Мемлекеттің пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 19:50, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекет қоғамдық институт тұрғысында қалай пайда болды? Бұл сұрақ бәрімізге де қызықты.
Мемлекеттің қоғамдық институт тұрғысында тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары – қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі болып табылады.

Оглавление

КІРІСПЕ
І-тарау. Мемлекеттің пайда болуының алғышарттары
1.1. «Неолиттік төңкеріс» және мемлекет
1.2. Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары
ІІ-тарау. Мемлекеттің белгілері, функциясы және органдары
2.1 Мемлекет анықтамасы. Мемлекет белгілері, функциясы және органдары
Қорытынды
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Файлы: 1 файл

мемлкетт пайда болуы.doc

— 136.50 Кб (Скачать)

Марксистік теорияда мемлекеттің пайда болу таптық теория тұрғысынан түсіндіріліп, рулық қауым ыдырау жеке меншік пайда болуын қоғам 2 топқа қанаушы және қаналушы топтарға бөлінген соң олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар орын алады. Сол екі топ күресте бірін-бірі жойып жібермеу үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым мемлекет пайда болды. Мемлекет кедей тапты байлардың еркіне көндіріп оны қанауға, езуге, оларға жағдай туғызу үшін   құрылған. Сондықтан қандай да мемлекет болсын тек қанауды мақсат тұтып, бай үстем таптың мүддесін қорғайды дейді.

Бұл теория процесті материалистік тұрғыдан дұрыс түсіндіргенмен, құқық және мемлекет байланысындағы экономикалық құрылысқа, таптық құрылымдарға, күштеу және зорлауға өте үлкен маңыз береді. Дәл осы теорияда құқық өзінің аппаратынсыз (құқық нормаларын жүзеге асыруға күштеп көндіретін) өз мәнін жоғалтады, - деп айтылған. Осының әсерінен құқықтың   реттеуші   жүйедегі   құны   жойылып, репрессивтік зорлық функциясы жоғары қойылды.

Маркстік теорияның тұжырымдалуынша (түсіндіруінше) құқықтық нормалардың таптық сипаты ескі рулық әдет-ғұрыпты   ығыстырып шығарғанымен негізгі мәнін сақтап қалды. Жеке меншіктің пайда болуымен, топтардың құрылуы қоғамдық теңсіздікті алып келді. Ал, қоғамның топқа бөлінуі мен меншіктің пайда болуына орай орындалуы мемлекеттің зорлау күшімен қамтамасыз етілген жүріс-тұрыс тәртібі пайда болды. Мұның барлығы әрине шындық қатарынан орын алады және белгілі бір халық пен мемлекеттер тарихынан көп мысалдар келтіруге болады.

Бірақта бұл процестерді қомақты етіп көрсету, құқықтың пайда болуы заңдылығының жалпы әлеуметтік түсінігін және шындықты бұрмалау болып табылады.

Бірақта осы негізде кұқықтың пайда болуы маркстік теорияның жетістіктерін жоққа шығаруға тағы да болмайды. Тарихи принципті құқықтың әлеуметтік институт ретінде пайда болуының, таптық құрылымдарымен құқықтың байланысы және тағы басқа да жағдайлар маркстік бағытта да үлкен теоретико-құқықтық, ойлардың қозғалысы ретінде қарастырылады. Құқықтың пайда болуының жекеленген мәселелерді басқа да теорияларда (психологияның, паретивтік, нормативтік, әлеуметтік және т.б.) қарастарылады.

Күш көрсету теориясы идеялық қайнар көздері құл иеленушілік кезеңнің өрінде пайда болды. Оның өкілдері мемлекет күш көрсету және басып алушылық нәтижесінде пайда болды деп ойлаған. Күш көрсету теориясының ғылымдық негіздері ХІХ-ХХғғ. қаланды. Оның мәні жеке меншіктің таптардың мемлекеттердің пайда болуы ішкі және сыртқы күш көрсетудің нәтижесі ретінде, яғни тікелей саяси әсер ету жолымен байланысты. Мемлекет қанаушылықтың органы болды тек әлі де жеңушімен жеңіп алушылар арасындағы заңдық ерекшелік кетпеген елдер бар.[4]

Сонымен қатар, мемлекет пен құқықтың шығуын зорлық-зомбылықпен байланыстырады. Күшті тайпалар әлсіз тайпаларды жаулап алып бағындырып, олардың қарсылығын басып тұру үшін мемлекет және оған тән басқару, күш қолданатын органдарды құрады дейді. Күш көрсету тероиясының сипатты ерекшеліктері Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский еңбектерінде көрінеді.

Дюринг ойы бойынша қоғамдық дамудың негізі - саяси актілер нәтижесі. Мемлекеттің пайда болуының бірінші факторын тікелей саяси күштерден іздеу керек. Дюрингтің ойы бойынша қоғам кем дегенде 2 адамнан құрылу керек. 2 адамдық ерік бір немесе бірімен тең және олардың бірі де екіншісіне талап қоя алмайды. Істің мұндай жағдайында, яғни қоғамның тең тұлғалардан тұрғанда теңсіздік пен құлдық мүмкін емес. Мемлекеттің шығу тегін түсіндіру үшін Дюринг үшінші адамды әкеледі, өйткені онсыз көпшілік дауыспен шешім қабылдана алмайды, ал ондай шешімсіз, яғни көпшіліктің азшылыққа билік етуінсіз мемлекет пайда болмайды. Оның ойы мен меншік, таптар мен мемлекет қоғамның бір бөлігінің екіншісінің үстімен күш көрсету нәтижесінде пайда болады.[5]

Австралиялық социолог және мемлекет зерттеуші Гумплович сыртқы күш көрсету теориясының өкілі. Бұл теорияға сәйкес мемлекетті басып алу нәтижесінде құлдық пайда болды: күресте жеңіп алушы тайпа билеуші болды. Құлдық жеке меншіктің және топтардың пайда болуына әкеп соқтырды. Мемлекеттік билік Гумплович ойы бойынша, физикалық түрі келе-келе таптық мемлекетте ойланады.

К.Каутский да мемлекет қайнар көздерін сырт күш көрсетуден, соғыстардан көреді. Жеңіп алушы тайпа жеңілуші тайпаны өзіне бағындырып, оның жерін алып, ол үшін ақы төлеттіреді. Нәтижесінде таптарға бөлісу пайда болады, ол мәжбүр ету аппараты мемлекетке айналады.

Күш көрсету теориясында толығымен экономикалык концепция элементтері бар. Қағидалы сәйкес келмеуіне қарамастан, бұл теория адамның әрекеттерінің ортақ базасына әлеуметтік және экономикалық факторларымен байланысты.

Күш көрсету теориясын толығымен жоққа шығару тек формальды көзқарастардан емес, сонымен қатар тарихи тәжірибелер негіздеріне де қайшы келеді.

Сыртқы да, ішкі де күш көрсету теориясының элементтері кез келген мемлекеттердің пайда болу процесінен көрінеді.

Психологиялық теорияның жақтаушылары қоғам мен мемлектті адамдардың және олардың әр түрлі бірлестіктерінің психологиялық әсер ету, түрінде көреді. Халықтар табиғатына бағыныштылықты талап ететін биологиялық жан болып табылады. Адамдар күштілігіне бағынып, әлсіздерге зорлық көрсету табиғаттың берген сыйы деп санайды. Сондықтан қондырмалық құбылыстар пайда болуы керек деп есептеген. Халықтар тең дәрежеде мемлекет басшыларына және мемлекет заңдарына тәуелді.

Ал шын мәнінде мемлекеттің пайда болуымен қызмет атқаруының себептерін тек психологиялық көзқараспен түсіндіру мүмкін емес. Психологиялық теория қоғам өмірінін экономикалық, келісімдік, органикалық теориясында қалып кеткен көптеген сұрақтарын түсіндіреді.[6]

Бірақ барлық қоғамдық өмірді адамдардың психологиялық әсер етуіне әкеп тіреу, қоғам мен мемлекет өмірін психологиялық жалпы заңдарымен түсіндіру.

Мемлекет жан-жақты төтенше құбылыс. Оның пайда болуының себебптері әртүрлі объективті факторлармен түсіндіріледі: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық және т.б. олардың ортақ ғылыми түсіндіру бір жан-жақты теория шеңберіне кіргізу мүмкін болмас. Бірақ мұндай талаптану әрекеттері болды және жеңісті де болған (Платон, Аристотель, Монтескье, Руссо, Гегель, Маркс, Плеханов, Ленин, Бердяев)

Адамды көптеген қызығушылықтар жинақталған: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани, діни, және т.б. Бірақ олар нәтижесінде тек физиология және психика арқылы жүзеге асады. Бұл бөлімді қорыта келгенде толығырақ болу үшін мемлекеттің пайда болуының тағы мынадай теорияларын қысқаша қарастырғым келеді. Теологиялық (діни) теория мемлекеттің пайда болуын құдайдың қүдіретімен байланыстырады, яғни мемлекет Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.

Патриархалдық теория мемлекет шығуын отбасының дамуына байланыстырады, яғни мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Отбасының қожасы ер адам, ол отбасын өз еркімен билейді, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы - монарх. Адамдар осындай қағидаларды басшылыққа алып, мемлекет құруда отбасын басқару үлгілерін қолданған дейді. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырда болды (Фильмер, Михайловский т.б).

Органикалық теория – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (6.3.4-3 ғ). Бірақ теория толық түрде 20 ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г.Спенсер, Вормс, Прейс т.б.[7]

19 ғасырдағы ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, бұл теория - адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен  мемлекетті құрады. Мемлекеттің  Үкіметі-адамның басы-миы сияқты  қоғамды  басқарады. Қанаушы тап  қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.

Табиғи құқықтық теория -17-18 ғасырлардағы қалыптасқан теория. Өкілдері: Г.Гроцкий, Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссо, Б.Спиноза, А.И.Радишев т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады (бостандық, теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды. Қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап мемлекетті құрды. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.

Келісім-шарттық теория – мемлекет шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісім-шартпен байланыстырады. Сондай қауіпті, келіссіз өмірден құтылу үшін адамдар өзара ымыраға келісіп, шартқа отырады. Соның нәтижесінде мемлекет құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты өмір сүруге жағдай туғызуды міндеттейді.

Материалистік теория - мемлекет пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.[8]

Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Мемлекет шығуын түсіндіруге тырысатын бұл аталғаннан басқа да теориялар бар. Осы теориялардың бәріне тән бір белгі бар – ол мемлекеттің адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болуы. Шынында да тарихи деректерге жүгінсек, мемлекеттің қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде шыға бастағанын байқаймыз.

1. Мемлекет (таптық тәсіл бойынша) - бір таптың (азшылықтың) бір тапқа (көпшілікке) үстемдік етуін қолдайтын саяси ұйым.

2. Мемлекет (жалпы әлеуметтік тәсіл бойынша) – саяси ұйым (ассоциация). Бұл саяси бойынша мүшелері бұқаралық – биліктік қатынастар арқылы біріктіріледі.

Мұнда  мемлекет  адамдардың  өзара  ымыраға  келуінің  құралы болып табылады.

3. Мемлекет – құқық заңдарға тәуелді адамдардың бірлестігі (И.Кант бойынша).

Мемлекеттілік ру-тайпалық құрылыстың орнына келеді. Алғашқы қауымдық теңдік пен меншіктің қоғамдық формасы өз - өзінен ескіреді де қоғам әлеуметтік қабаттарға бөліне бастайды. Ұжымдық өндірістік қатынастар қалыптан шығады. Оның орнына еңбек бөлінісі келді, ру-тайпалық құрылым қиындай түсті, содан келіп әлеуметтік құрылымдарды бөлу дами бастады.

Мемлекет – қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ішкі эволюциясының өнімі. Әртүрлі кезеңдерге және әртүрлі жағдайларда мемлекет қоғамды басқару үшін қажет ұйым ретінде, билік ету механизмі ретінде жұмыс жүргізеді. Бұл жерде сөз шаруашылық өмірді ұйымдастырудың жаңа нысандарына көшу туралы болып отыр, ол қоғамның әлеуметтік бөлініске түсуіне, қоғамның жаңа ұйымдық формасы ретінде мемлекеттің пайда болуына әкеліп соғады.

Марксизм мемлекетті қарама–қарсы екі жақтың бірлігі деп қарайды. Оны таптық саяси үстемдікке көзделіп құрылған саяси ұйым деп есептеді.

"Мемлекет өркениетті қоғамды байланыстыратын күш" деп жазды марксизм классиктері.

Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.

Қорыта айтқанда мемлекеттің адамзат қоғамындағы саяси-әлеуметтік орны мен ролі туралы көзқарастар негізінен бір жүйеге салды. Сонымен мемлекет бұл қоғамды басқаруды іске асыру және оның ұйымдарының формасын құрушы билік органы.

 

 

ІІ-тарау. Мемлекеттің белгілері, функциясы және органдары

2.1 Мемлекет анықтамасы. Мемлекет белгілері, функциясы және органдары

 

Мемлекет дегеніміз – жария өкіметтің пайда болуымен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын қоғам өмірін ұйымдастырудың формасы және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.

1872 ж . неміс заңгері Р.Моль былай деп жазды: "Мемлекет – бұл тұрақты, біріктірілген ағза, мұндайларды қондыру, болашақта жалпы еркімен, басшылық ететін, жалпы күшпен іс - әрекетті қолдайтын және келтіріп тұратын, халықтың берілген аумағында бар есептерді жәрдемдесіп рұқсат ететін мақсаттарға жетуді белгілейді, әсіресе, жеке бөліктен басталып және қоғамдықпен аяқталады, осы мақсаттар жеке өзіндік күшпен қанағаттандырмағанша және олар жалпы нәрсенің қажеттілігін құрайды.

Мемлекеттің мәнін орыс заңгерлері де түсіндірген. Мысалы, Коркунов мемлекеттің мәнін былай түсіндіреді: "Мемлекет – бұл қоғамдық бірлестік, өз бетінше уәкілдік ететін, еркін адамдардың алдында билік етуді мәжбүрлеуді мойындайды".[9]

Трубецкой былай санайды, "халықтың бірлестігі – бұл мемлекет, өз бетінше билік ететін және ерекше белгіленген аумағында". Мемлекет территориялық принцип бойынша құрылатындықтан бұл термин кейде ел ұғымының баламасы ретінде қолданылады.

Сондықтан мемлекет белгілі бір территория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізіп отыру құқығына ие. Барлық жұртқа міндетті заңдармен ережелер шығарудың құқығына ие, салық салып отыруына ие.

Мемлекеттің негізгі белгілері:

Мемлекет – саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы мүмкін.

Меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша түрі – жеке  меншік қалыптасады. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты қоғам таптарға бөліне бастайды. Бір жағынан,  құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар, мүлік-дәулет адамдардың бір тобының қолында шоғырланады да, байлар пайда болады. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тән белгілерінен айырылып құлдырайды. Оның орнына жеке меншікке негізделген, айырықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасады. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмайды. Меншік иелерінің – байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқару мүшелерімен, кедей–жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында қайшылықтар пайда бола бастайды. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде қоғамды билеу, басқару жүйесі де өзгере бастайды. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мемлекет пайда болады.

Информация о работе Мемлекеттің пайда болуы