Арал тағдыры - адам тағдыры

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2012 в 13:36, контрольная работа

Краткое описание

Жоспар
Кіріспе
2.1 Арал тағдыры - адам тағдыры
2.2 Балқаш көлінің экологиялық жағдайы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Арал – Балқаш тағдыры бүгін барша жұртты алаңдатып, толғандырып отыр. Табиғаттың ғажайып сыйы, ботаның көзіндей мөлдіреген қос айдын бұл күндері адамның жөн-жосықсыз, парықсыз іс-әрекетінің салдарынан құрып, дүниеден көшіп барады. Бүгін адам тіршілігіне, шаруашылыққа тигізер зардабы орасан зор бұл апатты дереу тоқтатып теңіз бен көлді аман сақтап қалу мәселесі бар маңызымен алға қойылып отыр.














1. Кіріспе
Арал – Балқаш тағдыры бүгін барша жұртты алаңдатып, толғандырып отыр. Табиғаттың ғажайып сыйы, ботаның көзіндей мөлдіреген қос айдын бұл күндері адамның жөн-жосықсыз, парықсыз іс-әрекетінің салдарынан құрып, дүниеден көшіп барады. Бүгін адам тіршілігіне, шаруашылыққа тигізер зардабы орасан зор бұл апатты дереу тоқтатып теңіз бен көлді аман сақтап қалу мәселесі бар маңызымен алға қойылып отыр.
КПСС Орталық Комитетінің Саяси Бюросы Арал теңізі ауданында экологиялық жағдайды түбірінен жақсарту жөніндегі СССР Министрлер Советінің елдің жетекші ғалымдары мен мамандарынан құралған комиссияның тұжырымдары негізінде әзірленген ұсыныстарын қарады. Арал өңірі ауданында бұзылған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру, Арал теңізін сақтап қалу жөнінде түбегейлі іс-кимыл жасау қажеттігі атап көрсетілді. Су ресурстарын ұтымды пайдаланудың, егішіліктің су үнемдеитін прогресті жүйелерін практикаға енгізудің бірінші дәрежелі маңызы бар екеніне айырықша назар аударылды.
1988-2000 жылдары суару және коллектор-дренаж жүйелерін қайта құру жөнінде ірі ауқымды жұмыстар жүргізу көзделді. Суармалы жерлердің ірі алаптарын құру тоқтатылды. Әмудария, Сырдария сағаларына және Арал теңізіне судың кепілді ағуын қамтамасыз ету үшін суару мақсаты мен шаруашылық қажетке су пайдалануға лимит белгілеу дұрыс деп табылды.
Арал өңіріндегі санитарлық және эпидемологиялық жағдайды сауықтыру орасан зор саяси және әлеуметтік маңызы бар міндет болып табылатыны атап өтілді. Барынша қысқа мерзім ішінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, денсаулық сақтау мекемелерін, сумен жабдықтау объектілерін салуды жүзеге асыру, поселкелердің, аудан орталықтарының, қалалардың санитарлық жағдайын жақсартуға қол жеткізу қажет.
1988 жылы сентябрь айында КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советі “Арал теңізі ауданындағы экологиялық және түбегейлі жақсарту, оның бассейніндегі су және жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырып, қорғауды күшейту жөніндегі шаралар туралы” қаулы қабылдады

Оглавление

Кіріспе
2.1 Арал тағдыры - адам тағдыры
2.2 Балқаш көлінің экологиялық жағдайы
3. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Арал – Балқаш.docx

— 27.95 Кб (Скачать)

Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат  белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып  келеді. Су айдынының булануы өте  жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі  тез өзгеріп отырады.

Ұзақ жылдар тіршілігі тыныш  болып келген су айдынының қалыпты  жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің  экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол  суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістіктерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд  және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды. Аталған антропагендік  жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені  бойына салынған Қапшағай сү қоймасы  да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле  өзенін қоректендіріп отырған Шелек  өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.

Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынща пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25%-ға азайды. Іленің орта ағысы мен  төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары  пайда болды. Осының бәрі Іле –  Балқаш су алабының табиғи жүйесінде  қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.

Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс –  қоғаның жоғалуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды  шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді. Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл  жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы  зардап шегуде. Балық аулау соңғы  жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың  Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына  пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер  және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен  улануы жиі байқалды. Іле – балқаш алқабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар  мен құстар мекені болатын. әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл  шаруашылық жойылған.

Іле бойында және көл жағасындағы  тіршілік ететін құстардың түрлері  де азайып кеткен. “ Қызыл кітапқа” енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б  құстар қазір өте сирек кездеседі.

Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы  тарихи – табиғи ескерткіштерге бай  өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені  мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм  атты табиғат туындысы, Алтынемел  ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорық  қорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл  аймақта 3 млн астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.

Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер  қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс  комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен  рудаларын байыту кешендері, Сарышаған  полигоны және Текелі қорғасын – мырыш  комбинаттары осы аймақта тұратын  тұрғындарға өз зардабын тигізіп  отыр. 1999 жылы “Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы”  атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

Балқаш көліне әр түрлі химиялық тыңайтқыштар қосылған күріш суын жібермеу мақсатында игі жұмыстар жүзеге асырылуда. Мысалы: соңғы уақытта күріш шектерінен бұрынғыдай су жырылып шығуына жол  бермейтін болдық. Мұның өзі, біріншіден – суды ысырап етпеудің, екіншіден  – Балқашқа барып құятын судың  тазалығын сақтаудың бірден –  бір тиімді жолы. Суды үнемді пайдаланудың тағы бір жолвн тауып отырмыз. Мысалы бір гектар жердегі қамыс 13 мың текше метр су жұтады екен. Сондықтан да өткен екі жылдан бері күріш шектерінің жиектерін  қамыстан тазалау жұмыстары қолға  алына бастады. Мұның да екі жақты  пайдасы болып тұр. Біріншіден –  су үнемдеуге қол жетті. Екіншіден  – қамыс мал азығы ретінде  пайдаланылды. Бұл да Балқаш көлін  құтқаруға бағытталған үлкен  үлес емес пе?!

 

 

3.   Қорытынды

 

Қорыта айтқанда, қоршаған ортаға, табиғатқа, өмірге зияны көп құбылыстарды тежеу, тоқтату шараларын белгілеу – бүгінгі қайта құру кезеңінің  басты міндеттерінің бірі. Мұндай шаралар республика жұртшылығының  пікір – ұсыныстарын есепке ала  тырып, ғалымдар мен мамандар арасында кеңінен талқылауында. Оларды тез  арада асырудуң бағыттары мен  жолдары партия және үкімет басшыларының алдына қойылуда.

Бұл бағыттағы ең басты шаралардың бірі Балқаш пен Аралды біртұтас су айдыны ретінде сақтап қалуды, олардың  экологиялық, экономикалық жағдайларын  нашарлатпауды, су деңгейін төмендетпеуді  қамтамасыз ету болып табылады.

Аяулы табиғат – алтын бесігіміз, адам қоғамының тіршілік етуінің  ең басты шарты. Оның керекті, әлде керексіз бөліктері жоқ. Бәрі – керек. Адам үшін туған өлкенің ауасы, топырағы да, тауы мен тасы, өзен – суы, орман  – тоғайы, қос қанаттысы, мен жер  бауырлаушысы… бәрі, бәрі қымбат.

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т. Есполов, Ж. Шілдебаева – “Экология және табиғатты тиімді пайдалану”.
  2. М.Н.Биғалиев – “Аралым – арым, Балқашым - бағым”.

Информация о работе Арал тағдыры - адам тағдыры