Муниципалды қаржы жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 16:04, курсовая работа

Краткое описание

Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады.Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байлынысты болды.

Оглавление

Кіріспe……………………………………………………………………………...3
І ҚР-ның муниципалды құрылымындардағы бюджет………………………….4
1 Жергілікті қаржының мәні мен маңызы, құрылымы………………………....4
2 Шет елдердегі жергілікті қаржының ерекшеліктері………………………..12
ІІ ҚР муниципалды құрылымдырдағы бюджеттің қазіргі жағдайы………….17
1 Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерінің көлемі мен құрылымы………………………………………………………………………...17
2 Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері шығыстарының көлемі мен құрылымы…………………………………………………………………...19
3Астана қаласының жергілікті бюджеті……………………………………….22
ІІІ ҚР-ның жергілікті бюджетінің аймақтарды дамытудағы рөлі……………25
1 Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы …………………………....25
2 ҚР жергілікті қаржы мәселелері және оны шешу жолдары…............……...27
Қорытынды………………………………………………………………………31
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………..32

Файлы: 1 файл

курсовая работа.docx

— 111.19 Кб (Скачать)

     Жергілікті  бюджет-бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік  жасайтын және билік басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасны жасауды  қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың  жиынтығы.

     Жергілікті  бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану  өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекекелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындарй арасындағы, мемлекетпен халық арасындағы қоғамдақ өнім құнының қозғалысын білдіреді.

     Жергілікті  бюджеттердің экономикалық мәні олардың  мынадай арналымында көрінеді:

     -билік  пен басқарудың жергілікті органдарының  ақша қорларын қалыптастыру;

     -бұл  қорларды жергілікті деңнейлегі  инфрақұрылым салалары мен халықтың  арасында қайта бөлу.

     Жергілікті  бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы  қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтық экономиалық әлеуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резерфтерін ашып пайдалануға мүмкіндік жасайды.

     Сөйтіп  жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейде экономикалық және әлеуметтік мәндеттерді  жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл тұтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде көрінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымға жұмсалады.

     Жергілікті  жерлердегі бюджеттің бекітілу тәртібіне  келетін болсақ, облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы  тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

     Облыстық  бюджет, республикалық маңызы бар  қаланың, астананың бюджетін тиісті мәслихаттар Президент республикалық  бюджет туралы заңға қол қойғаннан  кейін екі апта мерзімінен кешіктірмей  бекітеді.

     Егер  мәслихат белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешім қабылдамаса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының кезекті қаржы  жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім шығаруға құқығы бар, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін  қолданылады. Кезекті қаржы жылының  бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын  мемлекеттік жоспарлау жөніндегі  жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.

     Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына  арналған жергілікті қаржы жоспары  республикалық бюджет сияқты ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей  кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі. Жергілікті қаржы  жоспарын бекіту кезінде осы қаржы  жылына арналған жергілікті бюджет сол  жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей  бекітілуге тиіс.

     Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары  аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін  бекіту туралы шешімдерді қабылдағаннан  кейін бір апта мерзімде мемлекеттік  жоспарлау жөніндегі орталық  уәкілетті органға және бюджеттің  атқарылуы жөніндегі орталық  уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде сәйкестендірілген  облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын  жоспарлы жылға арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.

     Қосымшаларымен  және жергілікті атқарушы органдардың  кезекті қаржы жылының бірінші  тоқсанына арналған жергілікті қаржы  жоспары туралы шешімімен бірге  жергілікті бюджет туралы мәслихаттың  шешімі республикалық бюджет сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 

1.2 Шет елдердегі жергілікті қаржының ерекшеліктері 

     Әлемдегі  өркениетті елдердің бюджет жүйесі бұрынғы  Кеңес Одағындағы тәжірибеден өзгеше. Оларда бюджет жүйесіне орталық әкімшілік, аймақтар, жергілікті билік органдарының және әлуеметтік қамтамасыз ету бюджеттері кіреді. Бюджет жүйесінің барлық буындары бір-бірінен және орталық әкімшілік(үкімет) бюджетінен бөлек. Олардың  араларындағы тура не болмаса кері байланыстар бір бюджеттен екінші бюджетке аударма (трансферт) арқылы жүргізіледі.

     Әр  деңгейдегі бюджеттің міндеттері анық белгіленген. Орталық әкімшілік бюджеті бүкіл мемлекеттік шығындар мен бағдармаларды (қорғаныс, басқару, аппарат, күрделі ғылыми зерттеулер,т.б.) қаржыландырады. Жергілікті бюджеттер ең алдымен әлеуметтік –экономикалық, тұрғын үй(коммунальды) шаруашылығы, жергілкті көлік, сол сияқты басқа да ақсаттрады қаржыландыру үшін жауапты. Әлеуметтік қамту қорлары бюджетінен халыққа зейнет және басқа жәрдем беріледі.

     Әр  елдерде олардың мемлекеттік құрылымы, көлемі, әкімшілік –аумақтық бөлімі, саяси, тарихи, ұлттық мәдени, дәстүрлері мен ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік басқару және бюджет жүйесі буындары арасындағы өкілеттік бөлу қағидалары бірінен-бірі өзгеше болуы мүмкін. Тіпті әр деңгейдегі бюджеттер арасындағы   міндеттердің бөлінуі мемлекеттік биліктің орталықтандыру немесе орталықтандырмау  деңгейіне байланысты деуге болады. Керісінше, елдің бюджет орталықтандырылған немесе орталықдырылмағанның көрсеткіші ретінде елдің жалпы жинақ бюджетіндегі орталық үкімет бюджетінің , сонымен қатар жергілікті  билік органдары бюджетіндегі үкімет бюджетінің трансферт үлестері саналады. Бірқатар мемлекеттерде орталық үкімет бюджетінің үлесі 30-35! шамасында, басқа сөзбен айтсақ, мемлекеттің қаржы қорының үштен бірі орталықтың қолында болса, ал көпшілігінде орталық бюджеттің үлесі молырақ жинақ бюджеттің үлесі молырақ жинақ бюджеттің 50-60!-не дейін жетеді. Әртүрлі елдерде орталық бюджеттің   үлесі мұндай бірінен бірі  алшақ болуы әртүрлі себептерге, соның ішінде мемлекеттік құрылымның формасына да байланысты болып келеді .

     Жергілікті  бюджеттердің күнделікті кірістерінің ішіндегі трансферт үлесіне қарай  олардың орталық әкімшілікке  қалай тәуелді екенін байқауға болады. Орталық бюджеттен жергілікті бюджеттерге аударылған трансферттердің көлемі неғұрлым азырақ болса, жергілікті бюджеттердің қаржылық автономиясы соғұрлым күштірек болғаны. Мысалы  Исландияда , АҚШ, Люксембург, Испания, Австрия, Швеция және тағы басқа кейбір елдерде жергілікті бюджеттер автономиясы өте күшті, оның деңгейі 99-70! арасында . Өзін-өзі басқару органдарының жергілікті бюджеттерінң мұндай өте жоғары деңгейлі дербестілігі сол органдардың өзіндік табыстарына байланысты . Ол табыстардың негізі – жергілікті салықтар және бүкіл мемлекеттік салықтарға қосылған қосымшалар . Ал орталық бюджеттен жергілікті бюджетке келетін трнасферттерге келсек, олар көбінесе нақтылы мақсаттарға байланысты және оларды үкімет қатал бақылап отырады .

     Жергілікті  бюджеттерге орталық бюджеттен  трнасферттік қаржылындырудың үлесі  көп елдерде  бюдже табыстары  орталық әкімшіліктің бюджетіне  тура түсетін барлық негізгі салықтардан  құрылады, ал орталық әкімшілік бүкіл  халық табысын  аймақтарға қайтадан өзі бөліп отырады . Мұндай бюджет жүйесі аймақтардың қаржылық дербестігін төмендетеді, сондықтан жергілікті өзін -өзі басқарудың экономикалық мүмкіндіктері шамалы , орталық билікке тәуелді . Сонымен қатар іс жүзінде ондай бюджет жүйесі жергілікті биліктердің өзінің аумағын дамытып , бюджетті толтыру үшін жаңа мүмкіндіктер табуға даген ынталылығын төмендетеді, айақтарда масылдық пиғыл қалыптастырып , бай аймақтарды ңқаржы қорларын кедей аймақтарға бөліп беруін әділеттсіз анап, ішке реніш туғызыды.Өте күшті орталықтандырылған бюджет жүйесінің тек әлеуметтік- экономикалық қана емес, саяси да ұтылыстары болатыны белгілі . Мұндай жағдай халықтар арасында орны алған сепараттық көңіл-күйге экономикалық тұрғыдан дем береді.

       Осы арада « Орталықтандырылған бюджет жүйесін айақтардың өзіндік басқаруының  экономикалық негізі, олардың өзін-зі қаржыландыру негізі болатын орталықтандырылмағае бюджет саясатына қалай көшуге болады?» -деген сұрақ туындайды.

     50-60-шы  жылдары АҚШ-тың эконометрия бағдарына  бейімделген ғалым-экономистері  Ш.Тьебу, В. Баумоль, К.Белл, ал 70-80-ші жылдары Д. Фридмен, Дж.О  Коннор, Дж. Хобермас, Х.Либенетайн, т.б. орталықтандырылмаған бюджет теориясының принциптерні негіздеуге үлкен үлес қосты. Бұл теорияның мәні- әлеуметтік шығындарды қардыландыру міндеттерін орталық және жергілікті бюджеттер арасында бөліп, соңғылардың есебіне жатқызу. Бқл үшін жергілікті биліктерге жергілкті салықтардың және олрадың мөлшерін көбейту арқылы жергілкті бюджеттер табыстарының қосымша жолдарын өздері белгілеуге өкілеттік беріледі. Жергілкті салықтардан құрылған бюджет табыстары жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігі саналып, оны жұмсау да өз биліктеріне болады. 70-80 –ші жылдарда үкімет «жаңа федерализм» саясатын қолданғанының нәтижесінде АҚШ-та қазір жергілікті билік органдарын өте тиімді қаржылау жүйесі қалыптасты: жергілікті бюджеттердің  90% –ы өзіндік табыстардан құралады. Оның ішінде 90%-ы –жергілікті салықтар.

       «Салық-федерализм теориясын қолданып, ұлттық табысты орталық бюджет арқылы бөлудің деңгейін төмендеткен елдің бірі –Италия. 70-ші жылдары бүкіл елде де бюджет жүйесі біздің еліміз сияқты өте орталықтандырылған еді: орталық бюджеттің үлесә 70 % шамасына жеткен, ал жергілікті бюджеттердің  өзіндік табыстары 20% –дан аспайтын, оның ішінде жегілікті бюджеттің үлесі 11%  -ана болатын . Сол жылдары Италияда жергілікті салықтардың 97% жойылып , олардың орнына үкімет қазынасына түсетін жалпы мемлекеттік табыс салығы бекітілген . Осының нәтижесінде жергілікті билік органдары үлкен қаржы дағдарысына ұшырады. Себебі  жауапкерілігі жоқ коммуналдар  тиісті саясат жүргізді. Бұл жағдайдың сазайын тартқан орталық үкімет болды. 80-ші жылдары жаңадан келген үкімет жергілікті билік органдарынң салық автономиясын қалпына келтірді. Қазір орталық облыстық , жергілікті билік органдарының міндеттерні, өкілеттігі мен жауапкершілігі анық –айқын белгілеп, жергілікті бюджеттер автономиясын кеңейткенің нәтижесінде тек олардың ғана емес, орталық үкіметтің де бюджет тапшылығы елеулі түрде қысқарады. Коммуналдар дың дербестігі іс жүзінде кеңіген соң халықты сапалы тұрмыстық қызметпен қамтамасыз ету жұмысы да жақсарған .

     Дүниежүзілік  және отандық тарих жергілікті шаруашылықты дамытудағы , әкімшілік – аумақтық бөліністерді абаттандыру мен олардың  санитарлық жағдайын жақсартудағы , сондай-ақ әлеуметтік сфера мекемелерін ұстаудағы  жергілікті (муниципалды) қаржының маңызын  дәлелдеп отыр . Осылай әлдеқашан болған және бұл тенденциялар жиырасыншы ғасырдың 80-90 жылдары күшейді.

         Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде биліктің жергілікті органдарының бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржы ресурстарының 30-дан 60% қайта бөледі(Англия, АҚШ, Жапония, Германия және т.б.) және айақтық өндіргіш күштерін, бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда, нарықтық инфрақұрылым құрып, кеңейтуде мағызды рөл атқарады:

       -олар  арқылы өндірістік ортаны қаржыландыруға  жұмсалатын шығындардың үлкен  бөлігі өтеді(жегілікті өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын , су шаруашылығын , көлікті және басқаларын қаржыландыруға жұмсалады);

       -жергілікті  бюджет арқылы өндірістік емес  ортаның дамуы қаржыландырылады, сөйтіп , қоғамдық өндіріске жанама  ықпал жасалады;

       -тұтынудың  қоғамдық (әлеуметік) қорларын бөле отырып, жергілікті бюджеттер жұмыс күшін ұдайы молайтып отыруға мүмкіндік туғызады.

     Дүниежүзілік  қаржы теориясы мен практикасы жергілікті бюджеттер бюджет жүйесінің дербес бөлігі ретінде жұмыс істейтіндігі айқындайды. Бюджеттің дербестігі деп  аймақтық басқару органы бекітіліп  берілген кіріс базасының негізінде бюджкттің көлемін, баптар бойынша кірістер мен шығыстардың нақтылы құрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын қағида ұғынылады . Оның атқарылуы басқарудың аймақтық органдарының бұл саласындағы құқықты анықтайтын республикалық заңнаманың негізінде  жүзеге асырылады.

       Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде  ұлттық табысты бюджет арқылы қайта  бөлу «фискалдық федерализм» теориясы негізінде жүзеге асырылады.

     Теорияның мәні мынада. Бүкіл мемлекеттік шаруашылық жалпы (экономиканың мемлекеттік секторына  барлық кәсіпорындар, мекемелер және әкімшілік құрылмыдар ) көпдеңгейлі  жүйе болып келеді, онда басқарудың функцияларын деңгейлер арасында бөлу және олардың сатылас бойынша  заңды бағынышы болады. Осыған байланысты назар аударылатын мәселелер  мыналар:

       1.мемлекеттік  секторды басқару деңнейлерінің  оңтайлы саны;

       2.басқару  деңгейлерінің арасында өкілеттіктерді  оңтайлы бөлу;

       3.әлеуметтік  шығыстарды неғұрлым тиімді қаржыландыру  деңгейі;

       4.биліктің  жергілікті органдарын басқаруға   және қаржыландыруға орталық  үкіметтің араласу дәрежесі;

       5.билік  пен басқарудың жергілікті органдарының  шығыстарын қаржыландырудағы   меншікті қаражаттардың үлесі;

       6.мемлекеттік  экономиканың барлық деңгейлеріне  қаражаттарды жұмсауға бақылау  жасаудың нысаны.

       Фискалдық федерализм саясаты басқарудың жегілікті  органдарының орталыққа қаржылық тәуелділігін азайтуға бағытталған . Бұл жкргілікті бюджеттердің ғана емес , сонымен бірге  жалпы мемлекеттік бюджеттің  де  тапшылығын төмендетудің жолы, жергілікті әлеуметтік поблемаларды шешудегі нақты дербестікке апаратын жол. Бұған аймақтардың салықтық автономиясын дамыту, жалпымемлекеттік салықтарды (экологиялық, мүлік салықтары, мұраға салынатын салық, тұтынуға салынатын салық ) белгілеу жөніндегі оларға құқық беру есебінен  жетеді. Бқл орайда жергілікті органдары қаражаттарды тиімді пайдалануға ынталандырылмайтын , оларды қаржылық дербестігінен айыратын орталық бюджеттен жүргізілетін трансферттік қаржыландыру қысқарады.

Информация о работе Муниципалды қаржы жүйесі