Мемлекеттің пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 19:50, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет қоғамдық институт тұрғысында қалай пайда болды? Бұл сұрақ бәрімізге де қызықты.
Мемлекеттің қоғамдық институт тұрғысында тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары – қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ
І-тарау. Мемлекеттің пайда болуының алғышарттары
1.1. «Неолиттік төңкеріс» және мемлекет
1.2. Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары
ІІ-тарау. Мемлекеттің белгілері, функциясы және органдары
2.1 Мемлекет анықтамасы. Мемлекет белгілері, функциясы және органдары
Қорытынды
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Файлы: 1 файл

мемлкетт пайда болуы.doc

— 136.50 Кб (Скачать)

"Мемлекет"- латынның "қалыптты жағдай" - деген сөзінен шыққан. Алғашқы кезде ол өкімет билігін иеленуші деген ұғымда айтылып, бірте-бірте ол өкімет функциясы ретінде қаралды да мемлекеттік билік ұғымына көшті. Бірақ мемлекетті ұғым ретінде қарамай, мемлекеттің құрылымдардың уақыт пен кеңістікке қарай өзгеріп отыратынын, соған қарай ұғымның да тұрақты болмайтынын ескеру керек. Мемлекет дүниеге келісімен ол әр түрлі қоғамдық пікірлердің қалыптасуына негіз болды.

Мемлекет пен билік туралы қағидалар бірте-бірте мифологиялық ұғымнан тазарып, біздің заманымыздан бұрынғы 5-6 ғасырларда ғылыми негізге ие бола бастады. Бұл бағытта Қытай философы Конфуцийдің (б.э.д. 551-479ж.ж.) ілімі, ғалымдар Лаоцзы (б.э. д, 479-400) мен Шань-Янның (б.э.д. 390-338 ж.ж.) идеялары маңызды роль атқарды. Мәселен Лаоцзы мемлекет пен билік жүргізу шарттық негізде шыкқан деген идея ұсынды.

Мемлекет туралы саяси ілімнің шығуы ежелгі Грецияның саяси өмірімен тығыз байланысты. Ондағы саяси ойдың ертеректегі дамуы көне мемлекеттіліктің қалыптасуына байланысты болды. Гераклиттің (б.э.д. 544-483) мемлекетпен құқық проблемаларына философиялық тұрғыдан қарау пікірі де осы тұста қалыптасты. Гераклит "Өзіңнің отбасының берекесі үшін қалай күрессең, мемлекет белгіленген тәртіпті іске асыру үшін солай күресуің керек" – деген пікір айтып, билікке үлкен құрметпен қарады.

15 ғасырдағы қазақ мемлекетінің құрылуы да саяси-құқықтық идеологияның пайда болып, қалыптасуымен қатар жүріп отырды. Әсіресе Тәуке ханның (1680- 1718) тұсында құқықтар жинағы «Жеті жарғының» жария болып, саяси-әлеуметтік өмірге енуі қазақ мемлекетінің саяси құрылысын нығайтуға елеулі үлес болды.

Бірақ мемлекет - ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым.

Мемлекет қоғамның атынан қоғамның ішінде де, басқа мемлекеттермен қатынастарда да қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанамалай әсер ететін ерекше органдары және басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар. Оларға жататындар мыналар:

1. Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі – ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес.[10]

Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын  өзі қалыптастырып, өз еркімен жүзеге асырады. Былайша айтқанда, басқа мемлекеттерге жалтақтамай, өзінің ішкі және сыртқы істерін өзі атқарады.

2. Билеуші органдар. Мемлекеттік билікті іске асырушы  органдар мен мекемелердің ерекше жүйесінің болуы. (сот, армия, полиция).

Мемлекеттің басты белгісінің бірі өкімет билігі бірлігінің болуы. Сонда ғана ол дау туғанда қоғамдық топтардың қарсылығына қарамай ішкі тыныштықты қамтамасыз ететін әрекет бағдарламасын іске асыра алады. Сондықтан да мемлекетке неміс ғалымы М.Вебердің айтуы бойынша, заңдылықпен күш көрсету монополиясы берілген. Демек, тек мемлекет қана полиция (милиция), армия, атқарушы, әкімгершілік және сот органдары арқылы күш көрсету, мәжбүр етуге құқықты санкцияға сүйенетін жария билік жүргізу мемлекеттің басты белгісі. Дегенмен мәжбүр мемлекеттік билікті қолданудың бірден-бір жолы емес.

Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаржыландыратын оның арнаулы материалдық қоры болады. Ол қорды жасау үшін мемлекет алым-салық белгілейді және оны жинайды.

3. Мемлекетте қалыптасқан белгілі бір нормалар жүйесін нығайтатын құқықтың болуы. Мемлекеттің барлық тұрғындары үшін міндетті болып табылатын заңдар шығару құқығының болуы. Салықтар және тағы басқа алымдар төлету құқығы. Азаматтық немесе елдің бодандығы. Егемендік-мемлекеттік биліктің ел ішінде де, одан тыс жерлерде де үстемдігі мен тәуелсіздігі. Құқықтық нормалардың жиынтығы мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.

4. Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол аумақта мемлекет құрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. Өз аумағының тұтастығын мемлекет барлық күш-қуатымен сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет жасайды. Мемлекеттер арасындағы қайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыстар көбінесе осы жер, аумақ мәселесіне байланысты. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеді. Халық әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлініп тұрғандықтан олардың құқықтық жағдайы соған байланысты болады. Мемлекеттің өмір сүруі өндірістік қатынастардың сипатына және бірыңғай өндіріс тәсіліне байланысты. Диалектикалық байланысын өзара тәуелсіздігін айқындамайынша, мемлекеттің шыққан тегін, оның бір тарихи типке өту зандылығын түсіну мүмкін емес. Даму барысында мемлекет бірте-бірте базистен біршама дербестік алады.

Мемлекет түсінігіне - орын басты, анықтаушы, тұрақты және заңдастырылған мәнінің мінездемесі кіреді.

Саяси билік мемлекеттің маңызды белгісі мен оның мәнінің басты мазмұны екендігін марксизм ғылыми түрде дәлелдеген, Мемлекет мәні бойынша қоғамның саяси бірлігінің ұйымдастырылуы болып табылады.

Бірақ мұнымен қатар 70 жылдан астам уақыт бойы кеңестік қоғаммен жалғыз дұрыс деп танылып келген мемлекеттің марксистік түсінігі, тарихи тәжірибе мен ғылыми білімнің жаңа деңгейіне байланысты критикалық қайта қарауға және нақтылануға жатады.

Нақтылап айтқанда, антогонистік таптарға бөлінетін қоғамдағы мемлекетке есептелген және марксизм классиктерінің негізгі түсініктерінен туындайтын кеңестік заң, пәлсапалык саяси әдебиеттеріндегі мемлекеттің класстық түсінігін қате деп тану қажет. Дәл осылай кластық қоғамға қатысты олар мемлекетті-экономикалық жоғары кластың саяси билігінің ұйымдастырылуы және оның диктатурасының құралы ретінде қарастырды.

К.Маркс мен Ф.Энгельс былай деп жазған; "Саяси биліктің өзі бір класстың екіншісін басу үшін жасалған, ұйымдасқан зорлығы деген сөз”[11].

Бұлардың соңынан В.И.Ленин де мемлекетті бір класстың екіншісінен басымдылығын қамтамасыз ететін мәшине ретінде көрген. Ол былай деген: "Мемлекет өзінің антиподымен (өзіне қарама-қарсы класпен) татуласуы мүмкін емес нақты кластың басты органы болып табылады.[12]

Бірақ, 19 ғасырдың 40 жылдарының 2-ші жартысынан бастап, Қазан төңкерісі мен Ресейдегі социализм құрылысының басына дейінгі орнаған аталған антогонистік класстық қоғамдағы мемлекеттің марксистік түсінігі мемлекеттің пайда болуын, мәнін қызмет етуін, дамуын түсіндіруінде басым рольді атқарғанымен, өзгермелі тарихи жағдайда ол түсінікке жалпылама мағына беріп, догмаға айналдыруға және барлық кезең мен елдерге таратуға болмайтын еді.

Бұндай көзқарас жеке елдердің ішіндегі мен халықаралық алаңдағы күрес пен класстық қайшылықтарды шиелендіруге және аталмыш құбылыстағы мәжбүрлеу, зорлау жақтарына басымдылық етіп, мемлекет туралы ойды қате пайымдап, кедейлендіріп оның әлеуметтік мақсаты мен мәнін қарапайым, бір жақты түсінігін білдіреді.

Сондықтан екінші дүниежүзілік соғыстан кейін болған әлемдегі түпкілікті өзгерістерге байланысты мемлекетті тек қана класстық тараптан талқылау Батыстың  капиталистік елдеріндегі ғана емес, сонымен қатар Кеңес Одағындағы, ал ол ыдырағаннан кейін ресей мен ТМД-ның басқа да мемлекеттеріндегі мемлекеттің даму барысымен қайшылыққа түсті.

Айта кететін жағдай — қарастырылып жатқан мемлекет талқылауына көзқарас жаңашыл буржуазиялық теориялар мен батыс еуропалық социал-демократиядағы Аристотельден Каутскийге дейінге мемлекет туралы марксистік емес көптеген ілімдердің қазіргі ізбасарларын идеалистік және ғылыми емес деп негізсіз ығыстырған. Үлкен рухани құндылық болып табылатын осы ілімдердің осы алуан түрлілігі мен ерекшеліктеріне қарамастан, әлемдік дамудың көпғасырлық тәжірибесін бейнелей отырып, олардың барлығы дерлік мемлекетті ортақ бақытқа жету мен әлеуметтік компромистер институты ретінде түсінуге бірігеді.

Алайда мұндай көзқарас қандай жағымды болғанымен, ол да біржақты болып табылады: марксизм мемлекет түсінігінің мәнін, осы класстың зорлық жағына әкеп тіресе, марксистік әсем теориялар мемлекеттің екінші бір жағын ғана  яғни,  жалпы  әлеуметтік  және     жалпы  адамзаттық  жағынан  ғана мойындайды.

Құрылымы, өкілеттіліктері, қызмет етуі, билік ету аумағы қатаң түрде құқыққа негізделіп, мақсаты - адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мойындау және қорғау болып табылатын демократиялық, өркениетті мемлекет - құқықтық мемлекет болып табылады. Қазіргі таңда бұл мемлекет дамуының барлық көпғасырлық тарихындағы ең жоғарғы саты.

Ескере кететін жағдай - құқықтық мемлекет пен демократияның құқықтық нигилизммен, анархистік еркінділікпен ортақ ештеңесі жоқ. Керісінше, олар заңмен сот алдындағы баршаның теңдігі мен заңның баршаға бірдейлігін және оны бұзғандардың ешқайсысы жауапкершіліктен кете алмайтынын белгілеп, өз қоғамдарына қажетті заңдылық пен құқықтық тәртіпті көздейді.

Заңдылық пен құқықтың тәртіпті қамтамасыз ету - демократия мен құқықтық мемлекеттің беріктігі мен өміршеңдігінің негізі болып табылады. Мемлекеттің мәнінің және әлеуметік мақсатының жалпы әлеуметтік және класстық табиғатының қосалқылығы туралы қорытынды жасай отырып, осы қысқаша, жалпы анықтаманың мүмкін нұсқаларының бірін ұсынуға болады. Мемлекет қандай да болмасын қоғамның табиғатынан туындайтын ортақ істерді де, класстық міндеттерді де орындауға қажетті саяси биліктің ұйымы.

Мемлекеттің аса күрделі құбылыс екендігін ескере отырып және оның мәні мен әлеуметтік мақсатына тікелей әсерін тигізетін факторларды есептегенде жоғарыда қарастырылған жеке елдердің дамуының нақты тарихи жағдайларын да басқа да діни факторларды /Иран, Пакистан, Афганистан/, ұлттық факторларды /Балтық мемлекеттері/ және тағы басқаларын ескеру қажет. Алайда, бұл жалпы мемлекет анықтамасында барлық осы факторлар көрініс табуы қажет деген сөз емес.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне кіретін басқа ұйымдардан бірқатар маңызды белгілерімен ажыратылады.

1. Мемлекет өзінің территориялық шекарасының аумағында азаматтық белгімен біріктірілетін барлық тұрғылықты халықтың, барлық қоғамның жалпы ресми өкілі ретінде шығады.

2. Мемлекетік егеменділік, яғни, халық аралық қатынастардағы тәуелсіздік пен өз территориясындағы мемлекетке тән жоғарылық. Мемлекет егеменді биліктің жалғыз иесі.

3. Мемлекет зандық күші бар және өзіне құқық нормаларын енгізетін зандар мен заңастылық актілерді шығарады.

Белгілі бір қоғамдық бірлестіктер өздерінің ұйымішілік бөлімдері мен мүшелеріне міндетті болып табылатын шешімдерді шығара алады, ал мемлекеттің нормативтік актілері барлық лауазымды тұлғаларға, жеке ұйымдарға қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік және муниципалдық органдарға міндетті болып табылады. Құқық шығармашылық-мемлекеттің айрықша өкілеттілігі.

4. Мемлекет өзінің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға қажет сәйкес материалдық қаражаттар /заттық қосымшалар/ мен мемлекеттік органдар жүйесін құрайтын, жан-жақты әлеуметтік салалар мен үрдістерді және қоғамды басқарудың күрделі механизмі /аппараты/ болып табылады.

Тұтас болғанда мемлекеттік механизмді құрайтын органдардың спецификалық ерекшелігі мынада – осы органдарын құрылымы мен қызмет етуін міндетті түрдегі заңды бекітумен байланысты, оның өкілетіліктерінің мемлекеттік–биліктік сипаты және осыған негізделген құқықтық актілерді шығару мен оларды бұзушылықтардан сақтау қабілеті.

Осы арнайы құрылған мемлекеттік механизмнің осы өзінше дағдыланған "машинаның" қызмет етуі ерекше қабатының-мемлекет қызметшілерінің болуын талап етеді. Олардың негізгі міндеті - кластық қоғамда қалыптасқан еңбек бөлінісін есептегенде - басқару болып қана табылады.[13]

5. Мемлекет заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауға арнайы құрылған құқық қорғау /жазалау/ органдары /сот, прокуратура, полиция және т.б./ бар саяси жүйедегі жалғыз ұйым.

6. Тек мемлекетте ғана - өзінің қорғанысын, егемендігін, территориялы тұтастығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қарулы күштер мен қауіпсіздік органдары бар.

7. Қоғамдық қатынастарды мемлекетік реттегіші және қоғамның мемлекеттік еркінің экономикалық және рухани талаптандырылған нормативтік көрінісі болып табылатын құқықтың мемлекетпен тығыз органикалық байланысы жоғарыда қарастырылған белгілердің барлығымен араласатын және олардың кейбіреуін жалпылайтын мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі. Мемлекет құқықсыз, ал құқық мемлекетсіз әрекет еткен мысалды тарихта табу қиынға соғатыны анық.

Мемлекеттің тұтас алынған белгілері – оның қоғамның саяси жүйесінде ерекше орны мен бастапқы ролін түсіндіреді. Әртүрлі тарихи дәуірде әртүрлі әлеуметтік–экономикалық жағдайларда мемлекеттің аталған белгілері – нақты ішкі мазмұнмен де, өзінің сыртқы көрінісімен де әртүрлі екендіктері әбден түсінікті.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында демократия мен бостандық, тұрақтылық пен азаматтық бейбітшілік, мемлекет халықтарының келісімі өркениетті қоғамға өту мен реформаларды жалғастыру орнаған.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру – мемлекетті нығайтумен Қазақстандағы мемлекетік биліктің барлық институттарының әрекет қабілеттілігін қамтамасыз етумен және биліктің өзінде де құқықтық тәртіпті орнатумен ажырамас байланысты.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің басты элементі. Мемлекет саяси жүйенің негізгі институты болып табылады.

Қоғамдағы кез келген саясаттың жүзеге асырылуы мемлекет пен байланысты. Сондықтан да мемлекет туралы мәселе өте күрделі және көп қырлы.

 

 

                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            Қорытынды

 

Біз осы еңбегімізді жаза отырып, көптеген саналы пікірлермен қоса салиқалы ойларды көкірегімізге түйіп өзімізше белгілі бір тұжырымдамаларға тоқтадық.

Информация о работе Мемлекеттің пайда болуы