Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 17:02, курсовая работа
Курстық жұмысымның мақсаты валюталық саясатпен валюталық бағамның және нарықтық валютаның реттелуін мен қоса жетілдіру жолдарын қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін өзара байланысқа келесі шаралар қатарын шешу керек.
1.Валюта нарығы мен валюта бағамы.
2.Валюта саясатының болашақта дамуы.
3.ҚР валюталық нарықтың мемлекеттік реттеу.
Кіріспе.
1. Валюта нарығы және валюта бағамы..............................
1.1.Валюта нарығы және валюта жүйесі...............
1.2.Валюта бағамы.....................................................................
2. Валюта саясаты....................................................................
2.1.Жалпы валюта саясатының ұғымы және түсінігі.........
2.2.Валюта саясатының .......................
3. ҚР валюта нарығының мемлекеттік реттеуі.................
Қосымша......................................................................................
Қортынды....................................................................................
Пайдаланған әдебиет:................................................................
Валюта бағамының динамикасына ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлар да әсер етеді. Глобализация кезеңінде әлемдік тауар, қаржы нарықтарындағы бағаның ауытқуы, шетел елдерінің сыртқы сауда саясаты, халықаралық сауда және қаржылық ұйымдардың қызметтері, жаңа технологиялардың пайда болуы да әсер етеді.
Валюта бағамы өзгерісінің экономикалық мағынасы тұрақты және еркін валюта бағамдары кезінде әртүрлі. Егер мемлекет еркін валюта бағамы режимін қолданса, онда өзгеріс сұраныс пен ұсыныс сияқты нарықтық күш әсерінен болады. Нәтижесінде, ұлттық валютаның құнсыздануы шетел валютасының қымбаттануына әкеледі немесе керісінше, шетел валютасының құнсыздануы ұлттық валютаның қымбаттауына әкеледі.
Тұрақты валюта бағамы кезінде валютаға сұраныс пен ұсыныстың өзгерісіне байланысты валюта бағамының ауытқуы өзгеше жүреді. Режимнің осындай түрінде Ұлттық банк валюта бағамын белгілі бір дәрежеде ұстап тұруға тырысады. Егер елде импорт өсетін болса, онда Ұлттық банк өз қорларынан шетел валютасын сатып сұранысты қанағаттандырады және керісінше.
Валюта бағамын реттеу экономиканың даму деңгейіне тікелей әсер етеді. 1999 жылға дейін Қазақстанда валюта бағамының тұрақты режимі орын алды. Осы кезеңде Қазақстанның экономикалық даму деңгейі теріс сипатта еді. Ал 1999 жылдан бастап еркін валюта бағымы енгізілгенннен кейін Қазақстанның экономикалық дамуы жеделдеді. Әрине, бұл тікелей валюта бағымы режимін реттеумен байланысты. Сол себептен Қазақстанның валюталық реттеу қағидаларына тоқталып кетейік:
- территориалдық – валюталық реттеу мемлекеттің барлық территориясын қамтуы тиіс;
- экономикалық реттілігі – резиденттер мен резиденттер еместердің арасында негізгі айырмашылықтың анықтылығы.
- валюталық операциялар жүргізгендегі банктердің монополиясы – валюталық операцияларды жүргізген кезде заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында сыртқы экономикалық келісімдер бойынша есептесу құзыреті бар банктер арқылы жүргізілуі тиіс;
- валюталық операциялардың негізділігі – спекуляцияларды болдырмас үшін валюталық операцияларды коммерциялық немесе қаржылық келісімдер негізінде жүргізу;
- резиденттерге шетелдерде авуарлары болу құқығын шектеу – бұл капиталдың кетуін болдырмауға негізделген;
- валюталық нарыққа қысымды азайту мақсатымен резиденттерге валюталарды тез арада сатып алуға шек қою арқылы қысқа мерзімді операцияларды бақылау;
- банктердің валюталық позициясын реттеу;
- валюталық операцияларды еркін жүргізілетін операциялар, рұқсат етуді қажет ететін операциялар, тіркелуді қажет ететін операциялар категорияларына бөлу;
Сурет 1 - Валюталық реттеу құралдары
Валюталық реттеу дисконттық, девиздік, валюталық қор диверсификациясы, валютаның айналымдылығын реттеу, девальвация, ревальвация, валюта бағамын реттеу саясаттары арқылы іске асырылады.
Дисконттық (есептік) саясат – Ұлттық банктің есептік мөлшерлемені өзгертуі. Бұл әрекеттер валюта бағамы мен төлем балансын халықаралық капиталдың қозғалысы, ішкі несиелендірудегі өзгерістер, ақша массасы, баға, жинақ сұраныс арқылы реттеуге негізделген.
Оның нәтижесі шетелдерден келген капиталдар көлеміне байланысты, бірақ тұрақсыз жағдайда пайыздық мөлшерлемелер капиталдың жылжуына байланысты болмайды.
Девиздік саясат – мемлекеттік ұйымдармен шетел валютасын сатып алу мен сату арқылы валюта бағамына әсер ету әдісі. Ұлттық валюта бағамын көтеру мақсатымен Ұлттық банк валюталарды сатып алады, ал төмендету мақсатымен валютаны ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатады.
Валюталық интервенция, девальвация, ревальвация валюталық реттеудің экономикалық әдістері болып табылса, валюталық шектеу және валютаның айналым қабілеттілігінің дәрежесін қадағалау валюталық реттеудің әкімшілік әдісі болып табылады.
Валюталық бағамның режимін анықтау мемлекеттің валюталық саясаты мен мемлекеттің экономикалық мүмкіншіліктерімен анықталады. Айналым бағамына байланысты стратегияны таңдаған кезде мынадай аргументтерді қарастыруымыз керек: бағаларды тұрақтандырудың шығындары, инфляцияны төмендету мүмкіншілігі.
Мемлекет валюталық реттеу, яғни валюта бағамын реттеуі арқылы өзге мемлекеттермен импорттық және экспорттық операцияларын реттеуге мүмкіндік алады. Егер А мемлекеті өзінің экспорт көлемін жоғарлатқысы келсе, онда валюта бағамын басқа елдерден салыстырмалы түрде төмендетуге тырысады. Сонда А елінің валютасы басқа елдерге қарағанда арзан болады, сәйкесінше, А мемлекетінің валютасындағы өнім бағасы да төмен. Ал бұл А мемлекетінің экспорттық өнімдерінің бағасын түсіреді, яғни экспорт көлемі көтеріледі. Импорттық операцияларды реттеу де осы механизммен жүреді.
Кесте-1
Қазақстан Республикасындағы 1АҚШ долларына шаққандағы орташа теңге бағамы
Период | 2003 | 2004 | 2005 |
І тоқсан | 153,69 | 139,80 | 130,25 |
ІІ тоқсан | 150,73 | 137,23 | 132,17 |
ІІІ тоқсан | 147,20 | 135,71 | 135,16 |
ІV тоқсан | 146,69 | 131,40 | 133,93 |
Жыл | 149,58 | 136,04 | 132,88 |
Қайнар көзі: «Ежегодный статистический журнал», Агентство Статистики Республики Казахстан, 2006г.
Кесте-2
Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы
| 2003 | 2004 | 2005 |
Тауар айналымы, барлығы: | 21335,4 | 32877,5 | 45201,2 |
Экспорт | 12926,7 | 20096,2 | 27849,0 |
Импорт | 8408,7 | 12781,3 | 17352,2 |
Қайнар көзі: «Ежегодный статистический журнал», Агентство Статистики Республики Казахстан, 2006г.
Көрсеткіштердегі өзгерістердің себептері мен нәтижелерін салыстырып көрейік.
2005 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 1АҚШ долларына шаққандағы орташа теңге бағамы 16,7 төмендеген. Ал тауар айналым осы уақыт аралығында 23865,8 млн. АҚШ долларына өскен. Пайыздық тұрғыдан алсақ, валюта бағамының 2003 жылмен салыстырғанда 11,16% төмендеуі тауар айналымын 111,86 % жоғарлатқан. Ал бұл, өз орнында, осындай аз шамадағы өзгерістің тауар айналымды 100 есе көбейткені валюта бағамының сыртқыэкономикалық қызметтегі ролі зор екенін көрсетеді. Келтірілген есептеулер валюта бағамы мен тауар айналымының арасындағы кері пропорционалды байланыстың барлығын көрсетеді.
Экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – валюта бағамы, валюта саясаты. Нарықтағы шет елдермен қарым – қатынасты жақсарту, одан әрі дамыту барысында валюта бағамы, оның тұрақтылығы, айналысқа түсу қабілеті көптеген мәселерді шешіп, біразын жеңілдетеді. Сол себептен валюта бағамын реттеу елдің халықаралық саудада алатын орнын, даму қарқынын айғақтайтын бірден – бір шама болып табылады.
2. Валюта саясаты.
Валютаның айырбас бағамы саясаты – валюталарды сатып алу қабілетін қамтамасыз ету және ішкі валюта нарығында валюталық алып – сатушылық (саудагерлік) операциялардың белсенді дамуына жол бермеу шаларын ескере отырып құралады. Бұл саясаттың мақсаты – барлық басқа қаржылық нарықтардың дұрыс қызмет етуі мен теңгені нығайтуға жағдай жасау.
Валюталық саясаттың дәстүрлі формаларының ішінде мынадай құралдар қолданылады: валюта бағымы тәртібін реттеу, валюталық интервенциялар, алтын – валюталық резервтерді басқару және теңгенің еркін айырбасталуы дәрежесін реттеу. Ұлттық банк теңгенің реттейтін еркін өзгермелі айырбас бағамын белгілеген еді. Канада және бір қатар басқа елдерде кең қолданылатын валюталық интервенциялар Қазақстанның ішкі валюталық нарықтарында жүзеге асырылуда. Валюталық интервенцияның мақсаты: валюталық нарықтағы конъюктураның қысқа мерзімді өзгерістері арқылы теңенің номиналды бағамының тербелісін баяаулату болып табылады. Шетелдік валютадағы алтын – валюталық активтердің уақытша төмендеуі Ұлттық банктің валюталық интервенциялардың жүргізу саясаты нәтижесінде болды (1991 жылы – 11,2 млн. АҚШ долларына, 1994 жылы – 18,9 млн. АҚШ долларына, 1995 жылы – 106,8 млн. АҚШ долларына ). Ұлттық валютаның тұрақты бағамын сақтау үшін алтынның құнын анықтаудың жаңа жолы іздестіруде, оның құны энергия тамалдаушылардың құнына байланысты белгіленген, бүкіл әлемде осы жол қабылданған. Тәуелсіз Қазақстанның валюта саясатын қалыптастыру 1991 жылы нарықтық қатынастардың қалыптасуының серпінді даму үдерістерімен қатар басталды. 1991 жылғы 11 маусымда «Қазақ КСР валюталық реттеу туралы» Қазақ КСР-нің Заңы қабылданды. Заңмен алғаш рет Қазақ КСР-нің Мемлекетік банкі лицензиялауға жататын ағымдағы валюталық операциялардың және капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялардың тізбесі айқындалды. Заңның енгізілуіне байланысты меншік нысанына қарамастан барлық заңды тұлғалар сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру құқығына ие болды, осы кезде валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті банктер арқылы валюталық операцияларды жүргізуге шектеулер алынды. Валюталық нарықтың дамуын ынталандыру үшін азаматтарға валютаның шыққан көзі туралы мәліметтерді көрсетпей, ағымдағы валюталық шоттарды ашуға рұқсат етілді, сондай-ақ заңсыз валюталық операциялар үшін қылмыстық қудалау жойылды. Қазақстанның ақша - валюта жүйесін қалыптастыру жағдайында 1993 жылғы 14 сәуірде қабылданған «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ұстанымдарын айқындады, валюталық қарым-қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін шектеді, валюталық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті белгіледі. Валюталық реттеу жүйесінің негізгі міндеттері ретінде мыналар танылды: ұлттық валютадағы есеп айырысудың белгіленген тәртібін қолдау, ұлттық валюта үшін нарықтық айырбастау бағамын дайындау және енгізу, валюталық операцияларды жүргізудің тиісті тәртібін қамтамасыз ету.
- экспорт-импорт мәмілелері бойынша белгіленген мерзімде валютаны қайтару талабы жойылды, қайтару мерзімі келісім-шарт талаптарын ескере отырып айқындалады;