ҚР аймақтарының дамуының әлеуметтік- экономикалық проблемалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:14, реферат

Краткое описание

ҚР аймақтарының дамуының әлеуметтік-экономикалық проблемалары

Файлы: 1 файл

Казахстан экономикасы.docx

— 42.64 Кб (Скачать)

Осы жаңа жоба нәтижесінде  мұнда тағы да 40 шақты тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал, мердігерлік шараларға қосымша 20-30 адам тартылған. Тың өнім әзірге жылына екі мың тонна шамасында шығарылмақ. Соңынан бұл деңгейді үш мыңға дейін арттыруға да болады. Осы зауытта түрлі ысырмаларды (задвижкалар) кең көлемде жасау да ықтимал жоба ретінде талқыланбақ.

Үстіміздегі жылы қолға алынбақ  жобалардың қатарында «РауанНалко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырып жатқан мұнай-газ кәсіпшілігі үшін химиялық реагенттер дайындайтын зауыт құрылысы да бар. Қазір мұнда тиісті жұмыстар жүріп те жатыр.Зауыт жылына 9700 тонна химиялық реагент шығара алады. Алайда, әрі қарай сұраныс болса, бұл қуатты екі есе өсіруге де мүмкіндік бар. Зауыт қатарға қосылғанда 150 адам қызметпен қамтылмақ. Сонымен қатар, химреагенттер дайындалуда. Бұл үшін 1998 жылдан бері Атырау мұнай өңдеу зауытының бір цехы жалға алыныпты. Мұнда жылына 5-6 мың тонна ғана өнім өндіріледі. Бірақ, бұл өндіріс ошағының мүмкіндігі де шектеулі, одан әрі дамуға да жағдай жоқ. Демек, қазіргі жоба өндірісті одан әрі кеңейтуге бағытталған. Рас, химреагенттер даярлайтын шикізат әзірге сырттан тасымалданады. Қазақстан аумағында мұндай өндіріс жоқ.

Өткен жылғы желтоқсанда қатарға қосылған «Жайық- Агро» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорнының жылыжайы мен көкөніс сақтайтын қоймасы — өзін ақтаған жоба. Жыл басында картоп құны күрт көтеріліп, әр килограмы 150-160 теңгеге жеткенде, жергілікті атқарушы билік осы қоймадағы жиналған өнімді базарға шығарып, әр килосын 100 теңгеден сата бастады. Сөйтіп, картоп бағасын негізсіз көтергендерге біраз тежеу салды. Енді дәл осындай тағы бір жылыжай мен қойма салынбақшы. Сонда, өзін ақтаған бұрынғы жоба кеңейтілмек. Ал, қос қойманың сыйымдылығы әрқайсысы 5100 тоннадан. Мұнда  сыйымдылығы 3000 тоннадан картоп сақтайтын қос қойма, сонымен қатар 500 тонна жуа, 1000 тонна қырыққабат, өзге де бау-бақша дақылдарын сақтауға болады екен. 
Биылғы өнімнің өзіндік құны біраз жоғары болуы – оларды сырттан сатып алу салдары. Қысқы кезеңде атыраулықтарды көкөніспен барынша толық қамтамасыз ету үшін облыстық әкімдік осындай қадамға барды. Енді арнайы 200 га егістік бөлініпті. Демек, алдағы жылы жергілікті жерде өсірілген өнімнің өзіндік құны биылғыдан да арзан болмақ. Оның үстіне, израильдық тамшылата суару әдісін қолдану арқылы жылыжайда өсірілетін өнімнің шығымдылығы 2-2,5 есе көбеймек. Ақырында, мұнда Голландия технологиясы қолданылмақ. Мамандар әр елдің тәжірибесін сарапқа салып, ақыры осыған тоқтаған тәрізді. Келешек зауыт құрылысын дайын деуге тұрарлық. Консервілеу цехтарына қажетті жабдықтар орнатылыпты, инженерлік инфрақұрылымдар тартылған. Құрылыстың өзі де Жайық жағасында орналасқан. Демек, тұрған жері де осындай шаруашылыққа қолайлы.

Мұнда тек бір проблема қалыптасқан. Ол – басталған істі соңына дейін жеткізу. Атыраудағы «Энергия» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорны қолға алған қатты тұрмыстық қалдықтарды көму полигоны — өңір үшін қажетті жобалардың бірі.Әзірге қалдықтарды жерге көміп, залалсыздандырудан өзге шаруа тындырылып жатқан жоқ. Бәрі де қаржыға келіп тіреледі. Яғни, бұл жоба республикалық деңгейде қолдау күтеді.Бұл проблеманың оң шешілуі өңірдің экологиялық ахуалын да сауықтырады. Өйткені жаз айларында полигон жақтан жел тұрса, қаланың үстін көңірсіген иіс басады. Ара-тұра отқа оранып, түтіні де бері ұшады. Міне, полигон мәселесінің толық шешімін табуы осындай келеңсіздіктен де құтқарады, қалдықтарды өңдеу арқылы табыс та түсіреді.

Қаланың оң жақ бөлігін ауыз сумен сенімді қамтамасыз ету үшін тұрғызылып жатқан №5 су жинақтау және тазалау стансасы да – назар аударарлық жоба. Бұл әлеуметтік нысанның да көп жұмысы істеліп үлгерген. Вице-министр нысанды мемлекеттік-жекелік басқаруға берудің мүмкіндігін ұсынды. Әрине, орталықтан сәл демеп жіберсе, халық қажетіне жарап кеткелі тұрған жобаның жолда қалмағаны жөн. Облыс бойынша Аймақтық индустрияландыру картасына биыл алты жоба ұсынылып отыр. Олардың біреуі, яғни «ШевронМунайГаз» компаниясының металл пластик шығаратын зауыты бұл картаға енгізіліпті. Өткен жылы қатарға қосылған бір реттік ине шығаратын зауытты кеңейткен жөн. «Даму» қоры арқылы жүзеге асқан жобаның бастамашысы «Брандо» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биыл да іргелі істі қолға алғалы тұр. Қазірдің өзінде қосымша 12 станок, т.б. жабдықтар алынды. Жоба құны 160 млн. теңгеге бағаланған. Соның нәтижесінде 100 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Одан әрі, «Атыраунефтемаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де кәсіпорынды жаңартқалы отыр. Бұл өндіріс ошағы 2000 жылдан бері істейді. Зауыт жылу-энергетикалық және мұнайды ысыту қондырғыларын, факельді жабдықтарды, т.б. құралдарды шығарады. Республика үшін маңызды саналатын жоба құны 409 млн. теңге. Сонымен қатар, «РауанНалко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырғалы отырған химиялық реагенттер дайындайтын зауыт құрылысы да басталып кетті. Республикалық жұмыс тобы оның жұмысымен де танысқан болатын. Бұл жобаның құны 1 млрд. 200 млн. теңге. Жылына 4700 тонна химиялық реагент шығаруға мүмкіндігі бар. Барлығы 60 шақты жаңа жұмыс орны ашылмақшы. Сондай-ақ, «ЖайықАгро» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорны былтыр басталған жылыжай мен көкөніс қоймасының екінші кезегін қолға алмақшы. Мемлекеттік-жекелік тұрғыдағы жобаның құны 715 млн. теңге. Ол жүзеге асқанда қосымша 35 адам тұрақты қызметпен қамтылмақ.

Ақырында, қаланың оң жақ бөлігін таза сумен қамтамасыз ететін №5 су тазалау стансасы әлеуметтік маңызды жобалардың қатарында саналады. Құны 4,4 млрд. теңгелік жоба жүзеге асырылғанда қалалықтарды сапалы сумен қамту да жақсарады, қосымша 50 шақты жұмыс орны да ашылады. Шағын және орта бизнес бойынша жеті жобаның құжаттарын дайындауға болады. Олардың ішінде «Крысанов» жеке кәсіпкерлігінің кондитер цехын кеңейту, «Этри» ЖШС-нің арнайы аяқ киім тігу, бес наубайхана, макарон цехы, сазан өнімдерін даярлау, «СтройМеталл» ЖШС-нің металл бұйымдарын шығару өндірісі бар. Жалпы, мұнайлы мекеннің мүмкіндігі бұдан да зор. Демек, биылмен ғана шектелмей, алдағы жылдарға да жобалар дайындаған жөн. Сонымен, 2012 жылға да алты жоба ұсынылмақшы. Солардың ішінде «Каспий Салт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобасы келесі жылдың Индустриялдық картасына енгізілді. Қалған жобалар жөнінде айтар болсақ, біріншіден, тұрба арматураларын шығару зауыты. Бұл жоба полиэтилен тұрбаларын шығаратын «ШевронМунайГазинк» компаниясының жаңа өндірістік бағыты болмақ. Оның құны 5 млрд. 250 млн. теңге. Соның нәтижесінде тағы да 63 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Екіншіден, Атырау жылу-электр орталығы одан әрі кеңейтілмек. Былтыр республикалық индустриалдық картаға енген кәсіпорынның төртінші кезеңі аяқталған болатын. Биыл да қосымша қуаттарды қатарға қосуға бағытталған жаңа жоба жүргізілмекші. Үшіншіден, сонау 2008 жылдан бері жасалып келе жатқан қатты тұрмыстық қалдықтарды көму жобасы алдағы жылы мәреге жетпек. Құны 1 млрд. 667 млн. теңгелік жобаның тапсырысшысы — энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы. Жаңа жоба ретінде кальций содасын шығару жайы да айтылды. Былтырғы желтоқсанда Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің Түркияға сапары кезінде «Enkim» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізілген. Сонда компания басшылары Қазақстанда қуаты 400 мың тонналық кальций содасын шығаратын зауыт тұрғызуға қызығушылық танытқан. Үкімет басшысы мұндай өндіріске ыңғайлы жер ретінде Атырау облысын атаған. Қазір сол компанияның сұранысына орай өнім өндіретін кен орнының техникалық мәліметтері жинақталуда. Алдағы уақытта «Өнімділік-2020» бағдарламасы болмақшы. Соның нәтижесінде кеңестік кезден қалған ірі кәсіпорындар толық жаңартылмақшы. Олардың өнімділігі арттырылмақшы. Қазір, біз еңбек өнімділігі тұрғысынан Еуропаның дамыған елдерінен кем дегенде 4-5 есе кейін қалыппыз. Көршілес Ресей де алға озып кеткен. Демек, бізге де аз күшпен көп пайда табуға ұмтылатын кез келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ  Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Экономикалық теория кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

 

Тақырыбы: ҚР аймақтарының дамуының әлеуметтік-

экономикалық проблемалары

 

 

 

 
      

Орындаған: К өрпебаева  Ғ.

    Кубеева А.

    Қабдолова Ә.

    Қабылхан З.

    Құрманова Э. 

    Маденова А.

  Тобы: УиА10К2

Қабылдаған: Садуллаева А. П.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы – 2012


Информация о работе ҚР аймақтарының дамуының әлеуметтік- экономикалық проблемалары