Ғарыш зардаптары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 23:05, научная работа

Краткое описание

Ғарыш негізін салушы – ұлы ғалым Константин Эдуардович Циолковский есімі бүкіл әлемге әйгілі.
Ғалымның ғылыми еңбектері ғарыш кемелері мен олардың ғарышқа ұшуына арналған. Тек ракета емес, планетааралық кеме болатыны дәлелдеді. Ғарышқа ұшатын ракеталарға сұйық химиялық отын – сұйытылған оттегі мен сутегін – ұсынды.

Файлы: 1 файл

гылыми жумыс.doc

— 1.70 Мб (Скачать)

130км Семей қаласынан батысқа қарай орналасқан тұрғын әкімшілік орталық салына бастады. Алғашқыда тұрғын қалашық әскери гарнизон қызмет істеді. Семей – Конечная бекеті теміржол магнистралі құрылысының аяқталуынан соң айрықша құпиялығына байланысты «Москва – 400» атауына ие болды. 1947 жылдан бастап қала статусына ие болып. Курчатов аталынды. Әлемге Семей – 21 ретінде белгілі. Қаланың тарихи ядролық қару базасының құрылу тарихымен ажырамас байланыста.

 

 

     40 жыл ішінде Семей сынақ аумағында 200 – ден астам әуе жарылысымен 340 – тан астам жер асты жарылыстары болған.

  Осы 500 – ден астам жарылыстардың қуатына назар аударайықшы. Мұндағы жер асты және ауадағы ашық жарылыстарда қолданылған әр түрліжарылғыш заттардың (уран, плутоний, сутегі) қуатты 20 кг – нан бірнеше мегатоннаға жеткен. Егер ең кіші жарылғыш заттардың қуатын 100 кг деп алсақ, онда барлық жарылғыш заттардың қуаты 50 мегатоннаға  жетеді екен. Оның 20 мегатонна қуаты жер үсті (ауадағы) қопарылыстарға сәйкес келсе, 30 мегатоннасы жер асты қопарылыстарына сейкес келеді. Ал енді осындай жарылыстар кезіндегі атмосфераны ластайтын әртүрлі қысқа толқынды сәулелер мен радиакция бөлшектерінің әсеріне тоқталайық ауадағы жарылыстар барысында бөлінетін уранның боилогиялықөте қауіпті қалдықтрды бүкіл оңтүстік – батыс Қазақстан мен оңтүстік облыстарға дейін тарап, Жезқазған, біздің Жамбыл облыстарына дейін жеткен. Бұлар барлығы 10000 кг болатын әр түрлі  активті альфа, уран мен плутоний изотоптары.

   Биологиялық өте активті гамма –, альфа –, бетта – қоздырғыштар тағам, су, ауа арқылы адамның ішкі организміне еніп, адамның ең негізгі органдары: бүйрек, өкпе, бауыр, сүйек сияқты органдарын зақымдайды.

   Семей сынақ аймағында барлық жалпы қуаты 20 мегатонна болатын 100 – ден астам биіктігі 2 метрден 2000 метрге дейін көтерілетін әр түрлі ядролық және термоядролық қопарғыш заттар пайдаланылған. Әрбір қопарылыс кезінде ауаның температурасы бірнеше миллион градусқа жетіп, үлкен қысым түсірген. Массасы 10000 кг – нан асатын әр түрлі биологиялық қауіпті альфа активті радионуклиттер (уран-235, плутоний-239 және олардың қалдықтары) сынақ аймағынан тысқары жерде таралып, ауаны ластаған адамзат, бүкіл жангуарлар дүниесіне қауіп төндірген. Бұндағы тұрғын халық бір қопарылысьтың өзінен 10 бэр дан 100 бэр ге дейін доза лалған. (бірақ бұдан 20-30 жыл бұрын мұны айтығада, медициналық тексерістер жүрзізунге де болмайтын еді ғой).

   Семей сынақ аймағы – бұл – Дегелен, Мыржық, Балапан жер сияқты Қазақстанның оңтүстік – батыс пен оңтүстік бөліктері. Мұнда қызір тереңдігі 200 – 600 метр болатын көлемі бірнеше миллиондаған куб метр болатын бос кеңістік пайда болған. 400 жыл ішінде болған қопарылыстың қуаты Чернобыль АЭС – дағы 4 – блок жарылғандағы авариядан (50 – 55 млн кюри) бірнеше мың есе асып түседі.

    Біздің Республикамызда көптеген уранның көзі табылды. Уранды игеруде біздің Республика теқ қана ТМД елдерінде ғана емес бүкіл дүние жүзінде алдыңғы орынға ие болып отыр. Бірақ осы урнды өңдеу барысында атмосфераға әр түрлі улы қоспалар мен газдар шығарылуда, мұның өзі біздің республикамызда ауаның көп мөлшерінде ластануын туғызуда.

    Уран өндірудегі алынған қалдықтар жерге қайтадан кеміліп тасталынады. Соның өзіеде де бұл көмілген улы қоспалар ол жердің топырағын, жер асты сулрын зақымдайды. Көптеген жерлерде ауыз суды басқа жерлерден тасып әкелуге мәжбүр етіп отыр.

   

 

Қазғарыштың жаңа белестері

   Жақында ғана Қазақстан Республикасының ғарыш қызметін өрістетудің 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасы қабылданып, ғарыштық саланы дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары айқындалды. Ғарыштық-зымыран қызметінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, еліміздің Қарулы күштерін жетілдіру мен жаңартып отыруда да үлесі зор. Солай бола тұра, еліміздегі бірегей ғарыш айлағы «Байқоңырдан» ұшып шығатын зымырандардың ауаны ластайтыны жөнінде және қоршаған ортаға тигізген зардаптары жөнінде пікірлер жиі айтылып жүр. Дегенмен, оның әлемдік деңгейдегі беделі талай адамды тамсандыратыны да жасырын емес. Қазір «Байқоңырды» Қазақстаннан Ресей жалға алып отыр. Көптеген келісім-шарттар жасалды.

                             


   Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің биылғы жылғы жаңа белестерінің бірі – мемлекетіміздің қолдауымен Байқоңыр мен Жезқазған қалаларында «Инфракос-Экос» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының тұрақты және жылжымалы химия-лық-экологиялық зертханаларының ашылуы болды.
   Осыдан үш-төрт жыл бұрын болған Қызылорда облысының Қармақшы ауданында РС-20 «Днепр» және «Протон» зымыран-тасығыштарының Жезқаз-ған қаласының іргесіне құлап түсіп, халық көңілінде үлкен үрей туғызғаны бәрімізге аян. Сол кезде қоршаған орта нысандарының зияндылық әсерін анықтау үшін топырақ қабаттарының сынамасын ұшақпен тасымалдап, Алматыға тексеріске апаруға тура келген.
Зертхананың ашылуы штаттық ұшу немесе апаттық жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында аналитикалық қамтамасыз етуге және қоршаған орта нысандарындағы зымыран жанармайының құрамдас бөлігін анықтауға арналған.
   Бұрынырақ болған апаттарды еске алсақ, 1999 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы және Жаңаарқа аудандарында болған «Протон» зымыран-тасығыштарының апаты салдарынан экологиялық зардаптарды анықтауға Қазақстан тарапынан қоршаған ортаға ти-гізген шығындарды талап етуге ешбір әдістемелік құралдар немесе зымыран отынының зиянды әсерін анықтайтын және оның ыдырау өнімдеріне сараптама жасайтын арнайы зертханалардың болмауынан мүмкін болмады…
Сол кезде Ұлттық ғарыш агенттігінің еншілесі болып табылатын «Инфракос-Экос» мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2001 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы ғарыштық-зымыран қызметінің қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына тигізер зиянды әсерін азайтып, оны сараптап отыру мақсатында құрылған болатын.
   Міне, содан бері «Инфракос-Экос» мекемесі көптеген штатты ұшырылымдар мен екі зымыран апаты зардаптарын жоюға қатысып, сараптамалар жасады.
   Ғарыштық-зымыран қызметінің зиянды әсерінің адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға тигізетін әсерін болдырмау үшін ең әуелі ластаушы заттардың ауада, суда, топырақта, өсімдіктерде және биологиялық материалдарда бар-жоғын анықтауды қадағалау қажет.
Бүгінгі таңда ұшырылымдардың қоршаған ортаға ти-гізетін зиянды әсерін бағалауға жаңаша әдістер мен жаңа көзқарас қалыптасты-руымыз керек. Атап айтсақ, зымыран жанармайының құрамдас бөліктерінің химиялық өзгеріске ұшырау өнімдерінің топырақ жынысы мен өсімдік қабаттарында, суда, биологиялық организмдерде анықтау жолдары.
Ол үшін жүйелі түрде экологиялық мониторинг жүргізіп отыру қажет, әсіресе, сынама құрамында зымыран жанармайының құрамдас бөліктері тіпті аз мөлшерде болса да өте дәл анықтайтын көпмақсатты сараптамалық                     әдістерді                                қолдану қажет.
    Апаттық ұшырылымдар болған жағдайда экологиялық жағдайды бағалауға химиялық-сараптама құралдарының жетіспеушілігі осы уақытқа дейін өзекті мәселе болып келді. Гептилдің физикалық-химиялық қасиеті мен оның жылдам реакцияға түсу қабілеті зымыран жанармайының құрамдас бөліктерінің концентрациясы апат болған күннің ал-ғашқы тәулігінде-ақ топырақта жедел төмендеп кетуін, ал ауада тез таралуын арнайы сараптамалық құрал-жабдықтарсыз анықтау мүмкін емес.
    Осыған орай, «Инфракос-Экос» мекемесінің жоғарыда аталған екі апаттың қоршаған ортаға келтірген зардаптарын зерттеудегі тәжірибелері мен мамандарының жоғары кәсіби дайындықтарын ескере отырып, 2006 және 2007 жылдары болған апаттардың себептері мен салдарын зерт-теуге құрылған Қазақстан мен Ресейдің үкіметтік комиссияларының хаттамаларымен, осы мекеменің құрамында заманауи құралдармен жабдықталған аймақтық зертханалар ашу шешімі қабылданған болатын.
    Сөйтіп, 2010 жылдың шілде-тамыз айларында Қазғарыштың қатысуымен Байқоңырда (зымыран-тасығыштардың ұшу ауданында) және Жезқазған қаласында (зымыран-тасығыштардың бірінші сатылары көп құлайтын аудандарында) тұрақты және жылжымалы зертханалар ашылды. Сонымен қатар, Алматы қаласындағы бас зертхананың материалдық-техникалық негізі жаңа сараптамалық құралдармен толықтырылды. Бұл зертханалар жаңа талаптарға сай сараптамалық аспаптармен, зертханалық жабдықтармен, жедел хабар байланыстарымен, химиялық ыдыстармен реактивтермен, және мамандарға арналған арнайы қауіпсіздік киімдерімен жабдықталды.
Ал жылжымалы зертханалар екі КамАЗ көлігінде жасақталған: бірі –

5 адамға арналған жатын бөлмесі бар жиһаздалған фургон болса, екіншісі – зымыран жанармайының құрамдас бөліктерін анықтауға арнал-ған сараптамалық жедел-зерттеу құралдарымен жабдықталған. Көліктер жеке электр, жылу және ауа алмастыру жүйелерімен қамтамасыз етілген.

2009 жылы бұл көліктер екі ұшырылымға экологиялық қостау көрсету нәтижесінде өндірістік сынақтан өткізіліп, жұмыс жасайтын мамандарға өте ыңғайлы, әрі жайлы екеніне көз жеткіздік.
    Екінші көліктегі жылжымалы зертханада: суырма шкаф, электр дистилляторы, техникалық және дәл электронды таразылар, құрғату шкафы, су моншасы, электр пеші, сілкігіш, магнитті араластырғышы орналастырылған. Сондай-ақ, ауадағы газ сынамаларын, бу және аэрозольдерді зерттеу үшін аспиратормен, топырақ сынамалар үшін бұрғымен, су және батпақ сынамаларын алатын аспаптармен жабдықталған.
     Зертханалар бұдан басқа да қондырғылармен: кондиционер, компьютер, ноутбук, ғарыштық байланыс және арнайы құралдармен жасақталған.
Мұндай жабдықтар төтенше жағдайларда халықаралық стандарттарға сай, ғарыштық-зымыран техникасының штаттық және апатты жағдайда олардың кері әсеріне ұшыраған аймақтарға кешенді экологиялық бақылау жұмыстарын жоғары деңгейде жедел жүргізуге мүмкіндік береді және жыл мезгілінің қай күні болса да сапарға шығуға сақадай сай болып тұрады.
«Машина жасау ғылыми-өндірістік бірлестігі» әскери өндірістік корпорациясы ААҚ №1 базасының (Ресейдің) өкілдері айтқандай, бүгінгі күні Ресейдің ғарыштық-зымыран қызметін сараптайтын зертханаларында дәл осындай құралдар жеткіліксіз.
     Сондықтан да, «Инфракос-Экос» мекемесінің жаңа зертханалары Қазақстан Республикасының ғарыштық-зымыран қызметінің зиянды әсеріне ұшыраған аймақтарына экологиялық бағалау жұмыстарын сапалы жүргізуіне, және дер кезінде шұғыл ақпарат алуына бар жағдай жасалған.
Экологиялық зерттеулер нәтижелері барлық басқару және жергілікті атқару органдарына, көпшілік қауымға және бұқаралық ақпараттық құралдарына таратылып отырады.
     Бұл жетістіктер Қазғарыштың көпжылдық еңбегінің жемісі, әрі жаңа белестері деп білеміз.

Біз өмір сүріп отырған ортада атмосфераның негізгі үш ерекшелігін атап көрсетуге болады.

   Біріншіден, адам өмір үшін қажетті ауаның белгелі бір құрамдары t-сы және p болуы шарт.

   Екіншіден, атмосфера химиялық радиация, күннің әсіресе күлгін сәулелері, метеорлар, космос тозаңдары сияқты планетаарлық кеңістіктегі өмірге қауіпті факторларды адам өміріне зиянсыз етіп өткізетін сүзгі тәрізді.         

   Үшіншіден, атмосфера дыбыстың таралуы, қозғалыстарға кедергі келтіретін аэродинамикалық күштер әр түрлі механикалық және физикалық құбылыстар өтетін орта. Атмосфера адамды демалатын оттегімен қамтамасыз етеді, оттегі құрамы биіктеген сайын азая береді, теңіз деңгейінен 5 км-дей биіктің өзінде адамға оттегі жетіспейді, белгілі дәрежеде үйреніспеген адамның жұмыс қабілеті, өте төмендейді, бұлай болу себебі барометрлік қысымның айтарлықтай азаюымен түсіндіруге болады. Ғарыш деген ұғымға байланысты ғарыштағы адам өмірі үшін ең үлкен қауіптің бірі- ғарыштық радиация.

    Əлемде əр жылдары барлығы шамамен 30 ғарыш айлағы жұмыс істеген.

Қазіргі таңда əлемнің түкпір-түкпірінде 15 ғарыштық айлағы белсенді түрде

пайдаланылады. Солардың ішіндегі ең ірісі — Қазақстан жерінде орналасқан

«Байқоңыр» кешенді ғарыш айлағы. 1953 жылдан бері іске қосылған бұл

ғарыш айлағын Ресей мен Украина пайдаланады. Бүгінде «Байқоңыр»

дүниежүзіндегі негізгі ғарыш айлағы болып саналады жəне одан барлық

дерлік ракета тасушылар ұшырылады. Барлық пилоттық ұшырулар тек

«Байқоңырдан» жүргізіледі жəне ол жүзеге асырылған ұшқыштық ұшырулар

саны жағынан əлі де əлемде бірінші орын алады. Өкінішке орай бірінші

ғарыштық айлақтың айбандылығынан басқа жағымсыз жағы да бар — ғарыш

айлағының халық пен қоршаған ортаға экологиялық зияны айтарлықтай.

    Мысалға, ұшырылған ракетаның бірінші сатысы алдымен Ұлытау жеріне

келіп түседі. Қазірдің өзінде 10 мың кв. км. жерде гептил жатыр. Бірақ оның

анық қай жерде жатқанын дəл табу мүмкін емес. Ракеталық сұйық жанармай

отыны ретінде қолданылатын гептил аса зиянды. Ол қоршаған ортаға тараған

кездегі қауіп жоғары ұшпалылықпен, шексіз түрде суда ерумен, көшіп-қону

мен жинақталуға бейімділікпен, жердің терең қатпарлары мен өсімдіктердегі

жоғарғы тұрақтылықпен белгіленеді. Бұл қауіп жағынан бірінші тұратын зат,

оның қандай да болсын жолмен организмге түсуі өте қауіпті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

       Қазақстан жері, жерінің байтақ табиғатының көрікті болуымен қатар, аң – құсқа, малға қолайлы жағдай туғызатын жер еді. Қазіргі таңда қазақ елінің табиғаты бүлінді. Радиоэкологиялық апатқа ұшыраған аймақтардың саны қаншама десеңізші! Қоршаған ортаның  радиоактивтік және токсикологиялық улануы жағынан жер бетінің ешбір халқы да, табиғи жүйесі де дәл Қазақстан халқындай және табиғатындай зардап шеге қоймаған шығар сірә?! Бұлай деуіміздің себебі – Семей облысында атом бомбасының және термоядролық сынақтар өте құпия және қатыгездікпен өткізіліп отырды. Атом бомбасы жарылған терроториялардың радиациялық фоны қалыпты деңгейден асып түсті. «Бәріде халық үшін, бәрі де адам игілігі үшін» деп аттанған ұрандар арқылы халыққа зор кесапат әкелінді. Сынақтан кейінгі пайда болған улы шаң атмосфераны, жерді, суды бүлдірді. 42 жыл бойы жүргізілген сынақтар мен қатар радиоактивті қалдықтар жер астына көміліп келді. Жерімізде антропогендік шөлейттену процесін бастан кешті.   Егіншілікке пайдаланылатын жердің өнімділігінің төмендеуі, жайылымның нашарлауы, шабындық аймақтардың азаюы, судың, топырақтың химиялық, радиоактивтік қалдықтармен ластануы мұның бәріне себеп – атом қаруының сынақтары, космосты зерттеу, әскери полигондар дер едік. Олардың кесірінен озон қабаты 10% дейін жұрақған. Соның әсерінен жер бетінде ультракүлгін сәуленің деңгейі жыл санап жоғарлауда. Жердің жылуының, яғни температурасының жылдан – жылға жоғарлауы күрделі де, қиын экологиялық проблемалардың бірі. Семей полигонында 42 жыл бойына жер үстінде, ауада және жер астында қуатты ядролық жарылыстар өткізіліп келді.

    Нақты деректерге сүйінсек, 1949 – 1963 жылдар аралығында 11 рет ауада, 322 рет жер бетінде жарылыс жасалды. 1963 жылдан бастап ядролық сынақ тоқтағанға дейін полигонда 343 сынақ жер астында өтті. Осы сынақтар нәтижесінде «Атом көлі» пайда болып, ауаға радиоактивті газдар тарады. Жалпы бұл сынақтар Қазақстанның кең аумағында радиоактивтік ластану дәрежесінің өсуіне әкеп соқты. Жер асты сынақтары экологиялық тепе – теңдікті бұзып, бүгінге дейін жалғасын отырған шөлейттену процесіне әкелді. Сынақ кезінде күлді Менделеев таблицасындағы элементтердің изотоптары пайда болатын бұл күнде ешкімге құпия емес солардың арасында, ең зияндысы – «Стронций – 90», «Цезий – 137», «Плутоний – 238» тағы басқалар.

    Жалпы айтқанда, біз планетамызға қол ұстатқандай айқын экологиялық қауіп төнген тұста абыройсыз кезеңде өмір сүріп отырмыз. Біздің экологтардың ұсыныс, ғалымдарымыз қоршаған ортаға зияны тимейтіндей жаңа технологиялар жасап, жетілдіруге ерекше назар бөлсе, біз келешектен мол үміт күтеміз.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1. Интернет желісі

2.Математика және Физика ғылыми – әдістемелік журналы №6 (24), 2005

3.Математика және Физика ғылыми – әдістемелік журналы №4 1999

4. Математика және Физика ғылыми – әдістемелік журналы №4, 2003

5.Алгорифм физикалық – математикалық  Республикалық журналы                                                                 6.Айгөлек балалар журналы   4 (105)

7.Физика оқулығы, жаратылыстану – математика бағыты 11 сынып Алматы  

        «Мектеп» 2011ж 

8. “Егемен Қазақстан” газеті  2009, 11 сәуір

9. “Физика Қазақстан мектебінде” 2009

10.“Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар”. ЖШС баспасы 2007, №3

11. “Алгорифм журналы”. Алматы баспасы 2006, №6

1

 



Информация о работе Ғарыш зардаптары