Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Апреля 2012 в 22:10, курсовая работа
Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
КІРІСПЕ
1. Кәсіпорынның қаржы ресурстары, олардың құрылуы мен басқару
1.1 Кәсіпорынның қаржы ресурстары, пайдаланылуы
1.2 Кәсіпорын қаржы ресурстарын басқару
2. Кәсіпорынның айналым қорын басқару тәсілдері
2.1 Айналым қаржының кәсіпорын қызметіндегі маңызы
2.2 Кәсіпорынның айналым қаржысының құрамы және оны қолдану көрсеткіштері
2.3 Кәсіпорын айналым қаражатыны басқару әдістері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сапалы жоспарлау керекті қорларды уақытында ғана емес, сонымен қатар ең төменгі бағада табу болып табылады. Бұл үшін осы кезде оны ұсына алатын банкті табу, қорлардың қайнар көзін олар пайдаланылатын мақсаттармен салыстыру, әртүрлі қайнар көздерді баланстау керек, өйткені тек қана банк займдарына, акция шығаруға немесе кірістерден түсімдерге ғана арқа сүйеуге болмайды. Бөлшекті түрде, уақытты дұрыс таңдау қажет: акция нарығы жанданып тұрғанда акцияларды сату, есепті ставкалар жоғары болғанда қарыз алмау және т.б.
1.2 Кәсіпорын қаржы ресурстарын басқару
Экономикалық тұрғыдан кәсіпорынның қаржы ресурстарын біздің пікіріміз бойынша негізгі үш топқа бөлу дұрыс болады:
меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қалыптасқан қаржы ресурстары;
қаржы нарығында мобилизацияланған ресурстар;
қайта бөлу есебінен түскен ресурстар.
Меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қалыптасқан қаржы ресурстарына төмендегілер жатады:
негізгі қызметтен түскен пайда, ғылыми-зерттеу жұмыстарының пайдасы, құрылыс-монтаж жұмыстарының пайдасы, қаржы операцияларының пайдасы, яғни ақшалай кірістердің бөлігі;
ақшалай түсімдер, оларға: амортизациялық аударымдар, істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер, азаматтардан түскен мақсатты түсімдер және түсімдердің басқалай түрлері жатады.
Қаржы нарығында мобилизацияланған ресурстар меншікті акцияларды, облигацияларды және құнды қағаздардың басқалай түрлерін сату, сонымен қатар несие инвестициялары есебінен қалыптасады.
Қайта бөлу есебінен түскен ресурстар - бұл пайда болған тәуекелдерді сақтандыру есебінен жабу, басқа эмитенттердің құнды қағаздары бойынша дивиденттер мен пайыздар, бюджеттік субсудиялар мен ресурстардың басқалай түрлері.
Енді қаржы ресурстарын құрайтын элементтерді жеке - жеке қарастырып көрейік.
Жалпы кіріс. Өндірістік категория ретінде жалпы кіріс - жалпы өнімнің өндіріс процесінде тұтынылған бөлігін шегергендегі бөлігі. Жалпы өнімнің осы бөлігінің ақшалай формада сипатталған құны - жалпы кіріс қаржы категориясы ретінде сипатталады. Қаржы категориясы ретінде жалпы кірістің мәнін анықтау кезінде оның өнімді өткізу процесінде түсімнің бұрын жүзеге асырылған еңбек шығындарынан асуы ретінде ақшалай сипатқа енетін, еңбекпен қайта құрылған құн екендігін айта кеткен жөн.
Жалпы кірістен қосылған құн сияқты ақшалай категорияны ерекшелеу еңбекті керекті және қосымша деп бөлумен байланысты.
Қосылған өнім - кәсіпорындарда жұмысшылардың қосымша еңбегі арқылы құралған және қоғамның таза кірісі ретінде болатын өнім. Қосымша өнім екі формада болады: натуралды-заттай және құндық. Тауар-ақша қатынасы жағдайында қосымша өнімнің құны ақшалай формада өткізіледі және жеке қаржы категориясы болатын ақшалай жинаққа айналады. Қоғамның таза кірісінің осы категориясының ерекше белгісі - оның бөлу айырмашылығында. Ақшалай жинақтардың өмір сүруінінің негізгі формалары: пайда, қосылған құн салығы, әлеуметтік және медициналық аударулар және т.б.
Осыған байланысты жалпы кіріс жан жақты көрсеткіш және кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстарының қалыптасу элементі болып саналады олар қаржылық міндеттемелерді орындауға, кеңейтілген қайта өндіріс пен жұмысшыларды экономикалық ынталандыру шығындарын жүзеге асыруға арналған.
Өткізуден түскен түсім өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне жұмсалған шығындардың орнын толтырудың, ақшалай қаражаттар қорын құрудың негізгі қайнар көзі болып саналады, оның дер кезінде түсуі қаражаттардың айналымының үздіксіздігін, кәсіпорынның қызмет процесінің үздіксізідігін қамтамасыз етеді. Түсімдердің дер кезінде түспеуі қызметтегі іркілістерге, пайданың төмендеуіне, келісім міндеттемелерін бұзуға, айыппұл санкцияларына әкеледі.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекеленген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Әлемнің дамыған елдеріндегі кәсіпорындардың қаржылық жұмыстарының тәртібі қаржылық болжау процесіндегі алғашқы орында нақты ақша қозғалысын болжаудың алатынын растайды. Бірақ, өнеркәсіптік дамыған елдердің тәжірибесінде нарықтық шаруашылық жағдайында қаржылық болжау ғылыми және тәжірибелік аспектіде қызығушылық тудырады, бірақ оны зерттеу, көшіру үшін емес, республика экономикасының қазіргі жағдайының ерекшеліктері мен экономикалық реформалардың даму дәрежесін есепке ала отырып пайдалану үшін керек.
Қаржылық болжаудың отандық жүйесінің нақты ақша қозғалысының талдауын қамтымайтындағы жөнінде атап айту керек. Бірақ, бұл тапсырма жедел қаржылық жоспарлау процесінде төлем күнтізбесін және кассалық жоспарды құруға жүктеледі, ал бұл дисконттау моделімен салыстырғанда жекелеген ақша ағынын, қаржылық көрсеткіштердің динамикасын қарастыруға мүмкіндік бермейді.
Сонымен қатар, қаржылық болжаудың әр түрлі концепцияларын салыстырмай тұрып, олардың мәнін анықтамас бұрын ақша ағынының дисконттау моделін ( мұнда одан әрі де дисконттауды, тек қана оның жеке құрамы ретінде ақша ағынын алғашқы кезеңге дисконттау коэффициенті арқылы келтіру ғана емес, болжау моделі ретінде қарастыру сөз болады) қарстыру негізсіз болады. Біріншіден, біз неліктен қарастырылып отырған концепцияны ұстанамыз. Екіншіден, болжау объектісі ретінде тек қана жалпы кіріс пен амортизация ғана емес, тұтасымен қаржылық ресурстарды болжауды қолдануды нақты негіздеу талап етіледі.
Осы концепциялардың мәні төмендегіше. Қаржылық болжау объектісі ретінде кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесі алғашқылары болып қолданылады.
Осы концепцияның екіншісінде қаржылық божаудың объектісі ретінде ақшалай қаражаттардың жиынтық қалдығы қатысады. Біздің пікірімізше, концепциялардың екіншісі талғамға ие болып табылады, өйткені ол болжаудың кең объектісін қамтиды, бір мезетте қаржылық нәтижелерді болжаудың аралық этаптарын да өзіне қамтиды.
Қаржылық ресурстардың қозғалысын болжаудың орны мен ролі қатынасында қаржылық болжаудың қарастырылып отырған концепциялары арасында анық қайшылық жоқ сияқты. Алғашқы шарт бұл жерде уақыт факторына келіп тіреледі. Егер де сөз болашаққа болжау туралы болатын болса, онда қаржылық нәтижелер болашаққа болжау объектісі болады, ал нақты ақшаны болжау мүмкін көп нұсақалы сипатта болады, онда қаржы ресурстарының қозғалысын болжау кәсіпорынның қаржылық жоспарын құру процесінде жедел божау элементі ретінде қарастырылады.
Кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның материалдық – техникалық базасын нығайтуға және оны жаңартуға қатаң көңіл аударуы қажет. Жоғарыда көрсетілген кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерін пайдалану нәтижесінде, біздің пікірімізше, негізгі құралдардың табиғи ( моральдық ) тозуын алдын ала жүйелі түрде болжау арқылы тозу коэффициенті жағымсыз құбылысқа жеткізбей кәсіпорын қаржысын тежеу мүмкін. Сондықтан кәсіпорын әрбір жыл соңында, төмендегі экономико – математикалық тәсіл негізінде есептеу қажет. Мәселенің есептеу келесі тәртіпте орындалу қажет, яғни сондай mг табу қажет
келесі шарттар негізінде
бұл жерде Т д – жүйенің тоқтамай істеу ықтымалдылығы.
Жоғарыдағы ( 1 ) - ( 2 ) формуладағы бір шартты көпөлшемді оңтайландыру мәселесі болып табылады.
Мәселенің негізгі алгоритмі.
mг= 1, ( r=1,R), aг= 1, ( r=1,R), q=1, b=1.5, t=30, сг ( r=1,R),
бұл жерде aг - типтегі элементтер саны r – ші элемент, ( r=1,R),
q - параметр масштабы;
сг - r түріндегі қосымша құралдың бағасы;
b- форманың параметрі;
R – қосымша құралдар саны;
T – мерзім
2. , (r=1,R) орындалады.
3. орындалады.
4. Шарт тексеріледі.
Егер осы шарт орындалатын болса, ол жағдайда 9 пунктке өтіледі, ал орындалмаса келесі пунктке өтіледі.
5. DFr(mr)= Fr(mr)- Fr(mr+1) орындалады.
6. cr/DFr(mr) орындалады.
7. min cr/DFr(mr) есеп шешіледі.
8. (mг) сәйкес келетін m келесі мәніне 1 қоса, cr/DFr(mr) қайтадан 3 пунктке өтіледі.
9. Мақсатты функцияның мәні есептеледі
10. Алгоритм соңы.
Кесте 4 - ЖСШ Мақта кәсіпорынға 2007 - 2010 жылдарда қажетті болған ұзақ мерзімді активтер мен қосымша құрал жабдықтар, мың тенге
Көрсеткіштер | 2007 ж | 2008 ж. | 2009 ж. | 2010 ж. | |||||
1. Активтер құны, соның ішінде | 86469 | 91936 | 84820 | 89148 |
|
|
|
|
|
1.1 Ұзақ мерзімді активтер | 59588 | 74418 | 70865 | 67079 | |||||
1.2. Негізгі құралдар | 26881 | 17518 | 13965 | 12079 | |||||
Ескерту - |
|
|
|
|
Осы алгоритм негізінде кәсіпорын негізгі көрсеткіштерін есептеу нәтижесінде, алдағы жылдарда бұл кәсіпорын қандай қосымша құралдарды жабдықтау қажеттігін көрсетіп отыр. Бұл экономико – математикалық тәсілді осы саладағы басқада кәсіпорындарда қолдану мүмкін.
2. Кәсіпорынның айналым қорын басқару тәсілдері
2.1 Айналым қаржының кәсіпорын қызметіндегі маңызы
Кез келген кәсіпкерлік қызмет ақша қорларының белгілі бір сомасынан басталады. Оның бір бөлігі негізгі қорларды сатып алуға жұмсалса, тағы бір бөлігі тауар шығаруға қажет материалдық қорларды сатып алуға жіберіледі. Дайын тауарды шығаруға арналған материалдық қорларды сатып алуға бағытталған қаржыны айналым капиталы немесе айналым қаржылары деп аталады. Айналым қаржылары – бұл кәсіпорын капиталының, осы кәсіпорынның ағымдағы активтеріне жұмсалған бөлігі. Айналым қаржыларына ерекше тән белгі ретінде олардың айналуының жоғары жылдамдығын атауға болады. Өндіріс процесіндегі айналым қаржыларының қызмет ету маңыздылығы мен рөлі негізгі капиталға қарағанда қатты айрықшаланады, өйткені айналым капиталының арқасында өндірістің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Кәсіпорынның нәтижелі қызметі авансталған капиталдың айналым қаржы элементтеріне бөліну ерекшелігіне тәуелді болады.
Айналым қаржыларының ең маңызды бөлігі ретінде кәсіпорынның өз қызметін жүргізу үшін қажет қорларға бөлінетін ақша қорларының көзі болып табылады. Берілген ақша қорлары өзіндік және несиелі (қарызды) қаржы есебінен пайда болу мүмкін. Кәсіпорынның өзіндік қаржылары шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық тұрақтылығын және оперативті дербестігін қаматамсыз етеді. Қарызды қаржылар, көбінесе банк несиелері түрінде келтіріледі және олар кәсіпорнның ақшадағы қосымша қажеттелігінің орнын толтыру үшін қолданылады. Сонымен қатар, несиелі қаржыны алудың бірден-бір шарты ретінде кәсіпорынның қаржылық жағдайының сенімділігі және оның тұрақтылығына жасалынған баға болады.
Ұдайы өндіріс процесінде айналым қаржылары айналым өндірістік қорлар мен айналыс қорлары болып бөлінеді және үш кезеңнен өтеді. Сатып алулар кезеңінде (А-Т) айналым капиталы ақшалай формадан өндірістік формаға ауысады. Өндіріс кезеңінде (-.Ө.-) қорлар дайын өнімге айнала бастайды. Айналым қаржыларының берілген кезеңдегі болу нәтижесі ретінде олардың өндірістік формадан тауарлық формаға айналуы болып табылады. Өткізу кезеңінде айналым қаржылары тауарлық формадан қайтадан ақшалай формаға ауысады. (Сурет 1)
А - Т - …. Ө ….. - Т' - А'