Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 20:03, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Философия".
46. Дүниенің бастамасы су, ауа, сан деп қарастырған ежелгі грек ойшылдары: Фалес- су («архэ»), Анаксимен – ауа, Пифагоршылар- сан.
47. Антикалық ойшылдарының қайсысы этиканы «жан дәрісі», яғни қасіреттен құтылу және жанның ләззаты деп ұғынған ойшыл: Эпикур
48. Pante rei – барлығы өзгереді, барлығы қозғалыста болады деп қарастырған ойшыл: Эфестік Гераклит (шамамен б.з.д. 544-483 ж.ж.).
49. Элейлік Зенонның апориялары деген не: Апория – ойлаудағы қиналу, аң-таң болу, шешілмейтін жұмбақ. Оның атақты апориялары: «Дихотомия»; «Ахилес пен тасбақа», «Стадий»; «Ұшудағы жебе» және т.б.
50. Ежелгі грек философиясының атомистер мектебі. Өкілдері. Атомистер- материалистік тұрғыдағы философиялық мектеп, дүниенің негізі микроскопиялық бөлінбейтін жай бөлшектер –«атомдар» деп білді. Өкілдері: Левкипп пен Демокрит (б.з.д. 460 ж.) .
51. Софистер деген кімдер: Софистер б.з.д. V-IV ғ. I-ші жартысында өмір сүрді. «Софистер» грекшеден аударғанда «даналық ұстаздары» дегенді білдіреді.
52. «Адам- барлық тіршіліктің, нәрсенің өлшемі» деген ойшыл: Протогор (б.з.д. 481-411 ж.ж ).
53. «Өзіңді өзің таны. Мен өзімнің ештене білмейтінімді білемін»- Сократ (б.з.д. 469-399 ж.ж).
54. Антикалық мағынадағы диалектиканың негізін салған грек ойшылы – Сократ!
55. Киниктер мектебі жалғыздықты көксеген, қаңғыбас өмір сүрген, мемлекет пен заңды, отбасы, ошақ қасын мойындамаған, дәстүрлі мәдениет , мораль, байлықты жек көріп, адамның теріс мінез-қылықтарын зерттеуге көп көңіл бөлген. Өкілдері: Антисфен, Синоптық Диоген (оны Платон «ақылынан адасқан Сократ» деп атаған) . (Киник- Циник- «ит»).
56. Қай философиялық мектепте қозғалысты ойлауға болмайтынын мәселе қойылды? Элей мектебі
57. Ортағасырлық арабтілдік философиялық қай бағыты рационализм принципі негізделген: шығыстық перепатетизм
58. Ортағасырлық арабтілдік философиялық қай бағыты мистикалық бағытты ұстанды: Суфизм (араб., ат- тасаввуф , «суф»- жүн, шаш; грек. «софия» - даналық) VIII-IХ ғ.ғ. пайда болған, исламдағы мистикалық- аскеттік бағыт.
59. Ортағасырлық батысеуропалық креационизм идеясы- Құдай дүниені жоқтан бар етті және мәңгі жаратуда.
60. Ортағасырлық батысеуропалық проведенциализм идеясы- Құдай адам мен адамзатты құтқаруын, жарылқауын алдын ала біледі.
61. Ортағасырлық батысеуропалық патристика идеясы – (лат. patres-әке) - ІІ- VІІІ ғ.ғ. алғашқы христиан философиясының негізін салушы шіркеу әкелерінің мектебі, ілімі.
62. Ортағасырлық батысеуропалық апологетика – (грек. апологемай- қорғаймын, ақтаймын) –ІІ – ІІІ ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздаған ілім.
63. Ортағасырлық батысеуропалық тринитарлық мәселесі – яғни, әке, ұл және қасиетті рух мәртебесі арақатынасы туралы ілім.
64. Ортағасырлық батысеуропалық схоластика дегеніміз( лат.схолиа- мектеп) –ортағасырлық теологиялық ілім, философияның теологияға қызмет ететін тұсы. Схоластиканың ІІІ кезеңі болды:
- ерте схоластика (ІХ- ХІІ ғ.ғ.)
- кемелденген схоластика (ХІІІғ.)
- соңғы схоластика (ХІV- XVғ.ғ).
65. Схоластиканың екі бағыты: Реализм- нағыз болмысқа заттар емес, керісінше олардың жалпы ұғымы- универсалийлер ие дейтін ұғым. Реалистерге – Эриугена (Иоан Скот), Ансельм Кентерберийскийді, Шамполық Гильомды және т.б. Номенализм ( лат. nomo-атау, есім) – шындықты тек жеке, нақты заттар ғана өмір сүреді, ал жалпы ұғымдар (универсалий) олардың атауы, аталуы болады дейтін схоластикалық философияның ағымы. «Адам- тек жалпы атау, ал әрбір жеке адам осы осы атаумен аталады». Өкілдері: Пьер Абельяр (1079-1142), Росцелин, Дунс Скот, Роджер Бэкон, Жан Буридан.
66. Ортағасырлық араб философиясының теориялық қайнар көзі: Антика философиясы.
67. Әл-Фараби атақты еңбегі- «Қайрымды қала тұрғындары»
68. Қожа Ахмет Йассауи қай бағыттың өкілі – Суфизм
69. Суфизм ілімі- жекелік мистикалық –діни аскеттік адамды жан- жақты жетілдіру. Эзотеризм басым, эсхатологиялық көңіл- күй, байлыққа да, кедейлікке де немқұрайлы қарау, әлеуметтік белсенділіктен бас тарту. Өкілдері: Әл- Мұхасиби (781-857) ; Әл- Мисри (786-861); Әл- Бистами (875ж.қайтыс болған); Әл –Жунаид (910 ж.қайтыс болған) ; Әл-Халладж (858-922ж.ж.); Әл- Ғазали (1058-1111ж.ж.); Ибн Әль- Фараби (1165-1240 ж.ж.) және т.б.
70. Мұтазалиттер деген кімдер: (араб. «бөлігендер») VIII ғ. пайда болған, бостандық еркіндігін, адамның әдептілік дамуын көздеген зиялы қауым өкілдері.
71. Шығыстық перипатетизм немесе аристотелизм; Араб философтары Аристотель мұрасын терең зерттеп, оған түсініктемелер берген, ІХ-ХІ ғ.ғ. шығыстық перипатетизм Мұсылман немесе Ислам Ренессансы кезеңімен тұстас келеді. Бұл дәуірде араб әдебиеті, мәдениеті, ғылымы шарықтап дамыды. Арабтар математика, логика, астрономия және т.б. ғылымдардың негізін салды. Әл-Хорезми, Әл- Баттани, Әл-Беруни, Закария- Рази, Омар Хайямның тамаша туындылары дүниеге келді. Өкілдері: Әл-Кинди (800-879ж.ж), Әл-Фараби (870-950ж.ж.), Ибн-Сина (980-1037ж.ж.), Ибн-Рушд (1126-1198).
72. «Платон менің досым, бірақ ақиқат қымбаттырақ» деген кім: Аристотель
73. Апейрон дүниенің бастамасы деп кім қарастырды: Фалес шәкірті: Анаксимандр (б.з.д.610-540)«Апейрон»- мәңгі өлшеусіз, шексіз субстанция.
74. «Мемлекетті философ басқару керек» деп кім айтты: Платон.
75. Суфизм араб тілінен аудармасы: (араб. ат- тасаввуф, «суф» - жүн, шаш; грек. «софия»- даналық).
76. «Неге сенемін, соны танимын» деген кім: Ф. Аквинский!
77. Қос ақиқат немесе ақиқаттың екіұдайлылығы теориясының авторы: Ибн Рушт
78. Шариғат деген: мұсылмандық өмір сүру қағидасы, оның нақты көрінісі фикх- мұсылмандық құқық, мұсылмандық юриспруденция.
79. Суннизм (араб. «сунна- жол, үлгі, мысал) Хғ. п.б., Мұхамед Ғ.С. ең соңғы пайғамбар деп ұғынатындар.
80. Шығыстық перипатетизм бағытын негізін салушы кім: Әл-Кинди
81. Қалам мектебі- мұсылмандық теологиялық философия,мұсылмандық схоластика. Бұл философияның құрамында мұтакәлімдер, мұтазилиттер, ашариттер, исмаилшылдар, хариджидтер, кадариттер, жәбіриттер, мүрүтжиттер және т.б.
82. Антропоцентризм дүниетанымы қай кезеңге тән: Қайта өрлеу
83. Т.Мор. утопиялық социализм (XV-XVIIғ.ғ.) бағыт мемлекет пен қоғамды құрудың идеалды-қияли формаларын , теңдестіру, жаппай реттеу, және т.б. мәселелерді қарастырады. Томас Мор (1478- 1535ж.ж.) –утопистік социализмнің негізін салушы. Мордың атақты шығармасы- «Утопия» д.а. Утопия- грекше «орны жоқ орын», «Жерұйық» дегенді білдіреді.
84. Қайта өрлеу заманы қай ойшылы дүниенің шексіздігі мен әлемнің түрлілігі туралы қағиданы негіздеді: Джордано Бруно
85. Гелиоцентризм теориясын негізін салған: Николай Коперник (1473-1543ж.ж.).
86. Гуманистік бағытының негізгі идеясы: Адамгершілік
- адам тағлымы, оның ұлылығы, құдіреті;
- антропоцентризм,
87. «Құдіретті комедия» еңбегінің авторы: Данте Алигьери (1265-1321ж.ж.)
88. Реформациялық бағыттың сипаттамасы: (XVI-XVII) шіркеулік идеологияны, дінге сенушілер мен Шіркеу арасындағы қатынасты қайта қарастыру, өзгертуді мақсат етті.Реформация негізін теология докторы—Мартин Лютер (1483- 1546) салды.
89. Құдай мен сенушілердің қауымын тікелей өту керек деген реформациялық бағытының өкілі – Мартин Лютер
90. «Күн қаласы » еңбегінің авторы: Утопистік социализмнің көрнекті өкілі- Томмазо Кампанелла (1568-1639ж.ж.).
91. Дуалистік метафизиканың негізін салушы: Рене Декарт.
92. Рационализм бағытына сипаттама: Абсолюттік дәйекті
93. Рационализм бағытының негізін салушы: Рене Декарт.
94. Индуктивтік әдісті пайдаланған жаңа заман ойшылы: Фрэнсис Бэкон.
95. Декарттың негізгі таным әдісі: Дедуктивтік әдіс.
96. «Мен ойлаймын, демек мен өмір сүремін» - «ego, cogito.ergo- sum» Рене Декарт.
97. Күмәндану принципі, интуиция мен дедукцияны қарастырған кім: Рене Декарт.
98. Жаңа заман философы табиғи құқық теориясын негізін салған: Б.Гроций.
99. Спиноза философиясының негізгі арқауы: «біртұтас субстанция ілімі».
100. «Күлме,жылама, тек түсін»: Бенедикт (Барух) Спиноза.
101. «Білім- күш» деген кім? Ф.Бэкон.
102. Ф.Бэконның
негізгі таным әдісі:
103. Индуктивтік арқылы болатын танымдық әрекет жолдарын көрсеткен кім: Ф.Бэкон.
104. Өрмекші жолы: - «білімді «таза ақылдан» алу», яғни рационалдық жол. Бұл жол нақты деректер мен практикалық тәжірибеге мән бермейді. Рационалистер шындықтан алшақтап «ақылдан өрмекшінің өрмегін тоқиды».
105. Жаңа заман
философиясының негізгі
106. Барлық
білімдердің шығу тегі
107. Д. Локктың сенсуализмі: яғни барлық білімдердің шығу тегі сезімдік қабылдаудан болады дейді.
108. Лейбниц. Монадология. «Монада» гректің «бір», «тұтастық» деген сөзін білдіреді. Монада- болмыстың қарапайым, бөлінбейтін рухани бөлігі.
109.«Географиялық детерменизм» негізін салған:Шарль Луи Монтескье.
110. «Адам- машина» деп кім айтты: Жюльен Офре де Ламетри.
111. Француз
ағартушылық философиясының
112. Энциклопедияның бас редакторы: Дени Дидро.
113. КНФ-ның терминін кім енгізді:Ф.Энгельс.
114. КНФ негізін салған кім: И.Кант.
115. Гегельдің философиялық жүйесіндегі негізгі қайшылық: Қоғамдағы қайшылық, қақтығыстар-қайшылықтар
116. КНФ идеалистік бағытының өкілдері: Фихте, Шеллинг, Кант.
117. Канттың пікірлер теориясы: аналитикалық, синтетикалық.
118. Канттың антиномиялары: «шешілмейтін қайшылықтар».
119. Канттың тәжірибеге дейінгі білімі қалай аталады: априорлық.
120. Канттың тәжірибеден кейінгі білімі: апостриорлық.
121. Кант білімдер жүйесін бөлді: Синтетикалық, Аналитикалық.
122. Категориялық императив деген: И.Кант. шартсыз ұйғарым екі максимадан тұрады:
І-максима:Былай істе: сенің ерігіңе негізделген іс –әрекеттерінің максимасы бүкіл адамзат әдеп заңдылықтары ережесіне сәйкес болсын. ІІ-максима: Былай істе: сен өз тарапыңнан және өзгелер тарапынан әрқашан да бүкіл адамзаттың мүддесін мақсат ет және оны ешқашан да амал ретінде пайдалануға ұмтылма.
123. «Таза парасатқа сын» еңбегі: - Иммануил Кант.
124. Гегельдің абсолюттік идеясы негізі неден басталады: «ойлаудан» (панлогизм).
125. КНФ жоғары жетістігі бұл: Гегель.
126. «Панлогизм. Рух феноменологиясы.» - Гегель философиясы. яғни, ойлаудың және өзі үшін болмыста болуы, философия пәні ойлау болу керек.
127.Гегель бойынша дамудағы ішкі қайнар көзді, қозғаушы күшті ашатын заң: қарама-қарсылықтар күресі мен бірлігі заңдылықтары.
128. Гегельдің триадасы: Тезис-Антитезис-Синтез.
129.Гегель бойынша дамудың жалпы нәтижесі мен тенденциясын көрсететін заң: «Терістеуді терістеу».
130. Гегельдің философиялық жүйесі: «Абсолюттік идея».
131. Шопенгауэр философиясындағы иррационализм бір формасы: Волюнтаризм.
132.Гегель философиясын материалистік тұрғыда сыңға алған неміс философы: Людвиг Фейербах.
133. Антропологиялық материализм: «адам және табиғат». Л.Фейербах.
134. «Мен» және «Мен емес» (қоршаған дүние, объект): Фихте философиясы
135. Капитал еңбегі: Карл Маркс.
136. «Қосымша құн» теориясының авторы: Карл Маркс.
137. Материалдық экономикалық фактор маңызының басымдылығын айқындаған кім: К. Маркс
138. Тарихи материализм: Карл Маркс.
139. Диалектикалық материализм: Карл Маркс.
140. Орыс космизмі көрнекті өкілдері: К.Э.Циолковский, В.И.Вернадский, К.Э.Циолковский, Н.В.Бугаев .
141. Орыс философиясындағы «Соборлық» деген не: «рух пен ерлік бірлігі-адам тіршілігінің негізі».
142. Орыс философиясындағы батысшылдар бағыты:( ХІХ ғ 40-50жж.)-Ресейді «еуропашыландыру» насихаттаған бағыт. Оның өкілдері- А.И. Герцен, В.Г.Белинский, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, П.В.Анненков, В.П.Боткин, Т.Н.Грановский.
143. Орыс философиясындағы славянофильшілдер бағыты: ( ХІХ ғ 40-50жж.)- Ресей мен өзге славян елдерінің дүниедегі ерекше орнын дәріптейтін, православие мен қауымдастық өмірді аңсайтын философиялық бағыт. Өкілдері: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, Ю.Ф.Самарин, А.Н.Островский, ағайынды К.С. мен И.С.Аксаковтар.