Нарықтық

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 08:21, лекция

Краткое описание

Қазіргі кезде өркениетті рыноктық қатынастарды қамтамасыз ететін жағдайларды таңдау аса маңызды. Мұндай жағдайларды екіге бөлуге болады:
1.Рыноктық байланыстарды қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізудің қалыптасқан жағдайларын дамыту. Оның ішінде:
-әртүрлі меншік нысандарының қызмет етуін жетілдіру (жеке, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік, т.б.).
-мемлекеттік реттегіштерді сақтай отырып өндірісті демократияландыру. Рыноктың кемшіліктерін мемлекет қызметтерін жүзеге асыру арқылы толтыруға болады. Ол үшін мемлекеттік басқару жүйесінің өзі демократиялық қағидаларға сай құрылуы тиіс.
-рыноктық инфрақұрылымды дамыту. Ол негізгі үш рыноктың қызмет ету дәрежесіне байланысты: 1) Тауарлар мен қызметтердің рыногы. 2) Өндіріс факторларының рыногы. 3) Қаржы рыногы.

Файлы: 1 файл

Nariktik.doc

— 30.50 Кб (Скачать)

Тақырып 7. Нарықтық шаруашылықтың  жалпы сипаттамасы. 

Лекция  жоспары: (1 сағат,5 апта).

Товар-ақша қатынастарының эвалюциясы және нарықтың қалыптасуы.

Нарық мәнін  дәлелдеп түсіндіретін негізгі теориялар.

Нарықтың мәні және құрылымы 

    Рынок-  өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты қатынастар жүйесі. Рынок жүйе ретінде өзінің дамуында стихиялы, бәсекеге негізделген және ұйымдасқан, монопольды сипаттық белгілерге ие болды. 

      Рыноктың  стихиялы дамуы және  бәсекеге негізделуі тауар өндірушілерді пайда табу мақсатында бәсекелік күрестің қатысушысына айналдырды. 

      Ұйымдасқан  және монопольдық  белгілер рыноктағы  аз ғана  тауар өндірушілердің бірігіп,  белгілі бір талаптарға, стандарттарға   сәйкес қызмет ету жағдайларын  сипаттайды. 

      “Рынок  белгілі бір өнімдер  сатылып-сатып алынатын нақты  алаң емес, сатушылар мен сатып  алушылар арасындағы мәмлелер  еркін жасалынатын, бағалар жеңіл  әрі жылдам теңесетін кеңістік”,- А.Маршалл (Принципы политэкономии  . М:1984). 

      Рыноктың  атқаратын қызметтері:

Өзін-өзі реттеу қызметі. Өндіріс пен тұтыну құрылымдарын үйлестіру, сұраныс пен ұсынысты көлемі мен бағалары бойынша тепе-теңдігін қамтамасыз ету.

Ынталандырушы қызметі. Аз шығын жұмсай отырып, көп  пайда алуға мүмкіншілік беретін  тиімді өндірісті экономикалық ынталандыру. ҒТП негізінде өндіріс пен жалпы экономиканың интенсивті өсуін қаматмасыз ету.

Ақпараттық қызметі. Экономикалық өмірді демократияландыру  үшін экономикалық тиімсіз элементтер рыноктық тетіктер арқылы жойылып, өзін-өзі  басқару қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 

            Рынок адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестерін   қамтитын экономикалық қатынастар  жүйесі. Ол экономиканың  қызмет  етуінің  күрделі механизмі.  Оның қызмет етуі әртүрлі меншік нысандарын, тауар-ақша қатынастарын және қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген. 

            Қазіргі кезде өркениетті рыноктық  қатынастарды қамтамасыз ететін  жағдайларды таңдау аса маңызды.  Мұндай жағдайларды екіге бөлуге  болады: 

      1.Рыноктық  байланыстарды қамтамасыз ететін  шаруашылық жүргізудің қалыптасқан  жағдайларын дамыту. Оның ішінде: 

      -әртүрлі  меншік нысандарының  қызмет етуін  жетілдіру (жеке, кооперативтік,  акционерлік, мемлекеттік,  т.б.). 

      -мемлекеттік  реттегіштерді сақтай отырып  өндірісті демократияландыру. Рыноктың  кемшіліктерін мемлекет қызметтерін  жүзеге асыру арқылы толтыруға болады. Ол үшін мемлекеттік басқару жүйесінің өзі демократиялық қағидаларға сай құрылуы тиіс. 

      -рыноктық  инфрақұрылымды дамыту. Ол негізгі  үш рыноктың  қызмет ету дәрежесіне  байланысты: 1) Тауарлар мен қызметтердің рыногы. 2) Өндіріс факторларының рыногы. 3) Қаржы рыногы.  

       2. Құқықтық заң актілерін қабылдау  шаруашылық жүргізуді рыноктың  жаңа әдістеріне сай жетілдіру.  Яғни:  1) Әртүрлі меншік нысандарын  иелену, пайдалану және шаруашылық  жүргізуді рационалды етудің  нақты шараларын енгізу. Меншік құқықтарын сақтау және заңдастыру. 2) Экономикадағы басымды салаларды жаңарту, қолдау көрсету, қайта өңдейтін салалардың дамуын ынталандыратын кешенді механизмдерді іске қосу. 3) Отандық кәсіпорындардың шетел инвестицияларын тарту мүмкіншіліктерін ұлғайту. Аралас кәсіпорындардың құрылуына мемлекеттік қолдау жасау. 

Рыноктың  негізгі  түрлерін келесідей топтастыруға болады.

Тауарлар мен  қызметтер рыногы. Бұл топқа жатады: 

      -тұтыну  тауарларының рыногы (азық-түлік   және өнеркәсіп тауарлары). 

      -қызметтер  рыногы (тұмыстық, көлік,  коммуникациялық  қызмет). 

      -тұрғын  үй және өндірістік бағыттағы  ғимараттар рыногы.

Өндіріс факторларының  рыногы. Оның құрамы: 

      - жылжымайтын мүліктер рыногы. 

      - еңбек құралдарының рыногы. 

      - шикізаттар мен материалдар  рыногы. 

      - энергетикалық ресурстар рыногы. 

      - пайдалы қазбалар рыногы.

Қаржы рыногы. Оған жатады: 

      - капиталдар рыногы немесе инвестициялық   рынок. 

      - несие рыногы. 

      - бағалы қағаздар рыногы. 

      - валюта-ақша рыногы.

Интеллектуалдық өнімдер рыногы. (инновация, жаңалықтар, ақпараттық қызмет, өнер және әдебиет туындылары).

Еңбек рыногы. 

Аймақтық  рыноктар (жергілікті, ішкі, сыртқы, халықаралық). 

          Рыноктың инфрақұрылымы дегеніміз-  рыноктағы тауарлар мен қызметтердің  еркін қозғалысын қамтамасыз  ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы . 

      Рыноктың  инфрақұрылымының ұйымдастырушылық  негізі- жабдықтау, өткізу, брокерлік  және делдалдық  ұйымдар, коммерциялық  фирмалар. Материалдық  негізі- көлік  жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық  және байланыс жүйелері. Несиелік-есептеу негізі- банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер. 

      Рынок инфрақұрылымының негізгі   элементтері: жәрмеңке, биржа, аукцион.

Информация о работе Нарықтық