Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 10:56, реферат
Ажыратқыш конденсатор (Разделительный конденсатор) — күшейткіш каскадтарды немесе сигнал көзін күшейткіш каскад кірісінен ажыратып, тұрақты токты өткізбей, тек айнымалы сигналды өткізетін конденсатор. Күшейткіш каскадтар арасында ажыратқыш конденсатор алдыңғы каскадтың шығысынан келесі каскадтың кірісіне кернеу немесе токтың тұрақты құрастырушысын бөгеп өткізбей, тек күшейтілген сигналдың айнымалы құрастырушысын еркін өткізіп жіберуі тиіс. Ажыратқыш конденсатор ретінде олардың қосылу полярлығын сақтай отырып, оқшаулау кедергісі өте үлкен диэлектриктерді (қағаз, пластмасса немесе слюда) және ылғалдан қорғалған конденсаторларды қолданған жөн. Олардың сыйымдылығы бірнеше мың пикофарад болуы мүмкін.