Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 13:43, курсовая работа
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт өнім болып табылады. Тауар – бұл сату айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналлуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.
Қосымшалар 44Кіріспе 3
I-тарау Ақша жүйесінің теоретикалық аспектілері
1.1. Ақша жүйесі, оның элементтері және типтері 6
1.2. Ақша айналымы туралы ұғым және оның құрлымы 11
1.3. Ақша айналысы заңы және мәні 14
II-тарау Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы 19
2.2. Ақшаның түрлері 25
III-тарау Теңге бағамын тұрақтандыру жолы 35
Қорытынды 40
Қолданылған әдебиеттер 42
Биметаллизм жүйесі өскелең
Капиталистік тауарлы
Монометаллизм - ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталады. Күміс монометаллизм Үндістанда 1852-1893 жж., Голландияда 1847-1875 жж., Ресейде 1843-1752 жж. қолданылады.
Патшалық Ресейде күміс
Алғашқыда алтын
Құн белгілерінің алтынға
Алтын монетлы стандарт – оған негізгі төмендегі белгілері тән:
Алтын монеталы стандарт
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын құймасының белгілі бір салмағына айырбасталады. Мысалы, Ұлыбританияда салмағы 12,4 кг стандартты құйма 1700 ф.ст., ал Францияда 12,7 кг – 2105 мың франкке теңгерілді.
Алтын девизді (алтын валюталы) стандарт – ол банкнотаның девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияд, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Бұл кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айна лыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы жолмен ғана алтын девизді ақша жүретін елдердің алтынмен байланысы сақталды. Ұлттық
валютаның тұрақтылығын бір қалыпта сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттық валютаның курсының төмендендеуіне немесе жоғарылауына байланысты оған шетел валютасын сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылады. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына тәуелді болды.
1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездері алтын монометаллизімінің барлық формасы жойылды. Мысалы, Ұлыбританияда -1931 ж., АҚШ-та 1933, Францияда 1936 ж. және с.с.
1944 ж. Бреттон-Вудсте құрылған Халықаралық валюта жүйесі еркін айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын долларлы стандартты бекітті. Оның ерекшелігі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтынмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт тек орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана бекітілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 ж. бастап алтын құмайларын долларға сатуды тоқтатты, сондықтан алтын доллары стандарт та айналыстан шықты.
1976-1978 жж. Ямайка Халықаралық валюта жүйесі алтынның айналыстан шығуын заң жүзінде бекітті. Ақша өлшемдерінің алтын құрамы және алтынның ресми бағасы қойылды. Халықаралық валюта қорымен оның мүшелері арсындағы есеп айырысудан да алтын алынып тасталды. Сөйтіп бүкіл мемлекеттерде алтынға айырбасталмайтын несие ақшалары жүйесі орнықты. [1, 57-62 бет] , [2, 46-47 бет]
1.2.
Ақша айналымы
туралы ұғым және
оның құрлымы.
Көптеген шетел басылымдарына ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90-жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердің басылымдарында “ақша айналымы” және “ақша айналысы” деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп тек
қолма-қол ақша емес ақшаның ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрлымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді.
Жоспарлы – орталықтанған
КСРО негізінде құрылған ТМД елдерінің нарықтық қатынастарға өту кезінде жүргізген іс-шараларын кейін ақша айналымында пайда болды. Шын
мәнінде ақша айналысы – ақша айналымының тек бір бөлігі, атап айтқанда “қолма-қол ақша айналысы”.
Нарықтық экономика үлгісі
Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үздіксіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұны сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді.
Ал металл ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың құны айналымда жүрді. Себебі металл монетаның (алтын немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы мен ақша айналымын біріктірді.
Қазіргі ақша айналымын құн
айналымы деп айтуға болмайды.
Оған себеп – қолма-қол ақша
және қолма-қол емес ақша
Айналыста жүретін тек қолма-
1.3.Ақша
айналысы заңы
және мәні
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс
аясындағы көрінісі. Ол – тауар –ақша
қатынастары болатын барлық қоғамдық
формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның
саны К. Маркс ашқан айналысы заңмен реттеледі.
Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті
ақша мөлшері (А мөлш.) екі факторға:
біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда
сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына
(Стб); екіншіден ақша айналымының
жылдамдығына (А жылд.) байланысты
өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен
өрнектеледі:
Стб
А мөлш.= ------------
А жылд.
Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының
қосындысын бір аттас ақша өлемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.
Ақша тек айналыс құралы ғана
емес, сонымен бірге төлем құралы
қызметін де атқаратындықтан
айналысқа қажетті ақша
А мөлш.=------------------------
Онда:
А мөлш. – айналыс құралы және төлем
құралы қызметтеріне қажет
Стб - сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы;
Стбн - несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы;