Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2013 в 19:56, реферат
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының дербес салық жүйесінің құрылғанына 20 жылдай болды. Осы уақыт ішінде экономикамыз, экономикалық қатынастар құрылымы, меншік құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынастар, тіпті халқымыздың салықтық мәдениеті де айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшырады. Бір жағынан, мемлекет салық саясатының мақсаттарын, міндеттерін және функцияларын тереңінен қарастырды, ал екінші жағынан – көптеген экономикалық қатынастар әлі де болса қазіргі салықтық заңнамамен қамтылмай, бір мәселелер өз шешімін таба алмай келеді. Жаңа салық кодексі де бір жылдан астам өзінің міндетін атқарып келеді.
ҚР-дағы салықтық әкімшіліктендіру саласы: проблемалары, даму перспективалары
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының дербес салық жүйесінің құрылғанына 20 жылдай болды. Осы уақыт ішінде экономикамыз, экономикалық қатынастар құрылымы, меншік құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынастар, тіпті халқымыздың салықтық мәдениеті де айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшырады. Бір жағынан, мемлекет салық саясатының мақсаттарын, міндеттерін және функцияларын тереңінен қарастырды, ал екінші жағынан – көптеген экономикалық қатынастар әлі де болса қазіргі салықтық заңнамамен қамтылмай, бір мәселелер өз шешімін таба алмай келеді. Жаңа салық кодексі де бір жылдан астам өзінің міндетін атқарып келеді.
Дегенмен де, біз қазір өз дамуымыздың жаңа, өркениетті сатысында келеміз. Біз алдымызға экономикалық жоғары дамыған елдердің экономикалық-қаржылық жүйесінің принциптері мен тәжірибесін қойып отырмыз. Кеңес дәуіріндегі салық жүйесінің элементтерінен толықтай арылып, негізгі салықтық ұғымдар мен категориялардың нақты анықтамасын, барлық салық субъектілері арасындағы қарым-қатынастарды регламенттеуді қазіргі нарық талаптарына сай орната білдік.
Біріншіден, салықтармен және бюджетке міндетті басқа да төлемдермен байланысты барлық сұрақ бір құжатқа біріктіріліп, осы құжатпен реттеледі – бұл салық кодексі.
Екіншіден, салықтық заңнаманың
негізгі нормалары нақты
Алайда, кез-келген жүйе өз кемшіліктеріне ие. Сол секілді, Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесіне тән кемшіліктер де жоқ емес. Бұл ең алдымен, экономикамыздың түрлі салалары мен буындары арасындағы салықтық ауыртпалықты теңестірумен байланысты мәселе болып отыр. Қазіргі кезде салықтардың ең ауыртпалығы сауда мен қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарының мойнына түсіп отыр (мұнда материалдық шығындардың және негізгі құралдарды пайдаланудың үлесі төмен). Осындай жағдай әлеуметтік салаларда да көрініс табады – үлкен көлемдегі коммуналдық шығындар, ғимараттар, жер учаскелері, персонал саны, олардың еңбекақысы дегендей. Сонымен қатар жекелеген салалардың өркендеуін де қамтамасыз ету мәселесі кесе-көлденең тұр – ауыл шаруашылығы, шағын бизнес, әлеуметтік сала.
Салықтан жалтарудың негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары
Жоғарыда келтірілген талдау жұмыстары және басқа да зерттеу жұмыстары көрсеткендей, салықтық өзгерістер мен ауыртпалықтар кәсіпорындардың қызметінде өзінің айтарлықтай ізін қалдыратыны белгілі. Зерттеу нәтижелері кәсіпорындар тарапынан болатын салықтық заң бұзушылықтар негізінен мынадай формада кезедесетінін көрсетеді:
Осы орайда, салықтан жалтару мәселесін қолға алу және салықтық бақылауды тиімді ұйымдастыру, сөз жоқ, бюджетке қосымша қаражаттардың түсуін қамтамасыз етеді. Салықтық тексерулерді жүргізу қазіргі кезде бірқатар ерекшеліктерге ие.
Ең алдымен, мынадай заңдылықты айта кету керек: егер де заңды тұлғаларды салықтық тексеру толығымен шаруашылық субъектісінің қабырғасының ішінде жүргізілетін болса, жеке кәсіпкерлерді тексеру негізінен әрдайым салық органының территорисында жүзеге асырылады. Бұл, ең алдымен, жеке кәсіпкерлердің өзіндік өндірістік алаңдарының, немесе ғимараттарының болмауымен, көптеген жеке кәсіпкерлердің тексеруге жатататын құжаттарының көлемі заңды тұлғалармен салыстырғанда анағұрлым аз болуымен түсіндіріледі, сол себепті олардың тексеруге қажетті барлық құжаттарды салық органына ұсыну қабілеті жоғары болады.
Салықтық тексерулерді барынша сәтті жүргізу үшін рейдтік тексерулер маңызды роль атқарады. Бұл тексеру түріне соңғы жылдары ерекше көңіл бөлінуде. /11/
Қордай ауданы бойынша Салық комитетінің мәліметтері бойынша рейдтік тексерулермен салыстырғанда басқа салықтық тексеру жұмыстарының аз нәтиже бергенін байқаймыз, бұл өз кезегінде жекелеген салық төлеушілердің табыстарының барлық түрлері бойынша мониторинг шараларын жүзгізуге мүмкіндік бермеді, нәтижесінде бүкіл аудан бойынша жекелеген салықтық жеңілдіктерді қолданушылардың ерекшеліктерін ескере бермейді.
Салық төлеушілер үшін кәсіпкерлік қызметті жүргізу жөнінде дәлелдерді көрсету бойынша білім беру, заң қызметтері, аудиторлық, консультациялық және бухгалтерлік қызметтер, жөндеу-құрылыс және тұрмыстық қызмет көрсету секілді салаларында айтарлықтай қиындықтар тудырады. Ал аталған қызметте үй шеңберінде көрсетілетін болса, онда кәсіпкерлік қызметті дәлелдеу тіпті де мүмкін болмай шығады. Мұнда тіпті рейдтік тексерулердің өзі де көмекетесе алмайды.
Көлік саласында қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпкерлердің қызметін тексеру тіпті қиын, өйткені олардың жұмысы тек аудан бойынша ғана емес, бүкіл аймақ бойынша, республика бойынша жүрзілуі де ғажап емес.
Тікелей кәсіпорындармен және жеке
тұлғалармен жұмыс істейтін салық
инспекторларыныың пікірінше
Дәстүрлі салық салу жүйесі бойынша негізінен өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпорындар жұмыс жасайды. Табыс салығынан басқа олар қосылған құн салығын төлейді және табыстар мен шығындардың толық есебін жүргізуі, аталған салықтарды есептеуді және төлеуді жүзеге асырулары қажет.
Сонымен қатар, заңды тұлғалармен салыстырғанда жеке кәсіпкерлер қызметінің еңбекті ұйымдастыру, табыстар мен шығындарды есепке елу және басқа да осы секілді аспектілері өзгеше болып келеді. Бұл жұмыстар заңды тұлғалардағы принциптерге сәйкес жүргізіледі. Алайда жеке кәсіпкерлердің бухгалтерлік есебі жалғыз ғана бұйрықтың негізінде жүргізіледі және бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерін бұзғаны үшін салықтық жауапкершілік қарастырылмайды.
Өндірістік қызметтегі қосылған құн салығы бойынша салықтық тексерулер барысында дәлел көзі бола алатын базаны қалыптастыру айтарлықтай қиындықтар тудырады. Мұндағы басты мәселе мынадай: кәсіпорындар өздерінің табыстарын төмендетуге, ал шығындарды барынша толық көрсетуге тырысады.
Салықтық тексерулер үшін салық төлеушілерді ұтымды (рационалды) таңдауды қамтамасыз ету негізгі мәселе болып табылады, өйткені бұл мәселе шешілмейінше кәсіпорындарды сапалы түрде салықтық бақылау мүмкін емес. Таңдаудың жоғары тиімді жүйесін қолдану ғана салық органдарының күш-жігерін салықтық заң бұзушылықтар болуы нақты мүмкін салық төлеушілерді тексеруге жұмсауға мүмкіндік береді. /34/
Кәсіпорындарды салықтық тексеруден өткізу үшін таңдау барысында критерий ретінде салық төлеушілердің мынадай категориялары алынады:
Жасырылған табыс көздерінің бар
екенін анықтау мақсатында салық
салушылар осындай қызметпен
айналысатын кәсіпорындардың
2010 жылдың басында Мемлекеттік табыстар Министрлігінің өкілдері бас қосқан кездесуде кәсіпорындарға салық салу мәселесіне, сондай-ақ Салық кодексіндегі жаңа өзгерістер туралы мәселелерге арналған сұрақтар талқыланды.
Салық салудың қарапайым жүйесін кәсіпорындар Қазақстан Республикасының Салық кодексімен қарастырылған салық салудың жалпы (дәстүрлі) жүйесімен қатар қолдана алады. Салық салудың қарапайым жүйесіне көшуді кәсіпорындар (шағын және орта бизнес өкілдері) ерікті түрде шешеді. [20]
Жеке кәсіпкерлермен салық салудың қарапайым жүйесін қолдану жеке тұлғалардың табысына салынатын салықты төлеуді (кәсіпкерлік қызметтен алынған табысқа қатысты), қосылған құн салығын, мүлік салығын (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында қолданылатын мүлікке қатысты), сонымен қатар олардың жеке тұлғалардың пайдасына төлейтін сыйақыларын төлеуді салық кезеңіндегі шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша есептелетін біртұтас салықты төлеумен ауыстыруды қарастырады.
Салық салудың қарапайым жүйесін қолданушы жеке кәсіпкерлер басқа салықтарды салық салудың жалпы (ортақ) режиміне сәйкес төлейтін болады.
Салық салудың қарапайым жүйесін мынадай тұлғалар қолдана алмайды:
Салық салудың қарапайым режиміне көшуге құлық білдірген жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер салық салудың қарапайым жүйесіне көшу туралы өтінішті салық органдарына есепке тұру туралы өтінішімен қоса бірге беруге құқылы. Салық салудың қарапайым жүйесін қолданушы салық төлеушілер салық кезеңінің соңына дейін салық салудың жалпы түріне көшуге құқығы жоқ (егер де заңнамамен басқа да жағдайлар қарастырылмаған болса). /36/
Салық салудың қарапайым жүйесінен
салық салудың жалпы режиміне
көшкен салық төлеуші салық салудың
қарапайым жүйесіне қайта көшуге
құқылы, алайда мұндай рұқсат оған қарапайым
режимді қолдануға құқық
Үкімет санатындағы тұлғалар былай деп есептейді: «Салықтық ауыртпалықтың төмендеуі міндетті түрде шағын кәсіпорындардың көбеюіне алып келеді, мысалға, облыстарда, оның экономикадағы үлесінің өсуіне, нәтижесінде, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына алып келеді». Кәсіпкерлердің өздерінің табыстарының шынайы мөлшерін жасыруды тоқтатыны да аса маңызды, өйткені оларға салықтарды мемлекет қазынасына аудара отырып, әділетті және ашық жұмыс жасаған тиімді болып табылады.
Сонымен қатар, Үкімет алдағы жылдары жылдық табысы 50 млн. теңгеден аспайтын және жұмысшыларының штаттық саны 20 адамнан аспайтын кәсіпорындар да салық салудың қарапайым жүйесін қолдана алады жоспарлауда.
Еліміздің Президенті «таңдау құқығы шағын және орта бизнсе кәсіпкерлігінің субъектілерінің өздеріне берілетінін» атап кетті.
Бұл салықтар, естеріңізге түсіре кетелік, қазіргі кезде шағын бизнес төлейтін бірқатар салықтардың орнына енгізіледі: табыс салығы, жеке тұлғалардың табыс салығы, қосылған құн салығы, мүлік салығы. Әлеуметтік салықты төлеуден шағын бизнес субъектісі тағы да босатылған.
Аталғандармен қоса, шағын кәсіпорындарға 100%-дық салықтық жеңілдік беріледі.
Егер кәсіпорын алынған
Жеңілктерді қарастыратын схема бойынша кәсіпорындарға салық салу жұмысының перспективасын аймақтық жергілікті органдар бұзуы мүмкін. Егер олар аталған схема бюджетке қаражаттардың түсуін қамтамасыз етуін емес, бизнесмендердің салықтан құтылуына септігін тигізеді деп шешсе (бұл туралы біраз экономистер сөз қозғап жүр), онда шағын бизнеске салық салу бұрынғы қалпында қала бермек. [9]
Экономиканы дамытудағы салықтық-әкімшілік реттеуді жетілдіру жолдары
Экономиканы дамытудағы салық салуды
жетілдіру шеңберінде бүкіл әлемде
салық салудың қарапайым
Сонымен қатар, кәсіпорындар салық салынатын табыстан несиелер бойынша пайыздарды, арендалық төлемдерді, іссапарлық шығындарды, жарнамалық шығындарды да шегеріп тастай алады.
Қазіргі кездегі шешуші мәселелердің бірі – осы саладағы табыстарды және мүліктерді заңдастыру (легализациялау) болып табылады.
Әкімшілік шараларының тағы да бір басты мәселесі сол баяғы күйінде қала бермек: салықтық ауыртпалықтың қолайлы деңгейін қалыптастыру арқылы, кәсіпкерлік сектордағы даму тенденцияларын сақтап қалу. Сол себепті, қазірдің өзінде Алматы қаласында кәсіпкерлерге қаржы ресурстарына қол жеткізуді жеңілдету жөнінде көмек беретін 44 несиелік одақтар бар.
Информация о работе ҚР-дағы салықтық әкімшіліктендіру саласы: проблемалары, даму перспективалары