Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Декабря 2012 в 20:03, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы по дисциплине "Философия".
Философия грекше филео- махаббат, құштарлық; софия- даналық.
Философия- қоғамдық сананың ерекше формасы, дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.
4 Адамзат тарихында дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы көрініс тапты: 1. Мифология; 2. Дін; 3. Философия.
5. Философияның эволюциялық даму кезеңдері: 1. Космоцентризм- деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын, тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш- Ғарыш , барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады. (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, басқа да Шығыс елдері және Ежелгі Грекия); 2. Теоцентризм –деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылсым күш–Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады. (Ортағасырлық философияға тән); 3.Антропоцентризм – деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады. (Еуропалық Қайта өрлеу, жаңа және қазіргі заман философиялық мектептер);
6. Объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель және т.б. ) – дүниенің алғашқы негізі деп адам санасынан тыс жалпы рухани идеяны санайды,яғни трансценденталдық күш-Құдай деп санайтындар.
7. Субъективті идеализм (Беркли, Юм және т.б.) - дүниенің үйлесімдігі жеке санада субъекттің немесе адамның жеке санасы деп танитын бағыт.
8. Философиялық көзқарас ерекшеліктері. Монизм. Дуализм.
Монизм деп дүниедегінің бәрі тек бір субстанциядан туындайды;
Дуализм деп дүниедегінің бәрі екі субстанциядан туындайды.( негізін Ибн Рушд және Декарт салды)
9. Философияның негізгі мәселесінің екі жағын көрсету:
а) онтологиялық (латынша onto-мән, болмыс, грекше logos- ілім, сөз) жағы- болмыстық, мәндік жағы, яғни мұнда дүние мән туралы айтылады. Онтологияда алғашқыда не болған: материя немесе идея, болмыс немесе сана, рух немесе табиғат, субъект немесе объект, жан немесе тән және т.б. деген мәселе қойылады.
-Материализм; - Идеализм; - Дуализм.
ә) гносеологиялық (грекше гносос- білім, таным, грекше логос- ілім, сөз) жағы- яғни, танымдық жағы д.а. Мұнда дүниені тануға бола ма, болмай ма деген мәселе қойылады. Кейде гносеологияны эпистемология (грекше эпистеме – білім) деп те атайды.
-эмпиризм (сенсуализм); - рационализм.
10. Алғашқы қауымдық қоғамға тән қияли ғажайып қоғамдық сана формасы- Мифология (грекше мифос- аңыз, шежіре; логос-сөз, ілім).
11.Мифологияның формалары:
1. Фетишизм (порт.француз.-тұмар) бейорганикалық, жансыз заттарға табыну.
2. Тотемизм (ағылш. Солт.Америка үнд-ң шығу, тегі) адамның шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыру.
3. Анимизм (лат. жан, рух) аруақтарға сенетін қоғамдық санасының ерекше түрі.
12. Сенімге негізделген көзқарас: діни
13. Білімге, ғылымға негізделген көзқарас-философиялық
14. Материализм- (оны кейде «Демокрит бағыты» деп те атайды) деп алғашқыда материя, болмыс, табиғат, объект, тән болады дейтін философиялық бағытты айтады.
Идеализм- (оны кейде «Платон бағыты» деп те атайды) деп алғашқыда идея, сана, рух, субъект, жан болады дейтін филлософиялық бағытты айтады.
15. Құндылық туралы ілім- Аксиология
16. Болмыс мәселесін қарастыратын философиялық бөлім : онтология.
17. Таным мәселесін қарастыратын философиялық бөлім: гносеология.
18. Философияның методологиялық функциясы- философия қоршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды.
19. Философияның эклектикалық функциясы- жан-жақтан жинақталған, алуан түрлі, қырық құрау қағидаларды біріктіріп, қоршаған дүниеге өзіндік көзқарасты дәріптеуге тырысатын философиялық әдіс.
20. Философияның диалектикалық функциясы- болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы даму заңдылықтарының өзара байланысын, ішкі қайшылықтарын зерттейтін философиялық әдіс.
21. Гностицизм дегеніміз- дүниені тануға болады, танымның мүмкіндігі шексіз деп ойлайтын философиялық ұғым. (өкілдері- материалистер)
22. Агностицизм- дүниені тануға болмайды, танымның мүмкіндігі адам санасының танымдық мүмкіндігімен шектелген деп ойлайтын философиялық ұғым.(өкілдері -идеалистер).
23. Ежелгі Шығыс-Қытай философиясы өзінің дамуында З кезеңнен өтті: І кезең- б.з.д. 5ғ -б.з.7ғ ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы. ІІ кезең- 3ғ-19ғ- Үндістаннан Қытайға буддизмнің таралуы. ІІІ кезең -21ғ- Қытай қоғамының біртіндеп ашыла бастауы, қытай философиясының еуропалық және дүниежүзілік философия жетістіктерімен сусындауы.
Қытай философиясының негізгі элементтері б.з.д. І-ІІ мыңжылдықта п.б. Қытай философиясының негізінде әлеуметтік философия, яғни мемлекет, отбасы, этика, мораль, әдептілік мәселесі қарастырылды.
Ежелгі Қытайдың ұлттық ілімдері: Даосизм- қоршаған дүниенің құрылымы мен тіршілігінің негізін түсіндіру және адам, табиғат пен ғарыштың игілікке апаратын жолын табу мәселесін қарастырады. Даосизмнің негізін б.з.д. Vғ басында өмір сүрген Лао Цзы (Қарт ұстаз) салды. Даосизмнің қайнар көзі – философиялық трактаттар «Дао-цзин» мен «Дэ-цзин», екеуі бірігіп, «Дао-Дэ-цзин» деп аталды.
«Дао» екі мағынаға ие:
-адам мен табиғаттың
өзіндік дамуындағы қажетті
- барлық дүние, түпнегіз туындайтын субстанция, ол энергиясы қуатты бос қуыс.
«Дэ» - жоғарыдан туындайтын игілік, түпнегіз «Даоны» қоршаған дүниеге айналдыратын энергия, күш.
Конфуцийшілдік- адамды әлеуметтік өмірдің өзекті мәселесі деп қарастыратын ежелгі философиялық мектеп. Конфуций (Кун-Фу-Цзы)- қазақтар оны Құндыз деп те атайды- б.з.д. 551-479жж өмір сүрген.
Конфуций философиясының негізгі мәселесі:
Легизм- (фа-цзя, заңгерлер мектебі) мектебінің негізін Шан Ян (б.з.д. 390-338 жж) мен Хань Фей (б.з.д. 288-233 жж.) салды.
Легизмнің негізгі мәселесі қоғамды қалай басқару керек деген мәселе болды. Легистер қоғамды басқарудың жолы заңға сүйенген мемлекеттік мәжбүрлеу, пәрменділікті жүзеге асыру деп білді.
Легизм- күшті мемлекеттік билік философиясы.
24. Ежелгі Қытай философиясындағы «У-вэй» дегеніміз- тыныштық және бейқамдық.
25. «Лун-Юй»- Конфуцийдің Сұхбаттар мен пікірлер,ол 6 кітаптан тұрады:
- И-Цзин- «өзгерістер кітабы»;
- Юэ- Цзин-«Ән-күй,музыка кітабы»;
- Шу-Цзин- «Шежірелер кітабы»;
- Ли-Цзи немесе Чжоу ли- Салт- дәстүр, әдет-ғұрып;
-Чунь-Цю- Көктем және күз.
26.Ежелгі Қытайдағы адамның ғарыштық энергиялары:
- Цзин- туындау энергиясы;
- Ци- материалдық және рухани тіршілік энергиясы;
- Шэнь- өлімнен соң қалатын тұрақты рухани энергия.
27. Даосизмдегі «табиғилық» принцип деген не: Дао заңына еру
28. Даосизм ілімінің негізін салушы- б.з.д. Vғ басында өмір сүрген Лао Цзы (Қарт ұстаз).
29. Конфуцийшілдік ілімінің негізгі идеясы- қоғамды басқарудың жұмсақ, қайырымды жолын ұстану. Мысалы, бастықтың қол астындағыларына билігі әкенің балаға деген қатынасындай болу керек.
30. Конфуцийдің алтын ережесі: «өзің қаламағанды өзгеге істеме».
31. Легизм- (фа-цзя, заңгерлер мектебі) күшті мемлекеттік билік философиясы. Легизмнің негізгі қағидалары:
-адам өз бітімінде зұлым, жамандыққа бейім;
- адам іс-әрекетінің қозғаушы күші- жеке эгоистік мүдде;
- әдетте, жеке тұлғалардың мүдделері кереғар;
- қоғамдық қатынастардағы
алауыздық пен өшпенділіктен
арылу үшін оған мемлекет
- мемлекет ( армия, шенеуніктер
тарапынан) заң сыйлаушы
-адамдардың тәртіпті
болуға ұмтылуы жазадан
-дұрыс немесе бұрыс тәртіп пен жазалауды тек заң анықтауы керек;
- заң бәріне бірдей, кімде кім болмасын, жай адам немесе лауазымды шенеунік заң бұзса жазалануы қажет;
- мемлекеттік аппарат кәсіби қызметкерлерден тұруы, жасақталуы керек;
- мемлекет- қоғамның басты
реттеуші құралы, тетігі, демек ол
қоғамдық қатынастарға, экономикаға,
азаматтардың жеке өміріне
32. Легизм ілімінің негізін салушылар: Шан Ян (б.з.д. 390-338 жж) мен Хань Фей (б.з.д. 288-233 жж.).
33. Ежелгі Үнді философиялық мектептері:
а) Астика-Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер:
- вайшешика- атомистикалық ілімге негізделген онтологиялық мәселелер, жан туралы ілім қарастырылады;
- ньяя- логика, гносеология, метафизикалық мәселелер;
- йога- адам психологиясы, түрлену дөңгелегінен азат болу ілімі;
- миманса- таным мәселесімен айналысты;
- веданта- рухани бастама түріндегі түпнегіз, субстанция мәселесі;
- санкхья- пуруша мен пракрити- дуалистіа қағида мәселесі.
ә) Настика – бейортоксалды (веданы мойындамайтын) мектептер.
- буддизм;
- жайнизм- адамның екіұдайлығы, қосмағыналылығы туралы, карма, сансарадан құтылу, этика мәселесі туралы ілім;
- чарвака- локаята- карма заңын терістеу, сансара, о дүниелік өмір, төрт материалдық элементтер ілімін терістеу. Гедоникалық терістеу.
34. Упанишадалар- «Ведалардың аяқталуы» немесе Веданта, ведалар мазмұнын философиялық түсіндіру. «Упанишад» - ұстаздың алдында отырып, одан тәлім алу дегенді білдіреді.
35. Ведалар- (санскрит тілінде- «білім»- б.з.д. ХV ғғ. Орта Азия, Волга жағалауы, Ираннан Үндістанға келген арийлер тайпасының жасаған діни- философиялық трактаттары.Ведалардың құрамына, әдетте мыналар кіреді:
- «қасиетті жазулар», діни-ән-ұрандар (самхиттер);
- брахмандардың (абыздардың)
шығарған, жазған жоралғы- рәсімдерін
бейнелейтін және діни
- орман тақуаларының кітаптары («араньяктар»);
- Ведаларды философиялық түсіндіру (упанишадалар).
36. Үнді философиясындағы ежелгі эпос жырлар: «Махабхарата» және «Рамаяна». «Бхагавадгита» -«Тәңір жыры» , яғни «бхараттардың шайқасы» туралы жыр «Махабхаратаның » (18кітап) 90000 шумақ, 6-шы кітабының бір бөлігі.
37. Жайнизм- адамның екіұдайлығы, қосмағыналылығы туралы, карма, сансарадан құтылу, этика мәселесі туралы ілім.
38. Үнді философиясындағы адам өмірінің, тағдырының алдын ала мәлім болуы- карма д.а .
39. Үнді философиясындағы материалдық түпнегіз, сана- пракрити д.а.
40. Буддизм - Үндістанда (б.з.д.V ғ. кейін), Қытайда, Оңтүстік - Шығыс Азияда (ІІІ ғ. кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни - философиялық ілім. Буддизм негізін Гаутама Будда (Сидхардха Шакьямуни) (б.з.д. 563-483 ж.ж.) салды. Ол қиыншылыққа толы, күрделі өмір соқпақтарынан (ханзада, тақуа-аскет, данышпан, әулие) өтіп б.з.д. 527 ж. "нұрланып", өзінің уағыздарын тарата бастады.Буддизмнің басты идеясы- "Орта жолды" ұстау, яғни шегіне жеткен екі жол: "ләззат жолы" (құмарлық, шаттану, енжарлық, тән мен жан рахаты) мен "аскетизм жолының" (азаптану,күйіну, өлімді аңсау, тән мен жан қасіреті) ортасын қалау, таңдау."Орта жол" - білім, даналық, ақылмен шектеу, зерделеу, нұрлану, өзіндік кемелдену жолы, оның түпкі мақсаты - ең жоғарғы игілік - Нирванаға жету.
41. Философиядағы идеалистік бағытының негізін салушы кім: Платон
42.Майевтика- диалектикалық әдіс. Негізін салушы ежелгі грек философы- Сократ. Бұл тәсіл сұрақ беріп, оған жауап алу арқылы адамның ақиқатқа өз бетінше жетуі, яғни ақиқатқа жете отырып ұғымды анықтау.
43. Платон ақиқат болмысы деп нені түсінді-идея
44. Милет мектебінің негізін салушы- Фалес (шамамен б.з.д. 640-560 ж.ж.).
45. Милет мектебінің қарастырған ең басты мәселесі:
- алғашқы бастама- түпнегізді (субстанция) іздеді.