Корпоративтік қаржы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 16:15, методичка

Краткое описание

«Корпоративтік қаржы» пәні Қазақстанның қаржы жүйесіндегі жоғары квалификациялы мамандар дайындауға қажетті пәндердің негізгілерінің бірі. Бұл пәнде меншікті қаржы ресурстарының пайда болуы, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, олардың бөлу мен пайдалануда сонымен қатар өндірістік негізгі қорлармен айналым қаражаттарының қалыптасуымен өнімді процесінде пайда болатын ақшалай қатынастар, және дамыған елдердегі экономиканы реттеудің әр түрлі формалары мен әдістерінің қолдану тәжірбиесі көрсетіледі.

Файлы: 1 файл

_doc_umk2010_2_u_spo_2k_5.docx

— 165.57 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

бақылау (тест) сұрақтарының тізімі

1 - АРАЛЫҚ  БАҚЫЛАУ  

1. Нарықта белгілі бір  тауардың бір ғана сатып алушысы  мен бір ғана өндірушісінің  болуы – бұл

а) Екі жақты монополия     б) Дуополия

в) Монополия      г) Олигополия

 

2. Өндірістің екі ғана  фирманың қолында шоғырлануы - бұл 

а) Дуополия       б) Екі жақты монополия

в) Олигополия      г) Монопсония

 

3. Өндірістің бірнеше ірі  фирманың қолында шоғырлануы  – бұл

а) Олигополия      б) Дуополия

в) Монопсония      г) Екі жақты монополия

 

4. Өндірістің бір ғана  фирманың қолында шоғырлануы  – бұл

а) Монополия      б) Монопсония

в) Дуополия       г) Олигополия

 

5. Нарықта бегілі бір  тауардың бір ғана сатып алушысының  болуы – бұл

а) Монопсония      б) Дуополия

в) Монополия      г) Олигополия

 

6. Қаржы ресурстарын қалыптастыру, орналастыру және пайдалану процессінде  қалыптасатын ақшалай қатынастар  жүйесі - бұл

1) Кәсіпорын қаржысы     2) Нақты ақша айналымы

3) МҚаржы ресурстары     4) Қаржы қатынастары

 

7. Құн қозғалысын қалыптастыратын  және ақшалай төлемдер мен  есеп айырысулар ағымында көрініс  табатын экономикалық процесс  – бұл

а) Нақты ақша айналымы     б) Кәсіпорын қаржысы

в) Қаржы ресурстары     г) Қаржы қатынастары

 

8. Қаржы ресурстары дегеніміз  не?

а) Төлемдермен есеп айырысу бойынша ағымдағы міндеттемелерді орындағаннан кейін кәсіпрын иелігінде қалатын ұдайы өндірісті қаржыландырудың меншікті көздері

б) Амортизацилық аударымдар  мен барлық категориядағы еңбекақы қорларын қоса алғандағы кәсіпорын қаржысы

в) Кәсіпорынның қалыптасу сәтіндагі меншікті қаражат көздері

г) Кәсіпорынның инвестициялық қызметіне бағытталатын қаражаттар

 

9. Төлемдермен есеп айырысу  бойынша ағымдағы міндеттемелерді  орындағаннан кейін кәсіпорын  иелігінде қалатын ұдайы өндірісті  қаржыландырудың меншікті көздері  – бұл

а) Қаржы ресурстары     б) Нақты ақша айналымы

в) Қаржы қатынастары     г) Кәсіпорын қаржысы

 

10. Кәсіпорын қаржысының  мақсатты бағыты не?

а) Қаржы ағымын оптималдау, шығындарды азайту, табысты жұмыс

б) Аздаған қаржы ағымындағы және орташа өндірістік шығындар жағдайындағы табысты жұмыс

в) Кәсіпорын балансының кіріс және шығыс бөліктерін жоғарылату

г) Жоғары көлемді өндіріс жағдайындағы табысты жұмыс

11. Қаржының қандай нақтылы  функцияларын білесіз?

а) Ұдайы өндірістік, бөлу, бақылау

б) Ұдайы өндірістік, жинақтық, бақылау

в) Есеп айырысу, бақылау

г) Бақылау оптималдау, бөлу

 

12. Капитал ұдайы өндірісінің  қандай формаларын білесіз?

а) Ұлғаймалы және жай     б) Ұлғаймалы және бастапқы

в) Капиталды және жөндеу     г) Ұлғаймалы және пұрсатты

 

13. Капитал айналымы неден  басталады?

а) Ақшалай қаражаттарды аванстаудан

б) Банктен несие алудан

в) Өнім тұтынушыларымен келісім-шарт жасасумен

г) Кәсіпорын бизнес-жоспарын жасаудан

 

14. Қаржының бөлу функциясы  неден басталады?

а) Орнын толтыру қорын құрудан

б) Есеп айырысу пайдасын бөлуден

в) Еңбекақы қорын құрудан

г) Салық көлемін есептеуден

 

15. Кәспорынның инновациялық  қызметі немен байланысты?

а) Кәсіпорынды ұдайы дамыту     б) Кәсіпорынды кеңейту

в) Өндіріс көлемін жоғарылату     г) Кәсіпорынды акционерлеу

2 - АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ  

1. Қаржының бөлу функциясының  негізгі объектісі не?

а) Кәсіпорын пайдасы     б) Өнімнің өзіндік құны

в) Бюджеттен қаржы бөлу     г) Дивидендтер

 

2. Қаржының бақылау функциясының  мәні неде?

а) Ақша айналымына, ақшалай қаражат қорларына теңгенің бақылау жүргізуін жүзеге асыру

б) Кәсіпорын ақшалай қаражаттарының пайдалануына бақылау жасау

в) Пайданың дұрыс бөлінуін қамтамасыз ету

г) Салықтар мен амортизациялық аударымдардың уақтылы аударылуына бақылау жасау

 

3. Кәсіпорын қаржысының  принциптерін атаңыз

а) Жоспарлылық және жүйелілік, мақсатты бағыт, диверсификация, стратегиялық бағытталу

б) Жоспарлылық, материалды және еңбек шығындарын үнемдеу, диверсификация, инновациялық қызмет

в) Жеделділік, қорлардың айналымдылығын жеделдету, қарыз қаражаттарының қайтарылуын қамсыздандыру

г) Табыстылық, меншікті көздерге бағытталу

 

4. Диверсификация не береді?

а) Банкроттық тәуекелін төмендетеді және кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттырады

б) Өндірілетін өнім ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік береді, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді

в) Шетелдік фирмалармен келісім-шартқа отырады

г) Өнімнің өзіндік құнын төмендету есебінен өнім көлемін шұғыл өсіреді

 

5. Ақша біріншіден неге  авансталады?

а) Өндіріс құралдарына     б) Айналым қаражаттарына

в) Өндірістік босалқыларға     г) Бағалы қағаздарға

 

6. Инвестициялау мен аванстаудың  айырмашылығы неде?

а) Ақшалай қаражаттар ұзақ мерзімге айналымда болмайды

б) Салынатын қаражат көлеміне байланысты

в) Қаражаттардың өтелу уақытына байланысты

г) Жүзеге асатын шаралардың әрқырлылығына байланысты

 

7. Қаржының ұдайы өндірістік  функциясы қандай көрсеткіштерден  көрінеді?

а) Активтердің табыстылығы мен өтімділігінен

б) Қорлардың табыстылығы мен айналымынан

в) Өнім рентабельділігі мен қаржы тұрақтылығы көрсеткіштерінен

г) Көлемдік көрсетіштерден

 

8. Қаржының ұдайы өндірістік  функциясы неге ықпал етеді?

а) Ұзақ мерзімді инвестициялық мәселелерді шешуге қажетті капиталдың жинақталуына

б) Кәсіпорынның қайта құрылуына, техникалық қайта жабдықталуына

в) Ағымдағы міндеттемелер бойынша уақтылы есеп айырысуға

г) Кәсіпорын бюджетінің кіріс және шығыс бөлігін теңестіруге

 

9. Кәсіпкерлік процессі  қандай сатылардан тұрады?

а) Идеялар іздеу және оны бағалау, бизнес-жоспар жасау, қажетті ресурстар іздеу, кәсіпорынды басқару

б) Ресурстарды іздеу және оларды бағалау, коммерциялық және өндірістік серіктестерді іздеу, бизнес-жоспар жасау

в) Кәсіпорын жарғысын жасау, келісім-шарт жасау, банк несиелерін алу, маркетингтік зерттеу жасау

г) Нарық конъюктурасын зерттеу, бәсекелестердің мүмкіндіктерін зерттеу, өнім бағасын қалыптастыру

 

10. Капитал айналымы дегеніміз не?

а) Капитал айналымының сатысы    б) Капиталдың күйі

в) Капиталдың толықтырылуы    г) Капиталдың инвестициялануы

 

11. Кәсіпорынның меншікті  қаражаттарының негізгі көзі  не?

а) Жарғылық капитал     б) Жалпы пайда

в) Есепті пайда      г) Өндірілген өнім

 

12. Кәсіпорынның жарғысымен  анықталған және акцияларды сату  немесе қатысушылардың, құрылтайшылардың  салымдары  есебінен қалыптастырылатын  оның капиталының бастапқы сомасы  – бұл

а) Жарғылық капитал     б) Резервтік капитал

в) Қосымша төленген капитал    г) Қосымша төленбеген капитал

 

13. Вексель бағалы қағаздарға  жатады ма?

а) Иә        б) Жоқ

в) Жағдайға байланысты     г) Салаға байланысты

 

14. Инвестицияларды қаржыландыру  көздерінің құрылымында ұзақ  мерзімді инвестицияладың үлес  салмағы өседі ме , кемиді ме?

а) Кемиді       б) Өседі

в) Өзгеріссіз қалады      г) Маусымдылығына байланысты

 

15. Ұзақ мерзімді инвестициялардың  үлесі не үшін кемиді?

а) Банк несиесінің ставкасы өсуімен байланысты

б) Өндіріс масштабының өсуімен байланысты

в) Өндірісті диверсификациялаумен байланысты

г) Өнім ассортиментінің өзгеруімен байланысты

 

Ғылыми бағдарламалар  мен рефераттар тақырыптарының тізімі

  1. Корпорациялар қаржысы; мазмұны және оларды ұйымдастыру
  2. Корпорациялардың өнім өндіріп өткізу, шығындары мен басқа да шығыстары
  3. Корпорациялардың өнім өндіріп өткізу, жұмыстар мен қызыметтер шығындарын талдау
  4. Корпорациялардың өнім өндіріп өткізіу, жұмыстар мен қызыметтер бойынша шығындарды жоспарлау
  5. Өнімді өндіруден, жұмыстар мен қызыметтерден алынатын табыс, оның өсу факторлары мен жоспарлануы
  6. Корпорация табысын жоспарлау мен бөлу
  7. Корпорация табыстарын қалыптастыру, бөлу және пайдалану, олардың өсіру резервтері
  8. Корпорация тиімділігін жоғарлату жолдары
  9. Корпорациялардың өндірістік және әлеуметтік дамуында өзін- өзі қаржыландыру
  10. Корпорациялар табысына салық салу
  11. Корпорациялар қорлары, олардың қалыптасуы мен пайдаланылуы
  12. Корпорациялар инвестициялық қызыметінің қаржылық аспектілері
  13. Корпорациялар инвестициялық саясаты, оның негізгі капиталды жаңартудағы орны
  14. Корпорациялар негізгі капиталы мен айналымнан тыс активтеріне инвестициялар
  15. Корпорацияның амортизациялық саясаты, оның негізгі капиталды жаңартудағы орны
  16. Негізгі қорларды амортизациялау әдістері және олардың корпорация негізгі капиталын жаңартудағы орны
  17. Корпорациялар негізгі капиталы мен айналымнан тыс активтері: оларды ұдайы өнімдіру көздері
  18. Корпорациялар негізгі капиталын пайдаланудың қаржылық көрсеткіштері мен пайдаланудың қаржылық көрсеткіштері мен пайдалану тиімділігін өсіру жолдары
  19. Лизинг- корпорацияинвестицияларын тарту формасы ретінде
  20. Күрделі құрылыс қаржысын ұйымдастыру
  21. Корпорация тікілей инвестицияларын қаржыландыру көздерін талдау
  22. Қазақстанда инвестициялық процестің қалыптасуы, оны қаржылындыру көздері
  23. Корпорациялар айналым активтердегі қажетттілікті табу
  24. Корпорациялар айналым активтерін тиімді пайдалыну жолдары
  25. Корпорациялар айналым активтерін қаржыландыру көздері және олардың пайдаландыру тиімділігін жоғарлату жолдары
  26. Қарыз капиталын тарту саясаты
  27. Корпорацияның қаржылық жағдайсыздығының пайда болу себептері мен оны жеңу
  28. Корпорацияның қаржылық жағдайсыздығы және шаруашылықты түзету жолдары
  29. Корпорацияларда қаржылық жоспарының негізгі көрсеткіштері, олардың анықтау әдістері
  30. Корпорациялар қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары
  31. Корпорацияның қаржылық стратегиясының мәні мен мазмұны
  32. Бизнес- жоспар жобасы мен қаржылық жоспарды компьютерлік есеппен қамтамасыз ету
  33. Акционерлік қоғамдар қаржылық жұмысының айырықшылығы
  34. Қазақстан және Ресей қаржы- өндірістік топтарының қаржылырын ұйымдастыруды талдау
  35. Корпорациялар қызыметін қаржыландыру көздері, құрамы, құрылымы және нігізгі сипаттамалары
  36. Кәсіпорынның айналым активтері: айналым капиталын қалыптастыру және басқару саясаты
  37. Корпорациялар қаржысын антикризистік басқару. Банкротты болжау
  38. Ауыл шаруашылық кәсіпорынның қаржысын ұйымдастыру айырықшылықтары
  39. Түрлі меншік және шаруашылық нысандағы кәсіпорындар қаржылырын ұйымдастыру ерекшеліктері
  40. Факторинг- корпорациялар айналым қаржаттарын несиелеу тәсілдері ретінде
  41. Корпорацияның қызыметіндегі меншік капиталдың орны
  42. Корпорацияның қаржылық орныдары: мәселері, қызыметтері және жұмыс істеу әдістері
  43. Корпорация қаржылық жағдайында салық жұйесінің әсер
  44. Корпорацияның қаржылық қызыметі инвестициялық қызыметінің объектісі мен субъектісі ретінде
  45. Өндірістік кәсіпорын қаржы ресурстарының қалыптасуы мен пайдалану тиімділігі
  46. Корпорацияның қаржылық жағдайын күшейту жолдары мен резервтері
  47. Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау мен қаржылық бақылау
  48. Корпорациялар күрделі салымдарын тиімді пайдалану
  49. Нарық жағдайындағы корпорация негізігі қорларын бағалау мен қайта бағалау
  50. А. Қ. Табысының қалыптасуы мен бөлінуі
  51. Кәсіпорындардың ақша қаржылықттары мен  есеп айырысуды ұйымдастыру
  52. Корпорацияның қаржылық талдануы, оның қаржылық саясат стратегиясындағы рөлі
  53. ҚР- дағы лизинг бизнесі, оны дамыту жолдары
  54. Корпорацияның қаржылық жоспарлаудағы қаржы математикасының маңыздылығы
  55. А.Қ- ды қайта ұйымдастыру мен жоюдың қаржылық мәселелері

 

Глоссарий

Қаржы капиталы- Ақшалай қаражат нысанындағы капитал.

Кредиттік ақша- Кредиттік билеттер-кредиттің дамуы немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі атқарымы негізінде пайда болған төлем құралдары (банкноттар, чектер, вексельдер). Айналыстағы алтын мен қағаз ақшаның орнына жүреді.

Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

Төлем балансы – бұл халықтың белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.

Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтуге берілетін несие.

Толық құнды ақша – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Толық құнсыз ақша – номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық  еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Дисконттық (есепке алу) саясаты – бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.

Дивиздік саясат – мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.

Бюджеттен қаржыландыру – қайтарылмайтын тәртіппен берілген ақшалай қамтамасыз ету, мемлекеттік тапсырыстарды жүзеге асыруға, мемлекеттік бағдарламаларды орындауға, мемлекеттік ұйымдарды ұстауға байланысты мемлекеттік (жергілікті) бюджеттен ақшалай қаражат бюлу (қаражаттандыру). Бюджеттен қаржыландыру жалпы мемлекеттік мақсаттарға қол жеткізу үшін немесе толық не ішінара мемлекеттік ақшалай қамтамасыз етуде тұрған салалардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың шығындарын жабу үшін белгілі бір мақсат бойынша ақшалай қаражат бөлу (бюджеттен қаржыландыру) нысаныңда жүзеге асырылады. Мысалы, мемлекеттік аппаратты, басқару органдарын, армияны, полицияны, сотты, ішінара ғылым, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, ұйымдары, мекемелері мемлекеттік және жергілікті  бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталады.

Бюджеттік кредит – 1. мемлекеттік бюджет бойынша белгілі бір мақсаттарға арналып бекітілген қаржы. 2. ұйымға немесе мекемеге мемлекеттік бюджет қаражатын бюлінген қаржы шегінде банк арқылы жұмсау жөнінде берілген құқық.

Мемлекеттік кредит – кредит қатынастарының жүйесі, бұл қатынастарда мемлекет өз органдары арқылы қарызгер, ал жеке заңи тұлғалар несиегерлер болып табылады. Мемлекеттік кредит арқылы қайтарымдылық негізінде мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін ақшалай қаражат шоғырландырылады.

Дебитор – кәсіпорынға, ұйымға немесе мекемеге берешегі бар заңи немесе жеке тұлға.

Акцептік  кредит – экспортшы немесе импортшы банкке ұсынған өз вексельдерін осы банкке беру арқылы алатын банк кредиті. Мұндай вексельдердің сатылуы мүмкін, өйткені банк акцептісі вексельді сатып алушыға банкте осы вексель бойынша есеп айырысу құқығын береді.

Банк кредиті – банктер, арнаулы кредит-қаржы мекемелері жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен басқа да қарыз алушыларға ақшалай несие түрінде беретін кредит.

Халықтың қолма-қол ақшасыз есеп айырысу – жинақ банктері салым ақша иелерінің тапсыруымен олардың шотынан белгілі бір соманы есептен шғару және оны қаражатты алушы ұйымдардың шотына аудару жолымен жүзеге асыратын есеп айырысу .

Қолма – қол ақшасыз есеп айырысу – соманы төлемшінің шотынан алушының шотына аудару арқылы немесе нақты ақшаны қатыстырмай өзара талаптарды есепке алу арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысу. Барлық есеп айырысу кредит мекемелері арқылы немесе олардың бақылауымен жүзеге асырылады. Есеп айырысу құжаттарының негізгі түрлері: төлем талаптары мен тапсырмалар, чектер мен аккредетивтер. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу елдің өз ішінде де, халықаралық қатынастар саласында да қолданылады.

Қолма-қол ақшасыз төлем айналымы – кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар және мекемелер өздерінің бір-бірімен, мемлекеттік бюджетпен және кредит жүйесімен есеп айырысу бойынша қолма-қолсыз ақшасыз аудару және есептеу арқылы ұдайы төлеп отыратын ақшалай төлемдердің жиынтығы.

Бланкілік кредит – тауар-материалдық құндылық құндылықтармен немесе бағалы қағаздармен қамтамасыз етілмей берілген сенімгерлік кредит.

Қағаз ақша – ықтиярсыз көрсетілуі бағасы бар, әдетте металға айырбасталмайтын және үкімет өзінің шығындарын өтеу үшін шығаратын ақша белгілері.

Бюджеттен несиелендіру – жеке және заңи тұлғаларға, төменгі бюджеттерге қайтарылмалы және ақылы негізде белгіленген тәртіппен бюджеттен ақша бөлу. Төменгі бюджеттерді несиелендіру заңнамада көзделген реттерде тегін негізде жүзеге асырылуы мүмкін.

Айналыстағы артық ақша – ақша айналысы арналарының ұлттық шаруашылықтың нақты мүмкіндіктерінен тыс қағаз ақша қаражатымен толуы және осының салдары ретінде ақша белгілерінің құнсыздануы. Айналыстағы артық ақша – экономикадағы инфляциялық шиеленістің үдей түсуі белгілерінің бірі.

Ақша  өлшемі – заңнамалық тәртіппен белгіленген ақша белгісі; ұлттық ақша жүйесі нышандарының бірі. Барлық тауарлардың бағасын шамалау және көрсету үшін пайдаланылады.

Информация о работе Корпоративтік қаржы