Ғарыш зардаптары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 23:05, научная работа

Краткое описание

Ғарыш негізін салушы – ұлы ғалым Константин Эдуардович Циолковский есімі бүкіл әлемге әйгілі.
Ғалымның ғылыми еңбектері ғарыш кемелері мен олардың ғарышқа ұшуына арналған. Тек ракета емес, планетааралық кеме болатыны дәлелдеді. Ғарышқа ұшатын ракеталарға сұйық химиялық отын – сұйытылған оттегі мен сутегін – ұсынды.

Файлы: 1 файл

гылыми жумыс.doc

— 1.70 Мб (Скачать)


 

                                         Кіріспе

 

    Адам баласының қоғамдық дамуы үздіксіз өсіп, өрістеп отыратын күрделі процесс. Қаншама болдым-толдым десе де адам баласы қол жеткен табыстармен шектеліп қала алмайды, ол әрқашан көбірек білуге құштар болады да тұрады. Өйткені, бізді қоршаған әлемде әлі де болса ашылмаған сырлар, шешілмеген жұмбақтар, жүрілмеген жолдар баршылық.

    Ғарыш негізін салушы – ұлы ғалым Константин Эдуардович Циолковский есімі бүкіл әлемге әйгілі.

    Ғалымның ғылыми еңбектері ғарыш кемелері мен олардың ғарышқа ұшуына арналған. Тек ракета емес, планетааралық кеме болатыны дәлелдеді. Ғарышқа ұшатын ракеталарға сұйық химиялық отын – сұйытылған оттегі мен сутегін – ұсынды.

   Адам баласының ұшқыр ойымен ақылы әлем құрылысының таңғажайып сырларын ашуға бағытталғанымен XX ғасырға дейін планета аралық кеңістікті зерттеудің ғылыми негізін жасауға мүмкіндік болмады.

Ракеталық  - космостық техниканың тұңғыш ғылыми негізі қалағанына көп уақыт өткен жоқ. Ғарыш ғасыры деген сөз бүгінгі жасампаз өміріміздің ғажайып сипаттамасы болып естеледі. Ғарыш десе көңілге туған топырақ төсіндегі Байқоңыр келеді.

 

                            

 

   1961ж. 12 сәуірде Гагарин қазақ жерінен космос әлеміне ұшып шықты. Ол бірден бірнеше дүниежүзілік рекордтар жасаған күні авиация және космонавтика халықаралық ұйымдары «Гагарин қайдан, нақты қай жерден ұшып шықты, оның рекордтарын ресми тіркеу үшін ұшқан жерін нақты айтыңыздар» деген талап қойды. Сонда осы уақытқа дейін құпия болып келген Сырдария жағасындағы Төретам стансасын ұшқанын білдірмес үшін сол жерден тура солтүстікке қарай орналасқан Жезқазған жеріндегі, Қарсақбай қасындағы Байқоңыр деген елді- мекенді еске түсіріп, Гагарин ұшқан жерге соның атын бере қойған. Содан тұңғыш космонавт ұшып шыққан жер Байқоңыр деп аталып, қазақ сөзі әлемге таралып кетті.

                                   

 

  “Восход – 2” кемесімен ғарышқа алғашқы қадамды орыс ғарышкерлерді Павел Иванович Беляев пен Алексей Архипович Леонов жасады. “Восход – 2”кемесі 1965 жылдың 12 наурызында барлық құралдармен жабдықталып ұшырылды.

             

    1965 жылы 23 сәуірде бірінші спутник ұшырылды. 1967 жылы осы спутник жердің түсті суретін түсірді. Спутник күн батареялары арқылы зарядталады.

                         

  “Лунаход-1” – Станция “Луна-17” аппаратпен бірге  “Луноход-1” 1970 жылдың 10 қарашасында ұшырылды. “Луноход-1” салмағы      756 кг. 10,5 айдың ішінде “Луноход-1” ғылыми зерттеу жүргізді.

 

 

 

 

                               Ғарышты игерудегі жетістіктер

                  

    1991 жылы қазанның 2-і күні Байқоңырдан қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады. Тоқтар аға Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, авиация генерал- майоры. Ол кісі орбитадан алғаш рет қазақша сөйлеп, космос әлеміне қазақ сөзін таратты. Екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев бірнеше мәрте ұшып, 1 жылға жуық уақытын ғарыш кеңістігінде, орбитада өткізді. 1998 жылы орбитада 7 ай жүріп, 7 рет ашық аспан әлеміне шықты. Осы ерлігі үшін, әлемдік рекордтарды тізетін, Гиннес кітабына аты алтын әріппен жазылды.

    Қазақстандағы Байқоңыр космодромынан ғарышқа самғап ұшқан халық батырлары – Ұлы Отанымыздың мақтанышы.  Ол туралы ойлар алғаш рет Циолковский еңбектерінде қарастырылды. Әрине Циолковскийге дейін де ауасыз кеңістікте ұшу заңдылықтарын қарастырған кейбір зерттеулер болғандығын ескерте кеткен жөн.

 

                                       

 

  Т. Мұсабаевтың ғарышқа алғашқы сапары 1994 жылдың 1 шілдесінде

ЭО-15-тің құрамындағы “Союз ТМ-19” техникалық ғарыш кемесінде жүзеге асты және оған 126 тәулікте сәтті ұшу сапары үшін “Халық қаһарманы”, “Ресей Федерациясының Батыры” және екі елдің “Ұшқыш ғарышкері” құрметті атақтары, “2 класты ғарышкер” дәрежесі берілді. 

                          

                               

        Бірінші рет 16 шілде 1963 жылы ғарышқа әйел В.Терешкова ұшты.

Ғарышқа үш рет ұшқан ғарышкерлер: В. А. Шаталов, А. С. Елисеев, Г. М. Гречко, В. В. Коваленок, В. В. Горбатко, Л. И. Попов, В. В. Рюмин, В. Н. Кубасов, Н. Н. Рукавишников, П. И. Климук, А. А. Волков, Л. Д. Кизим, Ю. В. Романенко, В. А. Ляхов, В. П. Савиных.

Ғарышқа бес рет ұшқан ғарышкер: В. А. Жәнібеков

 

                                    

 

Зымыран зардаптары қазақ жерiн қашанғы бүлдiре бермек?

        Бiрден басын ашып айтайық, Қазақстан  аумағында Ресей Федерациясы Қорғаныс минис­трлiгiнiң бес әскери полигоны орналасқан. Ендi соларды саусақпан санап, атқаратын мiн­деттерiне тоқтала кетейiк.

    Бiрiншiсi, Астрахань облысының Ахтубинск қаласындағы В.П.Чкалов атындағы №929 ұшу-сынақ орталығы. Ол орталықтың Қазақстандағы Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумақтарында әскери полигондары орналасқан. Оларда қару үлгiлерi жаздық сынақтан өт­кiзiледi, сондай-ақ, Ресей Федерациясы әскери-теңiз флотының бөлiмшелерi әскери жаттығу жасайды.

   Екiншiсi, бұрынғы Жезқазған, бүгiнгi Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының аумағындағы №10 сынақ полигоны (Сарышаған). Ол зымыранға қарсы және әуе шабуылынан қорғаныс (ПВО) қарулары мен әскери техникасын, сондай-ақ, стратегиялық мақсаттағы зымырандар әскерi мен әскери-теңiз флотының баллистикалық зымырандарын зерттеу мен сынақтан өткiзуге арналған.

  Үшiншiсi, Ресейдiң Астрахань облысында (Капустин Яр) және Қазақстанның Батыс Қазақстан облысында орналасқан №4 сынақ полигоны. Мұнда қару үлгiлерiне жаздық сынақ жасалады.

    Төртiншiсi, Қазақстанның Ақтөбе облысы аумағындағы №11 сынақ полигоны (Ембi). Онда зымыранға қарсы және әуе шабуылынан қорғаныс әскерiнiң қаруларына ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргiзiледi және сынақ жасалады.

    Бесiншiсi, баршамызға таныс “Байқоңыр” ғарыш айлағы немесе Қызылорда облысында орналасқан №5 сынақ полигоны. Зымыран тасығыштардың бастапқы сатыда бөлi­нген тораптары Қазақстанның, Түрiкменстанның және Ресей Федерациясының әртүрлi аймақтарына құлайды. Әзiрге бұл — Ресейдiң ұшу бағдарламаларын орындау және “Мир” үлгiсiндегi iрi орбиталық кешендердi ұшыру үшiн қолданып отырған бiрден-бiр ғарыш айлағы. Ресей ғарышқа ұшырған барлық зымыранның онының жетеуi осы ғарыш айлағының үлесiне тиедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

     Ресейдiң экологиялық қауiпсiздiк жөнiндегi ведомоствоаралық комиссиясы дайындаған “Экологиялық қауiпсiздiкке ғарыштық қызметтiң әсерi туралы” деген материалда (1994 ж.) былай деп жазады: “Тәжiрибелiк және оқу зымыран тасығыштарын ұшырғанда олар өздерi өткен ауқымды аумақты ластайды. Зымыран тасығыштың бөлiнетiн торабының конструкциялық бөлшектерi де, отынның жанбай қалған компоненттерi де табиғи нысандарға елеулi зиян келтiредi. Зымыран тасығыштың бөлiнетiн торабы құлаған жердiң гидрометеорологиялық және географиялық ерекшелiктерiне қарай бiр мәрте ластанған аймақтың ауқымы бiрнеше гектарға жетуi мүмкiн, оның сыртында зымыранның сұйық отынының компоненттерi мен оның жануынан пайда болған заттар табиғи сумен араласып бiрнеше жүздеген шақырым қашықтыққа кетедi”.

  Әртүрлi баллистикалық зымырандар мен зымыран тасығыштар iшiнде қоршаған орта мен адам денсаулығына аса қатерлiсi — “Протон” үл­гiсiндегi зымырантасығыш. Әлемдегi ең қуатты бұл зымыран тасығыш адам­ға қатерлi отын — 1,2 – бисимметриялы диметилгидразинмен жұмыс iстейдi. Ал бисимметриялы диметилгидразин дегенiмiз — халыққа ұғынық­ты жалпақ тiлмен айтқанда, естiген елдiң үрейiн ұшыратын гептил. “Протон” зымырантасығыштары “Байқоңыр” ғарыш айлағынан ұшырылатыны белгiлi.

   Төңiрекке тараған 0,01 мг/л гептил санаулы минуттан кейiн-ақ адам ағзасын айтарлықтай уландырады. Ресейдiң экологиялық қауiпсiздiк жөнiндегi ведомоствоаралық комиссиясының материалдарында (1996 ж.) қарулы күштерде гептилдi ұзақ пайдалану салдарынан жеке құрамның денсаулығына қаншалықты керi әсер еткенi жөнiнде мәлiметтер келтiрiлген. Ал “Новая газетаның” 2000 жылғы 27 қарашадағы санында жарияланған “Ресейлiк зымырандар қайда құлайды?” деген мақалада клиникалық-эпидемиологиялық зерттеу нәтиже­сiнде белгiлi болған бiрқатар аурулар айтылады.

   Ғарыштық зымыран отынының ағзаға зиянды әсерi көп жағдайда сыртта жүретiн малшыларға тиедi. Өкiнiшке орай, кейбiреулер бейқамдық пен салғырттықтың салдарынан зымырантасығыштың далада шашылып жатқан сынықтарын ұстап көредi, тiптi тұрмыстық қажетiне жаратып жатады. Мұндайда сырқатқа шұғыл шалдығу мүмкiндiгi арта түседi. Ең қауiптiсi сол, гептилдiң радиациялық сәуле белгiсi болады. Соның салдарынан дәрiгерлердiң сыр­қатқа қате диагноз қоюы да кездеседi. Бұл өз кезегiнде тиiмдi емдеуге кедергi келтiредi.

    Ғарыштық қызметтiң экологиялық қауiптiлiгiнiң негiзгi себептерiне әскери әпербақандықты, қоршаған ортаның амандығы ескерiлмей жасал­ған зымыран-ғарыштық техникалар мен технологияны, экологиялық заңнамалардың дәрменсiздiгiн, тәуелсiз экологиялық сараптамалардың жүргiзiлмеуiн, жүргiзiлсе де оның қортындысына ешкiмнiң құлақ аспауын, ғарыштық қызметтiң құпиялығын, оған жұртшылық тарапынан байыпты бақылаудың жоқтығын жат­қызуға болады. Мiне, осындай қалыптасқан жағдайда 1965 жылдан берi бастапқыда КСРО, кейiн Ресей Федерациясы 250-ден астам “Протон” зымыран тасығышын ұшырыпты. Олар Қазақстан аумағындағы ауаға және топыраққа шамамен 375 тонна гептил мен 750 тонна азот тетра­оксидiн таратыпты. Бұл жерде апат­қа ұшыраған зымырантасығыштар есепке алынып отырған жоқ. Қазақстанда кейiнгi он жылдың өзiнде алты зымырантасығыш апатқа ұшырапты. Ал Қарағанды облысының аумағында осындай үш оқыс оқиға болған.

    “Байқоңыр” ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран тасығыштың бiрiншi сатысында бөлiнген торабы әдетте Ұлытау ауданының аумағына түседi. Ол аймақта автокөлiк жолдарының, электр байланысы желi­лерiнiң учаскелерi, Құмкөл мұнай көзiнiң вахталық поселкесi бар.        

    “Протон” зымырантасығышының қалған сатысында бөлiнетiн тораптары құлауы мүмкiн аса қауiптi учаскелер Қарағанды облысының Ұлытау және Шет аудандарының аумағына орналасқан. Олар Қызылорда — Павлодар (37 шақырым) және Екатеринбург — Алматы (43 шақырым) автокөлiк жолдары, Павлодар — Шымкент (33 шақырым) және Атасу — Алашонькоу (51 шақырым) құбырлары бойындағы ықтимал учаскелер. Бұл аймақтарда адамдар тұрады, елдiмекендер бар. Әңгiменiң ашықтығы үшiн айта кетейiк, “Протон” зымырантасығышының траекториясы Қазақстан аумағымен ғана шектелмейдi, Ресей Федерациясының Алтай өлкесiн, Хакасия, Тува, Саха республикаларын, Қытай мен Монғолияны, Солтүстiк және Оңтүстiк Кореяны, Жапонияны қамтиды. Алайда Қазақстаннан бас­қа жерде “Протон құлапты” дегендi естiген емеспiз.

    Әскери-өнеркәсiптiк кешенге бақылаудың болмауы салдарынан шетелдiк корпорациялардың тапсырыстары бойынша Ресей мен Украина ұшырған “Протон” және басқа зымырантасығыштар ғарышқа шығар­ған жер серiктерiнiң (әсiресе, телекоммуникациялық) қалдықтары Қазақстанды ғарыштық қызметтiң “қоқыс қоймасына” айналдырды. Бұл жө­нiнде Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң географиялық хабаршысындағы

(2003 ж.) “Қарағанды облысының Жездi ауданындағы геоэкологиялық жағдай” деген мақалада жан-жақты баяндалған.

    Ғылыми еңбектерден улы отынмен ұшатын зымырантасығыштардың қоршаған орта мен адам денсаулығына келтiретiн зиянды әсерiн дәлел­дейтiн талай деректi табуға болады. Ең қорқыныштысы сол, гептилмен уланған адам қатерлi iсiкке шалдығуға бейiм келедi немесе мүгедек болып қалады. Отын ыдысы (бак) құлаған кезде жанармайдың қалдығы ауаға тарайды, зымыранның бiрiншi және екiншi сатысындағы қозғалыс траекториясымен жерге шөгедi. Сөйтiп, зымыранның ұшқан бағытына қарай барлық жер бүлiнедi. Гептил төгiлген жер ондаған жыл бойы адам өмiрiне қауiптi орынға айналады. Ол соншалықты сiңгiштiгiмен ерек­шеленедi, жерге төгiлген бетте құрғақ топыраққа үш метрге дейiнгi терең­дiкке кетедi, дымқылға жеткен соң сумен араласады. Бiр ғажабы, жаңбыр жауған кезде жоғары қарай көтерiледi. Гептилдiң өзiндiк физика-химиялық қасиетi оны залалсыздандыруды қиындатады.

    Гептилдiң улылығын ескерген Ресейдегi ғарыш әскерiнiң басшылығы ғарышқа шағын нысандарды алып шығатын, улы отынмен жұмыс iстейтiн “Циклон-3”, “Космос-3М”, “Рокот” үлгiсiндегi зымырантасығыштарға тапсырыс берудi тоқтату туралы 2006 жылы шешiм қабылдады. Алайда қысқартылған бұл зымырантасығыштар негiзiнен Ресейдiң “Плесецк” және “Свободный” (бұл таяуда жабылды) ғарыш айлақтарынан ұшырылады. Ал қуатты “Протон” және “Днепр” зымырантасығыштары жөнiнде әңгiме жоқ.

   Демек жоғарыда аталған зымырантасығыштарды қысқартуға қатыс­ты жасалған қадамдар және барынша таза отын пайдаланатын зымырантасығыштар шығару шараларын қарастырған, бiрақ сынақ сәтiнiң мерзiмi қайта-қайта жылжытылып отырған “Ангар” жобасы тек ресей­лiктердiң ғана көңiлiн аулау үшiн қажет демеске дәрменiмiз жоқ. Әйтпесе, ол Қазақстандағы эколо­гия­лық қауiпсiздiк мәселесiн шешуге ешқандай әсер етпейдi. Есесiне, егер қазiргi ұшыру қарқыны сақталса, “Байқоңыр” ғарыш айлағынан таяу­дағы бес жылда жүзге жуық “Протон” көкке көтерiледi. Олардың арасында апатқа ұшырайтыны жоқ дегенге ешкiм кепiлдiк бере алмайды.

    Айтпақшы, қауiптi техникаға балама қазiрдiң өзiнде бар. Ол — керосинмен ұшатын “Союз” зымырантасығышының жаңа үлгiсi. Бiрақ коммерциялық мүддесiн қорғаған ресейлiктер “Протон” мен “Днепр” зымырантасығыштарын одан әрi пайдалануға табан тiреп отыр.

    Сiрә, Қазақстан Үкiметi осы мәселенi орайлы шешу жағын қарас­тырса орынды болар едi. Яғни гептил қолданатын зымырантасығыштарды пайдалануға үзiлдi-кесiлдi тыйым салу керек. Сонда ғана бұл күрделi мәселе азды-көптi нәтижелi шешiмiн табады.

      

Семей полигоны

 

    Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім ССРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И.В. Курчатов атқарды.1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы , 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды. Ядролық сынақтар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау мақсатында өткізілді.  Сынақ алаңдары құрылысымен қатар сынақ алаңынан

Информация о работе Ғарыш зардаптары