Жоғарыда көрсетілген
шараларды бір мезгілде және
кешенді жүзеге асыру ділгерлікті
жеңу еркін, нарықтық бағалар
жүйесін өмірге енгізуге мүмкіндік
береді. Әрине, бұл жылдам іске
аса қоймайтын үрдіс екендігі
белгілі. Нарыққа өтпелі кезеңнің
өне бойында бірқатар өнім
түрлерінің бағасын әкімшәләк
жолмен реттеп отыру әлі де
сақталынатын болады. Экономиканың
тұрақтандырылуына, оның нарықтық
негіздерінің нығайтылуына қарай
орталықтан белгіленетін мұндай
бағалар шеңбері тарыла түспек.
Болашақта мемлекеттік баға реттеу
өз мәнін біршама сақтайтыны
байқалады. Экономиканың тұрақтандырылуына,
оның нарықтық негіздерінің тұрақтануына
бұлайша баға белгілеуді реформаларды
белгілеудің күрделі қиындыққа,
үлкен әлеуметтің тәуекелге толы
жол екендігін де мойындаған
жөн. Әйтсе де бұл қазіргі
заманғы ділгерсіз, жоғары өнімді
экономикаға жеткізетін бірден
бір жол [21].
2.2. Ақша-несие саясатын
жүргізудегі аспектілер
Қазақстан Республикасының
осы заманғы әлеуметтік-экономикалық
даму кезеңі нарықтық қатынаспен
сипатталады. Бұл қатынаста жаңа
ақша- несие жүйесі қалыптасып, қаржы
институттарының жаңа түрлері
пайда болып жатыр, нарықтық
экономикаға тән жүйеге сәйкес
банк жүйесінің құрылымы өзгерді.
Еліміздің ақша- несие
саясаты халықаралық несиелік
саясатпен жұмыс істеу принциптеріне
көшу барысында Қазақстан Республикасындағы
өтпелі кезеңнің ерекшеліктері
мен әлемдік банктің технологиясын
ұштастыра білудің маңызы зор.
Несиені өтеу қабілетін
бағалау үшін рейтинг агенттіктері
елдің несие рейтингін әзірлейді,
бұл орайда мына аспектілерге
назар аударады:
1. Демократиялық саяси
жүйені жасаудағы прогресс: мұны
демократиялық саяси институттардың
тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің
ашықтығы, экономикалық реформаларды
жүргізуге саяси жолды ұстаушылық
және оларды тәжірибеде жүзеге
асыруға қабілеттілік деп түсінеді.
2. Қаржылық тұрақтылыққа
және экономикалық өсуге жетудегі
жетістіктер. Олар өзіне мыналарды
біріктіреді: фискалдық және манетарлық
саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның
тұрақтылығы мен айырбасталымдағы
кезінде инфляцияның төменгі
деңгейін ұстап тұруы.
3. Нарықтық экономикаға
көшудегі прогресс: экономикадағы
және меншік сектордың рөлі (мемлекеттік
секторды жекешелендірудің дәрежесі,
жеке меншік компаниялардың жетістіктері,
кәсіпорындардың құрылымын өзгерту,
корпарациялық басқарудың тиімділігі,
қоғамның салық салуға қатысындағы
өзгерістер және төлем тәртібі,
экономикалық ырықтандыру, баға
еркіндігі, жаңа отандық және
шетелдік компаниялар үшін нарықтың
ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық
қызметтегі ақықтық), қаржы секторының
ақуалы (банк секторының дамуы
және оны реттеу, қаржы делдалдылығының
дамуы, қор нарығының және банктік
емес қаржы мекемелерінің дамуы),
нарықтық институттардың дамулығы (тиімді
инфрақұрылым мен заңнаманың болуы).
4. Сауда ағындарын қайта
бағдарлау. Экспорт пен импорттың
өсу серпіні мен құрылымы, халықаралық
экономикалық сауда ұйымдарына
қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі
шетелдік тура инвестициялардың
рөлі, менеджменттің деңгейі технологияларды
беру арқылы бағаланады [26].
Соңғы жылдары Қазақстан
Республикасы шетелдерден едәуір несиелер
алды. Сондықтан валюта қаражаттарын
ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта
түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға
арналған тауарды шығарған кәсңпорындарды
құру және жаңғырту және басым өндірістерді,
яғни экономиканы сауықтыру үшін
белгіленген құрылымдық саясатты ескере
отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс
[2].
2.3. Валюталық саясат және
оның төлем балансындағы маңызы
Әлемде нарық экономикасында
несие жүйесі екі дәрежеде
қызмет атқарады, олар «макроэкономика»
және «микроэкономика» болып
бөлінеді. Осыған сәйкес экономикалық
талдау да макроанализ және
микроанализ деңгейінде жүргізіледі.
Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің
1936 жылғы «Еңбекке тарту, процент
пен ақшаның жалпы теориясы
» деген еңбегінде батыс экономистері
арасында кең қолдау тапқан.
Микроэкономикада - жеке
буын немесе негізгі экономикалық
буынның қызмет ету саласы. Микроэкономиканың
нарық жағдайындағы басты сипаты
және негізгі мақсаты табыс
табу [17].
Макроэкономикада - бұл
жалпы экономикалық процестер
саласы, қоғамдық фирмалардың жиынтығы
болып табылады.
Қазіргі кездегі несие
жүйесі соңғы жылдары едәуір
өзгерістерге ұшырады. Әлемдік
экономикадағы құрылымдыұ қайта
құрулар нәтижесіндегі өзгерістерге
байланысты банк жүйесінің барлық
компоненттері қайта жаңғыртылуда.
ҒТР-дің даму әсерінен өндірістің
шоғырлануы капиталдың шоғырлануы
мен орталықтануын талап етті.
Сәйкесінше банктер өз операцияларын
несиелік ресурстарды ұлғайтуға
қарай модификациялайды, яғни қазіргі
кездегі банк жүйесінің экономикадағы
дамуының өзгермелі жағдайына
бейімделуі жүзеге асады: банк
жүйесінің құрылымдық қайта құрылуы
айқын; белгіленген мамандануды
сақтай отырып, банктер қызметінің
шоғырлануы және әмбебаптануы
орын алады. Ірі әмбебап банк
өз клиенттері үшін депозиттік
шоттарды жүргізу, қолма қолсыз
есеп айырысу, жинақтарды қабылдау,
әр алуан несиелерді беру, құнды
қағаздарды сатып алу, сенімхат
бойынша мүліктерді басқару және
басқа көптеген банктік және
банк маңындағы қызметтерді көрсету
бойынша операциялардың көптеген
түрлерін жүзеге асырады. Несиелік
мекемелер қызметінің көпжақты
сипаты қазіргі кездегі қаржылық
капиталға толық жауап береді
[15].
Несиелік мекемелердің
әмбебаптануы екі бағыт бойынша
жүргізіледі. Біріншісі - дәстүрлі
емес банктік операциялардың
кеңеюі арқылы. Коммерциялық банктер
сақтандыру бизнесіне, факторингке,
ақпараттық кеңістік принципке
және т.б. енуге тырысады. Олар
қаржылық қызмет көрсету, атап
айтқанда жылжымайтын мүлікпен
мәмілелер, бухалтерлік және компьютерлік
қызмет көрсету, лизингтік іс салаларына
қатыса отырып, несиелік мекемелердің
басқа топтарымен тікелей конфронтацияға
шығады.
Екінші - банктік емес
мекемелердің банктік нарықтағы
енуі арқылы. Банктік емес мекемелер
қазіргі таңда банктермен инвестициялық
салада депозиттік саудалық операцияларды
барынша бәсекелес келеді.
Соңғы жылдары банктік
жіне басқа арналардағы қаржы
несие мекемелері арасындағы
қаржы, халықтың жинақ ақшалары
және фирмалар мен компаниялардың
жинақтары үшін күрес өткір
сипат алады [5].
ІІІ- Тарау. Әлемдегі несие
жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары.
3.1. Халықаралық ақша-несие
саясатының қоғамда алатын орны.
Халықаралық ақша-несие
саясаты - бұл қайтарымдылық, жеделдік
және процент төлеу шарты бойынша
өзге елге валюталық және тауар
ресурстарының несиеге берілуін
қадағалайтын саясат.
Халықаралық несиелік
қарым қатынастардың негізгі
формалары әр түрлі. Олар заемдық
қаражаттарды пайдалануда дүниежүзілік
шаруашылықтың қажеттіліктерінің
өсуін керек етеді. Халықаралық
ақша - несие саясаты олардың тағайындалуына,
экономикалық мазмұнына, несиені
беру көздерін қамтамассыз етеді.
Халықаралық ақша-несие саясаты
көбінесе сыртқы сауда ағымдарына
әсер етумен, инвестициялық обьектілердің
құрылысын қаржыландырумен, көрсетілген
қызметтерге ақы төлеумен, ғылыми-техникалық
білімдерді экспорттаумен тікелей
байланысты келеді. Сонымен қатар,
оның маңызды бір бөлігі тек
қана сыртқы экономикалық несиелерді
қаржыландыру үшін ғана емес,
сол сияқты барлық несиелер
беру немесе әр елдің төлем
балансын реттеу саясатына пайдаланылады.
Қазіргі жағдайда халықаралық
несиелер бір жағынан, экспорттық
және қаржы несие зайымдары
ретінде, екінші жағынан, жеке
және халықаралық несие түрінде
қарастырылған [7].
Несиенің бағасына
несиеге сатылатын тауарлар бағасына
жасырын түрде болатын пайыз
мөлшерлемесі, комиссиондық және
басқа да мезгілдік ақылар, сыйақылар
береді. Бағаның негізгі компоненті
бұл пайыз мөлшерлемесі. Пайыз
мөлшерлемесінің құрылысы мен
қозғалысы халықаралық қарыздық
капиталдар нарығының дамуының
негізгі заңдылықтарын көрсетеді.
Дүниежүзілік шаруашылық нарық
конъюктураларының өзгерісін шұғыл
түрде ескере отырып, несие үшін
пайыз ішкі және сыртқы нарық
ағымындағы жағдайларды тез арада
бағалауға және оның алдағы
уақыттағы дамуына қорытынды
беруге мүмкіндік жасайды. Халықаралық
ақша несие нарығының жекелеген
сфераларындағы қарыздық капитал
қозғалысының заңдылықтары саудаға
ықпал етеді.
Халықаралық несие
нарығындағы пайыз мөлшерлемелерінің
қазіргі құрылымы да несиенің
қолданылу аясына және пайдалану
бағыттарына сәйкес анықталады.
Сондықтан да мынадай халықаралық
несие категориялары: экспорттық
және қаржы несиелерінің пайыз
мөлшерлемелерінің қозғалыс ерекшеліктерін
қарастыру қызығушылық тудырады.
Орташа пайда нормасына
қарағанда дүниежүзілік нарықтағы
сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы
өзгеріп отырады. Дегенмен өндіріс
пен айырбастан және несиелік
жүйелермен жинақталған несие
капиталының өсуі, халықаралық сауда
және батыс елдері арасындағы
төлем есеп айырысу қатынастарының
нығаюына әкеліп отыр. Мұндай
несиелік нарықтағы сұраныс пен
ұсыныс арасындағы қатынас дүниежүзілік
дағдарыстың тұсында болған [27].
Экспорттық несиелер
бойынша пайыз нормасының қозғалысына
ортақ заңдылықтар белгілеу өте
қиын. Жоғарыда аталған факторларға
қоса, бұл несие бағасының қалыптасуына
дүниежұзілік нарықтағы тауарлар
қозғалысынан сондай-ақ жабдықтаушы
мен сатып алушы арасындағы
несиелік қатынастардың ерекшелігінен
туындайтын факторлар жиі ықпал
етеді. Мұнымен экспортты несиелеу
жүйесінің негізгі аспектілері:
атап айтсақ, несиелеу мерзімі,
формасы және түрлері, қамтамасыз
ету сипаты, нарықтың шарттары
мен тәртібі т.б. тығыз байланысты.
Сыртқы сауда несиелері бойынша
пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне,
кейде саяси қажеттіліктен туындайтын
несие нарығындағы бәсеке де
үлкен әсер етеді. Мұның бәрі
сыртқы сауда несиелері бойынша
пайыз мөлшерлемелерінің құрылымының
күрделенуіне әкеліп соғады. Несиенің
кейбір формалары мен түрлері
бойынша қандайда бір тенденцияны
айқындау мүмкін емес.
Тікелей мемлекеттік
несиелер бойынша халықаралық
несие саласындағы пайыздар төмен
болып келеді, мұндағы мөлшерлемелер
мемлекеттік бюджет немесе арнайы
қордағы қаражаттар есебінен
жабылады. Мұндай несие бойынша
пайыз мөлшері экономикалық емес,
саяси формаларға байланысты
анықталады. Батыс елдері бюджет
есебінен арзан несие беруді
және инвестициялар мен тауар
экспортын ынталандыру үшін пайдаланады
және нәтижесінде сыртқы экономикалық
экспансияға тиімділік жасайды
[8].
Евровалюта нарығындағы
қаржы несиелері бойынша пайыз
мөлшерлемелерін қалыптастырудың
бірқатар ерекшеліктері бар. Оның
басты элементі - «либор» мөлшерлемесі.
Ол нарық конъюктурасына байланысты
ауытқи отырып, банктің жалпы
ағындағы өтімділік жағдайын
көрсетеді.
Сыртқы сауда мәмілелерін
қаржыландырудағы несие мерзімі
несиеленетін тауарлар немесе
объектілердің сипатына және
контрактінің мөлшеріне байланысты.
Контракт қаншалықты ірі сомаға
жасалса, несие соғұрлым ұзақ
мерзімді болуы мүмкін.
Инфляциялық процестердің
ұлғаюы барысында ақша-несие саясатының
маңызы арта түсуеді. Сондықтан
валюта бағамының динамикасы, қарыз
алушылардың несие мерзімін таңдауы
нарықты тауарда маңызды роль
ойнайды [3].
3.2. ҚР-ның ақша-несие саясатының
қазіргі даму ерекшеліктері.
Нарық экономикасына
өту жағдайында және экономикалық
дағдарысты жоюда, макроэкономикалық
тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР
банк жүйесі маңызды роль атқарады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан
екі деңгейлі банктік жүйенің
қызмет етуіне байланысты жасалған
талдауда, олардың көрсетіп отырғанындай,
кемшіліктердің басым бөлігі
банктер қызметін реттейтін нормативтік
базаны жасаудағы артта қалушылық
және оның іске асырылуына
іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі
кемшіліктермен сипатталады [3].
ҚР Ұлттық банкі
түрлі күрделі операцияларды
орындайтын және ақша айналымын
реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын
қамтамассыз ететін негізгі буын
болғандықтан бірінші деңгейлі
банк болып есептеледі.
Ұлттық банктің үкіметтен
белгілі бір тәуелсіздігі - оның
ақша-несиелік және валюталық
тұрақтылықты сақтаудағы іс әрекеттеріндегі
тиімділігіне қажетті жағдай. Ұлттық
банктің мұндай тәуелсіздігі
еліміздің экономикалық тұрақтылығы
үшін маңызды.
Дегенмен Ұлттық банктің
Үкіметтен тәуелсіз қызмет істеуі
мүмкін емес. Үкіметтің экономикалық
саясатының негізгі элементі - ақша-несие
және қаржы саясатын мүлтіксіз
орындау Ұлттық банк қызметінің
түйіні. Сондықтан Үкіметтің макроэкономикалық
бағыты Ұлттық банктің ұзақ
мерзімдегі саясатын анықтайды.
Сайып келгенде кез келген
Ұлттық банкте әрі банктің,
әрі мемлекеттік органның белгілері
тоғысады.
Кез келген Ұлттық
банктің міндеті - ұлттық ақша
өлшемінің төлем қабілеттілігі
мен валюталық курсының тұрлаулылығын
қамтамасыз ету, банк жүйесінің
өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем
жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін
қамтамасыз ету. Осы міндеттерді
атқару үшін Ұлттық банк негізінен
мынадай қызметтерді орындайды:
• Банкноталарды монополиялы
түрде эмиссиялау;
• ақша-несиелік қатынастарды
реттеу;
• сыртқы экономикалық қатынастарды
жүргізу;