарды шешу үлкен манызға ие болып табылады. Батыс мемлекеттерінде отбасы кұқығы катынастарындағы коллизиялық нормалар алуандылықка ие болып табылады. Некелік құкық қабілеттілік, яғни некеге тұру жасы, некеге тұруға кедергілердің болмауы — мұның барлығы түрлі мемлекеттерде ерлі-зайыптылардың өздерінін жеке зандарымен анықталады. Некені токтатқан кезде түрлі азаматтықка ие ерлі-зайыптылар арасында біркатар мемлекеттерде ер адамның азаматтық заңы қолданылады.

    Бір мемлекетте сол елдің заңының  талаптарын сақтай отырып жасалған неке сол мемлекетте танылғанымен, басқа  мемлекеттерде танылмауы да мүмкін, бұны халықаралық жеке құқықта «ақсандаған неке» («хромающие браки») дел те атайды.

    Некедегі  ерлі-зайыптылардың мүліктік катынастары бірқатар мемлекеттерде ер адамның жеке заңымен анықталады.

    Біркатар  мемлекеттерде түрлі коллизиялық мәселелер шешіледі. Венгрияның халықаралық жеке құқық туралы Заңының 30-параграфына сәйкес некенің жарамдылығынын материалдық-құқықтық шарттары некеге тұрушылардың «ортақ жеке зандарымен» анықталады. Егер де бұл тұлғалардың жеке зандары түрліше болып келсе, онда некенін жарамдылығы сол екі тараптың да жеке зандарымен жарамды деп танылса (эзара түсіністік негізінде), жарамды болып баға беріледі.

    Венгрияда некенің нысанына некеге отыру жерінің  кұқығы қолданылады. ҚХР-да Қытай азаматы шетел азаматымен некеге тұратын болса, онда некеге отыру жер заны колданылады, ал некені тоқтату кезінде — некені токтату туралы мәселені шешетін орган — сот елінін құқығы колданылады (Кытай Азаматтық құқығынын жалпы ережелерінің 147-бабы).

    Венгрия мен Румынияда некені токтату  туралы сауалды шешу кезінде негізгі  кағиданың бірі болып, ерлі-зайыптылардың зандары танылады.

    Некеге  отыру және некені бұзу мәселесіне тоқталсақ, некені занды түрде ресімдеу дегеніміз халықаралық жеке кұқықтағы отбасы жэне неке катынастары туралы заңнамалар мен Кдзакетанның заңнамаларына сэйкес азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенін ғана құкықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы зандарының негіздерінін бірі. Бұл мән-жайдың халықаралық жеке құқықтағы неке жэне неке катынастарын реттейтін заңнамаларда да ерекше маңызы бар. Ерлі-зайыптылардың зандық кұқықтары мен міндеттері неке АХАЖ-да тіркелген кейін ғана ерлі-зайыптыларды қорғау туралы міндеттеме алады, оларды ерлі-зайыптылар ретінде ресми таниды, сондай-ак бұл отбасыға камкорлық көрсетеді.

    Халықаралық жеке құқықтағы отбасы жэне неке катынастарын реттейтін жалпыға танымал заннама талаптарын негізге ала отырып, отбасы-қоғамнын ең басты ұясы болғандықтан, мемлекет оған ерекше камқорлықпен карайтынын, қолда бар мүмкіндіктеріне карай кемектесетінін, кімде-кімнің болса зансыз араласуына тыйым сала отырып, корғайтынын, ол үшін некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет некеге, отбасына камқорлық жасау туралы өзіне міндеттеме кабылдайтынын білдік. Мұндай талаптар кездейсок емес, олар азаматтардың кемелденуінен сондай-ак қоғамның өнегелі отбасы — игілік негізі мүдделерінен туындайды. Сондықтан халықаралық жеке құқықтағы отбасы жэне неке қатынастарын реттейтін зандар бойынша отау тігу үшін заңда көзделген шарттарды сактау керек.

    1. Казахстан Республикасында Қазақстан  азаматтарының шетел азаматтарымен  некеге отыруы. Қазіргі заман жагдайында, халықаралық қатынас пен әріптестіктің дамуы кезінде қазакстандық азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі көптеп орын алып отыр. Мұндай некені бекіту, өз кезегінде балалар мен олардың ата-аналарының түрлі азаматтықта болу жағдайларын көбейтеді.

    Қазақстан Республикасында қазакстандық азамат пен шетел азаматының некесі, сонымен катар шетелдіктердің де некесі бекітіле береді. Біздің заңнама, өз азаматтарымыздың баска шетел мемлекетінің азаматымен некелесуге тыйым салып, ол үшін рұқсат сұрауды талап етпейді.

    Біздің  азаматтардың шетел азаматтарымен  некелесуі, сонымен қатар шетел азаматтарының өздерінің арасында некелерін бекітуі Қазақстан Республикасының заңнамасына бағынады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл салада «некеге отыру жер заңы» немесе «Іех loci celebrationis* деген коллизиялық кағида қолданылады. Неке біздің заңнамада көзделген нысан бойынша жасалады, яғни азаматтық хал актілерін жазу органдарында, осы некені тіркеудің бекітілген ережелерін сақтай отырып тіркеледі. Қазақстан Республикасында некені діни жолмен бекіту қандай да бір құқықтық салдарға жетелемейді, бірақ бұны адамдар өз арасында тануы да мүмкін.

    Қазақстан Республикасында некеге тұру туралы келісім некеге тұрушылардың оздерімен жасалуы тиіс болып табылады. Біркатар елдерде (Испания, Перу т.б.) некеге тұрушылар сенімхат беріп, екіл аркылы некеге тұруларына жол беріледі. Біздің заң мұндай окілдік етуге жол бермейді.

    Шетеддіктердің  де некеге түруларының материалдық  шарттары олардың ұлттық заңнамасымен емес, біздің заңнама бойынша анықталады. Мәселен, казақстандық неке және отбасы заңнамасына сәйкес некеге отыру үшін екі жакты келісім, белгілі бір жаска толу және тағы баска талаптар қойылады.

    «Неке және отбасы туралы» Заңның 11-бабында  «Егер тұлғалардың бірі басқа  некеде тіркелген болса, онда ол жаңа некеге отыра алмайды» делінген, яғни егер шетелдіктің ез заңы коп әйел алушылыққа жол берсе, онда ол біздің республикамызда некеге отыра алмайды.

    Шетелдік  азамат, егер оның ез заңы екі некеге рұқсат бергеннің езінде бізде некесін  тіркеуді талап ете алмайды. Кейбір мұсылмандық елдерде (Түркия, Ирак) екі некеге рұксат етілмейді.

    Шетелдіктер, сонымен катар, біздін азаматтар  некеге тұрған кезде, некеге тұруға ешқандай кедергі жок екендігі тексеріледі және мұндай тексерістің ең бастысы оның басқа некеде тұрған-тұрмағандығы анықталады. Некеге тұруға кедергілердің бар екендігін айту міндеті некеде тұрушыларда болып келеді.

    Некеге  тұрушының баска некеге тұрмағандығы дәлелдейтін бірден-бір дәлел оның баска некесі туралы Азаматтық хал актілерін жазу органдарында ол туралы жазбаның болмауы болып табылады. Егер шетелдік біздің Республикада некеге отыру ниетін білдіретін болса, ол өзінің мемлекетінің тиісті органынан өз мемлекетінде ешкіммен некеде тұрмайтындығын дәледдейтін анықтама қағазын алып келуге міндетті. Тәжірибеде әдетте мұндай анықтама кағаздары Қазақстан Республикасындағы тиісті мемлекеттің елшілігімен немесе консулдығымен беріледі.

    Біздің  құқыққа белгісіз басқа мемлекеттердің шектеулері (нәсілдік, діни, ата-ана келісімінің болмауы, т.б.) біздің елде некені тіркеуден бас тартуға негіз болып табылмайды. Бұл шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тіркейтін некелеріне де байланысты болып табылады. Тәжірибеде шетелдікпен некеге отыруға толық емес, ішінара шектеулер койылатыны анық. Мысалы, некеге отыру үшін рұқсат алу Венгрияда, Үндістанда, Иракта, Италияда және тағы басқа да мемлекеттерде бекітілген.

    Біздің  азаматгардың шетелдік азаматтармен некелерін  тіркеу кезінде бірқатар жағдайда некеге отырушы шетелдіктің де заңнамасы  басшылыққа алынуы керек, өйткені, бұл жағдайда некені жарамсыз деп тану басқа мемлекетте орын алмауы анық. Мынадай мысалды келтірсек болады: егер, некеге тұрушының елінің заңнамасы бойынша ол келісім алмаған кезде неке ол елде жарамсыз болып калуы мүмкін. Мұндай жағдайларда біздің АХАЖ органдары некеге тұрушыларда онын мүндай некеге отыруға келісім бар-жоктығын анықтауы керек. Егер де мұндай келісім болмаса, некеге отырушылармен келісіле отырып, шетелдіктің осындай келісімді алуы үшін уакыт беріледі. Егер де осы белгіленген уақытта органға қажет келісімді алып келмейтін болса, бірак некеге тұрушылар некені тіркеуді талап етіп отырса, неке тіркеуші орган мұндай келісімнің болмауына қарамастан некені тіркеуге міндетті болып табылады. Мұндай неке біздің заннама бойынша танылғанымен, тиісті шетелдіктің мемлекетінде бұл неке танылмайды. Бұл ез кезегінде біздің мемлекеттін азаматынын өзінің некелескен адамының мемлекетіне барған уақытында құқығының шектелуіне алып келуі мүмкін.

Информация о работе Отбасылық істер бойынша құқықтық қатынастар мен құқытық көмек