Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 17:02, курсовая работа
Курстық жұмысымның мақсаты валюталық саясатпен валюталық бағамның және нарықтық валютаның реттелуін мен қоса жетілдіру жолдарын қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін өзара байланысқа келесі шаралар қатарын шешу керек.
1.Валюта нарығы мен валюта бағамы.
2.Валюта саясатының болашақта дамуы.
3.ҚР валюталық нарықтың мемлекеттік реттеу.
Кіріспе.
1. Валюта нарығы және валюта бағамы..............................
1.1.Валюта нарығы және валюта жүйесі...............
1.2.Валюта бағамы.....................................................................
2. Валюта саясаты....................................................................
2.1.Жалпы валюта саясатының ұғымы және түсінігі.........
2.2.Валюта саясатының .......................
3. ҚР валюта нарығының мемлекеттік реттеуі.................
Қосымша......................................................................................
Қортынды....................................................................................
Пайдаланған әдебиет:................................................................
Валюталық саясатты мемлекеттік реттеу.
Кіріспе.
1. Валюта нарығы және валюта бағамы........................
1.1.Валюта нарығы және валюта жүйесі...............
1.2.Валюта бағамы........................
2. Валюта саясаты.......................
2.1.Жалпы валюта саясатының ұғымы және түсінігі.........
2.2.Валюта саясатының .......................
3. ҚР валюта нарығының мемлекеттік реттеуі.................
Қосымша.......................
Қортынды......................
Пайдаланған әдебиет:......................
Кіріспе
Экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – валюта бағамы, валюта саясаты. Нарықтағы шет елдермен қарым – қатынасты жақсарту, одан әрі дамыту барысында валюта бағамы, оның тұрақтылығы, айналысқа түсу қабілеті көптеген мәселерді шешіп, біразын жеңілдетеді. Сол себептен валюта бағамын реттеу елдің халықаралық саудада алатын орнын, даму қарқынын айғақтайтын бірден – бір шама болып табылады.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Курстық жұмысымның мақсаты валюталық саясатпен валюталық бағамның және нарықтық валютаның реттелуін мен қоса жетілдіру жолдарын қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін өзара байланысқа келесі шаралар қатарын шешу керек.
1.Валюта нарығы мен валюта бағамы.
2.Валюта саясатының болашақта дамуы.
3.ҚР валюталық нарықтың мемлекеттік реттеу.
Жұмыстың зертеу пәні болып мемлекет пен Ұлттық банк арасындағы валюта қатынас жүйесі болып табылады.
Ақпараттық базасына ҚР Ұлтық Банк Агентігі. Қаржы министерлігінің инструкциялары және Қазақстандық және шетелдік эканомист ғалымдарының монографялық әдебиеттері мен ғылымей мақалалары қолданылды.
1. Валюта нарығы және валюта бағамы.
1.1 Валюта нарығы және валюта жүйесі.
Валюта (италян сөзі, сөзбен-сөз – құн) – елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем – есеп айырысу айналымын каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы .
Шаруашылық жағдайларының интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсифтендіру ( күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерін дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салаларының өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру- міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңейуіне әсер етті.Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауылшаруашылығы, тамақ өнер кәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғайуына байланысты болады.
Халықаралық экономикалық қатынастарды өндіріс пен капиталды интернациоландыру
ішкі сауда айналымдағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда – саттықты босандатуды талап етті. Өз тауарларын сартқы нарықты кедергісіз қозғалыста жүруіне транс корпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарлардың нақты түсуін жеңілдетуі, сондайақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішеі корпорациялық тауар айналымын ұлғайуы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануы қол жеткізгендіктен айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынасын терендеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық капиталдардың-өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқыны әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы болып саналады.Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел волютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылығына интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керсінше айналуын туындатады. Ол халақаралық валюта есеп айырылысу және несие қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, ол ұлтық шаруашылықтардың нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементері көне дәуірде ( ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өдіріске байлансты болғанымен оған, өзкезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керсінше де әсер (жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен ерекшеленеді.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүиесі пайда болды. Валюта жүйесі - ол экономикалық көз қарас тұрғысынан – шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатың валюта – экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық – заңдылық тұрғысынан – ол белгілі бір қоғамдық - экономикалық формация шегінде мемлекеттік –құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық , дүние жүзілік және мемлекет аралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарының пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылыды. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі. Ол қолмағол формада ( банкнотта , монета) және қолмағол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болды. Оның имиттентері ұлттық орталық банк және комирциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:
ұлттық валюта;
ұлттық валютаның шетел валютпсына айырбасталуы жағдайлары, яғни айырбастаудың екі түрі болады: а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халақаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында “еркін қолданылатын валюта” деген ұғым енгізілген.Оған америкалық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздың франк, ағылшындық фунт стерлинг;
ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль; б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
валюталық паритетің бірдейлік ережесі-валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО – да 1991 жылдан ). ХВҚ – ның Жарғысы бойынша валюта паритеттер валюта қоржының (карзина) негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерін сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатың бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатың валюталардан құралады, қазір ондағы американдық долларының үлесі шамамен 39 %, неміс маркасы – 21, жапон иені - 18, франзуздық франк және фунт стерлингтін әрқайсысының үлесі 11%- тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) 12 елдің валютасынан тұратың валюта қоржынынан құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 қаңтарынан ұжымдық валюта – еуро мен біртіндеп ауыстырмақшы;
валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгерілмелі). Мысалы, еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында 12 валюта бағамының өзара ауытқу шегі ± 15 шамасында бекітілген; 1995 жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300 – 4900 руб. аралығында, ал 1997 жылы 5750 – 6350 руб. болды. 1998 жылы валюта коридорының жоғары шегі 9500 руб. дейін көтерілді. Валюта – қаржы дағдарысы кезінде 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға шаққандағы бағамы бұл шектен шығып, диноминацияланған 15 – 25 руб. дейін көтерілді [22; 254.]. Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;
валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел эканомикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лемит белгілеу, белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық шектеулерді жойды.
төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері , СДР есепшоттары, еуро (1999 жылдан ЭКЮ – дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретің халықаралық валюта өнімділігін реттеу;
халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық банк, Қаржы министрлігі, Ресейде – валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі).
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байлансты әр елдің ұлтықвалюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен занды түрде бекітіледі.
Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие - қаражат инеституттарымен халықаралық – шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже – шарттардың негізгі міндетті – халықаралық сауда-саттық процессерінің жетілдіру, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекеттермен үкіметтер жағынан болып тұратын әртүрлі валюталық шектердің және тамыр – таныстық (проктеционизм) әрекеттерді түптамырмен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланстарда дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбас көлеміне, баға саясаты мен әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша – есептесу қатынастарың, сондай – ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымы қамтиды “Дүниежүзілік валюта жүйесі” деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретің түйін - әлемдік ақша белгілері.
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден – бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтың есептелді. Алтың монетаны халықаралық есептесуде қолдау үшін алдыменқұйма жасау, содан бақа елдін монетасын соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс шығыдарын азайту мақсатында халықаралық есеп айрысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады.
1.2. Валюта бағамы
Экономикалық мүмкіндіктер деңгейін көрсететін басты көрсеткіштердің бірі – сыртқыэкономикалық қызмет. Сыртқыэкономикалық қызмет мәліметтері сыртқы сауданың осы уақыт мезетіндегі даму деңгейі мен түрлі өзгешеліктерін нақтылайды. Сол себептен сыртқыэкономикалық қызметті реттеу мемлекет алдындағы басты мәселелердің бірі.
Сыртқыэкономикалық қызметке мемлекеттің ықпал етуі дегеніміз – оның тек сальдоны ғана реттеуі емес, сонымен бірге сыртқыэкономикалық қызмет көрсеткіштерінің жекелеген бөліктеріне әсер етіп, оны қажетті бағытқа қарай бұру мақсатында түзетулер енгізу. Бұл жерде реттеудің көптеген әдістері бар: тікелей реттеуден бастап жанама реттеу әдістеріне дейін.
Сыртқыэкономикалық қызмет нәтижесіне әсер ететін әдістердің бірі – валюталық реттеу. Мемлекет валюталық реттеу әдісі арқылы сыртқыэкономикалық қызметті реттеп, сыртқы тұрақтылыққа жетуге жол ашады.
Валюталық реттеуде валюта бағамын реттеуді қарастыру жөн. Валюта бағамын ретеу алдында бағамға әсер ететін факторларға тоқтайық. Бұл саладағы зерттеу валюта бағамына әсер ететін негізгі 3 фактордың барлығын көрсетті: экономикалық, саяси, психологиялық. Экономикалық факторларды өз алдына бағам құрушы және реттеуші деп бөлуге болады. Негізгі бағам құрушы факторлар: ЖҰӨ, төлем балансы, инфляция, ақша ұсынысы, пайыздық мөлшерлеме. Реттеуші факторларға валюталық, несиелік, эмиссиялық саясатты, салықтарды, квоталарды, төлемдерді, лицензияларды, баға саясатын, заңгершілікті, валюталық–қаржылық құрылымның тұрақтылығын жатқызамыз.
Саяси факторлардың ішінен басқарушы органдардың тұрақсыздығын, елдің ақша жүйесіне өзгертулер енгізетін саяси шешімдерді, мемлекеттің ұзақ мерзімді бағдарламаларын, экономикалық және саяси құрылымдардың арасындағы байланысты ерекше көрсетеміз.