Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 20:12, курсовая работа
Нарықтық экономикаға тән қайшылық — тұрақсыз дамулар. Бірақ бұл қайшылықтардың ерекшеліктері қаншалықты маңызды 6олуына қарамастан, экономикалық қозғалыстарды не хаосқа, не хронологиялық тұрактылыққа әкелмейді, алайда ол белгілі бір заңдылықтармен өрнектеледі, атап айтқанда кезеңдік қозғалыстарда, яғни өндірістің жылдам өсуі баяу өсу кезеңдеріне және өндірістің абсолютті құлдырауына ұласады.
Менің курстық жұмысым «ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыс және оның ерекшеліктері» деп аталды. Курстық жұмыс үш бөлімнен бірнеше бөлімдерден тұрады.
Кіріспе....................................................................................................................3
І Бөлім. Экономикалық даму кезеңділігі, дағдарыс түрлері
1.1. Нарықтық экономика дамуының кезеңділігі. Кезеңдік өзгерістердің сыртқы және ішкі себептері...................................................................................4
1.2. Экономикалық кезеңдер және оның түрлері.................................................4
1.3. Аграрлы дағдарыс. Құрылымдық дағдарыс..................................................6
ІІ Бөлім. ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыс, оның ерекшеліктері
2.1. Ресейдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, қаржы жүйесі және ерекшеліктері..................................................................................................7
2.2. Ресейдің экономикалық дағдарыс кезіндегі бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы...............................................................................................................11
2.3.Украинаның экономикасы және оның дағдарысы мен
ерекшеліктері........................................................................................................14
2.4. Беларусь Республикасының экономикалық жағдайы, дағдарыс ерекшеліктері.........................................................................................................18
ІІІ Бөлім. ТМД елдерінің Орталық азия бөлігіндегі мемлекеттердің экономикалық дағдарыс ерекшеліктері
3.1. Қырғызстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі
Кезеңдері................................................................................................................23
3.2. Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама................................................................................................................30
3.3. Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайындағы қаржы жүйесі......................................................................................................................33
3.4. Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне
қысқаша шолу........................................................................................................36
Қорытынды .........................................................................................................38
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................39
Сырткы сауда, экспорт жэне импорт, 2000 ж., (млн, доллар)
Елдер |
Экспорт |
Импорт |
Сальдо |
Украина |
14573 |
13956 |
617 |
Белоруссия |
7331 |
8574 |
-1243 |
Қазақстан |
8812 |
5040 |
3772 |
Украинаның бюджет жүйесі «Украинаның Бюджет жүйесі туралы заңына» сәйкес реттеліп отырады. Бұл заңда көрсетілгендей, Украинаның мемлекеттік бюджет жүйесі: мемлекеттік бюждет, Қырым (Крым) АР республикалық бюджеті мен жергілікті бюджеттерден тұрады.
Мысалы, «Украинаның 1999 жылғы мемлекеттік бюджет туралы» заңында мемлекеттік бюджет сомасы 25135260,8 мың гривенге бекітілген. Бюжет тапшылығы 1240 млн гривен мөлшерінде анықталған.
Ал, мемлекеттік бюджеттің табыстар қатары төмендегідей:
• Украинаның мемлекеттік бюджеті туралы заңымен анықталатын ҚҚС-ң бөлігі;
• акциз төлемінің бөлігі;
• кәсіпорындар мен ұйымдар пайдасынан алынатын салық;
• сыртқы экономикалық саладан түсетін түсімдер;
• мемлекеттік мүлікті өткізуден түскен түсімдер;
• жалға алған мүлік үшін төлем;
• Украинаның зейнетақы қорының жарналары;
• халықты әлеуметтік қорғау мен Чернобыль апаты салдарын жою шараларын жүзеге асыру қорының жарналары;
• халықты еңбекпен
қамту қорының мемлекеттік
• мемлекеттік мақсатты қорлардың жарналары; ішкі займдардың түсімі;
• мемлекет қолындағы құнды қағаздардан түскен дивидендтер;
•табиғи рестустарды арнайы пайдалану үшін төлем; Украина заңымен бекітілген баска да табыстар.
Украина Мемлекеттік бюжджетінің шығыстары
• халықтың түрмыс деңгейін жақсарту мен қолдау бағ-дарламаларын қаржыландыру;
• халықты әлеуметтік қолдау шаралары;
• білім беру, ғылым, денсаулық сақтау, дене шынықтыру;
• өндірістік жэне өндірістік емес құрылысты қаржыландыру;
• геологиялық барлау жұмыстары;
• қорғаныс;
• қоршаған ортаны қорғау;
• құқық қорғау және кеден органдары;
• заң шығарушы, орындаушы, сот билігі мен прокуратура;
• сыртқы экономикалық жэне сыртқы саяси істерді жүзеге асыру;
• Украинаның мемлекеттік бюджетінен Қырым АР бюджетіне, облыстар, Киев және Севастополь қалаларына берілетін дотациялар мен жәрдем қаржылар;
• зейнетақының барлық түрлері;
Чернобыль апатына ұшыраған азаматтарға төлемдер;
• жұмыссыздық бойынша жәрдемақы;
• сыртқы және ішкі қарыз;
• басқа да Украина заңдарына сай шығындар.
2.4.
Беларусь Республикасының
80-ші жылдардың аяғы мен 90-
90-шы жылдардың басы Беларусь Республикасы үшін әміршіл экономикадан аралас экономикага өту кезеңі болып саналады, нарық инфрақұрылымын, бәсекені дамыту, мемлекет меншігінен алу, шаруашылықтың қилы түрлерін кұру сияқты басты мәселелер алға қойылды. Дегенмен, кәсіпорындардың шаруашылық байланыстарының үзілуі, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, өндірістің кұлдырауы сияқты жағымсыз факторлар орын алған болатын.
Белорусь Республикасының өз бетімен дербес алғаш 1991 жылғы бюджеті БССР-ң 1990 жылғы шілде айында қабылданған, яғни Жоғарғы Кеңес қабылдаған Беларусь Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларация негізінде құрылған болатын. Бұл бюджетте мына көрсеткіштер көрініс тапқан болатын: табыстар мен шығыстар бойынша республикалық бюджет көлемі, бюджет тапшылығының шекті мөлшері, Кеңес бюджеті және Республика облыстарының бюджеттері мен Минск каласының бюджеті.
Жергілікті бюждеттер жергілікті кенестермен бекітіліп, республикалық жиынтық бюджетіне кіргізілетін.
1991 жылғы бюджеттің ерекшелігі болып республика бюджетіне айналым салығымен халықтан алынатын табыс салығының толығымен аударылуы саналды.
Бюджеттің табыс бөлігі мақсатты түсімдерде жоспарланады. Бюджеттегі қаражаттардың шектеулігіне байланысты және 1991 жылғы шұғыл шараларды жүргізуге байланысты республикалық және аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру қорына түсімдер тарту көзделді. Бұл осы қорға амортизациялық аударымдардың 40% дейін тарту есебінен кеңестік, республикалық және жергілікті бағыныштағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі қорларын қалпына келтіру мақсатында жүргізілді. Түсімдердің жоспарлы сомасы мемлекеттік бюджеттің барлық табысының 2,2% деңгейінде анықталды.
Аталмыш қор қаражаттары тұрғын үй салу, әлеуметтік сая объектілері, жаңа кәсіпорындар салу, халық тұтынатын тауарлар шығаратын кәсіпорындарды ұлғайту, халыққа білім беру саласындағы қызметкерлердің еңбек ақысын көтеру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларына бағыттау қарастырылды.
Сонымен қатар мақсатты төтенше жағдай салығы Чернобыльдегі АЭС-ң қиыншылықтарының көзін жою мақсатында енгізілді.
Ал, бюджеттің шығыс бөлігіне қаражаттарды бағыттауда шамалы өзгерістер орын алады. Бұл жердегі ерекше өзгешілік ауыл шаруашылық шығындарының әлдеқайда төмендеуі: егер олар 1989 жылы жиынтық бюджеттің 62,7% қүраған болса, 1991 жылы 58,4% деңгейінде жоспарланды. Оның өзінде айтарлықтай бөлігін, яғни - 49,5% мемлекет баға арасындағы айырмашылықты орнына келтіруге бағыттады.
1991 жылы Республиканың қаржы министрлігі Беларусь Республикасының республикалық және жергілікті бюджетінің табыстар мен шығыстар жіктеуін бекітті, бұл жағдай өз кезегінде бюджетті құру мен орындау, бюджет құжаттарын қалпына келтіру, есеп берудің түрлерін үйлестіруге мүмкіндік берді.
Бірақ та бюджеттегі
терең өзгерістер 1992 жылы болды.
Олар бюджет процесін реттеуші
бірқатар заң шығарулылық
Осы кезеңдерден бастап
бюджеттің табыс бөлігін
Нарықтық қатынасқа
көшу тікелей салу салудан
гөрі жанама салық салуға
Қазіргі таңда бюждет
қүрамында барлық мемлекеттік
бюджеттен тыс және бюджеттік
мақсатты қорлардың
Бұл мәліметтер мемлекеттік бюджеттегі қаржы ресурстарын орталықтандыру процесінің нығая түскеніне дәлел. Мысалы, аталмыш қорлардың жалпы бюджет құрамына енгізілуі нэтижесінде 1997 жылы - 18,7% көтерілген. 2001 жылғы болжам бойынша мақсатты қорлардың бюджеттегі үлесі 22,7% көлемінде анықталған.
Қаржы ресурстарын
орталықтандырудың қарқынды
1992-2000 жылдар аралығында Беларусь мемлекетінің табыстар мен шығыстар бөліміне, жалпы бюджет жүйесіне талдау жасай отырып, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады; яғни трансформациялық экономика жағдайында оның даму ерекшеліктері мынада:
- бюджеттік қатынастар аясы мен бюджет процесіне қатысушылар қатарын ұлғайту;
- бюджет көлемінің жылдам есуі; бюджет құрамында мақсатты бюджетті қорлардың калыптасуы;
- жиынтық бюджеттегі жергілікті бюджеттер үлесін кысқарту;
- бюджет құрамында резервтік қорлардың қалыптасуы;
- тұрақты бюджет тапшылығы;
- нарықтық инфрақұрылымды дамытумен байланысты арнайы шығындардың пайда болуы.
Бюджетке
түсетін түсім көздерін
Нарыққа
өту жағдайында салықтык
• БР-ң кеден аумағына экелінетін тауарларға салынатын ҚҚС-ғы мен акциздер;
• БР-ң кеден аумағында өндірілетін тауарларға салынатын ҚҚС-ғы;
•спирт бойынша кейбір жөнелтілген тауарларға акциздер;
• ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін бірыңғай салық;
• табысқа жэне заңды тұлғалар пайдасына салынатын салық;
• ойын бизнесіне салынатын салық;
•Чернобыль АЭС-і қасіретін жою ушін төтенше салық;
• сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық операциялар табысы;
• еркін экономикалық аймақ табысы;
• басқа да міндетті төлемдер мен алымдар.
Сондай-ақ, республикалық бюджет табыстарына мемлекеттік мақсатты бюджеттік қорлардың қаражаттары да енеді.
• ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді қолдаудың республикалық қоры;
•мемлекеттік еңбекпен қамту қоры;
• республикалық жол қоры;
• республикалық табиғатты қорғау қоры;
• республикалық «Энергосбережение» қоры;
• кепілдеме қоры.
Жалпы республикалық бюджет табыстарын төмендегідей топтарға бөлуге болады:
• ағымдағы табыстар;
• күрделі табыстар;
• ЕЭА - табыстары;
• мемлекеттік мақсатты бюджеттік қорлар табыстары.
ІІІ Бөлім. ТМД елдерінің Орталық Азия бөлігіндегі мемлекеттердің экономикалық дағдарыс, ерекшеліктері
3.1. Қырғызстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі кезеңдері
Кеңес үкіметі тараған соң оның құрамында болған Қырғызстан 1991 жылдан бастап экономикалық тұрғыдан алганда қиын жағдайда қалды.
Осылайша, Қыргызстан Республикасы үшін өз экономикалық саясатын, іс-қимылдары мен бағыт-бағдарламаларын ойластыру қажеттілігі туындай бастады. 1992 жылдың каңтарында реформаның алғашқы қадамының бірі болып - баға босату саналды, бұған косымша негізгі мәселе - жекешелендіру саясаты да алға қойылды.
Сонымен қоса экономикалық реформаның үхтанған басты бағыттары - инфляция деңгейін төмендету мен тұрақтандыру, ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қысқарту, экономиканың кейбір секторларын монополизацияландыру, мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасын орындау, халықты әлеуметтік қорғауды нығайту болып саналды.
Нәтижесінде Қырғызстан үкіметі ХВҚ-мен бірлесе отырып келесі қүрылымдық бағдарламаларды даярлап кабылдады.
ESAF1. 1994 жылдың маусымында Қыргыз Республикасы мен ХВҚ арасында үшжылдық мерзімді қамтитын, яғни 1994-1997 жылдар ішінде экономикада құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ететін кешенді бағдарлама жүргізу туралы келісімге қол қойылды.
Аталған бағдарламаға сәйкес 1994-1995 жылдары инфляция деңгейін төмендету мен тұрақтандыру, ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қысқарту, сыртқы қарызды реттеу, тиімсіз кәсіпорындардың құрылымын қайта қарау, реформаларды нығайту үшін құқықтық базаны жетілдіру сиякты кең көлемді шаралар қамтылды.
Информация о работе ТМД елдеріндегі экономикалық дағдарыс және оның ерекшеліктері