Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2012 в 22:10, курсовая работа
Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
КІРІСПЕ
1. Кәсіпорынның қаржы ресурстары, олардың құрылуы мен басқару
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстары, пайдаланылуы
1.2 Кәсіпорын қаржы ресурстарын басқару
2. Кәсіпорынның айналым қорын басқару тәсілдері
2.1 Айналым қаржының кәсіпорын қызметіндегі маңызы
2.2 Кәсіпорынның айналым қаржысының құрамы және оны қолдану көрсеткіштері
2.3 Кәсіпорын айналым қаражатыны басқару әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сурет 1 – Айналым қаржыларынң айналу кезеңдері
Кәсіпорын қорларының айналысы ақша қорларын шикізатты, материалдарды, отынды және басқа қажет өндіріс құралдарды сатып алудан басталатыны жоғарыда айтылған болатын. Оның нәтижесінде ақша қорлары өндірістік запас (қорлар) түріне енеді, яғни қаржының айналыс өрісінен өндіріс өрісіне ауысуын сипаттайды. Мұнда қаржы шығындалмайды, ол тек авансталады, өйткені айналыстан кейін ол қайтарылады. Бірінші кезеңнің аяғында тауарлық айналыс үзіледі, бірақ айналу процесі тоқтамайды.
Айналудың екінші кезеңі өндіріс процесінде өтеді, мұнда жұмысшылар өндіріс қорларын өндірісте пайдаланып, жаңа өнім шығарумен айналысады, бұл өнімнің құрамында ауыстырылып түсірілген және жаңа пайда болған құн болады. Авансталған құн қайтадан өзінің формасын ауыстырады – өндірістік формадан ол тауарлық фораға көшеді.
Айналыстың үшінші кезеңінде өңдірілген дайын өнім тұтынушыларға өткізіледі, нәтижесінде ақша қорлары алынады. Бұл кезеңде айналым қаржылары өндіріс өрісінен айналыс өрісіне ауысады. Үзілген тауарлық айналыс қайтадан жалғасады, ал құн тауарлық формадан ақшалай формаға ауысады. Өнімді шығаруға және өткізуге кеткен ақша қорларының сомасы мен осы шығарылған өнімді өткізуден түскен ақша сомасы арасындағы айырма кәсіпорынның ақша жинақтарын қалыптастырады. Айналыс кезеңдері, олардың ерекшеліктері және пайдалану тиімділігі қосымша А-да көрсетілген.
Қорлардың бір айналысын аяқтап, айналым қаржылары жаңа айналысқа түседі, сонымен, олардың үздіксіз айналысы осылай қалыптасады. Айналым қаржыларының осындай тұрақты, үздіксіз қозғалысы өндіріс және айналыс процестерінің тоқтаусызыдығына негіз болады.
Кәсіпорындар қорларының айналысын талдау нәтижесінде авансталған құн жүйелі түрде әртүрлі формаларға ауысып тұрғанымен қоса, оның үнемі белгілі бір мөлшерде осы формаларда болғаны анықталды. Басқа сөзбен айтсақ, авансталған құн айналыстың әрбір мезетінде бір уақытта белгілі бір мөлшерде ақшалай, өндірістік және тауарлық формада болып отырады.
Кәсіпорындар қорларының айналысы белгілі бір авансталған құнның бір бөлігі ақшалай формада болған кезде ғана болу мүмкін. Айналысқа енгеннен кейін ол осы айналыстан шықпайды және жүйелі түрде өзінің функциональді формасын ғана өзгертіп отырады.
Айналым қаржылары, ең алдымен, құндық категория ретінде қарастырылады. Олар тура айтқанда, материалдық құндылықтарға жатпайды, өйткені одан дайын өнім шығаруға болмайды. Ақшалай формада болатын құн болғандықтан, айналым қаржысы айналу процесінде өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім түрінде қозғалып отырады. Тауарлық-материалдық құндылықтарға қарағанда айналым қаржылары шығындалмайды, тұтынылмайды, олар тек авансталады, яғни бір айналыс өткеннен кейін қайтарылады және жаңа айналысқа түсіріледі.
Аванстау мезеті айналым қаржыларының өте маңызды және ерекше белгілерінің бірі ретінде қарастырылады, өйткені олардың экономикалық шекараларын белгілеуде өте маңызды рөл атқарады. Айналым қаржыларын аванстаудың уақыт белгісі ретінде қорлардың тоқсандық немесе жылдық көлемі емес, құны қайтарылып, жаңа айналысқа түсуге дайын болғандағы бір айналыс болу керек.
Айналым қаржының мәнін зерттеу айналым өндірістік қорларды және айналыс қорларын қарастыруды көздейді. Айналым қаржылары, айналым қорлары мен айналыс қорлары өзара бірлікте және байланыста болады, бірақ, олардың арасында айырмашылықтар да бар, олар келесі.
Айналым қаржылары кәсіпорынның қызмет ету кезеңдерінің барлығында үнемі болады, сол уақытта айналым қорлары өндірістік процесте ғана қызмет етеді, үнемі шикізат, отын, негізгі және көмекші материалдардың жаңа партиялармен алмастырылып отырады. Өндірістік запастар айналым қорларының бір бөлігі ретінде болып, өндіріс процесіне енеді, онда дайын өнімге айналып кәсіпорыннан шығарылады. Айналым қорлары толығымен өндірістік процесте тұтынылады, өзінің құнын дайын өнімге түсіреді. Олардың сомасы жыл ішінде әр айналысты жасағанда еңбек заттарының шаруашылықта қалған немесе жаңа партиясын өңдеуді және тұтынуды қамтамасыз ететін айналым қаржының сомасынан оншақты есе асып түсуі мүмкін.
Айналым қорлары жаңа құнды жасауға тікелей қатысады, ал айналым қаржылары осы айналым қорлары арқылы жанама түрде қатысады.
Айналу процесінде айналым қаржылары өз құнын айналым қорлары арқылы айқындайды, сондықтан да солардың көмегімен өндіріс процесінде қызмет етеді, өндіріс шығындарын қалыптастыру процесіне қатысады.
Егер де айналым қаржылары жаңа өнімді жасауға тура немесе тікелей қатысатын болса, олардың көлемі біртіндеп азайып, айналыстың аяқталу мезетінде толығымен жоғалар еді.
Айналым қорлары тұтынушылық құн ретінде болып, біріңғай формада айқындалады – өндірістік. Айналым қаржылары, жоғарыда айтылғандай, жүйелі түрде әртүрлі формада болып қана қоймай, сонымен қатар, үнемі белгілі бір мөлшерде осы формалардың бәрінде біруақытта болады.
Келтірілген шарттар қорлардың және айналым қаржының айналымдылығын жеке қарастырудың объективті қажеттілігін туғызды.
Айналым қаржыны айналыс қорларымен салыстырып көрейік. Айналыс қорлары айналым қаржының айналыстағы ерекше формасы болып табылады. Кәсіпорындар қорларының айналысы өнімді өткізу процесімен аяқталады. Бұл процесті қалыпты жасау үшін кәсіпорындардың негізгі және айналым қорларымен қатар айналыс қорлары болу керек.
Айналыс қорларының айналуы өндірістік қорлардың айналысымен қатаң байланыста болады, өйткені ол соның жалғасы мен аяқталуын сипаттайды. Айналыс жасағанда бұл қорлар өзара байланыстырылып, жалпы қорды құрайды, оның айнылу процесінде айналым қорларының құны еңбек өніміне түсіріліп, өндіріс өрісінен айналыс өрісіне ауысады, ал айналыс қорларының құны авансталған құн мөлшерінде айналыс өрісінен өндіріс өрісіне ауысады. Осылай авансталған қаржының біріңғай айналысы өтеді, яғни әртүрлі функциональді формалар арқылы өтіп, бастапқы ақшалай формаға қайтады. Айналым қаржылары айналыс жасағанда, айналым қорлары түрінде қызмет етіп, өндіріс өрісінен айналыс қорлары болып қызмет етіп, айналыс өрісіне өтіп отырады.
Айналым қаржысын айналым өндірістік қорларының жасалынатын запастарына және айналыс қорларына авансталған ақша қорлары ретінде анықтау осы категорияның толық экономикалық мазмұнын ашпайды. Ол ақша қорларының белгілі бір сомасын аванстаумен қатар, осы қорларға өндіріс процесінде жасалынатын қосымша өнім құнын аванстау процесі өтетінін есебке алмайды. Сондықтан да пайдасы көп, рентабельді кәсіпорындарда қорлардың айналысы аяқталғаннан кейін авансталған айналым қаржының сомасы алынған пайданың белгілі бір сомасына өседі. Пайда алмаған, рентабельді емес кәсіпорындарда авансталған айналым қаржының сомасы қорлардың айналысы аяқталғанда шыққан зиян мөлшерінде кеми бастайды.
Кәсіпорынның айналым қаржылары екі түрлі функция атқарады: өндірістік және есепті. Өндірістік функцияны орындай отырып, айналым қаржылары айналым өндірістік қорларға авансталғанда өндіріс процесінің тоқтаусыздығын қамтамасыз етеді және өз құнын шығарылған өнім құнына түсіреді. Өндіріс аяқталғаннан кейін айналым қаржылары айналыс өрісіне айналыс қорлары түрінде ауысады, мұнда олар екінші функцияны атқара бастайды, яғни айналысты аяқтап, айналым қаржыны тауарлық формадан ақшалай формаға ауыстырады.
Кәсіпорын жұмысының ырғақтылығы, тұрақтылығы және жоғары нәтижелігі үлкен дәрежеде оның айналым қаржыларымен қамтамасыздығына тәуелді болады. Материалдық қорларды қалыптастыруға жіберілетін қаржының жетіспеушілігі өндірістің қысқаруына, өндірістік бағдарламаның орындалмауына әкелуі мүмкін. Керісінше, қоймаға жіберілетін қорларды тым артық етіп жасау, қорлардың «тірліксіз» жағдайына айналуына, оларды пайдалану тиімділігінің төмендеуіне әкелу мүмкін.
Айналым қаржыларын ұйымдастыру қызметі олардың тиімділігін көтеру мәселелерінің жалпы кешенінде түбегейлі орын алады. Оған келесі жұмыстар кіреді:
- айналым қаржының құрамын және құрылымын анықтау;
- кәсіпорынның айналым қаржыдағы қажеттілігін анықтау;
- айналым қаржының қалыптасу көздерін анықтау;
- айналым қаржыға дұрыс иелік ету және олардың қозғалысын басқару;
- айналым қаржының сақталуына және тиімді қолданылуына жауапкершілік алу.
Айналым қаржылары құрамына материалдық және ақшалай қорлар кіретіндіктен, оларды ұйымдастыру және тиімді қолдану жұмысына материалдық өндірістің процесі ғана емес, сндай-ақ, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы тәуелді болады.
2.2 Кәсіпорынның айналым қаржысының құрамы және оны қолдану көрсеткіштері
Айналым қаржыны басқару процесі олардың құрамымен, құрылымымен, орналасуымен, пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштермен тығыз байланыста болады. Әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде айналым қаржының құрамы мен құрылымы бірдей болмайды. Олар меншік формасына, өндірістік процесті ұйымдастыру ерекшелігіне, жабдықтаушылар мен сатып алушылармен жасалынған қарым-қатынастар жүйесіне, өндіріске кеткен шығындар құрылымына, қаржылық жағдайға және тағы басқа факторларға тәуелді болады. Айналым қаржыларының үлгі ретіндегі құрамы мен орналасуы қосымша Б-да көрсетілген.
Өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс және дайын өнімнің жағдайы, құрамы мен құрылымы кәсіпорынның коммерциялық қызметінің маңызды көрсеткіштеріне жатады. Айналым қаржы элементтерінің құрылымын анықтау және өзгеру үрдістерін зерттеу жұмыстары кәсіпорынныңдаму параметрлерін болжау мүмкіндігін жасайды.
Айналым қаржыларының құрамы – бұл айналым өндірістік қорларын және айналыс қорларын құрайтын элементтердің жиынтығы, яғни олардың жеке элементтер бойынша орналасуы.
Ақша қорларын кәсіпорынның өндірістік процесіне аванстау процесінде кәсіпорынның айналым қаржыларының құрамы өте маңызды мәнге ие болады. Оның құрамына келесі кіреді:
- тауарлы-материалдық құндылықтардың қорлары;
- дебиторлық қарыздылық;
- есеп айырысудағы қаржылар;
- ақша қорлары.
Айналым қаржыларын қолдану процесінде тауарлы-материалдық құндылықтардың қорлары осы қаржының құндық тұрғыдан бағасын беруде өте маңызды, көп жағдайда шешуші рөл атқарады. Ол шығындарды есептеуге, қаржылық нәтижелерді қалыптастыруға және өңдірілген өнімнің бағасын анықтауға негіз болады. Іс жүзіндегі өзіндік құн бойынша шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын, сатып алынатын жартылай фабрикаттар және құрамдас бөліктер, запас бөлшектері және ыдыс құны анықталады. Іс жүзіндегі өзіндік құнға материалдық құндылықтарды сатып алуға кеткен шығындар, сондай-ақ, жабдықтаушы берген коммерциялық несиенің пайыздың төлемақысы, баға қосылымдары, жабдықтаушы, сыртқыэкономикалық және басқа ұйымдарға төленетін комиссионды сыйақылар, баж салықтары, тауарлық биржалардың қызметтерін төлеу шығындары, транспорттау шығындары, басқа ұйымдар мен кәсіпорындарға сақтау және жеткізу жұмыстары үшін төлінетін ақы сомалары кіреді.
Дайын өнім, тұтынушыға жіберілген тауарлар, дебиторлық қарыздылық шамаларына өнімді өткізу шарттары және есеп-айырысулар жағдайы сияқты факторлар әсер етеді.
Айналым қаржының құрылым да өзгеріп отыр. Соңғы кездерде айналым қаржы құрамынан әсіресе өтімді (ликвидті) активтерді дебиторлық қарыздылықтың өсу есебінен ығыстыру үрдісі қалыптаса бастады. Яғни, ақша қорларының үлесі азайып, дебиторлық қарыздылықтың көлемі ұлғая бастады. Сонымен қатар, осы соманың жартысын мерзімі өтіп кеткен дебиторлық қарыздылық құрайды.
Құрамына қарай бөлумен қатар айналым қаржысын сондай-ақ келесі белгілерге қарай жіктеуге болады.
Ұдайы өндіріс процесіндегі орны мен рөліне қарай өндіріс өрісіндегі және айналыс өрісіндегі айналым қаржылары болады.
Айналым қаржының құрамын және құрылымын қарастыру нәтижесінде айналым қаржыларын ұйымдастырудың өте маңызды мәселесі болып табылатын осы қаржының өндіріс және айналыс өрістері бойынша тиімді орналастыру мәселесіне кеңірек назар аудару мүмкіндігі туындайды.
Өндірісте және айналыстағы айналым қаржыларының оңтайлы ара-қатысын белгілеу жұмысы өндірістік бағдарламаны ақша қорларымен қамтамасыз ету үшін маңызды рөл атқарады, сондай-ақ, айналым қаржыларын пайдалану тиімділігін өсіруге әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.
Жоспарлау дәрежесіне қарай айналым қаржылары нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінеді. Кәсіпорынның қалыпты қызмет етуі нормалауды талап етеді, яғни айналым қаржыларының элементтері бойынша қорларының жоспарлы нормаларын және нормативтерін белгілеу жұмысын. Нормаланбайтын элементтерге жіберілген тауарлар сомасын, ақша қорларын және есеп-айырысудағы қаржы жатады. Олардың мөлшері оперативті түрде анықталады.
Қалыптасу көздеріне қарай айналым қаржылары өзіндік, несиелік және келтірілген болып бөлінеді.
Нарықтық экономика жағдайларында айналым қаржыларына басқару жүргізу арқылы кәсіпорындар өздерінің бәсекелестік қабілетін өсіре алады. Бәсекелестік қабілетті өсірудің бірден-бір шарты ретінде айналым қаржыларын пайдалану деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерді талдауды атауға болады.
Айналым қаржыны пайдалануды жақсартудың маңыздылығы кәсіпкерлік дамыған сайын өсіп жатыр. Бұл жағдайларда үнемделетін материалдық және ақша қорлары болашақ инвестициялардың қосымша көзіне айналады. Айналым қаржыны тиімді және нәтижелі қолдану арқасында кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеттелігі өсе бастайды. Бұл жағдайларда кәсіпорын есепті-төлем тіндеттемелерін өз уақытында және толығымен орындай алады, нәтижесінде коммерциялық қызметін сәтті жүргізуге мүмкіндік алады.
Айналым қаржыларының тиімді пайдаланылуы бір қатар экономикалық көрсеткіштердің жүйесімен сипатталады, оның ішінде осы қаржылардың өндіріс және айналыс өрістерінде бөлініп орналасуының ара-қатысын атауға болады. Өндіріс өрісіне, оның ішінде өндіріс циклына қызмет ететін айналым қаржының мөлшері неғұрлым жоғары болса, оларды пайдалану деңгейі және тиімділігі жоғарлайды.
Айналым қаржыны пайдалану дәрежесін айналым қаржының қайтарымын сипаттайтын көрсеткішке қарап бағалауға болады. Бұл көрсеткіш өнімді өткізуден түскен пайданың сомасын айналым қаржының қалдық сомасына бөлу арқылы табылады.
Айналым қаржыны пайдалану қарқындылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштің бірі ретінде олардың айналу жылдамдығы болып табылады.
Айналым қаржыларының айналымдылығы – бұл қаржылардың толық бір айналыс жасаудың ұзаөтығы, яғни бірінші кезеңнің басталуынан үшінші кезеңнің аяғына дейін өтетін уақыт аралығы. Айналым қаржылары бұл кезеңдерді неғұрлым тез өтетін болса, кәсіпорын осы айналым қаржы сомасынан солғұрлым көбірек өнім шығаруға мүкіндік алады. Әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілерде айналым қаржыларының айналымдылығы әртүрлі болады. Ол өндірістің ерекшелігіне, өнімді өткізу шарттарына, айналым қаржы құрылымының ерекшелігіне, кәсіпорынның төлем қабілетіне және тағы басқа факторларға тәуелді болады.