ХІХ-ХХ – ғасырдағы Бастыс философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2012 в 07:38, реферат

Краткое описание

Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, тстенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуі болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар.

Оглавление

1. XX- гасыр философиясының негізгі мәселелері және багыттары.
2. Психоанализ. З.Фрейд және Э.Фромм. Неопозитивизм.
3. Өмір философиясы: С.Къеркегор, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше. Экзис-тенциализм: М.Хайдеггер. Ж.Сартр. А.Камю. К.Ясперс. Н.Аббаньяно. Постмодернизм.
4. Неотомизм. Структурализм. КЛеви-Стросс. Гериеневтика.Г.Гадамер.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 27.67 Кб (Скачать)

Сатр бұл жерде адамның тағдыры оның жігеріне, еңбектене білуіне

байланысты екендігін  өте дұрыс айтып отыр.

Адамды қоршаған дүние  – мәнсіз, абсурд» деген қағида француздың тағы бір көрнекті жазушы-драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты Аль- бер Камюдің (1913-1960) экзистенциализмінің негізі болды. Адамның бойындағы абсурдты Камю Хайдеггер мен Сартрдың экзистенциалдық философиясының ұғымдары секілді адамның ішкі сезімінен, уайымдар ағымынан туындатады, абсурд адамның ойынан бір сәт шықпайды,басқа уайымдар оның қасында түк емес деп тұжырымдайды. Дүниенің абсурдқа айналғанда адам өмірінің мәнін іздеудің өзі қисынсыз екендігін мойында-ғанымен, Камю өмірмәндік ізденісті тоқтатпауға бекінді, өзініңойы арқылы уайым-қайғысыз, қазақша айтсақ, «бір жөні болар» деп ойын күлкімен өмір кешкендерді де, тағдырға бас иіп, өмірге кұштарлығын жоғалтып, жасығандарды да оятуға ұмтылды.

Абсурдпен күресу керек. Камюдің  бұл шешімінің дәлелі – » Сизиф  туралы аңыз» шығармасын жазуы және фашизмге карсы қозғалысқа қатысуы. Абсурдтың өзі адамға еркіндік береді: «Абсурдқа кездескенге, адам өз мақсаттарымен, болашақ немесе ақталу (кімнің немесе ненің алдында екені – бәрібір) туралы мазасымен өмір сүреді. Ол өзінің мүмкіндіктерін бағалайды, алдағы күнге, зейнетақыға немесе ұлдарына үміттенеді, өмірінің әлі де түзелетініне сенеді. …Осының бәрі абсурдпен шайқалды. …Абсурд менің иллюзияларымды ыдыратты: ертеңгі күн деген жоқ. Осы менің еркіндігімнің негізіне айналды».

А.Камюдің кейіпкері Сизиф  абсурд өмірмен күресуді еркін тандайды.

Адамның өз өмірі үшін күресе білуі, зұлымдыққа тым құрыса адалдық арқылы қарсы түруы Камюдің «Оба» романының да желісі Адал болды. Адал болу дегеніміз – өз ісімен айналысу. Адамның абсурдпен күрес бүлік түрінде де көрінеді. Бүлік көтеруші адам – «жоқ» деуші адам. Бүлікшілдік адамдарды біріктіреді, абсурд өмірдегі жеке уайымшылдықтың, жатсыну мен жалғыздықтың орнына коллективтік бүлікшілдік келеді. Ең басты – күйзелмеу.

Экзистенциализмнің салыстырмалы түрде үшінші түрі – позитивтік экзистенциализмнің негізін салушы Николо Аббаньяно (1901-1977) философияның практикалық сипатын ерекше атап көрсетеді. Оның ойынша, философия өзінің романтикалық уағыз-өсиет айту әдетінен арылып, абсолюттік ақыл-ой, өзін-өзі танушы идея, шексіз рух, адамзат, танылмаған нәрсе және тағы басқа бұлдыр, түсініксіз, адамға пайдасы жоқ абстракция-лардан бас тартуы қажет. Философияның ендігі міндеті аспаннан жерге, адам қоғамына түсіп, адамның алдынан күн сайын туындап отырған өмірлік мәселелерді шешуге, адамға өзінің кім екенін, өмірге не үшін келгенін түсінуге көмектесу, ең бастысы – адамға сенімді, анық бағытарды көрсету. Осы ойын ол экзистенциализмге байланысты да қайталайды. Экзистенцияның өзі болмыс пен субъектінің арасындағы күрделі,

90

шым-шытырық қатынас, сондықтан  адам өзінің назарын өзінің бойындағы  «ештеңеге» де, алдындағы «болмысқа» да емес, өзіне аударғаны дұрыс. Аббаньяноның пікірінше, экзистенциализм адамға басшылық және көмек бола алады, бірақ ол үшін шешім қабылдап, немесе дайын формулалар үсынбайды, тек жол көрсетеді.

Аббаньяноның ойынша, философия  адамды өтірік жұбатып, өмірдің ащы шындығын жасырып, иллюзиялармен алдарқатуды қойып, оны үнемі оятып, мазасыз күйге түсіріп отыруы қажет. Себебі, өмірдің өзі өте қауіпті, сондықтан адам күресуі, еңбектенуі, тығырықтан шығатын жолды үнемі іздеуі керек. Экзистенциализмнің мәні де осында, оның мақсаты адамды айымға салып, күйзеліске ұшырату емес, қысқа өмірді мәнді өткізуге озғау салу, ойландыру, іс-әрекетке жетелеу.

ХХ-ғасырдағы философиялық ағымдардың тағы бірі – неотомизм, немесе жаңа томизм – католик шіркеуінің философиясы, қазіргі заманы діни философиялық ағымдардың арасындағы Батыс Европада ғана мес. бүкіл әлемге ең танымалы және беделдісі. Неотомизм орта ғасырың діни философы Томас Аквинскийдің іліміне негізделген. Сенім мен ақылдың, дін мен ғылымның үндестігін жария еткен бүл ілім шіркеуді орғау үшін аса қолайлы болғандықтан, папа Лев 13-ші 1879 жылы оны ристиандық католиктік діннің негізгі қағидаларын философиялық тұрғыдан дұрыс түсіндіруші бірден бір философия деп тұжырымдады. Негізгі кілдері: Э.Жильсон, Ж.Маритен, П.Тейяр де Шарден.

Неотомизмнің басты қағидасы – сенім мен ақыл-ойдың, ғылым мен діннің гармониясы. Бұл ағымның өкілдерінің пікірінше, ақиқат философия рационализм мен иррационализмді қарсы қоюдан бас тартып, дүниені түсінудің әр түрлі тәсілдерін біріктіріп, универсалды мүмкіндіктерге шылуы қажет. Бірақ неотомистер құдайдан туындайтын сенімді жоғаырақ қояды.

Қазіргі заманғы неотомизм  антропологиялық сипатқа ие, яғни адамға ағытталған. Құдайдың жаратушылық функциясы неотомизмде шектелген, ол адамды жаратушы болғанмен, өзін жүзеге асырушы. проектіден ішкі дүниесі, микрокосмы бай нақты тұлғаға айналдырушы, құдайдың ісін аяқтаушы еркін, өзін-өзі жетілдірген, құдай жаратқан космостың шікене үлгісі адамның өзі.

Структурализм – ХХ-ғасырдың 60-жылдары Францияда қалыптасқан. лингвистика ғылымымен тығыз байланысты, өзінің негізгі философиялық-методологиялық міндетін адамның рухани-мәдени қызметінің игілі бір тарихи кезеңдер үшін жалпылық сипатқа ие болатын жемістерін зерттеу, баяндау және түсіндіру деп анықтайтын ағым. Басты өкілдері – К.Леви-Строс, М.Фуко.К. Леви-Строс (1908). Структурализм бағытының

91

өкілдерінің түсінігінше, құрылым (структура) объектінің бөліктері мен  элементтеріні жай жиынтығы емес, ол абстракция арқылы ашылатын жасырын  қатынастардың жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда структурализм белгіле: жүйесін зерттейтін семиотика ғылымымен тығыз байланысты. Белгілер жүйесін швейцарлық лингвист Ф. Соссюр бөліп көрсетіп, негізгі назар ды тіл жүйесінің элементтерінің өзара әсер етуіне аударған болатын. К.Леви-Строс осы методты қолдана отырып алғашқы қауымдық тайпаларды? некелік-туыстық қатынастарын, рәсім-салттарын, дәстүрлерін, мифтерін тотемизмін зерттеді және олардың қоғамдық институттардың құрылымдары ретінде адамның мінез-құлқына айқындаушы әсер ететінін көрсеті Леви-Стростың философиялық концепциясында бейсаналылықтық құрылымы ерекше орын алады. Оның пікірінше, бейсаналы Фрейд айт қандай энергиялық-биологиялық сипаттағы иррациональдік импульстер емес, керісінше, логикалық, рациональдік мазмұнға ие, белгі жүйелерінің жасырын, бейсаналы механизмі. Леви-Стростың жетістігі ретінде оның мифтерді әлеуметтік құрылымның тұрақтылығының негізі ретіңде тереңдеп зерттеуін атауға болады.

Герменевтика – түсіну туралы, рух туралы ғылымдарды ғылыми менгеру туралы ілім. Терминнің өзі  көне Грецияда пайда болды, алынған  хабарды белгілі бір ережелер мен интуицияға сүйене отырып түсіндіру өнері дегенді білдіреді. ХХ-ғасырда феноменология және экзистенциализм бағыттарының шеңберінде дамыған герменевтиканың негізін қалаушы Ф.Шлейермахердің (1768-1834) түсіндіруі бойынша, бұл Евангелие мәтіндері авторларының рухани дүниесіне ену тәсілі. Герменевтикада философиялық пайымдау объектісі болып тіл танылады. Неміс философы В.Дильтей герменевтиканың өрісін кеңейтіп, оның міндетін белгілі бір философиялық бағыттың өкілінің ғана емес, тұтас дәуірдің, мәдениеттің ішкі дүниесін түсінуге мүмкіндік беру деп анықтады. М.Хайдеггердің ойынша, «тіл – болмыстың үйі», яғни тіл арқылы адамның ішкі феномендеріне үңілуге болады, ол түсінудің бастауы.

Неміс философы Х.Г.Гадамер  мәтін-тексті ақырғы реалдылық деп жа-риялап, оны философиялық пайымдау объектісіне айналдырды. Герме-невтика тәсілі арқылы жеке тұлғаның ішкі дүниесіне, философиялық ой-ларының тылсым қатпарларына үңілуге болатындығын қазақ философы, академик Ғарифолла Есім «Хакім Абай» атты еңбегінде жақсы дәлелдеп шықты. Абайдың шығармаларына герменевтикалық талдау жасау арқылы ол ұлы ақынды терең ойлы философиялық тұлға ретінде тамаша ашып көрсетті.

Қорыта айтсақ, ХХгасыр  философиясы гасырдың айнасы, оның өзі сияқты сан қырлы, бір-біріне қарама-қарсы багыттарга толы болды деуге болады. Бірақ басты мәселелер – жеке адам, оның болмысының ерекшеліктері, ақыл-ойдан адамның сезіміне көбірек үңілу және бүкіл адамзаттың болашагы мәселелерін зерттеу болды десек, қателеспейміз.


Информация о работе ХІХ-ХХ – ғасырдағы Бастыс философиясы