Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 17:02, курсовая работа
Курстық жұмысымның мақсаты валюталық саясатпен валюталық бағамның және нарықтық валютаның реттелуін мен қоса жетілдіру жолдарын қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін өзара байланысқа келесі шаралар қатарын шешу керек.
1.Валюта нарығы мен валюта бағамы.
2.Валюта саясатының болашақта дамуы.
3.ҚР валюталық нарықтың мемлекеттік реттеу.
Кіріспе.
1. Валюта нарығы және валюта бағамы..............................
1.1.Валюта нарығы және валюта жүйесі...............
1.2.Валюта бағамы.....................................................................
2. Валюта саясаты....................................................................
2.1.Жалпы валюта саясатының ұғымы және түсінігі.........
2.2.Валюта саясатының .......................
3. ҚР валюта нарығының мемлекеттік реттеуі.................
Қосымша......................................................................................
Қортынды....................................................................................
Пайдаланған әдебиет:................................................................
1) арнайы валюталық режим ұғымы енгізілді. Қолданыстағы заңнамада көзделген "арнайы рұқсат режимі" ұғымынан "арнайы валюталық режим" ұғымына ауысу біржолғы арнайы рұқсат болған кезде ғана емес, сонымен бірге валюталық операция жүргізу үшін белгілі бір шарттарды орындаған кезде де валюталық операцияларды жүргізуге мүмкіндік жасайды.
4) арнайы валюталық режимнің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қатан түрде белгілеу.
Осылайша, Қазақстан Республикасы президентінің сыртқы күйзелістерге жауап ретінде валюталық шектеулерді уақытша ендіру мүмкіндігі "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57-III қолданыстағы заңымен белгіленген. Заң жобасында көзделген өзгерістер дағдарысқа қарсы шаралар ретінде валюталық шектеулерді қолдануға қатысты мемлекеттік реттеушілер үшін барынша қатаң шектерді белгілейді, арнайы валюталық режимнің тетіктерін қолданудың төтенше жағдайын және айрықшалығын және бір жылдың ішінде ырықтандырылған валюталық режимге қайтып келу міндеттілігін барынша нақты көрсетеді.
ҚР Үкiметi ұлттық валютаға девальвация қаупi ҚР Үкiметi ұлттық валютаға девальвация қаупi төнiп тұрған жоқ деп сендiрiп отыр. Ал еуропалық сарапшылар инвесторлар қауымына қазақстандық құнды қағаздар мен облигациялардың дефолтқа ұшырауы мүмкiндiгiн екендiгiн ескерте отырып, CDS немесе сақтандыру шараларын ұйымдастыруға кеңес беруде. Бейресми деректерге сенсек, халықаралық қаржылық топтар бiрнеше уақыттан берi дефолтты жасанды түрде қолдан ұйымдастырып, Қазақстанды өздерiне тәуелдi етуге, осылайша, қазақтың табиғи ресурстарына иелiк етуге ұмтылып жатқан көрiнедi. БҰҰ сарапшылары халықаралық нарықтағы мұнай мен металдардың құнсыздануы, дүниежүзiлiк қаржылық жүйедегi қиындықтар т.б. жағымсыз жайттардың кесiрiнен 2008 жылы 6,9 пайызға теңгерiлген ТМД мемлекеттерiндегi экономикалық өсiм көрсеткiшi биыл жыл соңына дейiн 4,8 пайызға дейiн төмендейтiнiн айтады. Олардың пiкiрiнше, әсiресе, Қазақстан, Ресей мен Украинаға келетiн шығын ТМД шеңберiндегi өзге елдерге қарағанда, күштiрек.
Девальвация – ұлттық валютаның шетелдiк валютаға шаққандағы бағамының төмендеуi. Ұлттық валютаны девальвациялау үкiметтер тарапынан елдiң төлемдiк тепе-теңдiктер дефицитiн азайту, әлемдiк нарықтағы тауарлар мен бәсекелестiк деңгейiн арттыру, iшкi өндiрiстiк қарқынды жеделдету мақсатында пайдаланылады. Девальвация экспорт өсiмiн арттырады, iшкi нарықтағы импорттық тауарлардың бағасын өсiрiп, отандық тауар өндiрушiлердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жетiлдiруге септiгiн тигiзедi. Ескеретiн жайт, валюта нарығында тепе-теңдiк сақталмаған жағдайда, экономикалық көрсеткiштерге керi әсер етедi: сыртқы қарыздардан құтылу үшiн бағамды төмендету (девальвациялау) тиiмдi, ал елдегi экономикалық ахуалды және отандық өндiрiс орындарының өнiм өндiру деңгейiн жақсарту үшiн валюта бағамын керiсiнше, өсiрген пайдалы. Демек, валюта бағамдары арасындағы өзара тепе-теңдiк сақталуы тиiс. Отандық сарапшылар қауымы теңгенiң девальвацияға ұшырауынан келетiн пайданы жоққа шығармайды. Себебi, шетелдiк валютаға шаққандағы бағамы әлсiреген теңге халықтың кiрiсiн отандық экспорттаушылардың кiрiстерiмен теңестiруге, өндiрушiлердiң бәсекелестiк қабiлетiн арттырып, тауар өндiру қарқынын күшейтуге, елдегi жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуiне сеп болады. Алайда, бұл – девальвацияның күнгейi. Ал көлеңкелi тұсы қалай болмақ?
Үстiмiздегi жылдың басында ҚР Ұлттық банкiнiң төрағасы Ә.Сайденов теңгеге девальвация қаупi төнiп тұрған жоқ деп мәлiмдедi. Ал ҚР экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Бақыт Сұлтанов сейсенбi күнгi үкiметтiк кеңесте теңгенiң құнсыздануы 10 пайыздың төңiрегiнде болатынын жеткiздi. Министрдiң айтуына қарағанда, доллардың 2009 жылға белгiленген бағамы – 123,5 теңге және “1 доллар – 130 теңге” мәселесi туралы айту әзiр ертерек”. Алайда, халықаралық және отандық тәуелсiз сарапшылар қауымы: “2009 жылы Қазақстанның ұлттық валютасы құнсызданады” деген ұстанымда. Мысалы, БҰҰ сарапшылары: “2008 жылы доллардың теңгеге шаққандағы бағамы небары 0,39 пайызға (120,30 теңгеден 120,77 теңгеге) қымбаттаса да, дүниежүзiлiк нарықтағы мұнай құнының күрт төмендеуiнiң кесiрiнен Қазақстан сыртқы қарызын өтеуде қиындықтарға ұшырайды, осының салдарынан ұлттық валюта девальвацияланып, долларға шаққандағы бағамы 30 пайызға артуы мүмкiн дейдi. Кейбiр сарапшылар пiкiрiнше, “ел экономикасының көмiрсутегiлер мен шикiзат қорларынан түсетiн қаражатқа “байлаулы” болуының кесiрiнен кейiнгi кездерi ұлттық валюта бағамы үздiксiз арзандау үстiнде”. Үкiметтiң девальвация процесiн бастауға асықпауы, халықтың теңгеге деген сенiмi күрт төмендеп, отандық банктер активтерiнiң сапасына керi әсер етедi деп қауiптенгендiктен. Әрине, ұзақ мерзiмге созылатын девальвациялық көрсеткiштi 10 пайызға бағамдаған билiк ерте ме, кеш пе, теңгенiң құнсызданғанын ресми түрде мәлiмдеуге мәжбүр болары анық. Оның үстiне, отандық тәуелсiз сарапшылардың кейбiрi теңгенiң ендiгi девальвацияға ұшырағанын айтады. 2008 жылдың қарашасы мен желтоқсанында ұлттық валютамыздың долларға шаққандағы бағамы 5 пайызға (1 жыл iшiнде) өссе, үстiмiздегi жылдың басынан берi бұл көрсеткiш 8 пайызға көтерiлiптi. Үкiмет күтпеген жерден тап берген девальвация қатерлi десе, қаржыгерлер қауымы керiсiнше, “бiртiндеп өсiп отыратын девальвация қауiптi, себебi, бағамның төмендей беру қаупi сейiлмейдi” дейдi. Өткен аптада Халықаралық қаржы қоры (ХҚҚ) Қазақстан Үкiметiне теңгенiң бағамын тұрақтандыруды жалғастыру керектiгiн мәлiмдей отырып, бағамдық саясат бағытын түбегейлi өзгерту қауiптi екендiгiн ескерттi. Ал сейсенбi күнгi үкiметтiк отырыста Әнуар Сайденов Ұлттық банк пен Үкiметi орнататын қатаң қадағалау мен бақылаудың арқасында теңге бағамы бiртiндеп өзгертiлетiнiн жеткiздi.
Сарапшыларды толғандырған басты мәселелердiң бiрi – әлемдiк нарықтағы құнсызданған “қара алтын”. Егер мұнай шикiзатына деген сұраныс күрт төмендеп, бағасы үздiксiз арзандай берсе, теңгенiң девальвациядан құтылып шығуы қиын. Былтыр бiр баррелi 150 долларға дейiн шығандаған мұнай биыл 40-45 доллардан аса алмаса, 2009 жылы ағымдық есептегi қаражат тапшылығы 15-20 млрд. долларға жетпек. Ақша тапшылығын шешу үшiн Ұлттық қор мен Ұлттық банктегi валюталық қор қаржысының жұмсалуы, қазақстандық компаниялардың арзан бағаға “пышақ үстiнен” үлестiрiлуi т.б. жағымсыз жайттар елдiң iшкi таза активтерi мен келешекте межеленiп отырған мемлекеттiң кiрiстерiн күрт азайтады. Ұлттық банктегi алтын-валюта қорының азаюы теңгенiң девальвациялану қаупiн күшейтедi.
2008 жылы 105,5 млрд. долларға жеткен жалпы сыртқы қарызды қайтару мәселесi де теңгенiң әлсiреуiне әкеп соғады. Өйткенi, Қазақстанның жалпы iшкi өнiмiнен жалпы сыртқы қарыз көлемiнiң асып түсуi, әлемдiк қаржылық дағдарыстың кесiрiнен қатары едәуiр сиреген халықаралық инвесторлардың уақыт өткен сайын азая түсуi отандық валюта нарығына керi әсер етуi мүмкiн. Елiмiздегi екiншi деңгейлi банктердiң арзан несиенiң кезiнде қарызға белшеден батуы да “жығылғанға жұдырық” болғалы тұр. Биыл банктер тарапынан өтелуi тиiс несие көлемi – $10 млрд., ал 2010 жылы – $7 млрд. Халықаралық қаржылық құрылымдардан дағдарыс басталмай тұрып алған қарыздарынан құтылуға асығатын жекеменшiк банктер елiмiздегi ақша ағынының сыртқа қарай жөңкiлуiне жол бермек. Оның үстiне, қаражат тапшылығы орын алғандықтан, отандық банктер бiрiн-бiрi несиелеуге немесе қайта қаржыландыруға мүдделi емес: “балапан – басына”. Былтыр жыл соңына қарай Президент Үкiметке сыртқа қарай ағылған қаражат ағынын тоқтатуға пәрмен берген. Ресми деректерге сүйенсек, 2008 жылы 4,8 млрд. долларға тең қаржы шекара асқан. Мұнайдан түскен қаражаттың арқасында ғана ел экономикасына құйылған шетелдiк валюта қоры өзге елге кеткен қаражаттың орнын толтыруға мүмкiндiк берген. Сондықтан төл теңгенiң келешегi халықаралық нарықтағы ахуалға тiкелей байланысты болғандықтан, ұлттық валютамыздың девальвациялануы туралы кесiмдi пiкiр айтуға сарапшылардың көпшiлiгiбатпайды.
Ұлттық валютаны құлдыраудан аман алып қалатын бiр жол бар. Ол – халықаралық нарықтағы мұнай шикiзатының қымбаттауы. Мұнай өндiрушi елдерден құрылған халықаралық ұйым – ОРЕС мамандары Жер шарындағы мемлекеттердегi мұнай қоры үстiмiздегi жылдың көктемiне дейiн жететiнiн айтады. Егер бұл дерек шындыққа жанасса, “қара алтынға” деген дүниежүзiлiк тұтынушылық сұраныс деңгейi артып, мұнай қайта қымбаттай бастайды. Көмiрсутегiлердi экспорттайтын елдер қатарындағы Қазақстанның алтын-валюта қоры қайта толығып, теңгенiң құнсыздануына жол берiлмейдi. Төл теңгенiң тағдыры АҚШ-тың күнi кеше таққа отырған 44-президентi Барак Обаманың командасына да тiкелей қатысты. Ақ Үйдiң жаңа қожайыны америкалық және әлемдiк экономиканы тұралатқан дағдарыстан шығар жолды таңдауда экспортты күшейту үшiн америкалықтардың ұлттық валютасы – долларды девальвацияласа, теңге құнсызданудан аман қалады. Сейсенбi күнi әлемдiк нарықтағы доллар құны көтерiлген: бiр еуроның долларға шаққандағы бағамы 1,28889 долларға тең болып, небары 1 тәулiктiң iшiнде кәрi құрлықтың ортақ валютасы 1,59 пайызға бiр-ақ құнсызданыпты. Ал ағылшындардың фунт стерлингi соңғы 8 жылда болмаған деңгейге дейiн күрт арзандаған. Халықаралық сарапшылар доллардың күш жинай бастауы әлемнiң Барак Обамаға мен Американың келешегiне деген сенiмiнiң артуымен байланыстырады.
3. ҚР валюта нарығының мемлекеттік реттеу.
Валюта нарығында жыл басынан бастап теңге бағамы долларға қатынасында нығайып келедi. Доллардың тұрақтылығына қазiр ешкiм сенбейтiн тәрiздi. Үкiмет жоспарлаған орташа жылдық бағам - 127 теңге. Сарапшылар, Қазақстан экспортқа шығаратын тауарларына әлемдiк бағаның қолайлы коньюктурасы қалыптасқан жағдайда, жыл аяғында доллар 123 теңге, тiптi одан да төмен болу мүмкiндiгi бар екенiн айтады. Бұл болжам. Ал тәжiрибеге келетiн болсақ, ағымдағы айда доллардың орташа бағамы қор нарығындағы сауданың шағын көлемiнiң өзiнде 1 долларға 128,00-ден 124,98 теңгеге дейiн құлады.
Теңге бағамының ауытқуына бiрнеше факторлар әсер етедi. Елдiң экспорттық операциялары ұлттық валюта бағамына ықпал ететiн басты факторлардың бiрi болып саналады. Қазiргi сәтте сауда балансында үлкен профицит байқалуда. Қазақстан ақша түрiнде импорттағанға қарағанда көбiрек экспорттайды. Сондықтан экспорттық түсiм теңгенiң бағамына ықпал ететiн қозғаушы күштердiң бiрi болып табылады. Елiмiздiң экспорт негiзiн қуат көздерi: мұнай, газ, газ конденсаты, металдар құрайды. Осылардың бағалары валюта нарығында баға белгiлейтiн негiзгi факторлардың бiрi болып табылады.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Соған қарамастан, ұлттық валюта теңгенің айырбастау бағамына қысымның өсуі жағдайларында соңғы жылдары Ұлттық Банк айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және 1 АҚШ доллары үшін 117-123 теңге шегінде (120 теңге±2%) айқын емес дәлізді сақтау бойынша айтарлықтай күш-жігер жұмсады. Бұл экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай жасады. Алайда, алтынвалюта резервтерінің ағымдағы деңгейін сақтау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін сақтау қажеттілігі Ұлттық Банктің тарапынан валюталық саясатқа арналған тәсілдерді қайта қарауды талап етеді.
1.Мұнайға бағалардың төмендеуі Мұнай Қазақстанның барлық экспортының 60%-на жуығын құрайды және қаржы нарығындағы валюталық түсімнің негізгі қайнар көзі болып табылады. Соңғы жарты жылда мұнай құнының 3 еседен астам төмендеуі бағамдық бағдарларды қайта қарауға мәжбүр етіп отыр. Дегенмен, мұнайға бағалардың өсуі басталған немесе баға деңгейлері көтерілген жағдайда ұлттық валютаның бағамын нығаю жағына қарай бара-бар өзгерту болжанып отыр.
2. Қазақстанның сауда әріптестері-елдерінде және экономикасы шикізат экспортына байланысты елдерде ұлттық валюталардың девальвациясы
Мысал үшін 2008 жылдың басы – 2009 жылғы қаңтар аралығында АҚШ долларына қатысты ұлттық валюталардың девальвациясы Ресейде 44%, Беларусьте - 28%, Украинада - 53%, Ұлыбританияда - 38%, Еуроаймақта - 13%, Норвегияда - 28%, Бразилияда – 31%, Австралияда - 27%, Канадада - 26% құрады.
Нәтижесінде 2008 жылғы 11 айда сауда әріптестері-елдерінің валюталарына қатысты теңгенің нақты тиімді айырбастау бағамының нығаюы 13% болды, ал 2009 жылғы қаңтардағы алдын ала деректерді ескере отырып - 16%. 2000 жылдан бастап теңгенің нақты бағамының нығаюы 30% болды.
Отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін айырбастау бағамына тиісті түзету қажет. Қазақстанның 1998 жылғы және 1999 жылдың басындағы тәжірибесі, сондай-ақ бәсекеге қабілеттіліктің нашарлауына ұшыраған басқа елдердің тәжірибесі ұлттық валютаның девальвациясын қоспағанда, тауар өндірушілерді қолдаудың басқа шараларының тиімсіздігі туралы куәландырады.
Теңгенің бір сәттік девальвациясының деңгейі ағымдағы деңгейге 23% аспайды, бұл аймақтың басқа елдеріндегі ұлттық валюталардың девальвациясының орташа деңгейінен төмен. Бұл, бір жағынан, бәсекеге қабілеттілікті қалпына келтіруге мүмкіндік жасайды, екінші жағынан, теңге бағамының одан әрі әлсіреуін шектейтін қосымша фактор болады.
3.Таяу жылдары сыртқы борышқа қызмет көрсету бойынша барынша жүктемесі бар екінші деңгейдегі банктер нақты мемлекеттік қолдауға ие болды және пруденциалдық нормативтерді бұзбай жұмыс істей алады
Сонымен бірге, мемлекет банк секторының сыртқы борышы бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін банк жүйесінің шетелдегі сыртқы активтерін қысқарту жөнінде қатаң шараларды қолданады.
4.Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтерін сақтау
2008 жылғы IV-тоқсаннан бастап қазіргі күнге дейін валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және айырбастау бағамын ағымдағы диапазонда ұстап тұру үшін Ұлттық Банк 6 млрд. АҚШ долларын (2009 жылғы қаңтардағы 2,7 млрд. долларды қоса алғанда) жұмсады.
Ұлттық Банк ахуалды объективті түрде бағалайды және жарияланған бағдарларға қол жеткен жағдайда девальвациялық күтулердің әлеуеті сарқылады деп санайды. Бұған қаржы жүйесіндегі теңгелік өтімділіктің тапшылығы негіз болып отыр, бұл шетелдік валютаға деген тұрақты сұранысты қалыптастыруға жол бермейді. Мәселен, 29 және 30 қаңтарда теңгелік өтімділікті шектеу жөніндегі алдын ала іс-әрекеттің нәтижесінде теңге АҚШ долларына қатысты Ұлттық Банктің қатысуынсыз нығайды. Тиісінше, айырбастау бағамының өзгерістері әлсіреу жағына қарай, сол сияқты нығаю жағына қарай да орын алуы мүмкін, бұл теңгелік өтімділіктің нарығындағы және әлемдік валюта нарығындағы ахуалға қарай (бірінші кезекте, еуро-доллар жұбының динамикасына байланысты) айқындалатын болады. Ұлттық Банк валюта нарығындағы алып-сатарлық жағдайдың туындауына қатаң түрде жол бермейді және айырбастау бағамының ауытқуларын алдын ала білуден алшақ болады (ұлттық валютаның біртіндеп әлсіреуі немесе нығаюы жөніндегі айқын трендтер көрінбейді). Сонымен қатар, алып-сатарлық жағдайларды қысқарту мақсатында Ұлттық Банк теңгенің бағамын нығайту алып-сатарларды шығындарға әкеп соқтыруы үшін дәліздің төменгі шегінен шығу құқығын өзіне қалдырады.
Сондай-ақ Ұлттық Банк оңтайлы күтулерден асатын бағамның ауытқуларына жол бермейді. Бұл ретте валюталық операциялардың қолданыстағы режиміне шектеулерді енгізу әлі көзделген жоқ.
Ұлттық Банк қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қосымша шараларды қолданды. Бірінші кезектегі шаралар ретінде төмендегідей іс-әрекеттер жүзеге асырылатын болады:
- 2009 жылғы 5 ақпаннан бастап қайта қаржыландыру ставкасы 9,5%-ға дейін төмендейді;
- 2009 жылғы 3 наурыздан бастап екінші деңгейдегі банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптар ішкі міндеттемелер бойынша 2%-дан 1,5%-ға дейін және өзге міндеттемелер бойынша 3%-дан 2,5%-ға дейін төмендетіледі, бұл банк жүйесіне 50 млрд. теңге мөлшерінде өтімділікті беруге мүмкіндік береді;
- төлем жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Ұлттық Банк бекітілген құралдарды кепілге бере отырып, банктерге қажетті қысқа мерзімді өтімділікті беруді жалғастырады;
- айырбастау пункттері банктер тарапынан да, сол сияқты Ұлттық Банктің тарапынан да қолма-қол шетел валютасының жеткілікті көлемімен қамтамасыз етіледі. Екінші деңгейдегі банктердің аймақтардағы филиалдары қолма-қол шетел валютаның айтарлықтай көлеміне ие. Ұлттық Банк сондай-ақ қосымша 600 млн. АҚШ долларын әкелді. Тиісінше, Қазақстанның аймақтары шетел валютасымен қамтамасыз етіледі, бұл халықтың тарапынан сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік жасайды. Айырбастау бағамын түзету нәтижесінде отандық тауарлардың бәсекелестік жағдайларының және экспорттық және импорт-алмастырғыш секторларда жұмыс істейтін кәсіпорындардың шаруашылық етудің қаржылық жағдайларының нәтижелі жақсаруы орын алады.
Жалпы нәтиже ретінде төлем балансының айтарлықтай жақсаруы, Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтерінің сақталуы күтіледі.
Қосымша
Валюта нарығындағы жағдай туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Мемлекеттік мекемесінің Шығыс Қазақстан филиалының мәліметтеріне қарағанда 2009 жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша облыстағы жағдай тұрақты, валютаға дүрлікпе сұраныс белгіленбеген.
2009 жылғы 11 тамыздағы жағдай бойынша облыста АҚШ долларының валюта бірлігіне орташа өлшенген сатып алу бағамы 150,39 және сату бағамы 151,12 теңге деңгейінде қалыптасты, 2009 жылғы 3 ақпанға қарағанда 25,71 және сәйкесінше 21,69 пайызға өсті.
Евроның валюта бірлігіне орташа өлшенген сатып алу бағамы 209,28 теңге және сату бағамы 214,58 теңге деңгейінде қалыптасты, 2009 жылғы 3 ақпанға қарағанда 36,77 және сәйкесінше 34,84 пайызға өсті.
Валюта нарығы. 2009 жылдың I тоқсанында валюта айырбастау пункттері арқылы негізгі (АҚШ доллары, евро және ресей рублі) шетел валютасымен операциялардың көлемінің төмендеу үрдісі байқалды.
Ағымдағы жылдың есепті тоқсанында АҚШ долларын сатып алу көлемі 24,0 млн. құрап, 9,0% -ға азайды, ал сату көлемі 125,6 млн. құрап, 12,5%-ға төмендеді.
Еуропа валютасына ұсыныс 46,9%-ға төмендеп, 2,2 млн. болса, ал сату көлемі 47,2%-ға төмендеп, 10,3 млн. құрды.
Ресей рублін сатып алу және сату көлемі 107,8 және 233,3 млн. құрап, 53,4% және 32,2%-ға төмендеді.
нарығын құру,
Қортынды
Жазылып отырған, курстық жұмысымды аяқтай келе төмендегідей қысқаша ой – тұжырымдамаларымды жасаймын. Осы курстық жұмысымның жазылу құрамы: кіріспе, үш бөлім, сегіз сұрақты, сондай – ақ қортынды, пайдаланған әдебиеттер және бірнеше қосымшалардан қамтылып отыр.
Қазақстан экономикасының шаруашылық жүргізудің нарықтық қатынастарына көшуі сатып алу сатудың нақты объектісі ақшаның ролін шұғыл қажет етеді.
Валюта нарығы деп шетелдік валютаны сатып алу жөніндегі әлеуметтік экономикалық және ұйымдық жүйесі болып табылады.
Қорытындылап айтатын болсақ қаржы нарығы құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорынын жиынтығы.
Еуропалық рынок валютаны шетелдерде жүргізілетін опеацияларға қатыстыруға негізделген қысқа және орта мергімді несиелердің халықаралық рыногы. «Еуро » сөзі тек Батыс Еуропа шеңберіндегі рынок дегенді ғана білдірмейді, ол шетел банктерінің есебіндегі валюталардың (доллар, марка, цена) қарызға беру үшін қолданылады.