Кәсіпорынның қаржы русурстарын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2012 в 22:10, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.

Оглавление

КІРІСПЕ

1. Кәсіпорынның қаржы ресурстары, олардың құрылуы мен басқару
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстары, пайдаланылуы
1.2 Кәсіпорын қаржы ресурстарын басқару

2. Кәсіпорынның айналым қорын басқару тәсілдері
2.1 Айналым қаржының кәсіпорын қызметіндегі маңызы
2.2 Кәсіпорынның айналым қаржысының құрамы және оны қолдану көрсеткіштері
2.3 Кәсіпорын айналым қаражатыны басқару әдістері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Кульбаева Асия Фин менеджмент.doc

— 179.50 Кб (Скачать)

Айналым қаржыларының айналу жылдамдығы өзара байланысқан үш көрсеткіш көмегімен анықталады: бір айналыстың күнмен саналған ұзақтығы, қарастырылатын мерзімдегі айналыстар саны, сондай-ақ, өткізілген өнімнің әр бірлігіне жұмсалған айналым қаржының шамасы.

Айналым қаржысының айналымдылығы жоспар бойынша және іс жүзінде есептеліну мүмкін. Жоспарлы айналымдылық тек нормаланатын айналым қаржы сомасы бойынша есептелінсе, іс жүзіндегі айналымдылық нормаланбайтын қаржыларды қоса алғандағы барлық айналым қаржылары бойынша табылады. Жоспарлы және іс жүзіндегі айналымдылықты салыстыра отырып, нормаланатын айналым қаржыларының айналу жылдамдығының өсуін немесе азаюын көруге болады. Айналымдылық жылдамдығы өсетін болса, айналым қаржының бір бөлігі айналыстан шығарылып үнемделеді, ал керісінше жылдамдық азайса, айналысқа қосымша қаржы жұмсау қажеттілігі туындайды.

1. Күнмен саналған бір айналыс ұзақтығы келесі формула бойынша табылады.

                                                                                                                                  (1)

мұндағы,  О – бір айналыстың ұзақтығы, күн;

Со – айналым қаржының қалдықтары (орташа жылдық немесе жоспарланатын немесе есепті мерзімнің аяғындағы), тенге;

Т – тауарлық өнімнің көлемі (өзіндік құн немесе баға бойынша), тенге;

Д – есепті немесе жоспарлы мерзімдегі күндердің саны.

2. Айналымдылық коэффициенті айналым қаржыларының белгілі бір мерзім ішінде (жыл, жарты жыл, тоқсан) жасаған айналыс санын сипаттайды. Бұл көрсеткіш айналым қаржының әр теңгесінен қанша өнім шығарылып өткізілгенін көрсетеді. Ол келесі формула бойынша табылады:

                                                                                                                                            (2)

мұндағы,   Ко – айналымдылық коэффициенті;

Со – айналым қаржының қалдықтары (орташа жылдық немесе жоспарланатын немесе есепті мерзімнің аяғындағы), тенге;

Т – тауарлық өнімнің көлемі (өзіндік құн немесе баға бойынша), тенге;

3. Айналым қаржыларын тиеу коэффициенті – бұл айналымдылық коэффицицентіне кері шама. Ол өткізілген өнімнің 1 теңгесіне жұмсалған айналым қаржының шамасын сипаттайды. Берілген көрсеткіш келесі формула бойынша табылады.

                                                                                                                                            (3)

мұндағы,  Кз – айналым қаржыны тиеу коэффициенті;

Со – айналым қаржының қалдықтары (орташа жылдық немесе жоспарланатын немесе есепті мерзімнің аяғындағы), тенге;

Т – тауарлық өнімнің көлемі (өзіндік құн немесе баға бойынша), тенге;

Берілген көрсеткіштерді динамикада салыстыру арқылы кәсіпорындағы айналым қаржыны пайдалану тиімділігін және қолайлылығын бағалауға болады.

Жалпы айналымдылық айналым қаржыларын пайдалану қарқындылығын, айналыстың барлық кезеңдері бойынша жалпы сипаттайды, айналым қаржының жеке элементтерінің және топтарының айналу ерекшеліктерін есебке алмайды. Жалпы айналымдылық көрсеткішінде қаржының айналымдылығын жеке кезеңдер бойынша жақсарту немесе азайту процестері айқындалмайды. Бір кезеңде қаржының айналымдылығын жылдамдату нәтижесі басқа кезеңде осы айналымдылықтың азаюымен  минимальды деңгейге жеткізілу мүмкін.

Айналымдылықтың қарастырылған көрсеткіштері айналым қаржының жалпы айналымдылығын сипаттайды. Жалпы айналымдылықтың өзгеруінің нақты себептерін анықтау үшін айналым қаржыларының жеке айналымдылығы көрсеткіші анықталады.

Жеке айналымдылық айналым қаржыларын айналыстың әр кезеңінде, әр тобында, сондай-ақ айналым қаржының жеке элементтері бойынша пайдалану дәрежесін сипаттайды.

Құрылымдық өзгерістердің ықпалын анықтау үшін айналым қаржылары элементтерінің қалдықтарын жалпы айналымдылықты анықтағанда қолданылған тауарлық өнімнің көлемімен бірге қолданады. Айналым қаржысының жеке элементтерінің жеке айналымдылықтары көрсеткіштерінің сомасы кәсіпорынның жалпы айналымдылық көрсеткішіне тең болады.

Айналым қаржының жеке түрлері бойынша айналымдылығын өзіндік айналым қаржысының нормативтерін есептегенде, сондай-ақ, жалпы айналымдылықтың өзгерісін нақтылау немесе басқа мақсаттарға жету үшін анықтайды. Оның анықталуы жоғарыда көрсетілген формулалар арқылы жүргізіледі, яғни осы тауарлық-материалдық құндылықтар түрлерінің қалдықтарына және сәйкес мерзімде олардың шығындалу мөлшеріне қарай. Өндірістік запастардың белгілі бір түрлері үшін айналыс көлемі ретінде тауарлық өнім көлемі емес, айналым қаржының берілген түрінің өндіріс процесінде сәйкес мерзім ішіндегі шығындалу мөлшері алынады.

Айналымдылықты өсіру нәтижесінде айналым қаржының белгілі бір бөлігі үнемделеді. Айналым қаржының абсолютті үнемделуі, егер айналым қаржының іс жүзіндегі қалдықтары өткен (базалық) мерзімдегі айналым қаржының нормативінен немесе қалдығынан төмен болғанда қалыптасады. Сонымен қатар, өнімді өткізу көлемі сол мөлшерде сақталып немесе ол біраз өсу шарты орындалу керек. Абсолютті үнемделген қаржыны кәсіпорын өндірісті әрі қарай кеңейтуге, жаңа өнім түрлерін игеруге, жабдықтау және өткізу қызметтерін жетілдіруге немесе өз қызметін дамытуға байланысты басқа шараларға жұмсай алады.

Айналым қаржының салыстырмалы үнемделуі келесі жағдайда болуы мүмкін. Егер айналым қаржының айналымдылығы кәсіпорындағы шығарылатын тауарлық өнімнің өсуіне байланысты өссе салыстырмалы үнем қалыптасады. Бұл жағдайда үнемделген қаржыны айналыстан шығару мүмкін емес, өйткені олар өндірістің өсімін қамтамасыз ететін тауарлық-материалдық құндылықтардың қорларында орналасқан.

Айналым қаржыларының салыстырмалы және абсолютті үнемделуінің  біріңғай экономикалық негізі бар және кәсіпорын үшін қосымша қаражат үнемін сипаттайды. Айналым қаржының айналымдылығын өсіру арқылы олардың бір бөлігі белгілі бір формада үнемделеді, нәтижесінде кәсіпорын бұл қаржыны қосымша ақша қорларын келтірмей, өзінің кәсіпкерлік қызметін дамытуға жіберуге мүмкіндік алады.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кәсіпорынның қаржы ресурстары өте күрделі түсінік. Олардың мәні өндіріс процесіндегі тағайындалуымен айқындалады. Кез келген қаржы қатынасының материалды сипаты болып кіріс, аударымдар мен түсімдер түріндегі ақшалай қаражаттар арқылы сипатталады.

Кәсіпорынның қаржысы - кәсіпкерлік қызметтің көлемі мен артықшылығын анықтайтын тиімді форма

Қаржы реурстары бөлу процестерін теңдестіреді. Қаржы ресурстарында қаржыға тән екі қызмет, олар: бөлу мен бақылау қызметтері.

Қаржы ресурстары басқару объектісі бола отырып басқарудың құралы да болады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының осы қызметі  қаржы менеджментін басқаруды басқару жүйесі ретінде қарастырудан шығады: бірішіден,  басқару объектісі болып  ақша айналымы мен құн айналымының жүзеге асырудың жағдайының жиынтығы болатындығы, екіншіден  қаржы ресурстары мен кәсіпкерлік капитал. Осылайша қаржы ресурстарының мәні  олардың қаржы менеджментінің объектілерімен үйлесетіндігінен және олардың экономикалық табиғатының екі жақтылығымен сипатталады.

  Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару кешеніндегі басты мәселе кәсіпорынның қаржы ресурстарын ұйымдастыру, олардың түрлері бойынша және қалыптасу қайнар көздері бойынша қатынасы  болып табылады.  Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру саясатының негізгі бағыттары осы жағдайлар арқылы анықталады:

-               қаржы ресурстарының оңтайлы құрылымын анықтау;

-               қаржы нарығындағы жағдайларды есепке ала отырып  меншікті және қарыз қайнар көздердің қатынасындағы өзгерістерді есепке алу;

-               қарыз мүмкіндіктерінің резервтерін анықтау.

Қаржылық ресурстар мен капитал фирманың қаржыларын зерттеудің басты объектісі болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында «капитал» түсінігі қолданылады, ол қаржыгерлер үшін  фирманың жаңа кірістерін алу мақсатында үнемі әсер етуге болатын нақты объект болып саналады. Осы сапада капитал тәжірибелік қаржыгер үшін - өндірістің объективті факторы. Осылайша капитал - фирма арқылы айналымға салынған және осы айналымнан кіріс әкелетін қаржы ресурстарының бөлігі. Осы мағынада капитал қаржы ресурстарының айналған формасы ретінде болады.

       Нақты өмірде фирманың капиталы ақшалай нысанда ұзақ уақыт  бойы қала алмайды, өйткені ол жаңа кірістер әкелуі керек.  Фирманың кассасында немесе оның  банктегі есеп айырысу шотында ақшалай қаражаттардың қалдығы ретінде ақшалай нысанда бола отырып,  ол фирмаға кіріс әкелмейді немесе тіптен кіріс әкелмейді.

Құрылатын тауардың материалды негізін шикізаттар, материалдар, сатып алынатын комплектілеу тауарлары және жартылай фабрикаттар алатын болғандықтан, олардың құндары басқада материалдық шығындармен, негізгі өндірістік қорлардың тозуымен, жұмысшыларға төленетін жалақымен қатар өзіндік құн формасында болатын, кәсіпорынның өнімді өндірудегі шығындары қатарына жатады. Түсім түскенге дейін бұл шығындар  кәсіпорынның шығындалмайтын, ал өндіріске авансталатын айналым қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Тауарды өткізуден түсім түскеннен кейін   айналым қорлары қалпына келтіріледі, ал кәсіпорынның өндіріс бойынша шаққан шығындарының орны толтырылады.

Құрылатын тауардың материалды негізін шикізаттар, материалдар, сатып алынатын комплектілеу тауарлары және жартылай фабрикаттар алатын болғандықтан, олардың құндары басқада материалдық шығындармен, негізгі өндірістік қорлардың тозуымен, жұмысшыларға төленетін жалақымен қатар өзіндік құн формасында болатын, кәсіпорынның өнімді өндірудегі шығындары қатарына жатады. Түсім түскенге дейін бұл шығындар  кәсіпорынның шығындалмайтын, ал өндіріске авансталатын айналым қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Тауарды өткізуден түсім түскеннен кейін   айналым қорлары қалпына келтіріледі, ал кәсіпорынның өндіріс бойынша шаққан шығындарының орны толтырылады.

     Қаржы ресурстарын анықтаудағы ең қолайлы негізгі принцп болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілетін форма: амортизациялық аударым, жиынтық кіріс (пайда), айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т.б, сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі ролін нақты айқындау керек.

Кәсіпорынның  қаржы ресурстарын біздің пікіріміз бойынша, үш негізгі топқа бөлу экономикалық тұрғыдан дұрыс болады:

                меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қалыптасқан қаржы ресурстары;

                қаржы нарығында мобилизацияланған ресурстар;

қайта бөлу есебінен түскен ресурстар.

Жеделдетілген амортизациямен қатар соңғы жылдары негізгі қорларды қайта бағалау да үлкен мәнге ие болып отыр.

Қайта бағалаудың мақсаты - негізгі активтерді жаңалау үшін керекті ақшалай қаражаттар қорын қалыптастыруға жағдай жасау,  мүлікт бағалау және тозуды есептеу үшін алғашқы құндық базаны жаңалау болып табылады.

Қайта бағалауға барлық негізгі қорлар жатады, оның ішінде әрекеттегідері және консервацияланғандары, резервтегілері мен запастардағылары, аяқталмаған құрылыстардағылары, жалға немесе уақытша пайдалануға берілгендері, списанияға шығаруға дайындалғандары, бірақ өшіруге акт жасалмағандары.

Шаруашылықты жүргізудің жаңа негіздеріне өтуде  елдің экономикасында нарықтық механизмдерді активизациялауда  кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерінің ішінде материалды емес активтердің амортизациясы үлкен мәнге ие.

Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық жұмысты ұйымдастыру кезінде үлкен қиыншылықтармен қақтығысады. Жеңісті жұмыс істеп жатқан фирмалардың тәжірибесі  осы мәселені шешудің қысқа жолының кәсіпорын басшыларының қолында екендігін көрсетті. Қазіргі таңда  фирманың қаржы жұмысын қайта құрудың екі тәсілі кеңінен қолданылады:

  - егер де басшы- кәсіби қаржыгер болса, ол қаржы қызметін қайта құруды өзі реттейді. Бұл тиімді нұсқа, бірақ отандық тәжірибеде көп кездеспейді;

  - фирманың қаржы қызметінің тапсырмалары мен қызметтерін түсінетін басшы, бірақ олсы кәсіптің барлығын нақты білетін кәсіби қаржыгер болмаса, тәжірибеге  қаржы жұмысын ұйымдастырудың керекті моделін қою мен енгізу үшін сыртқы ұйымды тарту.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.

2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 1995.

3. Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности». Под общ. ред. В.И. Стражева - Минск: Высшая школа, 1995.

4. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. — М.: Изд-во «Перспектива», 1995.

5. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. - М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 1994.

6. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. - М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.

7. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. - М.: Финансы и статистика, 1994.

8. Бухгалтерско-аудиторский портфель. ( Книга предпринимателя. Книга бухгалтера. Книга аудитора ) / Отв.ред. Рубин Ю.Б., Сол-даткин В.И. - М.: «ОМИНТЭК», 1994.

9. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. — Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 1997.

Информация о работе Кәсіпорынның қаржы русурстарын талдау