Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 14:59, лекция
Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Күнделекті қызмет барысында ақпарат немесе мәліметтің кей бірін екінші адамға я мекемеге жедел жеткізу қажет болатын жағдай жиі кездеседі.Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен жеделхаттар да өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбаттау, оның үстіне біз чертеж я фотография жібермейтін болсақ факсты қолдану міндетті емес. Телефон арқылы жүргізілетін әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады.