ҚР аймақтарының дамуының әлеуметтік- экономикалық проблемалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:14, реферат

Краткое описание

ҚР аймақтарының дамуының әлеуметтік-экономикалық проблемалары

Файлы: 1 файл

Казахстан экономикасы.docx

— 42.64 Кб (Скачать)

ҚР  аймақтарының дамуының әлеуметтік-экономикалық проблемалары

 

Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың  ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика  маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым. 

Академик Н.Н.Некрасовтың  анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика  елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің  дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".

Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.  
Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады.

Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.

Аймақтық экономикаға  теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.

Жоспарлау мен басқарудың аймақық мәселелері республикадағы  
экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттің дамуында аймақтар мен олардың билік органдарының ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады. Аймақтық басқаруға қойылатын негізігі міндеттерге:

    • Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінде қорықтық қатынастар мен тауар - ақша, жоспардың арақатынасы;
    • өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық және ұйымдастырушылық - әкімшілік әдістері мен экономикалық арақатынасы;
    • аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған және орталықтан-дырылмаған басқару шешімдерінің арақатынасы.

 

Басқарудың экономикалық механизмінің маңызды элементіне ақша айналымын үздіксіз нығайту кезінде  жоспарды қаржымен қамтамассыз ету  жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың  аймақтық жүйесінің дамуы мен  қызмет етуіне кешенді әлеуметтік –  экономикалық дамуға қызмет ететін механизм қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға тиіс:

  • аймақтық экономикалық мүмкіндігінің материалдық өндірістік саласының тиімді қызмет етуіне байланысты болуы;
  • аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе – тең болуы;
  • аймақтық әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылай және материалды – техникалық қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды қайта құру;
  • әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты болады.  

 

Аймақтық басқарудың методтары  аймақтың өндірісітік және өндірістік емес сфералар жиынтығы мен кәсіпорындар мен ұйымдарға шаруашылық әрекеттің  пайда болуын қамтамассыз етуі тиіс. Соның ішінде:

  • республикалық стратегиялық тұжырымдардың әлеуметтік – экономикалық даму жағдайына біртұтас мақсатты бағыттанушылық;
  • жергілікті өзін - өзі басқару органдарының саяси және әкімшілік қызметтерінің біртұтастығын сақтау;
  • әлеуметтік – экономикалық , құрылыс – инвестициялық және табиғатты қорғау саясатының жылдық жоспарын жан-жақты және біртұтас мамандануын қадағалау;
  • аймақтық басқару мен жоспарлаудың тікелей және керсінше иерархиялық жүйе бөліміне біртұтас бюджеттік және қаржы - несиелік негізіне территориялық әкімшілік білім беру. 

 

Аймақтық басқару органдарының экономикалық компетенциясын кеңейту  барлық сұрақ территорияның әлеуметтк  – экономикалық дамуымен байланысты болса, аймақтық органдар кәсіпорын  коллективімен бірлесе отырып шешімін  табуы қажет, өйткені жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс.

Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік –экономикалық ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе теңдігінің бұзыуына байланысты, экологиялық қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасап нақты аймақтардың дамуының өзекті проблемалары шешімін табуы қажет.  

Шағын және орта қалалардың өркендеуі екі – үш өндірістік кәсіпорындардың қызметіне тәуелді болады. Жалпы жағдайдың экономикалық тоқырауы, инфляцияның күшеюі, шаруашылық қатынастардың үзілуі, көптеген шикізат пен өндіріс түрлерінің сұранысының төмендеуі кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуына алып келді. Бұның әсерінен қала және ауылды аймақтарда жұмыссыздықтың белең алуына, жоғары кадрларымыздың басқа елге кетіп қалуына, жергілікті халықтың тұрмысының төмендеуіне алып келді.

Қазақстан Республикасының  болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:

- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;

- бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;

- басқару органдарының  біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ;

- аймақтың табиғи құзіретіне  жоспарлау , қаржыландыру , несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады.  

Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан , экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық- әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе – теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет . Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми – техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы – несие жүйесі және жергілікті бюджет. Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның дамуына кәсіпорын мен бірлестіктердің еңбек ресурстарының төлем ролін күшейтуге тырысады. Эквивалентті байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамассыз етуі, нарықтық жүйенің экономикалық механизмде талап етуі болады. Экономикалық жүйелерді зерттеуді аймақтық басқару мен жоспарлау келесідей жағдайларда жүргізіледі: 

- кәсіпорын – аймақтың басты экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметнің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осыдан келіп территориялық басқарудың міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын ынталандырады.

- облыс, қала, аудандардағы шаруашылық субъектілердің есеп принціпі мен экономикалық есептертің эквивалентті негізін басқару органдары мен жалпы қатынас.

- жергілікті бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын мен ұйымдардың жұмысының тиімділігіне байланысты. Ұйымдық құрылым - шаруашылықтың өзін -өзі басқаруы жаңа әдістеріне, ғылыми- техникалық прогресске сәйкес жүргізілуі керек.

 

 

Атырау  қаласындағы  әлеуметтік-экономикалық проблемалар және 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері.

  

Атырау — Атырау облысының әкімшілік орталығы, Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан қала. Қаланың негізі 1640 жылы қаланған. Қала өнеркәсібінің басты саласы – мұнай мен химия өндірісі. Мұнай айыру, полиэтилен, машина жасау, металл өңдеу, кеме жөндеу, балық құтылау, басқа да тамақ, жеңіл өнеркәсіп орындары бар. Атырау облысы үлкен кәсіпорындық және ауылшаруашылығының орталығы. Облыстың жер қойнауында қалың шөгінді қабаттармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазындылар мол. Олардың ішінде қоры аса бай әрі негізгісі мұнай болып табылады. Атырау өңірінде мұнай өндіру тарихы 1899 жылдан басталады. 2011 ж. 3319,5 мың тонна мұнай өнімі өңделді, одан 493,7 мың тонна моторлық отын (бензин); 1122,2 мың тонна газойл; 1389,9 мың тонна отындық мазут; 123,6 мың тонна мұнайлы кокс алынды. Электр қуатын өндіру 1442,9 млн кВт/сағ; жылу қуаты — 1624,4 мың кКал құрады. Негізгі тамақ өнімдерінен: 18 тонна шұжық; 5784 тонна қалбырланған балық; 323 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей; 7370 тонна жаңа піскен нан өндірілді.

Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына «Қазмұнайгаз»  ӨФ-ы, «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Қазтрансойл», «Атыраубалық», «Заман групп», ЖШС-рі, «Атырау жарық», «Облтрансгаз», «Атыраусушар», «Атырау су арнасы», т.б. мекемелер ауқымды үлестерін қосуда.

Жылына газ турбиналарына 18 күрделі және 12 ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге лайықталған өндіріс  ошағында 157 жұмыс орны ашылған. Демек, осы жоба нәтижесінде өңірде жұмыссыздық мәселесі де оңтайлы шешілді. Құны алты миллиард теңгелік жаңа нысанға қазірдің өзінде сұраныс болмақ.

Ең бастысы – жергілікті жастар бұрын облыста болмаған тың  мамандықты игермек. Өйткені, бұған  дейін еліміздегі газ турбиналары  сонау Ресей мен Украина зауыттарында жөнделіп келген. Тасымал шығыны, шекарадағы құжаттарды рәсімдеу, т.б. қиындықтарды есептегенде мұның бәрі қазақстандықтарды  біраз тығырыққа тірейтін. Енді сол ауыртпалықтардың бәрі де артта қалмақшы.

Жалпы, жаңа зауытты қатарға  қосу үшін жұмсалған шығын таяу уақытта  өзін ақтамақ. Себебі, Атырау газ турбиналары тығыз орналасқан аймақта тұр. Мәселен, Құлсарыдағы, Опорнаядағы, Мақаттағы, Бейнеудегі, т.б. ірі елді мекендердегі газ турбиналары енді осында жөнделмек. Ал, жоғарыда айтылғанындай, мұндай нысан күллі Қазақстан мен Орта Азияда жалғыз екендігін ескерсек, ертең өзге өңірлерден де тапсырыс болмақ. Оның үстіне, зауытты пайдалануға берген сәтте ресейлік қонақтардың өздері мойындағанындай, Ресей пен Украинадағы мұндай жөндеу орындарының жабдықтары тозған, қондырғылары ескірген. Демек, бұрын біз сол елдерге барып жүрсек, енді олар Қазақстанға ағылмақ. Ақырында, зауыттықтар Теңіз және Қашаған кеніштерін игеруге қатысты сұраныстарды қанағаттандыруға да дайын.

Биыл жүзеге асырылатын жобалар қатарында «ШевронМунайГаз инк» компаниясы қолға алған металл пластикалық тұрбаларды шығару жобасы да бар. Жалпы, Атырау полиэтилен тұрбалары зауыты біраз жылдан бері қызмет жасап тұрған өндіріс өткен жылы 13,5 мың тонна өнім өндіріпті. Демек, алдыңғы жылмен салыстырғанда көп артық. Ал, зауыттың жобалық қуаты 15 мың тонна екендігін ескерсек, бұл да мүмкіндік шегі емес. Әйтсе де, зауыт қызметі сұранысқа байланысты. Мәселен, қыс кезінде құрылыс саябырсығанда тапсырыс та кемиді. Керісінше, жаз айларында өседі. Қазір зауыттың диаметрі 25-1200 мм тұрбаларын алыс-жақын шет елдерден алушылар бар екен.

Кәсіпорын полиэтилен тұрбалар шығарумен ғана шектелмейді, кейбір құрастырмалы бөлшектер де дайындайды. Жоғары деңгейде сертификатталған шикізат Еуропаның Австрия, Швеция, т.б. мемлекеттерінен тасымалданады. Өйткені, күллі ТМД территориясында Атыраудағы зауытқа қажетті шикізат жоқ. Жалпы, атыраулық зауыттан соң республика бойынша полиэтилен тұрбаларын шығаратын тағы да 22 кәсіпорын құрылды. Олардың бәрі де біздің үлгімізбен өнім шығарып жатыр. Бірақ, солардың ішінде Жайық жағасындағы өндіріс ошағының шоқтығы биік. Қазір республика бойынша Астана, Алматы, Ақтау, Қызылорда, Шымкент, т.б. қалаларда дайын өнімді тұтынушыларға ұсынатын дилерлік орталықтар құрылды. Енді, міне, зауытта жаңа өнім шығаруға бет бұрылды. Бұл да — осы бағытта республика бойынша бірінші болып қолға алынып отырған жоба. Яғни, ыстық су мен жылу желісіне арналған металл пластик тұрбалары шығарылмақшы. Ел бойынша үстіміздегі жылдың Индустрияландыру картасына енгізілген жобаны қазір-ақ дайын деуге де болады. Мұндай өнім шығаратын зауыт әзірге Қазақстанда жоқ. Мұнда жабдықтардың бәрі Германиядан алынған. Қазір диаметрі 12-40 мм металл пластик тұрбаларын дайындайтын екі желі даяр. Әзірге қондырғыларды іске қосып, сынақтан өткізу шаралары жүріп жатыр. Жақында диаметрі 110 мм тұрба шығаратын үшінші желінің жабдықтары жеткізілмек. Сонымен, жаңа жобаның тұсауын биылғы шілдеде кесу жоспарланған. 
Жалпы, мамандардың түсіндіруінше, мұндай металл пластик тұрбалары 90 градустық ыстыққа шыдамды көрінеді. Оның үстіне, 50 жылға дейін еш сыр бермейді екен.

Информация о работе ҚР аймақтарының дамуының әлеуметтік- экономикалық проблемалары