Несиелік тәекелдік

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 22:40, диссертация

Краткое описание

Банктер несиеліклік операцияларды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің нарықтық жүйесіндегі қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Екінші деңгейлі банктердің несиелік қабілетін анықтау кезінде айтарлықтай мән бермеген кемшіліктері, ертеңгі күні, банктің қаржылық жағдайына, абыройы мен беделіне, серіктестері мен клиенттерінің мүдделеріне кері әсер етуі және нұқсан келтіруі мүмкін.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау бойынша ғылыми негізделген тұжырымдар дайындау болып табылады.

Оглавление

І тарау. Несиелік тәуелек туралы түсінік және оны басқараудың теориялық негіздері.
Несиелік тәуекелдің экономикалық мазмұны
Несиелік тәуекелді басқару әдістері және несиелік тәуекелдің жіктелуі.

ІІ тарау. Несиелік тәуекелдерді басқару тәжірибесі.
2.1. Несиелік тәуекелдердің пайда болуының ішкі және сыртқы факторлары
2.2. Клиенттің несиелік қабілетін анықтау – несиелік тәуекелді азайтудың әдісі
2.3. Несиелік портфельдің сапасы және оған талдау

ІІІ тарау. Несиелік тәуекелдерді басқарудың жетілдіру жолдары.
3.1. Проблемалық несиелер және оны азайтудың әдістері
3.2. Несиелік тәуекелді басқару жүйесі және оны жетілдіру

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Диссертация ффффф.docx

— 381.72 Кб (Скачать)

Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда , ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдылығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс.

Банк ісінде тәуекел –  белгілі бір банктік операцияларды  жүзеге асыру нәтижесінде қосымша  шығын жұмсау салдарынан пайда алмау  немесе өзінің ресурстарының бір  бөлігін жоғалту қауыпын білдіреді.

Банк үшін тәуекелдің сандық бейнеленуі банктің алға қойған шараларды  жүзеге асырудың тәуекелінен шығынға ұшырауын және тәуекел саласындағы банктік стратегиясының сапасын көрсетеді.

Банк менеджерлері пайда табуды тәуекелмен байланысты әрекеттер жасаудың салдары ретінде қарамайды. Тәуекел мен шығын, бір жағынан алғанда банктің пайда алу мүмкіндігіне қарама-қайшылық жасаса, екінші жағынан пайданың пайда болу табиғаты мен тәуекелдің пайда болуы табиғаты арасында айырмашылықтың барлығына көңіл аударуды қажет санайды.

Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен кездеседі.

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық  дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан  да, несие тәуекелін басқару банктің  қаржылық жағдайын қамтамасыз етудің ең маңызды жолы болып табылады. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.

Қазақстанда несие тәуекелін  басқару жүйесінде  жекелеген  элементтер ғана қызмет етуде. Несие  тәуекелін басқарудың толық жүйесіне әлі қол жеткізілген жоқ. Біз  оның көптеген себептері бар деп  есептейміз: Біріншіден, біздің елімізде несиелік операциялар әлі қалыптасу  және даму сатысында, өйткені несиелік ресурстар көбіне шет елдерден тартылатындығы сияқты, қарыз алушының несие қабілеттін анықтаудың бірыңғай жүйесі жоқ, тағы да шет елдердің әдістеріне жүгінуге тура келеді. Екіншіден, жоғарыда аталып өткендей, ақпараттық жүйенің әлсіздігі, несиелік бюро қызметінің қалыптасу  сатысында болуы, банктің іскерлік тәуекелін  тудырады. Еуропалық одаққа кіретін елдерде несие берушілер тұрақты негізде несиелік бюролар арқылы қарыз алушылардың төлемқабілеттілігі туралы ақпаратпен алмасады. Қазақстанда жеке несиелік бюролармен қатар несиелерді мемлекеттік тіркеу институттарын құру жоспарлануда, бұл көптеген дамыған елдерде қолданылады. Үшіншіден, ұсынылған несиелер бойынша кепілдеу жүйесінің болмауы, бізде кепілдік қоры депозиттер мен ипотекалық несиелерге қатысты құрылған. Төртіншіден, банктің несие тәуекелін есептеудің бірыңғай әдістемесі жоқ, оның ішінде Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік т.с.с. ерекшеліктерін ескеріп құрылған. Бесіншіден, банктік несие бойынша қабылданған кепіл заттардың барлық уақытта анықталған өтімділікті көрсете алмауы. Алтыншыдан, жақсы дайындалған барлық уақытта несие тәуекелінене қарсы әрекет көрсете алатын несиелік саясаттың болмауы. Жетіншіден, банк персоналдарының нашар дайындығы мен әрекеті және тез шешім қабылдай алмауы, Сегізіншіден, қарыз алушыға байланысты келеңсіз немесе күтпеген жағдайлардың орын алуы.

Зерттелген анықтамаларды  нәтижелей келе, несие тәуекелі – бұл қарыз алушының  несиелік келісімнің шартында көрсетілген уақытта несие бойынша негізгі қарыз сомасын және ол бойынша есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несие тәуекелінн талдаудағы басты міндеттер болып, несие берушінің жеткілікті мөлшерде ақпарат алуы, оны өңдеуі мен бағалауы келесілерге қол жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс: әлуетті қарыз алушыға несие берудің дұрыстығы туралы шешім қабылдауға; қарыз алушы несиелік міндеттемелерін (негізгі қарыз және бойынша сый ақыларды) орындай алмаған жағдайдағы ықтимал қаржылық залалды есептеуге және өз қызығушылықтарын қорғау үшін әрекет етудің арнайы жүйесінің алдын алу болып табылады.

Несие тәуекелі жіктемесі - бұл несиелік қатынастар құрылымының, несиелеудің негізгі қағидаларының, қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.  Банктің несие тәуекелінн төмендету мақсатында төлемдерді қайтармау тәуекелінің деңгейіне айтарлықтай әсер ететін факторларға ерекше назар аудару қажет, ол тікелей біз дайындаған несие тәуекелі бойынша өзіндік жіктеуімізде көрініс тапты. Несие тәуекелі банк тәуекелінің құрамдасы, банк тәуекелі жөнінде берілген анықтамалар сан түрлі. Тәуекел «жоғалту қауіпі (немесе қауіп)», бұл анықтама тәуекелдің өлшемінің өзгеру сұрағын шеше алмайды. Банкте жақсы жетілдірілген және қалыптасқан несие тәуекелін басқару жүйесін жасап алмай, несие тәуекелін басқарудың тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес.

Несиелік тәуекел –  қарыз алушының банктен алған  несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысы өз уақытында  қайтара алмауына байланысты банктің  зиян шегуін сипаттайды. Несиелік тәуекелдердің  пайда болуының алғы шарты – қарыз  алушының несиелік қабілетсіздігі болып  табылады. Жалпы несиелік тәуекел  экзогенді және эндогенді факторларға  тәуелді болып келеді, яғни сыртқы фактор экономикалық ортаның жағдайымен, ішкі фактор – банктің өзінің қателік  жіберу факторымен байланысты. Банктердің cыртқы факторын басқару мүмкіншілігі шектеулі. Несиелік тәуекелді басқарудың негізгі тетіктері банктің ішкі саясатында жатыр.

Несиелік тәуекелден туындайтын зияндар банктің несиелеу және өзге де соған теңдестірілген баланстық  және баланстан тыс операцияларын  жүргізу барысында пайда болуы  мүмкін.

Мұндай операцияларға  мыналар жатады:

  • берілген және алынған несиелер;
  • есепке алынған вексельдер;
  • факторинг;
  • форфейтинг;
  • лизинг;
  • төленген аккредитив бойынша төлеушіге қоятын банктің талаптары;
  • кепілхат бойынша банктің талаптары.

Несиелік тәуекелден туындайтын шығындарды екіге тікелей және жанама деп бөліп қарастыруға болады. Тікелей шығындар несиені қайтармауға және қаражаттың түспеуіне байланысты туындаса, ал жанама шығындар кепілге қоятын заттың құнының төмендеуі, проблемалық несиелерге байланысты банктің құратын резервтер көлемінің ұлғайту қажеттілігінен туындайды.

Несие тәуекелінің үш түрін  бөліп көрсетуге болады: теріс  пайдалану қатері; шетелдік несие  бойынша тәуекелділік;  ішкі қарыз  бойынша төлемеу қатері, яғни қарыздың қайтарылмай қалу қауіпі. 

Теріс пайдалану – біздің республикамызда 1991-1993 жж. аралығында орын алған банктердің үмітсіз берешегінің ең көп тараған себебі. Тексеру барысында маусымдық егіс жұмысына, астық жинауға, өзіндік қаражатты толықтыруға бөлінген мақсатты несие ресурстарының мақсатсыз пайдаланғанын растайтын көтеген фактілері анықталды. Бұл жеңілдікті несиелер басқа бантердің несиесі бойынша берешектерді өтеуге, машиналарды, сән-салтанат бұйымдарын сатып алуға жұмсалған. Алаяқтық (алып-сатарлық) жағдайларда, орын алған, атап айтқанда, бұл несиелер екінші деңгейлі құрылымдарға нарықтық баға бойынша сатылған валютаға айырбасталған және т.б.

Теріс пайдалану қатері банк жүйесінде 80-ші жылдары кезінен тарады. Бұл қатердің түрінен АҚШ-тағы барлық банктердің жартысынан көбісі банкротқа  ұшырады. Директорлар мен жоғары лауазымды қызметкерлер несиені  өз туыстары мен достарына берген, сондай-ақ, несиені қарыз алушының қаржылық жағдайын тексермей беру секілді  сақтық шаралары қолданылмаған.

  Шетелдік несие бойынша қатері – әсіресе 70-ші жылдары дамыған елдердегі қарыз алушылар несиесі бойынша төлемдердің жаппай кешіктірілуімен байланысты орын алады. Бұл АҚШ-тың бірталай аса ірі банктерінің банкротқа ұшырауына себеп болды.

Ішкі қарыз бойынша  төлемсіздік – қарыз алушының төлем қабілетсіздігін тудыратын барлық факторлар есебінің қиындығымен байланысты.

Несиелік тәуекелді төмендетудің негізгі тәсілдерінің біріне клиенттің  банк алдындағы міндеттемесінің  қамтамасыз етілуі жатады. Ал, бүгінгі  несиенің қамтамасыз етілуі ретінде  кепіл, кепіл хат, кепілдеме міндеттемелері қолданылады. Енді осы несиенің қамтамсыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.

Кепілге берілетін несие  – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге  берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында  болады.

Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік құқықтар жатады.

Несиелік тәуекелді басқарудың келесі бір әдісіне несиелерді сақтандыру жатады.

Несие беруге байланысты тәуекелді  тәуекелді сақтандырудың 3 түрі қолданылады:

  • қарыз алышының берілген несиеге кепілге қойған мүлкін сақтандыру;
  • қарыз алушының еңбекке қабілеттілігін сақтандыру;
  • қарыз алушының өмірін сақтандыру.

Сақтандырудың ерекшелігі қарыз  алушының мүддесін қорғай отырып, бір  мезетте банкіге берілген несиенің қайтарылуына кеілдік беріледі.

Берілген несиеге қарыз  алушы кепілдікке қойған мүлікті  сақтандыру объектісіне құрал-жабдықтар, станоктар, көлік құралдары, шикізат  және материалдар, дайын өнімдер  және тағы басқалары жатады. Сақтандыру тәуекелі ретінде әдетте әртүрлі  апат салдарынан (өрт, топан, су, найзағай) мүліктің бүлінуі немесе жойылуы, басқа  да жағдайлар, үшінші біреудің қылмыстық  әрекеті алынады.

Банктің сақтандыру өтесін алу құқығы біріншіден есие толық  немесе ішінара қайтарылмағанда, екіншіден  сақтандыру шарты күшінде тұрғанда кепілге қойылған мүлік жойылу нәтижесінде  сақтандыру оқиғасы бола тұра несиені  өтеп шықса, онда сақтандыру өтемі банкіге  емес, мүлік иесіне төленеді.

Қарыз алушының еңбекке жарамдылығын сақтандыру сақтанушының денсаулығын  жоғалтып, несиені қайтару мен  пайызды төлеу міндеттемесін  орындау мүмкіндігін жоғалтуы мүмкін жағдайда жүргізіледі. Сақтандыру шарты  несиені толық қайтарып беру мерзімі  аяқталғанша жасалады. Сақтандыру оқиғасы  туындаса, сақтандыру команиясы банк қарызын өтеуді қамтамасыз етеді.

Қарыз алушының өмірін сақтандыруда несие шарты бойынша міндеттемені орындау сақтандыру компаниясының  жауапкершілігіне өтеді, егер қарыз  алушы қатыс болса сақтандыру команиясы қарыз өтеуді өз мойнына  алады. Мұндай сақтандыруды өмірді сақтандыру деп те атауға болады.

Қарызды синдинцерлеу қарыз  алушының несиелік тәуекелін төмендетудің маңызды әдістеріне жатады.

Синдинцирленген несиелерді беру бұл несиелік тәуекелдің бірнеше  банктер арасында бөлінуін білдіреді.

Синдинцирлеуге негізгі  және айналыс құралдарын сатып алуға  арналған несиелер, жобалық қаржыландыру, лизингтік мәмілелер, несиелік желілер, аккредитив және т.б жатады.

Несиелік тәуекелді төмендетудің негізгі әдістері:

  • несиелерді әртараптандыру
  • несие алушының несиелік қабілеті мен төлем қабілеттілігін талдау
  • берілген несиенің немесе несиелік портфельді классификациялау және 

қажетті мөлшерде ровизия  құру

  • концепционалды және параллельді несиелеу

Концепционалды неселеу  дегеніміз – бірнеше банктің ресурстары бірігіп, арасынан алдыңғы қатарлы банк менеджерлерін таңдау болып табылады. Ол банк несие алушының несиелік қабілеттілігін анықтау, несиелеу, несиені пайдалану процентімен оны қайтаруды бақылау және түскен пайданы банк қатысушылар арасындабөлу сияқты қызметін атқарады.

Параллельді несиелеу дегеніміз – әртүрлі банктің шартты бір объектіні несиелеу болып табылады.

  • Мониторинг
  • Несиелік тәуекелдің табыстылыққа әсерін бағалау
  • Шығынсыздық  нүктесін есептеу
  • Келесі коэффициенттерді есептеу

Несиелік тәуекелді төмендету  әдісі мынандай:

1. Тәуекелдерді бөлу -  яғни тәуекелдерді инвестициялық  жобаның қатысушылары арасында, несие беруші мен несие алушы  арасында бөлу.

2. Тәуекелден қашу - нақты бір қаржылық тәуекелдерді жоққа шығаратын іс шараларды құру болып табылады. Тәуекел деңгейі өте жоғары операцияларды жүзеге асырудан бас тарту, жоғары өтімділіктен бас тарту және тағы басқа.

3. Тәукелді шектеу -  кейбір операцияларды жүргізу бойынша белгілі бір шектеулерді қоюды білдіреді.

4. Тәуекелді әртараптандару  – қаражаттарды немесе бірнеше  қаржылық құралдарда шоғырландыруды  білдіреді. Әртараптандыру 3 бағытта  жүргізіледі:

  • қарыз қаражаттарын әртараптандыру
  • ссудалық портфельді әртараптандыру
  • қолдағы құралдарды әртараптандыру

5. Тәуекелді сақтандыру – жауапкершілікті 3 тұлғаға аудару, яғни сақтандыру компаниялары сақтандыру жағдайы туған жағдайда сақтандыру төлемдерінен құралатын ақша қорлары есебінен банктің мүліктік мүдделерін қорғауды білдіреді.

6. Тәуекелді хеджерлеу  – валюталық операциялар кезінде  шығындардың орнын толтыратын  валюталық позиция ашу. Валюталық  позиция – талаптар мен міндеттемелер  арақатынасымен анықталады. Егер  банктің талаптары міндеттемелерге  тең болса, жабық валюталық  озиция болып табылады. Ао егер  тең емес болса, ашық валюталық  позиция болып табылады. Егер  талаптар міндеттемелерден көп  болса, онда ұзақ ашық валюталық  позиция болып есептеледі және  керісінше болса онда қысқа  ашық валюталық озиция болып  табылады.

7. Мониторинг. Ақша қаражаттарын  клиентке бергеннен бастап, оларды  толығымен қайтарғанынша банк  активтерін бақылау болып табылады.

8. Қосымша ақпарат алу. Яғни ақпаратты іздеу мен талдаумен және зерттеумен айналысатын бөлімшенің болуы.

9. Сапаны басқару. Тәуекелді  басқарудың қазіргі уақытта ең  көп қолданылатын түрі. Оның негізгі  мәні болып банк басқармасының  тарапынан тәуекелдерді алдын  алу болып табылады.  

 

    1. Несиелік тәуекелдерді басқару және оның әдістері. Несиелік тәуекелдердің жіктелімі

Информация о работе Несиелік тәекелдік