Нарықтық тепе-теңдік шарттарында салық салу мен икемділіктің өзара байланысын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 07:40, реферат

Краткое описание

Нарық тепе-теңдігінің моделі (үлгісі) А.Маршаллдың неоклассикалық синтез деп аталатын теорясында ХІХ ғасырдың екінші жартысында көрсетілген. Нарықтық баға белгілеудің мәні мен табиғаты жөніндегі мәселе көп уақыт бойы экономика теориясының негізгі мәселесі болған. Саяси экономия классикалық мектебінің өкілдері осы мәселені тек қана (ұсыныс) өндіруші тұрғысынан зерттеген, олардың пікірі бойынша – баға белгілеуінде негізгі рөл өндіріс шығындарына берілуі керек. Маржиналистер, керісінше, өз назарын игіліктің пайдалылығына аудара, оны нарық бағасын белгілейтін негізгі фактор ретінде санап, яғни сұраныс (тұтынушы) тұрғысынан ойлаған.

Оглавление

1. Нарықтың тепе-теңдігі
2. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі. Салық әсері
3. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі

Файлы: 1 файл

тапсырма-1.docx

— 115.39 Кб (Скачать)

    J – тұтынушы  табысы, Q - сұраныс көлемі.

    Егер  табыс  пен сұраныс көлемі белгілі   бір уақыт аралығында өзгеретін болса, онда сұраныстың табыстық икемділігі мына формуламен анықталады:

    Мұндағы Q1, Q2 –  1 және 2 кезенге сәйкес келетін  сұраныс көлемі;

    J1, J2 – 1 және 2 кезенге  сәйкес келетін тұтынушы табысы.

Микроэкономикада  тауарлар бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын болғандықтан, бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші тауардың сұраныс көлемінін өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін, сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткішті енгіземіз. Бұл коэффициент У тауардың бағасы 1%-ға өзгерген кезде Х тауарына сұраныс көлемі неше пайызға өзгергенін көрсетеді.

    Үшінші соңғы  сұрақты қарастырғанда біз мынаны  есте сақтауымыз керек, ұсыныс  көлеміне әсер ететін ең басты  фактор қарастырып отырған тауардың  бағасы болып табылады. Баға өзгерген  уақытта ұсыныс көлемі де өзгеріп отырады. Осы байланысты табу үшін ұсыныстың бағалық икемділігі деген көрсеткішті қолданамыз. Ер(S)-баға 1%-ға өзгерген уақытта, ұсыныс көлемі неше пайызға өзгергенін көрсететін шама.

    Ұсыныс  икемділігін  қарастырған уақытты  үш кезеңге  бөлеміз:

    а) дәл қазіргі кезең;

    б) қысқа кезең;

    в) ұзақ мерзімді кезең.

    Нарықтық бағаның  көтерілуіне жауап ретінде ұсыным  көлемінің өзгеру шамасы ұсыным  икемділігі болып табылады. Ұсыным  икемділігі 1-ден артық болады, яғни  Еs >1. Ұсыным икемділігінің сандық  коэффициенті – ұсынылатын тауарлар  санының өзгеру пайызының, бағаның  өзгеру мөлшерінің пайызға бөлінетін бөліндісі болып табылады. Ұсыным икемділігінің коэффициенті былай анықталады:

 Мұндағы: Еs – ұсыным икемділігінің коэффициенті

                  %Q – ұсыным көлемінің өсу проценті

                  Qp – баға ұлғаюының проценті 

     Ұсыным  икемділігінің  коэффициенті мынаны көрсетеді:  егер нарықтық баға белгілі   бір пайызға көтерілсе немесе төмендесе, ұсынатын тауар санының (мөлшерінің) қалай өзгеретіндігін көрсетеді. Батыс елдерінің тәжірибесі ұсыным икемділігінің өсу тенденциясын растайды, себебі бағаның өсуі өндіріс көлемінің біршама ұлғаюын ынталандырады.

     Сұраныс пен  ұсыным икемділіктері микроэкономикалық  талдауда жиі қолданылады.

 

Табыс бойынша  сұраныстың икемділігі

 
Табыс сұраныс көлемін анықтайтын бағадан кем емес фактор. Сұраныстың табыс өзгеруіне деген сезімталдығын  анықтау үшін табыс бойынша сұраныс  икемділігінің коэффициенті есептеледі 
 
Е = [(∆Q / Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q, мұнда І – табыс. Кейбір тауарлар үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті өз белгісін өзгертеді. Бұған байланысты тауарлар нормаға сәйкес (стандартты) және сапасыз (сапасы төмен) деп бөлінеді. Микроэкономикада табыс бойынша сұраныстың теріс икемділігін көрсететін табыс бойынша икемділік коэффициенті 0 (нөлден аз), яғни табыстың өсуімен сұранысы төмендейтін тауарлар сапасыз деп саналады. Табыстың өсуімен сұранысы жоғарылайтын (табыс бойынша икемділік коэффициенті – оң сан) тауарлар нормаға сәйкес деп саналады. Нормаға сәйкес тауарлардың 3 тобын айырады:

  1. Ең қажетті тауарлар – табыстың өсуімен салыстырғанда, оларға деген сұраныс аздау, ал табыс бойынша икемділік коэффициенті тең: 0<e1<1; \
  2. Қажетті тауарлар – оларға деген сұраныс табыспен бірге өседі, икемділік коэффициенті E1 = 1 
    3. Сән-салтанат, әдемілік тауарлары – оларға деген сұраныс табыстан жылдамдау, тездеу өседі, икемділік коэффициенті E1>1. Сұраныстың тура, айқас икемділігі коэффициенттері мен табыс бойынша сұраныс икемділігі араларында өзара байланыс бар: олардың сомасы 0 (нөлге) тең. 
  3. Ұсыныс икемділігі

 

Ұсыныс икемділігі – бағалардың пайыздық білінуіндегі ұсыныс шамасының өзгеру дәрежесі. 

Ұсыныс икемділігінің  коэффициенті сұраныстың бағалық икемділігі коэффициентіне сәйкес мына формула бойынша есептеледі:

ЕS = (∆Q/Q / (∆Р/Р)) = (∆Q /∆Р) ∙ (Р/Q).

Ұсыныс икемділігінің  коэффициенті әрқашан оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы – тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты (тәрізді) ұсыныс бағасы бойынша икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз немесе бірлі-жарым икемді. Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін шешуші (маңызды) фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін.

 
P S2 S1

 
 
 

1 сурет. Икемді  және икемсіз ұсыныс

 
«Қатаң» технологияларда, ағымдағы және қысқа мерзімді кезеңдерде ұсыныс икемді емес (1 суреттегі S2 қисық сызығы). Мүлде икемсіз ұсыныста ұсыныс қисық сызығы тік (2 суретттегі S1 қисық сызығы). Бұл жағдайда баға қалай өзгерсе де, ұсыныс өспейді, себебі: тауарлардың шектелген саны бар. Мысалы, көрнекті суретші суретінің ұсыныс қисық сызығы мүлде икемсіз: баға қалай өссе де, ұсыныс өсе алмайды, себебі: мұндай сурет біреу ғана. Мүлде икемді ұсыныстың қисық сызығы көлденең (2 суреттегі S2 қисық сызығы). Мұнда тек қана бір баға бар (Р0), тіпті осы бағамен де сатушылар тауардың қандай болса санын ұсынуға дайын. Мүлде икемді ұсыныс тек қана жорамалда болады, шын өмірде ондай жоқ. 
 
P S1

 
 
 
PS2 
 
 
Q
 
2 сурет. Мүлде икемді және мүлде икемсіз ұсыныс

 
4. Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге  үлестірудегі икемділіктің рөлі

Икемділік категориясы салық  ауыртпалығын бөлуіне айтарлықтай  әсер ететін (ықпал жасайтын) фактор болып келеді. Мына мысалды қарастырайық. 
 

 
 
Е
 
P1 T

 
PE Е  
 
P 
 

 
 
QQE 
 
 
3 сурет.Тауар салығын енгізу және тепе-теңдік

 
3суреттегі кез келген тауар нарығындағы ең алғашқы тепе-теңдік D және S қисық сызықтарға, РЕ тепе-теңдік бағаға және QЕ тепе-теңдік көлемге сәйкес келеді. Мемлекет тауар бірлігіне белгіленген салық – тауар салығын, мысалы, Т доллар көлемінде акциз енгізді дейік. Енді өндірушілер тауардың бұрынғы санын ұсынуға дайын, егер тауар бағасы Т-ға өссе. Бұрынғы РЕ бағасымен сатқан тауардан түскен түсімді өндірушілер алады, ал Т-ға тең, сату бағасының артығын мемлекет алады. Бұл нарықтық ұсыныстың әр нүктесінде болғандықтан, ұсыныстың ең алғашқы қисық сызығы үстіне қарай Т шамасы көлемінде S1 орнына жылжиды. Салықты енгізу, сонымен қатар, сатып алушылар алғысы келген тауар санын өзгерпейді, демек, D қисық сызығы жылжымайды. Сонымен, салықты енгізгеннен сатушылар да, сатып алушылар да ұтпайды. Өндіріс пен тұтыну көлемдері қысқарып, (жаңа Q1 тепе-теңдік көлемі бұрынғы QЕ көлемінен аз), сатып алушылар жоғарылау бағаны төлейді (сатып алушы төлейтін жаңа Р1 бағасы ең алғашқы РЕ бағадан жоғары), ал сатушылар төмендеу бағаны алады (сатушы алатын Р2 бағасы (салықты есептей отыра), ең алғашқыдан төмендеу). Мұнда мемлекет ғана ұтады – ол Р1 мен Р2 бағалар араларындағы айырмаға ие болады. 

Енді салықты енгізуден  кім көбірек ұтылып тұрғанын көрейік – сатушы немесе сатып алушы ма, яғни олардың араларында салық ауыртпалығы қалай бөлінеді. Салық ауыртпалығы тауар икемділігі дәрежесімен тікелей байланысты (салық енгізілетін тауар), яғни сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының енкіштік бұрыштары ара қатынастарынан тәуелді.

Икемділік сұраныс жағдайында салық ауыртпалығының көбі сатушыларға  түседі, икемсіз сұраныс жағдайда – сатып алушыларға. Икемді сұраныста  баға көтеріліп, сұраныстың жартысын тұтынушылар субтитут – тауарларға ауыстырады, икемсіз сұраныста бұл қиындық тудырады. Керісінше, егер ұсыныс икемді болса, салықтың жартысынан көбін сатып алушы төлейді, икемсіз жағдайда – сатушы. Бұның себебі: икемді ұсыныста ресурстардың (қорлардың) басқа тауардың өндіруіне бөлуі жеңілдеу тиеді. Сонымен, икемді сұраныс пен икемсіз ұсыныс жағдайында сатушы салықтың ауыртпалығын көтереді. Графикалық бұл ахуал сұраныстың жайпақ қисық сызығымен және ұсыныстың тік қисық сызығымен көрсетіледі. Егер сұраныс икемсіз, ал ұсыныс икемді болса, сатып алушыларға салық ауыртпалығы түседі. Графикте бұл тік сұраныс қисығы мен ұсыныстың жайпақ қисық сызығымен көрсетіледі.</e


Информация о работе Нарықтық тепе-теңдік шарттарында салық салу мен икемділіктің өзара байланысын талдау