Акша несие саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 20:17, реферат

Краткое описание

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

Файлы: 1 файл

Ақша несие саясаты.docx

— 27.60 Кб (Скачать)

• банктердің банкісі болу;

• үкімет банкісі болу.

Осы аталған қызметтер  Ұлттық банктің балансында көрініс  табады [12].

  Ақша-несиелік саясат  жүргізу үшін Ұлттық банктің  заңды бекітілген құралдары мен  операциялары бар, олар: қайта  қаржыландырудың ресми мөлшерлемелері, банкілерге қойылатын резервтік  талаптар нормативі, қысқа мерзімді  ноталардың шығарылымы, ашық нарық  операциясын жүргізу, кредиттік  және депозиттік операциялар,  вексельдерді қайта есепке алу  және т.б.

  Оларды пайдаланудың  тиімділігін республикада 2001-2004 жж. қалыптасқан инфляция деңгейімен (6,4-6,8%) шамалауға болады. 

  Сонымен қатар болашақта  артық өтімділікті «депозиттерге  тарту» Ұлттық банктің басты  құралы болатын жоспары бар.  Алайда инфляциялық қысым көзі  сырттан (сыртқы валюталық түсімдер) болса, артық өтімділікті шексіз  азайту бұл операцияның тиімділігін  төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайда  сыртқы түсімдерді реттеу бағытында  шаралар қолдану қажет [8].

  Институционалдық жағынан  қарасақ несие жүйесі валюта  қаржы мекемелерінің кешені, оны  мемлекет экономиканы реттеп  атқару үшін белсенді пайдаланады.  Ақша-несие жүйесі қоғамдық ұдайы  өндірістің барлық механизмін  қамтып, өндірістің шоғырлануы мен  капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің  экономикасына қолдануға септігін  тигізеді.

  Мемлекеттік бюджет  тапшылығы оны жабуға бос қаржы  ресурстарын тарту қажеттігін  туғызады. Бұл ресурстар мемлекет  ішінде (үкімет, қаржы-несие ұйымдары) және халықаралық қаржы несие  институттарында шоғырланады. Қаражаттарды тартудың басты тәсілі болып мемлекеттік несие табылады.

  Мемлекеттік несие  жалпы мемлекеттік қаржының басты  буындарының бірі және несие  қатынастарының жиынтығы.

  Ақша-несие жүйесінде  мемлекет мынадай рольдер атқара  алады: несие беруші, қарыз алушы  және кепіл.

  Мемлекеттік несие  ақша-несие қаражаттарын қайтару  шарты негізінде қайта бөлу  қызметін атқарады. Бұл халықтың  жеке шаруашылық субъектілерінің  уақытша бос ақша қаражаттарын  шоғырландырумен байланысты. Бұл  қызметте мемлекеттік несие жинақтарды  ұйымдастырудың бір нысаны болып  табылады [17].

  Мемлекеттік несие  бос ақша қаражаттарын мемлекеттік  билік органдарының қарамағына  жұмылдыру және оны мемлекеттік  шығындарды қаржыландыру барысында  мемлекет пен заңды және жеке  тұлғалар арасында туындайтын  қатынастар. Несие көмегімен орташа  жинақтар мемлекетте жинақталады  және оның қажеттіліктерін өтеуге  бағытталады. 


Информация о работе Акша несие саясаты