Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 10:56, реферат
Ажыратқыш конденсатор (Разделительный конденсатор) — күшейткіш каскадтарды немесе сигнал көзін күшейткіш каскад кірісінен ажыратып, тұрақты токты өткізбей, тек айнымалы сигналды өткізетін конденсатор. Күшейткіш каскадтар арасында ажыратқыш конденсатор алдыңғы каскадтың шығысынан келесі каскадтың кірісіне кернеу немесе токтың тұрақты құрастырушысын бөгеп өткізбей, тек күшейтілген сигналдың айнымалы құрастырушысын еркін өткізіп жіберуі тиіс. Ажыратқыш конденсатор ретінде олардың қосылу полярлығын сақтай отырып, оқшаулау кедергісі өте үлкен диэлектриктерді (қағаз, пластмасса немесе слюда) және ылғалдан қорғалған конденсаторларды қолданған жөн. Олардың сыйымдылығы бірнеше мың пикофарад болуы мүмкін.
Ажыратқыш конденсатор
Ажыратқыш конденсатор (Разделительный конденсатор) — күшейткіш каскадтарды немесе сигнал көзін күшейткіш каскад кірісінен ажыратып, тұрақты токты өткізбей, тек айнымалы сигналды өткізетін конденсатор. Күшейткіш каскадтар арасында ажыратқыш конденсатор алдыңғы каскадтың шығысынан келесі каскадтың кірісіне кернеу немесе токтың тұрақты құрастырушысын бөгеп өткізбей, тек күшейтілген сигналдың айнымалы құрастырушысын еркін өткізіп жіберуі тиіс. Ажыратқыш конденсатор ретінде олардың қосылу полярлығын сақтай отырып, оқшаулау кедергісі өте үлкен диэлектриктерді (қағаз, пластмасса немесе слюда) және ылғалдан қорғалған конденсаторларды қолданған жөн. Олардың сыйымдылығы бірнеше мың пикофарад болуы мүмкін. Сондай-ақ ажыратқыш конденсатор электронды-сәулелік аспаптың бейнеленетін, берілген немесе түрлендірілетін кескіннің ұсақ бөліктерін айырып тану қабілетін сипаттайды. Қабылдағыш электронды сәулелік аспаптарда ажыратқыш конденсатор ажыратылып көрінетін немесе кескіннің берілген айқындылығына сәйкес келетін кескін элементтерінің өлшемі немесе санымен анықталады. ЭСА экранында электрондық сәуле сызып шығатын сызық енімен; биіктік, диоганаль немесе экран диаметрі бойынша не ұзындық бірлігіндегі жеке бейнеленетін сызықтардың (штрихтардың) ең үлкен санымен; жолдағы кескін элементтерінің максималды санымен сипатталады. ЭСА-да Ажыратқыш конденсаторды теледидарлық сынақ кестесінің берілетін кескініндегі оны жоғары ажыратушы күші бар видеобақылау құрылғысының экранында қайталап шығарғанда айырылып танылатын күңгірт және ашық енсіз жолақтар ("сызықтар") саны бойынша бағалайды.