ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыс және оның ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:12, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикаға тән қайшылық — тұрақсыз дамулар. Бірақ бұл қайшылықтардың ерекшеліктері қаншалықты маңызды 6олуына қарамастан, экономикалық қозғалыстарды не хаосқа, не хронологиялық тұрактылыққа әкелмейді, алайда ол белгілі бір заңдылықтармен өрнектеледі, атап айтқанда кезеңдік қозғалыстарда, яғни өндірістің жылдам өсуі баяу өсу кезеңдеріне және өндірістің абсолютті құлдырауына ұласады.
Менің курстық жұмысым «ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыс және оның ерекшеліктері» деп аталды. Курстық жұмыс үш бөлімнен бірнеше бөлімдерден тұрады.

Оглавление

Кіріспе....................................................................................................................3
І Бөлім. Экономикалық даму кезеңділігі, дағдарыс түрлері
1.1. Нарықтық экономика дамуының кезеңділігі. Кезеңдік өзгерістердің сыртқы және ішкі себептері...................................................................................4
1.2. Экономикалық кезеңдер және оның түрлері.................................................4
1.3. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс..................................................6
ІІ Бөлім. ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыс, оның ерекшеліктері
2.1. Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, қаржы жүйесі және ерекшеліктері..................................................................................................7
2.2. Ресейдің экономикалық дағдарыс кезіндегі бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы...............................................................................................................11
2.3.Украинаның экономикасы және оның дағдарысы мен
ерекшеліктері........................................................................................................14
2.4. Беларусь Республикасының экономикалық жағдайы, дағдарыс ерекшеліктері.........................................................................................................18
ІІІ Бөлім. ТМД елдерінің Орталық азия бөлігіндегі мемлекеттердің экономикалық дағдарыс ерекшеліктері
3.1. Қырғызстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі
Кезеңдері................................................................................................................23
3.2. Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама................................................................................................................30
3.3. Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі......................................................................................................................33
3.4. Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне
қысқаша шолу........................................................................................................36
Қорытынды .........................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................39

Файлы: 1 файл

Жаданова Асем.doc

— 274.50 Кб (Скачать)

      Төмендегі макроэкономикалық көрсеткіштер Қырғыз елінің бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайына, халықтың әл-ауқатына кез жүгіртіп, белгілі мөлшерде талдау жасауға мүмкіндік береді.

Қырғызстан  Республикасынын макроэкономикалық  көрсеткіштері

Халық саны

4,9 млн

Енбекпен қамтитын халык саны (бір жылғы орта есеппен)

1,8 млн адам 1

Жұмыссыздық деңгейі

3,1

Жалпы ішкі өнім

99,5

Өнеркәсіптік өнім көлемі

87,0

Біріккен бюжет табыстары 2

10,3 (млр ұлт. вал.)

Біріккен бюджет шығыстары 3

11,3 (млр ұлт. вал.)

Экономика саласындағы еңбекпен қамтылғандар саны

1,8 млн адам


 

1) дерек - 2001 ж.

2) деректер 2000 ж.

3) деректер 2000 ж.

3.2. Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама

       1991 жылдың 31 тамызында Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігі жария етілді. Өзге де Кеңес Үкіметінің құрымындагы ыдыраған өз алдына егемендік алған мемлекеттер сияқты Өзбекстан Республикасы ашық демократиялык мемлекет құру жолында біраз қиьшшылықтарға кезікті.

    Дегенмен, Өзбекстан дамыған елдер тәжірибесін кайталамастан, өз азаматтарына сапалы өмір қамтамасыз ету жолында тырысып келеді.

     Тәуелсіздік жылдары бойы Өзбекстанда экономикалық реформалар үздіксіз жүргізілуде. Кеңес Үкіметі құрамынан қалған елдердің ішінде тек Өзбекстан ғана 90-шы жылдары өнеркәсіп өндірісін айтарлықтай шамада игере алды.

      Индустрияның негізгі салалары - газ, мұнай, энергетика, әуе, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау түрлері сақталып қана қоймай, әрі дами түсуде.

     Республика толығымен энергетикалық жэне астық тәуелсіздігін камтамасыз етуде.

      Экономикальтқ салада инвестицияларды тарту арқылы ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру мемлекет жүргізіп жатқан басты сипаттардың бірі. Минералды шикізат пен энергетика ресурстарының табыстары, сондай-ақ шетелдік инвестициялар да Өзбекстан экономикасына үлкен септігін тигізуде, олардьщ жалпы салымы АҚШ-тың 10 млрд долларынан асып түсуде.

   Асак және Самарқанда автозаводтар салынды, жеңіл машина, автобустар мен тіпті, ауыр машиналар да шығарылуда. Жаңа технологиялар негізінде «Зарафшан-Ньюмонт» атты алтын өндіруші фабрика құрылды, Бүхаралық мұнай өңдеуші завод, «Кобул Уз-бек Текстиль» тоқыма комбинаты т.с.с. іске қосылды.

     Жалпы Өзбекстан жері Минералды шикізаттың шамамен 100-ге жуық түріне ие. Пайдалы қазбалар алтын, уран, күміс, вольфрам, цинк сияқты қорлар өз пайдаларын беруде.

       Республика территориясының үлкен бөлігі табиғи газ бен мұнай өндіру үшін жарамды да қолайлы. Тәуелсіз жылдары бойы мұнай өндіру мен газ конденсатын өндіру 3 млн тоннадан 8 млн тоннаға көтерілді. Жылына 4 млн тоннаға дейін мақта өндіру арқылы мақта экспортеры болып әлемдік нарыктағы ірі өндірушілер қатарына қосылуда.

     ТМД елдерінің ішінде Өзбекстан жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіруден алдыңгы қатарда келеді.

      Меншікке байланысты кайта құрулар - экономикадағы реформалаудың басты мәселесінің бірі. Мемлекет тарапынан жеке бизнесті дамытуға қолдау көрсету, кәсіпкерлікке еркіндік беру қарастырылған. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету Бизнес-қоры, инвестициялык қорлар жэне бизнес инкубаторлар арқылы жүзеге асырылуда. Мемлекет меншігінен алу жұмыстары қызу қарқынмен өткізілуде. Бүгінде 100 мыңнан астам шағын кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр, оның 23 мыңы шаруа қожалығы. Экономикалық мемлекеттік емес секторы жиынтық ішкі өнімнің 65 құрайды, саудада 96, ал ауылшаруашылығында тіпті 100 дейін. Бұл салада еңбекпен қамтылған халықтың ¾ жұмыс істейді.

    Бүгінде Өзбекстан табиғи  ресурстарға бай, көне мәдениеті  бар жас егемен мемлекет ретінде  элемдегі қызығушылықты тудырып  жатыр. Республиканың егемендік  мәртебесін 165-тен астам мемлекет  мойындап отыр, әлемнің 100-ден астам елімен дипломатиялық қатынастар бекітілді. Ташкентте 50-ден астам елшіліктер мен халықаралық ұйымдар өкілеттіліктері ашылған. Өзбекстан Республикасы Біріккен Ұлттар ұйымының теңқұкылы мүшесі болды.

     Төмендегі  макроэкономикалық көрсеткіштер  Өзбекстан экономикасына жалпы қысқаша шолу жасауға мүмкіндік береді.

Өзбекстян Республикасынын  макроэкономикалық көрсеткіштері (2002 ж.)

Халық саны

25,1 млн адам

Енбекпен қамтылған  халық саны (бір жылға орта есеппен)

9,3 млн адам

Жұмыссыздық денгейі

0,5

Жалпы ішкі өнім

103,1.

Өнеркәсіптік өнім көлемі

108,0

Экономика саласындағы  енбекпен қамтылғандар саны

9,0 млн адам

Ақпарат көзі:

 

 

3.3. Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі

      Тәжікстан  мемлекеттік тәуелсіздігін алған сәттен бастап-ақ нарық экономикасын қальштастыру үшін қажетті құқықтық база құра бастады.

   Республиканың  экономикалық саясаты- тауар өндірушілердің  шаруашылық дербестігін дамыту, экономиканы дамыту, нарықтық және  мемлекеттік реттеушілерді қатарымен  үйлестіре отырып анықтау сияқты бағыттарды қолдау болды.

     Нарық экономикасына  көшу кезеңіндегі қаржылық қайта  қалыптасу саласындағы алғашқы  әрі негізгі құжат болған Тәжікстан  Республикасы Президентінің «Нарықтық  қатынастар және экономикалық  қайта қалыптасуды тереңдету бойынша алғашқы кезектегі шаралар туралы» заңы. (1994 жылдың 3 желтоқсан, №8) сондай-ақ, Тәжікстан Республикасы Мәжілісі бекіткен «1995-2000 жж. Тәжікстан Республикасының экономикалық қайта қалыптасу бағдарламасы».

     90-шы жылдардың алғашқы жартысы республика экономикасы үшін қаржылық жағдайдың ойсырауымен сипатталады, оған себеп: қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша айналымының арасындағы айтарлықтай айырмашылық, ТМД елдерімен төлем жасай алмау, және де ең бастысы мемлекеттік бюждет тапшылығы.

     Бұл өз кезегінде республиканың сыртқы қарызын ұлғайта түсті. Осылайша, тығырықтан шығу мақсатында 1995 жылдың 10 мамырында ұлттық валюта - сомони енгізілді.

    Экономиканы тоқыраудан шығару және қаржылық сауықтыру бойынша ел президенті мен республика үкіметі жүргізген шаралар 1995 жылғы мемлекеттік бюджеттің орындалу нәтижелерінен-ақ көрінді.

      Ұлттық  валютаны енгізу, жақын және алыс  шетелдермен экономикалық бірлесуге  келісім жасау т.б. шаралар  экономика, қаржы, бюджет, жалпы  қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтана бастауына қадам жасауға мүмкіндік береді.

     1996 жылдан  бастап республика экономикасын  нарықтық қатынастарға ауыстыру  бойынша шараларды енгізу нақты  түрде іске асырыла бастады.  Шаруашылықты жүргізудің жаңа  тәсілдерін енгізу қолға алынды.

1996 жылы салықтық - бюджет  саясаты да назардан тыс қалған  жоқ, «Тәжікстан Республикасының  бюджет құрылымы мен бюджет  процесі туралы» заң қабылданды.

1997 жыл ұлттық экономиканың  барлық салаларындағы экономикалық  реформалардың жалғасы ретінде  саналды, соңғы жылдар бойында алғаш рет жиынтық ішкі өнім көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 өсті.

    Қаржы реформаларын  сәтті іске асырумен жүргізу  мақсатында Тәжікстан Республикасының  қаржы министрлігі мен Салық  комитеті бірлесе отырып Тәжікстан  Республикасының Салық Кодексін даярлады. Аталмыш Кодекс 1998 жылдың 12 қарашасында Мәжіліспен кабылданып, 1999 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылды.

     2001 жылы  «Қазынашылық туралы» заң қабылданды, сонымен қатар дәл осы жылы  Тәжікстан Республикасының 2003 жылға  дейінгі орта мерзімді мемлекеттік бюджеті алғаш рет қабылданды.

     Қаржы реформасындағы  келесі маңызды кезең 2002 жылы  қабылданған «Тәжікстан Республикасының  мемлекеттік қаржылары туралы»  заңы болды, сондай-ақ шығындарды  орта мерзімді жоспарлау бағдарламасы  қабылданып, осы бағдарлама негізінде 2003 жылғы мемлекеттік бюджет даярланып бекітілді.

       Республикада нарықтық инфрақұрылым қалыптасуда. Әлемдік сауда ұйымына ену үшін жан-жақты қадамдар жасалуда.

      Дегенмен, Тәжікстан сарапшылары бүгінде бір нэрсені мойындап отыр, осы уақытқа дейін қол жеткізген нәтижелер халықтың өмір сүру деңгейін жақсарта түсу үшін жеткіліксіз. Тәжікстан үкіметі элеуметтік саясаттағы негізгі бағытын, назарын кедейшіліктің мәселесін шешуге бағыттап отыр.

     Сонымен қатар күрделі мәселені туындатып отырған нәрсенің бірі - инвестициялық капитал тапшылығы. Жеңілдік негізінде сырттан қаражат тарту қажеттілігі туындатып отыр.

    Бүгінде 22 инвестициялық жоба іске асырылу сатысында, олар Тәжікстан Үкіметі мен Әлемдік банк, Азиялық даму банкі, Ислам даму банкі, ОПЕК қорымен, Ага - Хан даму қорымен бірлесе отырып жүргізілуде. Аталған жобалар ауыл шаруашылық, көлік, энергетика, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік саланы дамытуга арналған.

     Салықтық-бюджеттік саясат аясындағы қаржы реформаларының басты міндеті - 2003-2005 жылдарға жоспарланған орта мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыру.

      Осыған байланысты, бүгінде қаржы министрлігі төмендегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мен оларды басшылыққа алуды көздеп отыр:

•  ЖІӨ көлемін жыл сайын 5 көтеру;

•  бюджет табыстарының көлемін ЖІӨ-ге пайызбен алғанда 2006 жылы 18 дейін көтеру;

•  бюждет тапшылығын біртіндеп жою;

• әлеуметтік сектордағы бюджет шығындарын жыл сайын көтеру;

• кедейшілікпен қүрес  бағдарламасын іске асыруға арналған арнайы ассигнованиялар бөлу; т.б.

     Осы аталған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін Тәжікстан Республикасы Салық Кодексіне де біршама толықтырулар мен өзгертулер енгізілуде.

2003 жылғы Тәжікстан  Республикасы бюджет жүйесінің  негізгі көрсеткіштері, мың сомони

 

1 токсан

1 жарты жылдык

9ай

1 жыл

1

2

3

4

5

Табыстар

       

Мемлекеттік бюджет, оның ішінде

169385,5

363932,3

54918,2

824354,4

Республикалық бюджет

11349,2

243440,3

361687,2

555913,5

Жергілікті бюджет

53626,6

121278,7

191213,1

263284,3


 

1

2

3

4

5

Шығыстар

       

Мемлекеттік бюджет, оның ішінде

119506,5

315022,7

500834,0

772318,1

Республикалық бюджет

67138,7

191182,5

314752,8

505935,9

Жергілікті бюджет

47577,5

108645,4

171058,8

242453,3

Тапшылык (-) Артықшылық (+)

       

Мемлекеттік бюджет, оның ішінде

49879.0

48909,6

48784,2

52036,3

Республикалық бюджет

47210,5

52257,8

46934,4

49977,6

Жергілікті бюджет

6050,1

12633,3

20154,3

20831,0


 

Тәжікстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің табыстары мен шығыстары

 

1998

1999

2000

2001

2002

2003

Шығыстар

178,7

236,4

261,8

379,7

543,0

772,3

Табыстар

180,4

249,8

251,7

382,3

566,9

824,4


 

3.4. Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне

қысқаша шолу

      Түркіменстан Республикасы Орта Азия мемлекеттерінің ішіндегі халқының саны шамамен 4,8 млн адамнан тұратын, экономикалық жағдайы өздеріне ғана тән айрықша мемлекет.

      Соңғы статистикалық мәліметтеріне жүгінетін болсақ, еңбекпен қамтылған халкының саны 1,9 млн адам.

Информация о работе ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыс және оның ерекшеліктері